Реферат по предмету "Астрономия"


Жоспар

Кіріспе

І тарау. Метрологияның даму тарихы. Метрологиялық қамтамасыз ету

1.1. Метрологияның даму тарихы.

1.2. Метрологиялық қамтамасыз ету.

1.3. Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі.


ІІ тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау


Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялы қызметінің

ұйымдастырушылық негізі.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері.

Метрологиялық қадағалаудың формалары.


ІІІ тарау. Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге

асырудың тәртібі

3.1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жалпы ережелері.

3.2 Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге асырудың

тәртібі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нәтижелері.


Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Метрология – бұл өлшеулермен байланысты мәселелер шеңберін қамтитын ғылым. Сөзбе-сөз талқылығанда «метрология» - «өлшемдер туралы ілім».

Қоршаған ортада адамның өмірі үнемі ондағы жүріп жататын процестер мен құбылыстарды өлшеумен байланысты болады. Өлшемдер әлемді танудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан ерекше маңызға ие. Қандай салада болмасын: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, ғылымда, медицинада, саудада өлшемдік ақпараттарды алу және пайдалану еңбек процесінің біртұтас бөлігі болып саналады.

Өлшемдік ақпараттың құндылығы өлшемдердің нақтылығы мен біртұтастығына байланысты болады. Өлшемдердің біртұтастығы дегенді өлемдердің нәтижелері заңды бірліктерде берілуін, ал қателіктер белгіленген кездейсоқтық деңгейінде айқындалуын түсінуге болады.

Өлшемдердің біртұтастығы олардың нәтижелерін өлшемдерді қашан, қай жерде, кім, қандай әдістердің және техникалық құралдардың көмегімен жасағандағына тәуелсіз түрде сәкестендіруге мүмкіндік береді. Өлшемдердің нақтылығы – бұл олардың нәтижелерін нәтижелерінің өлшенетін шаманың шынайы мәніне жақындығының деңгейі. Нәтиже мен өлшенетін шаманың арасындағы айырмашылық неғұрлым аз болған сайын, соғұрлым нақтылық жоғары болады.

Физикалық шамаларды өлшеу метрология ғылымының зерттеу объектісі болып табылады.

Метрология - өлшемдер, олардың біртұтастылығы мен қажетті нақтылығын қамтамасыз етуші құралар мен әдістер туралы ғылым. Қазіргі заманғы метрология үш құраушыдан тұрады: заңнамалық, негізін қалаушы (ғылыми) және практикалық (қолданбалы) метрология.

Практикалық қызметтің бірде-бір аясы өлшенетін шама және осы шаманы өлшеу бірлігі арасында өзара қатынас бар жағдайда өлшемдерсіз қызмет ете алмайды.

Кез-келген талдауда, болжауда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың, дайын өнімнің саны мен сапасы, жалпы өндірістік құрылымның технологиялық операциялардың жүру барысы туралы нақты ақпарат қажет.Бұл ақпаратқа кең көлемде түрлі физикалық шамалар, көрсеткіштер мен өлшемдерді өлшеу арқылы қол жеткізе аламыз.

Талап етілтін дәлдікпен алынған, шынайы өлшеуіш ақпарат қабылданатын шешімдердің дұрыстығын қамтамасыз етеді. Жалған ақпарат сауда-коммерциялық операциялар кезінде өнімнің сапасының төмендеуіне, апаттарға, ғылыми зерттеулердегі дұрыс емес қорытындыларға, пайдалы қазбалар қорларын дұрыс емес бағалауға, дұрыс емес есептеулер мен өлшеулерге алып келуі мүмкін емес.

Өлшеулердің біртұтас әдісі өзара тісіністікті, ақпаратпен алмасуды, өлшеу әдістері мен құралдарын стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынау және өлшеу нәтижелерін өзара тануды кепілдендіреді.

Барлық өлшейтіндер (техникалық құралдарды қолдану арқылы өлшенетін шаманың мәнін тәжірибелі жолмен табатындар), яғни кәсіби метрологтар өлшеудің алынған нәтижелеріне сенгісі келеді. Өлшеулердің алынған нәтижелеріне сенімнің болмауы ғана өлшеуді қайталауға, өлшеулерге басқа лабораторияларды, мамандарды тартуға мәжбүрлейді.

Өлшеу арқылы толық және шынайы мәліметтерді алу болмағанда, ғылыми зерттеулерде, ғарышты игеру, жаңа материалдар, жаңа технологиялар жасау облысында, барлық салалардағы бұйымдардың сенімділігін қамтамасыз етуде жетістіктерге қол жеткізу мүмкін емес болар еді.

Көбінесе көптеген мәслелерді өлшеулердің әртүрлі жерлерде, әртүрлі уақытта, әртүрлі құралдарды қолдану арқылы алынған үлкен көлемдегі нәтижесінің арқасында ғана шешуге болады. Мұндай нәтижелерді, тек оларды сәйкестендіруге болатын жағдайда ғана, қолдануға болады. Өлшеулердің дәлдігін, шынайылығын және сәйкестігін жоғарлатуға өндірістің автоматтандырылуы мәжбүрлейді.

Неғырлым мәселе күрделі болған сайын, метрология соғұрлым үлкен маңызға ие болады. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заңының, басқа да нормативті-құқықтық актілердің, елшеулердің біртұтастығынқамтамасыз ету бойынша халықаралық келісімдер мен нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауын тексеруге мүмкіндік беретін, метрологиялық қадағалауды ұйымдастыру жүйесі өзінің өзектілігін арттырады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік метрологиялық қадағалауды ұйымдастыруды қарастыру болып табылады. Біз мемлекеттік метрологиялық қызметтің ұйымдастырушылық негізін, біздің мемлекетіміздегі мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен формаларын, сонымен қатар мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жүзеге асырылу тәртібін – метрологиялық қадағалауды кім жүзеге асыруға құзіретті, қадағалау қандай ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі, бұл тексерістердің нәтижесі қалай рәсімделетінін қарастырамыз.



І тарау. Метрологияның даму тарихы. Метрологиялық қамтамасыз ету


Метрологияның даму тарихы

Метрология ғылым және тәжірибелік қызмет облысы ретінде орта ғасырларда пайда болды. Бірақ ол, адамның өлшеулердегі қажеттіліктері пайда болғанда көне ерте кезде бастау алды. Алғашқыда олар жай есептеулерге апарылды. Арақашықтық қадамдармен, садақпен атумен, жолдағы күндермен өлшенді. Уақыт тәулікпен, ай фазаларымен және жыл мезгілдерімен өлшенді. Заттардың саны данамен, дюжинамен, қораппен, баулармен өлшенді.

Өндіріс пен тауар алмасудың пайда болуымен өлшем бірліктеріне деген қажеттілік туды. Алғашқыда мұндай бірліктер ретінде астық дәндері (гран), бұршақ (карат), қолдың саусағының ұзындығы (дюйм), аяқ өкшесі (фут) қолданылған. Уақыт өте келе өлшем бірліктері дәлірек және әртүрлі бола бастады, олардың арасында арақатынас орнатылды, бірте-бірте әр мемлекеттің және халықтардың өздерінің ұлттық өлшем бірліктері қалыптасты.

Көне орыс тәжірибесінде өлшеудің негізгі жүйесі ретінде көне египеттік өлшем бірліктері қызмет етті, ал олар, өз кезегінде, Көне Греция мен Рим тәжірибесінен алынған болатын. өлшеудің әр жүйесі, дәуіріне байланысты, өзінің ерешеліктерімен, ұлттық менталитетімен ерекшеленген.

Көне Ресейде ұзындықтың негізгі өлшем бірліктері пядь және шынтақ (локоть) болған, сонымен қатар, пядь негізгі көне Ресейлік ұзындық өлшемі және ол ересек адамның үлкен саусағы мен сілтеуіш саусақтарының ұштарының арасындағы арақашықтықты білдіреді. Содан кешірек басқа бірлік – аршин пайда болған кезде пядь (1/4 аршин) бірте-бірте қолданыстан шыға бастады. Шынтақ (локоть) өлшемі Вавилоннан келген және ол шынтақтан бастап қолдың ортаңғы саусағының ұшына дейінгі ара қашықтықты білдіреді. «Табиғи» өлшемдер де ежелгі шығу тегіне ие. Олардың ішіндегі ең біріншілері – ол уақыт өлшемдері. Астрономиялық бақылаулар негізінде ежелгі вавилондықтар жыл, ай, сағат өлшемдерін бекітті. Нәтижесінде Жердің өз өсінің айналасынан айналу орташа периодының 1/86400 бөлігі секундтар деген атауға ие болды. Метрологиялық қызмет әлі пайда болмағанына қарамастан үлгілік өлшемдердің қолданылуы және олардың шіркеулер мен монастырьлерде сақталуы, сонымен қатар, өлшем құралдарын жыл сайынғы тексерулері туралы мәліметтер бар. Осылайша, ұлы князь Святослав Ярославичтың (1070 ж.ж.) «алтын белбеуі» ұзындықтың үлгілік өлшемі қызметін атқарған, ал Новгород князі Всеволодтың (1136 ж.) жарлығында «торговые весы и мерила блюсти без пакости, всякий взвешивать ...» деп жазылған. Жарғыны бұзушы тіпті өлім жазасына кесілуге дейін жазаланған. Ең маңызды метрологиялық құжат Ивана Гроздныйдың (1550 ж.) Двиндық грамотасы болып табылады, онда себілетін заттардың – осьминдердің жаңа өлшем түрлерін сақтау және өткізуді бекітеді. Оның мыс үлгілері көсемдерге сақтауға таратылған. Осы өлшемдерден қалалық помещиктерге клеймендік ағаш көшірмесін жасау, ал олардан өз кезегінде күнделікті қолданысқа ағаш үлгілірін жасау қажет еді. Үлгілік өлшемдер Мәскеулік мемлекеттің бұйрықтарында сақталған. Осылайша, Иван Гроздный кезіндегі өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін және мемлекеттік метрологиялық қызметтерді құрудың басталуы туралы айтуға болады. Сауданың дамыту және сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту өлшемдерді нақтылауды ғана емес, сонымен қатар, олардың «заморскелік» өлшемдермен сәйкестігінің, айырмашылықтарының өлшемдерін бекіту және өлшемдер унификациясы мен бақылау-тексерушілік қызметті нақтырақ ұйымдастыруды талап етті.

1 Петр жүргізген қайта құрулар нәтижесінде, флотта және кеме құрастыруда кеңінен қолданылған ағылшын өлшемдері – фунт және дюйм айналымға енгізілді. Есептеулерді жеңілдету үшін орыс және шетел өлшемдерінің арақатынасы мен өлшемдерінің кестесі жасалған болатын. Кейбір метрологиялық орталықтар ерекшелене бастады. Коммерц-коллегия сауда саласындағы метрологиялық қызмет көрсетулердің және өлшемдердің біртұтастығының сұрақтарымен айналысты. Адмиралтейст-коллегиясы бұрышты өлшейтін жабдықтардың, компастардың және сәйкес өлшемдердің қолданылуының дұрыстығын қадағалады. 1725 жылы негізі қаланған Петербург ғылымдар академиясы бұрыштық өлшемдерді, уақыт және температура өлшемдерін қайта жаңғыртумен айналысты. 1736 жылы Сенаттың шешімі бойынша таразылар мен өлшемдер Комиссиясы құрылды. Комиссия ұзындықтың бастапқы өлшемі ретінде мыс аршинын және ағаш саженьді дайындады, сұйық заттар өлшемі ретінде мәскеулік Каменномостск ауласының шелегі қабылданды. Алтынмен қапталған қоладан дайындалған кір (гирь) салмақтың орыс өлшемдеріның бірінші ретті үлгісі (мемлекеттік эталон) ретінде заңмен бекітілген. Бұл фунт жүз жылға жуық мерзімде мемлекеттегі жалғыз эталон болып қала берді. /7,28/

XVIII ғасырдың аяғында Еуропада өлшемдердің біртұтас халықаралық жүйесін құру туралы идея тарады. Бұл идеялардың дамуы 1796 жылы Францияда өлшемдердің ондық метрлік жүйесін дайындау мен қабылдауға әкелді. Ұзындық пен салмақтың өлшемдерінің платиналық протатиптері – метр мен килограмм дайындалды. Өзінің айқын басымдықтарына қарамастан, метрлік жүйе қиындықпен енгізілді, отандық метрологияға көп еңбек сіңірген Д.И. Менделеевтің өзі оны патшалық басқару шарттарында Ресейдің метрлік жүйесіне енгізе алмады. 1899 жылдан бастап ол ескіресейлік және британдық (дюймдік) жүйелер қатарында факультативті қоланылды. Мұндай жағдай өнеркәсіптің дамуын тежеді, сыртқы экономикалық және ғылыми байланыстарды қиындатты.

«Өлшемдердің және таразылардың халықаралық метрлік жүйесін енгізу туралы» Декрет РСФСР Халық Комиссарларының Одағымен 1918 жылы қабылданды. Декретті шығару отандық метрологиянығ дамуындағы нормативтік сатының басталуын білдірді. Осы сәттен бастап метрология облысындағы маңызды, одан кейін маңызы төменірек бекітулер нормативтік актілермен енгізілді.

Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшем бірліктері, ең алдымен, фундаментальді және қолданбалы метрологияны жетілдіру қажет бола бастады. 1960жылдың қазанында өлшемдер мен таразылар бойынша ХІ Бас конференциямен СИ Халықаралық бірліктер жүйесі қабылданды. 1983 жылы метрдің жаңа анықтамасы қабылданды: бұл вакуумде 1/299792458 секунд бөлігінде жарықтың өтетін жолының ұзындығы. Енді метрологиялық ережелер тұрғысынан метр секундқа тәуелді. 1988 жылы халықаралық деңгейде электр бірліктер мен шамаларын өлшеу облысында жаңа константтар, ал 1989 жылы жаңа Халықаралық тәжірибелік темпертуралық шкала МТШ-90 қабылданған болатын.

Фундаментальді және қолданбалы метрологияның дамуымен қатар заңнамалық метрологияның құрылуы жүзеге асты. /7,45/

Заңнамалық метрология – бұл өлшемдердің біртұтастығын және өлшеу құралдарының біртүрлілігін қамтамасыз етуге бағыттылған, өзіне өзара байланысты және өзара шартталған жалпы ережелер, талаптар мен нормалар кешенін қосатын метрологияның бөлімі. Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқару органдарының және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдар мен заңнамалық ережелер арқылы метрологиялық қызметті мемлекеттік реттеу құралы қызметін атқарады. Заңнамалық метрологияның облысына құралдардың типтерін сынау мен бекіту, олардың тексерісі мен калибровкасы, өлшеу құралдырының сертификациясы, өлшеу құралдарына мемелекеттік бақылау мен қадағалау жатады.

Метрологиялық ережелер мен заңнамалық метрологияның нормалары сәйкес халықаралық ұйымдардың құжаттары мен ұсынымдарымен біріктірілген. Бұл экономикалық және сауда байланыстарының дамуына жағдай туғызады және халықаралық метрологиялық бірлескен қызметтегі өзара түсіністікке әсер етеді.


Метрологиялық қамтамасыз ету


Метрология метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізі болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз ету – бұл өлшеудің талап етілетін дәлдігі мен біртұтастығына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды бекіту мен қолдану.

Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі мемлекеттік метрологиялыққызметтен және кәсіпорындардың метрологиялық қызметтерінен құралатын метрологиялық қызмет болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізі болып табылатын жүйелер:

физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары;

эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің көлемдерін үлгілі СИ көмегімен және басқа да тексеріс құралдарының көмегімен барлық СИ-ге жіберу;

өлшемдердің жұмыс құралдарының өндірісі мен айналымға шығару үшін дайындаулар менбекітулер;

өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік сынақтары мен метрологиялық аттестациясы;

өлшеу құралдарының міндетті мемлекеттік және ведомствалық тексерілуі;

заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілері;

физикалық константтар және заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандартты анықтамалық мәліметтер.

Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негізі – «Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің нормативтік құжаттары болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары болып табылады:

өнімнің сапасын, өндірісті басқару тиімділігін және өндіріс процестерін қолдану деңгейін көтеру;

бөлшектерді, байланыс түйіндерінің және агрегаттардың өзара алмастырушылығын қамтамасыз ету, өндірісті кооперирлеу және маманданудық дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау;

ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың, тәжірибелер мен сынақтардың тиімділігін арттыру;

есепке алудың шынайылығын қамтамасыз ету және материалдық құндылықтарды және энергетикалық ресурстарды қолдану тиімділігін жоғарлату;

транспортты жүргізуді автоматизациялау деңгейін және оның қозғалысының қауіпсіздігін жоғарлату;

байланыстың жоғары сапасын және сенімділігін қамтамасыз ету;

тұтынушыны қорғау.

Өндірістің қазіргі даму сатысында метрологиялық қамтамасыз ету, негізінен, дайындау процестерін жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған таза қолданбалыдан тиімді технологиялық процестерді құрудың, автоматтандырылған өндірістерді енгізудің, дайын өнімнің сенімді бағалануы мен бақылануының белсенді құралына айналды.

Қазақстан Республикасында Мемлекеттік метрологиялық қызмет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартпен басқарылады. Оның құрамына стандарттар мен стандарттық үлгілердің мемлекеттік ақпараттық орталығы, Қазақстандық метрологиялық институт (ҚазМетИн), территориалдық органдар кіреді.

Өндірістің, экономиканың дамуы стандартизация, метрология, сертификация облыстарындағы біртұтас ғылыми-техникалық саясатта анықталады.

Барлық өлшемдердің, яғни экономиканың дамуының деңгейі физикалық шамалар бірліктерінің эталондық базасының дамуымен анықталады. Эталондық база, сонымен қатар, стандартизация және сертификация жүйелерінің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Сондықтан қабылданған мемлекеттік бағдарламалармен дәл өлшемдерді, жинақталған ғылыми-техникалық потенциалды нығайту мен мақтауды метрологиялық қамтамасыз ету мақсатымен физикалық шамалардың бірліктерінің ұлттық эталондық базасының әрі қарай дамуы алдын-ала қарастырылады. Эталондық база – бұл мемлекеттік бірінші ретті, екінші ретті және жұмысшы эталондардың, сонымен қатар физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін сақтау, қайта өндіру және жіберудің жоғары дәлдігі мемлекет үшін шығыс бекітулердің жиынтығы.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартының алдында келесі міндеттер тұр: өлшемлердің деңгейін жоғарлату, ұлттық өлшем жүйесін жетілдіру, физикалық шамалардың бірліктерінің көлемін жіберудің бірегей тәртібін бекіту.

Осы міндеттер тұрғысынан метрологиялық қамтамасыз ету өлшемдердің талап етілетін дәлдіктегі нәтижелерін алу және қолдануды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-техникалық шаралар кешені ретінде сипатталуы мүмкін. Осы, шығарылатын өнім сапасының метрологиялық қамтамасыз етілу тәжірибесі үшін спецификалық шаралар қатарына жатады:

өлшеулер, сынақтар, бақылау кезінде бағалауға жататын материалдар, бұйымдар, процестер параметрлерінің номенклатурасын таңдау;

өлшеулер, сынақтар және бақылаулар нәтижелерінің дәлдігінің (шынайылығының) көрсеткіштерінің, осы қорытындылар арналған есептің оптималды шешімін қамтамасыз ететін оларды ұсыну формаларының номенклатурасын және сандық мәндерін таңдау;

алдыңғы екі есепті шешудің нәтижелерінің дұрыстығын бақылау мақсатында жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманың метрологиялық сараптамасы;

өлшеу, сынақ және бақылау құралдарын жоспарлау, сынақтар мен бақылау МИ дайындалуы және метрологиялық аттестациясы;

өлшеу, сынақ және бақылау процестерін сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

техникалық құралдарды метрологиялық қолдануға жарамды жағдайда ұстап тұру;

өлшеу, сынақ және бақылау процестерін орындау, олардың нәтижелерін өңдеу (қажет болған жағдайда);

өлшеу, сынақ және бақылау нәтижелерін алу мен қолдануға байланысты персоналды оқыту және метрологиялық біліктілігін жоғарлату.

Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша көрсетілген шаралар кешенін өлшеу ақпараттарын өңдеумен, оны алу процестерін нормативтік және жабдықпен қамтамасыз етумен байланысты министрліктердің, ведомствалардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың органдары мен қызметтері жүзеге асырады.


Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізі


Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі (ӨМС) – бұл метрологиялық қызмет талаптары, ережелері және нормалары, сонымен қатар олардың қызмет органдарының қызметтерін бекітетін стандарттар жүйесі.

Өлшеу техникасының дамуы, өлшеу құралдарының да, және оларды қолдану жағдайларының да күрделенуі, қосалқы өлшемдерді кең қолдану, тез өзгеретін өлшемдерді өлшеу қажеттілігі, техникалық өлшемдер, сонымен қатар, өлшеу кезіндегі қателіктерді бағалау аясындағы метрологиялық қызметтің кеңейтілу қажеттілігінің туындауына әкелді.

Метрологиялық қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі өлшемдердің бірлігіне қол жеткізу болып табылады.

Бұл метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік негізін құрайтын стандарттар мен нормативтік құжаттарда бекітілген нормалар мен ережелерді сақтауды талап етеді,

Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік Стандарт жүйесі мынандай міндеттерді орындауға арналған: өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету үшін бірдей терминдер мен белгіліеулерді, барлық жұмыстарды орындаудың біртұтас ережелерін бекіту, жоғарғы дәлдікпен өлшеу құралдары мен әдістерін, физикалық өлшемдердің мемлекеттік эталондарын жасау мен жетілдіру, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына үздіксіз бақылау жүргізу.

Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етуші Мемлекеттік жүйесінің нормативті базасы КСРО кезінде 1800 құжаттардан тұрған, соның ішінде 545 ГОСТ, 1100-ға жуық метрологиялық институттардың әдістемелік нұсқаулары, 119 басқарушы құжаттар және 60 нұсқаулықтар мен ережелер.

Өлшемдер аясындағы негізгі базалық стандарт ГОСТ 8.417-81 «ГСИ. Физикалық өлшем бірліктері» болып табылады.

Бірліктерді көрсету эталондар арқылы жүзеге асырылады.

Базалық стандарт болып эталондардың міндеттері мен біліктілігін, жалпы ережелерін бекітетін 8.057-80 стандарты саналады.

Басқа стандарттардың бірқатарымен эталондардың жасалу тәртібі, олардағы қателіктерді сипаттау әдістері бекітіледі.

Бірліктердің өлшемдерін эталондардан өлшем құралдарына бару алты базалық стандарттармен бекітілген.

Базалық стандарт ГОСТ 8.061-80 «ГСИ. Байқау сызбанұсқалары. Мазмұны мен тұрғызылуы.» байқау сызбанұсқаларын мемлекеттік – Мемлекеттік эталонмен басқарылатын және берілген физикалық өлшемнің барлық өлшеу құралдарын қамтитын, мемлекетте қолданылатын; ведомстволық – жұмыс эталонымен немесе жоғарғы қатардағы үлгілі құралмен басқарылатын; жергілікті – үлгілік құралдармен басқарылатын және белгілі бір мемлекеттік метрологиялық органдарда тексерілуге жататын өлшем құралдарына арналған.

Базалық стандарттар тобымен өлшем құралдарының метрологиялық сипаттарын нормалау тәртібі бекітілген: ГОСТ 8.009-84, ГОСТ 8.401-80 «ГСИ: Дәлділік кластары СИ » және т.б.

Өлшемдердің нәтижелерін орындау мен рәсімдеу ережелері СТ ҚР 2.18-2003 базалық стандартында бекітілген. Өлшем құралдарының бір түрлілігі мемлекеттік сынақтар, метрологиялық тексерістер (аттеста­ция) бойынша базалық стандарттармен қамтамасыз етіледі.

Нарықтық экономикаға өту жағдайында Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің ұлттық жүйесінің өзіндік базасы, өзара байланысқан жалықаралық талаптарға сәйкес ережелердің және талаптардың кешені жасалуда.

Сәйкестендіру Қазақстанның метрологиялық қызметінің әлемдік қоғамдастыққа кіруіне қажетті шарттарды жасау мен қолдау үшін қажет.

2000 жылы Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданған. Бұл Заң Қазақстан Республикасындағы өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін бекітеді, мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет аясына қатысты қарым-қатынасты реттейді және Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғайды.


ІІ тарау. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау


Қазақстан Республикасының мемлекеттік метрологиялы қызметінің ұйымдастырушылық негізі


Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі келесіден тұрады:

мемлекеттік метрологиялық қызмет;

уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;

басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.

Метрологиялық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды звеносы болып табылады және келесі мәселелерді шешеді:

шаруашылық субъектілердің қызметін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүргізеді;

өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету;

отандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету;

материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғау.

Мелекеттік метрологиялық қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттары басқарады. Оның құрамына келесілер кіреді:

өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарының қолданылуын, сақталуын және жетілдірілуін, өлшем бірліктерінің көрсетілу өлшемдерін жасауды, өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік құжаттарын жасауды қамтамасыз ететін, мемлекеттік ғылыми-метрологиялық орталық;

сәйкес территорияда өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер мен қызметтерді, осы болімшелер туралы жалпы ережелер шегінде, жүзеге асыратын Мемлекеттік Стандарттың территориялық органдары.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттары метрология саласында келесі қызметтерді орындайды:

өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты құрады және жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының метрология қызметінің қызметтерін бағыттау, басқару;

қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекітеді;

метрология саласындағы фундаментальді зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады;

өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін бекітеді, Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді;

өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды жасау мен бекіту тәртібін анықтайды;

өлшемдердің құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы талаптарды анықтайды;

өлшем құралдарын пайдалану, өндіру және жөндеудің тәртіптерін анықтайды;

өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізімін жүргізеді;

10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;

11) метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын таныстырады;

12) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету аясындағы кадрларды кәсіби дайындау мен қайта дайындауды ұйымдастырады.

Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің мақсаттарына сәйкес негізгі міндеттер аясына жатады:

өлшемдердің жүйелік талдауын, өнімдердің жеке түрлерінің жасалу, өндіру және пайдаланудың барлық сатыларындағы сынақтар мен бақылауларын жүргізу;

өлшем құралдарына, эталондарды сынақтан өткізу мен бақылауға, өлшем құралдарын тексеру үшін бастапқы өлшем құралдарына, стандартты үлгілерге деген қажеттілікті зерттеу;

өлшеулердің құралдары мен әдістерін жасауға және оларды өндіріске енгізуге қатысу;

жасалып және шығарылып жатқан өлшем құралдарына метрологиялық қызмет көрсету үшін қажетті эталондарды, басқа да тексеріс құралдарын жасауға қатысу;

сынақтан өткізу және бақылау құралдарын аттестациялауға, оларды аттестациялау бағдарламалары мен әдістемелерін жасауға қатысу;

өлшем құралдарының олардың типін бекіту мақсатында сынақтан өткізуге уақытылы тапсырылуын қадағалау;

өлшем құралдарының импортына қатысты мәлімдемелерді қарастыруға қатысу және материалдарды дайындау;

өлшем құралдарын тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу, өлшем құралдарының уақытылы тексеруге тапсырылып отырылуын қамтамасыз ету;

қолданыстағы өлшем құралдарын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу;

өлшем құралдарының есебін жүргізу, өлшем құралдарын тексеру кестелерін бекіту мен сақтау, ескірген конструкциядағы өлшем құралдарының уақытылы қолданыстан шығарылуы;

өлшем құралдарының уақытша қолданысқа алынуын жүзеге асыру;

12) ерекше нақты өлшеулерді жүргізу;

13) жергілікті бақылау сызбанұсқаларын жасау және сәйкестендіру;

14) өлшем құралдарын, басқа да тексеру құралдарын қалпына келтіру үшін эталондарды қажетті деңгейде ұстап тұру мен сақтау;

15) өлшем құралдарының жағдайы мен қолданылуына, өлшеулерді орындаудың аттестациялық әдістеріне, эталондарына метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру.


2.2 Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері


Мемлекеттік метрологиялық бақылау келесілерден тұрады:

1) өлшем құралдарын мемлекеттік сынақтан өткізу және олардың

типтерін бекіту;

2) өлшем құралдарының тексерісін және метрологиялық аттестациясын

жүргізу;

3) өлшем құралдарының мемлекеттік сынақтардан, тексерістен, метрологиялық аттестация мен калибровкадан өткізілуін, өлшеулерді және оларды жүргізудің әдістемелерінің аккредитациясын жүргізуге құқық алуға қатысты аккредитациядан өткізу;

4) өлшем құралдарын дайындау, жөндеу, сату немесе уақытша қолданысқа беру бойынша заңды және жеке тұлғалардың лицензияланған қызметі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау келесілерден тұрады:

өлшем құралдарын шығарылуы, жағдайы және қолданылуына, өлшеулерді жүргізу әдістерін қолдануға, метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға қадағалау жасау;

сауда операцияларын жүзеге асырудағы шеттелетін тауарлар санын қадағалау;

кез-келген орамадағы буып-түйілген тауарларды өлшеп орау, сату және импортқа шығаруды қадағалау.

Қазақстан Республикасының «Өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңында метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзушылардың заңнамалық, физикалық және әкімшілік жауапкершіліктері қарастырылған.

Алдын алу шаралары – бұл әкімшілік айыппұлдың түрі, оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік инспекторлары пайдаланады.

Айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тарту стандарттау туралы заңнаманы, сертификаттау және өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету қарастырылған б. 103-1 Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексті бұзған үшін жүргізіледі. Олар келесідей көрініс табуы мүмкін:

сертификациялық сынақтарды аккредитациясыз жүргізу;

мемлекеттік сынақтардан, метрологиялық аттестациядан, тексеруден өтпеген өлшем құралдарының және стандарттық үлгілірдің айналымы;

өлшем құралдарын лицензиясыз дайындау, тексеру, жөндеу, сату және уақытша қолданысқа беру, сонымен қатар стандарттық үлгілерді дайындау, метрологиялық аттеста­циядан өткізу;

өлшеулерді орындаудың мемлекеттік метрологиялық қадағалауына жататын және метрологиялық аттестациядан өтпеген әдістерін пайдалану;

өлшем құралдарын қолдану ережелерін бұзу;

стандарт талаптарын және сертификаттау мен метрологияның ережелерінің сақталуын мемлекеттік қадағалануын жүргізетін органдардың нұсқауларын орындамау.

Әкімшілік жауапкершілікке келесі тұлғалар тартылуы мүмкін:

меншік формасына қарамастын, шаруашылық субъектілердің басшылары;

өнімді еркін шығару құқығы бар өндірістік және құрылымдық бірліктердің басшылары;

кодексте бекітілген құқық бұзушылықтардың орын алуына кінәлі бас инженерлер, бас құрастырушылар, бас технологтар, бас метрологтар, тауар сақтаушылар, бөлімшелер басшылары, олардың орынбасарлары және басқа да лауазымдық тұлғалар.

Тәртіп бұзушы айыппұлды үкім шығарылған күннен бастап 15 күннен кеш емес мерзімде төлеуі қажет.


2.3 Метрологиялық қадағалаудың формалары


Мемлекетте өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету үшін енгізілетін нормалар, ережелер және талаптар нормативті сипатта болады, яғни орындалуға міндетті. Бұл ережелер мен нормаларды сақтамау күрделі мемлекеттік тәртіпті бұзушылық болып табылады да жағымсыз күрделі экономикалық, экологиялық және т.б. сондай салдарға әкеледі. Сондықтан олардың орындалуына мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық бақылау бекітілген.

Саудадағы мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшеу құралдарының, кәсіпорынның метрологиялық қызметінің, метрологиялық ережелерді енгізу мен орындаудың жағдайы мен қолданылуын, саудада қолданылатын мемлекеттік бақылау құралдарын, өлшеу құралдарын жөндеуші және тексеруші кәсіпорындардың, сауда ұйымдарының тіркелуін тексеру формасында жүзеге асырылады.

Тексерулер таңдамалы сипатта Мемлекеттік стандарттарды мемлекеттік қадағалау органдарының жоспарларымен жүргізіледі. Олар кешендік, топтық, мақсаттық болуы мүмкін. Тексеру құқығы мемлекеттік бақылаушы біліктілігі бар қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторларда ғана болады.

Тексерістерге кәсіпорынның ведомстволық метрологиялық қызметінің жұмысшылары тартылуы мүмкін. Тексеріс нәтижелері актпен рәсімделеді де кепілдеме негізінде кәсіпорынның (ұйымның) басшысының қолына беріледі.

Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарын тексеру келесілерді анықтайды: тамақ өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға сақтау мен өткізуге байланысты санын есепке алу мен сапасын бақылауға қажетті өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі; өлшеу құралдарының жағдайы және оларға метрологиялық қызмет көрсету (аттестация, проверка, профилактика және жөндеу); берілген дәлдікпен бақылау-өлшеулік операцияларды орындауға қажетті өлшеу құралдарын дұрыс таңдау.

Егер тексеру кезінде тауарларды қабылдау, сақтау және босату шарттарын бұзушылық анықталса (соның ішінде метрологиялық талаптарды сақтамаған үшін), онда мемлекеттік инспектор тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқау береді және оны орындаудың нақты мерзімдерін бекітеді.

Тамақ өнімдерін шығаратын өнірістік, дайындаушы кәсіпорындарды, цехтарды тексеру кезінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуі тексеріледі: өнімдердің сапа көрсеткіштеріне, технологиялық процестерге, еңбек қауіпсіздігі шарттарына қойылатын талаптарды анықтаушы нормативтік құжаттардың жағдайы; өндірістік операциялардың өлеу құралдарымен және МВИ-мен қамтамасыз етілуі; кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмысы; тәртіп бұзушылықтардың шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасына әсер етуі.

Егер тексеріс кезінде тексеріліп жатқан тамақ өнімдерінің партиясының сапасы стандарттардың талаптарына жауап бермейтіні немесе техникалық шарттарға сәйкес келмеуі анықталса, онда ақаулықтарды толығымен жою сәтіне дейін бұл өнімді босатуға тыйым салу туралы бұйрық құрылады. Егер де тексеріс нормативтік құжаттарды жүйелі түрде сақтамауды анықтаса, онда берілген өнім түрін өндіруге және босатуға сапасыз шығарылымның себептерін анықтағанға дейін мүлдем тыйым салынады.

Метрологиялық ережелерді бұзу жағдайларында мемлекеттік қадағалау органдары кәсіпорынға және кінәлі лауазымдық тұлғаларға қатысты заңнамада бекітілген құқықтық шараларды қолданады. Осылайша, өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру кезінде жағымсыз нәтижелердің орын алған жағдайда өлшеу құралдарын, оларға бақылау белгісін қойып, өндірістен алынып тасталуы, тексерулер туралы куәлік заңдық күшінен айырылуы, олардың техникалық паспорттарында өндірісте пайдалануға жарамсыз деген басылым қойылуы мүмкін. өлшеу құралдарын ала алмау жағдайларында әрі қарай қолдануға тыйым салынады деп басылады. Тексеріс мерзімдерін сақтамау, сапасыз ведомстволық тексеріс анықталса мемлекеттік қадағалау органдары жалпылама бір мезгілді тексерісті немесе мемлекеттік қадағалау органдарында өлшеу құралдарының жеке тексерістерін, өндірістегі өлшеу құралдары үшін бақылау аралық интервалды қысқарту сияқты шараларға міндеттеуі мүмкін.

Егер метрологиялық ережелерді бұзушылық тексеріліп жатқан кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау салдарынан орын алса, онда қадағалау және бақылау органдары кәсіпорын басшылығына немесе жоғарғы лауазымды тұлғаларға бұл тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, тіпті лауазымдық орындарын босату жөнінде ұсынымдар жасауы мүмкін.

Ал осы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болатын тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік қадағалау органдары тексеріс материалдарын әкімшілік комиссияларға тапсырады.


ІІІ тарау. Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге

асырудың тәртібі


Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жалпы ережелері

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – өлшеу құралдарын шығару, жағдайы және қолданылуын қадағалау үшін стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша, өлшеулерді орындау әдістерін қолдану, сату кезіндегі тауарлардың санын, нормаларын және метрологиялық ережелерін сақтау бойынша, сонымен қатар түрлі орамадағы тауарлардың орау, сату және импортқа шығару кезіндегі санын сақтау бойынша өкілетті мемлекеттік органның қызметі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өкілетті мемлекеттік орган заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық келісімшарттар мен құжаттар бойынша өлшемдердің бірлігінің қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында жүргіжеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жоспарлы (периодты), жоспардан тыс және қайталанатын тексерістер түрінде жүзеге асырылады.

Жоспарлы тексерістер үш жылда бір реттен сирек емес, тексеріс кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кесте мемлекетті қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның бөлімдерімен, қажет болған жағдайларда тексеріс бірігіп жүргізілетін басқа да бақылау-қадағалау органдарымен кеңесілген түрде жасалады.

Жоспардан тыс тексерістер метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтамау туралы мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша жүргізіледі.

Қайталанатын тексерістер алдында жүргізілген тексеріс нәтижесінде бекітілген нұсқауларды заңда және жеке тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде тексерісті өлшеу құралдары және стандарттау үшін нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын орындауға қадағалау жасау бойынша мемлекетті инспеторлар – лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары бекітілген.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері:

өлшем бірліктерінің эталондары;

өлшеу құралдары;

өлшеулерді жүргізу әдістемесі;

өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау көрсетілген объектілерден салыстырмалы түрде жоғары, нәтижелері келесі жағдайларда пайдаланылатын өлшемдерге қатысты болады:

азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда;

өнімдер мен қызметтер сапасының нормативті құжаттардың міндетті талаптарына сәйкес келуін сынау мен бақылауда;

қоршаған ортаның жағдайын бақылауда;

еңбек шарттарының қауіпсіздігін бақылауда;

сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жабдықтаушы, өндіруші, орындаушы) арасындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысуларда, соның ішінде тұрмыстық, коммуналдық және байланыс қызметтері аясында;

мемлекеттік есепке алу операцияларында;

бұйымдар, құймалар, жартылай шикізаттар, қалдықтар мен балқымалар түріндегі асыл металдардардың мазмұнын анықтауға байланысты операцияларда;

қарулық жабдықтау, әскери, арнайы техника және басқа да арнайы өнімдер өндірісінде;

геодезикалық және гидрометеорологиялық жұмыстарда;

салықтық, банктік, кедендік және пошталық операцияларда;

барлық түрдегі материалдық ресурстарды өндіруде, сұрыптауда, тасымалдауда, сақтауда және тұтынуда;

құрылыста;

мемлекеттік басқару органдары, сот және құқық қорғау органдарының тапсырысы бойынша орындалатын жұмыстарда;

ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеуде;

өзгеру құралдарын тексеруде.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері:

өлшеу құралдарының шығарылуы, жағдайы және қолданылуына, өлшеулерді орындау әдістерін, өлшем бірліктерінің эталондарының қолданылуына, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына қадағалау жүргізу;

тауарлардың салмағын, көлемін, шығындалуын және басқа да сипаттаушы өлшемдерді анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылатын сауда операцияларын жүргізу кезінде шеттетілетін тауарлар санын қадағалау.

Заңды және жеке тұлғаларды тексеріс жүргізу кестесін құру кезінде мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлерін біріктіру ұсынылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың әрбір түрлерін жүргізу тәртібі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.


3.2 Мемлекетік метрологиялық қадағалауды жүзеге асырудың

тәртібі


Тексерісті жүзеге асырушы мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімше тексеріс тапсырмаларын дайындайды және комиссияны құрады, оған мемлкеттік инспекторлармен қатар, басқа бақылау-қадағалаушылық органдардан немесе қоғамдық ұйымдардан тұруы мүмкін.

Тексеріс қатысушылары оны жүргіер алдында берілген объектіде мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімше немесе басқа бақылау-қадағалаушылық органдардың жүргізген алдыңғы тексеріс материалдарымен танысады.

Мемлекеттік инспетордың комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен жүргізетін тексерісі кезінде тауарды сатып алу жүзеге асырылады. Босатылған тауардың саны және/немесе босатылған тауар үшін алынған сомманы көрсететін чек немесе басқа құжатты алғаннан кейін мемлекеттік инспектор тексеріс тапсырмалары мен мемлекеттік инспектор куәлігін көрсетеді.

Босатылған тауар қайта-бақылаушылық өлшенуге жатады. Шешуші бақылаушылық өлшеу тауарды сатып алу кезінде саны көрсетілген өлшеу құралымен немесе мемлекеттік инспектордың (комиссия құрамындағы) өлшеу құралымен (бар болған жағдайда) жүзеге асырылады. Шешуші өлшеу тексеріліп жатқан заңды немесе жеке тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі. Комиссия тарапынан сатып алу кезінде шеттетілген тауарлардың санын сипаттайтын салмағын, көлемін, шығынын және басқа өлшемдерді анықтаудың дұрыстығы тексеріледі.

Жүргізілген өлшемдерден кейін тауарларды босатуға қолданылатын өлшеу құралдарының инспекциялық тексеру жүзеге асырылады.

Шешуші өлшеулер мен инспекциялық тексерістерді жүргізу кезінде мемлекеттік инспектор қолданатын өлшем құралдарында өлшем құралдарына немесе эксплуатациялық құжаттарға және тексеру туралы сертификатпен қамтамасыз етілуге міндетті бақылаушылық таңба баспасы болуы керек.

Тауарды қайта-бақылаушылық өлшеу процедурасы мен тауарды босату үшін пайдаланылатын өлшеу құралдарын инспекциялық тексеру аяқталғаннан кейін тауарды шеттетуге байланысты сауда операцияларын, соның ішінде инспекциялық тексерісті жүзеге асыруда қолданылатын өлшеу құралдарының жағдайы мен қолданылуын тексеру жүзеге асырылады, өлшеулерді орындаудың әдістерін дұрыс қолдану және метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтау, соның ішінде:

өлшеу құралдарының тексерісі туралы қызмет етуші мерзімі және таңбасының белгісі бар сертификаттардың бар болуы;

өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйесінің реестрінде өлшеу құралдарының бар болуы немесе олардың метрологиялық аттестациясын өткізу;

өлшеу құралдарын қолдану және оларды пайдалану құжаттарына сәйкес тағайындалуы бойынша пайдалану;

өлшеу құралдарын техникалық қызмет көрсетумен және жөндеумен қамтамасыз ету.

Тексеріс аяқталғаннан кейін тауар жеке немесе заңды тұлғаға қайтарылады.


Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың нәтижелері

Тексерістің нәтижесі актімен рәсімделеді, онда өткізілген тексерістің нәтижелері баяндалуы керек. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды, одан кейін оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды.

Актінің мазмұны бойынша келіспеушіліктер болса соңғы шешімді тексеріс басшысы қабылдайды.комиссия мүшелері және тексеріс өткізілген жеке немесе заңды тұлғаның өкілдері қабылданған шешіммен келіспейтін болса, актіге тіркелетін, өзінің жеке ерекше пікірін жазбаша түрде ұсынуға құқығы бар.

Актінің мазмұнын тексеріс өткізілген жеке немесе заңды тұлғаның басшысына таныстырады.

Меторлогиялық ережелер мен нормаларды бұзушылықтар анықталса, тексеріс актісінің негізінде мемлекеттік инспектор анықталған бұзушылықтарды жою бойынша бекітілген формадағы ескертуді толтырады.

Ескертулер актімен бірге тексеріс өткізілген жеке немесе заңды тұлғаның мекен-жайына, ал актінің көшірмесі – тексеріске қатысқан бақылау-қадағалау органдарына және қоғамдық ұйымдарға жіберіледі.

Тексеріс өткізілген жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның басшысы ескертулері бар тексеріс нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шараларды қолданады.

Анықталған бұзушылықтарды жою мен ескертулерді жүзеге асыруды тексеру қайтадан жүргізілетін тексерістер кезінде жүзеге асырылады.

Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету облысында қызмет ететін жеке немесе заңды тұлғалар метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғанда қызмет етуші заңнамаға сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бұзушылықтар анықталған жеке немесе заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ескертулерден басқа, келесі шаралар қолданылуы мүмкін:

Тексеріс таңбасын өтеу және/немесе жарамсыз өлшеу құралдарының тексерісі туралы сертификатты жоққа шығару;

Лицензияның қызметін уақытша тоқтату;

Лицензияны немесе аккредитация аттестатын қайтарып алу;

әкімшілік пікір білдіру;

қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Көрсетілген шараларды қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңнамасына сәйкес құзыретті орган бекітеді.

Өлшеудің біртұтастығын қамтамасыз ету облысында қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүргізуде мемлекеттік инспекторға көмек көрсетеді.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыруды кедергі жасайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік инспекторлардың жауапкершіліктері:

лауазымдық міндеттерін орындамау немесе дұрыс орындамау, құзіреттілігін шектен тыс қолдану және де басқа бұзушылықтар үшін, оның ішінде мемлекеттік және коммерциялық құпияларды жариялауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қызмет етуші заңнамасына сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін;

мемлекетік инспекторлардың қызметтеріне шағым, олар шешім қабылдағаннан кейін он күннен кешіктірілмей құзіретті мемлекеттік органға немесе сотқа ұсынылады;

мемлекеттік инспекторлық қызметіне шағымдану, берілген ескертулерді орындауды тоқтатпайды.

Тексерісті рәсімдеу Қазақстан Республикасының СТ тіртібінде жүзеге асырылады, 2.2. Актісінің формасы осы стандарттың А қосымшасында келтірілген.

Тексеріс нәтижелері бойынша ескертулер Қазақстан Республикасының СТ бекітілген тәртіпте беріледі, 2.2. анықталған бұзушылықтарды жою туралы Ескертулер формасы осы стандарттың Б қосымшасында келтірілген.

Сауда ережелерін және басқа да бекітілген метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзу анықталғанда, сонымен қатар бұзушылықтарды жою бойынша ескертулер орындалмаса, акт қызмет етуші заңнамаға сәйкес шаралар қолдану үшін компетентті органдарына жіберіледі.


Қорытынды


Қызметтердің барлық түрлерін өлшеулерсіз елестетуге болмайды. Өнеркәсіптің көптеген салаларында өлшеумен байланысты шығындар көлемі желдық капиталдар салымының 30%-нан астамын құрайды.

Материалдық, энергетикалық және басқа да ресурстарды үнемдеу мәселелерін шешуде метрологиялық қамтамасыз ету үлкне маңызға ие болады, себебі шынайы сандық есеп материалдық құндылықтарды, электр және жылу энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газ, су ресурстарын үнемдеудің негізі болып табылады.

Жаңашыл жалпы өлшеуіш құралдардың кемшіліктері (қателесуі) өлшеу процесінде өндірістің барлық өлшенетін өнімдерінің 1%-ға дейіні есепке алынбай қалады (таразыларды пероидты түрде тексеріп және оларды қолдануға жарамды деп таныған жағдай шартында).

Мұнай, газ және бензиннің үлкен көлемі ескерілмей қалуда. Электр энергиясының счетчиктерінің қателесі - 2%, яғни 2% электр энергиясы есепке алынбайды. Егер осы пайыздарды бидай, мұнай, газ, болат, тыңайтқыштар үшін тоннамен, электр энегиясы үшін киловатпен көрсетсек, онда шығындар жыл сайын миллиондаған теңгені құрайды.

Егер есептеудің дәлділігін екі есе жоғарлататын болсақ, онда материалдар мен өнімдердің көптеген саны есептелетін еді.

Өлшеулердің біртұтастығын қамтамасыз ету бойынша ережелерді бұзу, метрологиялық қызметердің жоқтығы өнімнің сапасын бақылау, технологиялық процестерді реттеу, ауруларды емдеу мен диагностикасы кезінде өлшеуде үлкен шығындар әкеледі.

Өнім өндірісінде дайын өнімнің сапасын бағалау кезіндегі өлшеулердің жағдайына ғана емес, белсенді бақылау құралдарының көмегімен технологиялық процестің өзінде сапа көрсеткіштерінің бақылау мүмкіндігі және өлшеулердің жағдайына назар аудару керек.

Жаңа бұйымды жасау мен әр технологиялық процесті дайындаудың алдында, дайын және аттестатцияланған әдісдерді, өлшеу және сынау құралдарын қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығының сұрақтарын шешу қажет.

Метрологияның медицинада ролі өте маңызды. Үлкен көлемде медициналық өлшеу және сынау құралдары (адамға тұрақтандырушылық әсер ететін) шығарылған. Медицинада өлшеулер диагностика, терапия және тазалықта өткізіледі.

Биологиялық объектінің өлшемдерін өлшегенде алынған нәтижелері бойынша жеке мүшелердің, сонымен қатар ағзаның бүтіндей жағдайы, еңбек қабілеттілігі және қызмет етуі туралы шешім қабылдайды.

Терапия кезінде биологиялық юбъектіге жасанды әсер етіледі, оның параметрлері қатаң түрде нормаланған, және өлшеу жолмен бақыланып отыру керек. Ағзаның параметрлерін өлшеулердің және жасанды әсер етудің нәтижелері бойынша жасалып жатқан әсерлердің тиімділігі және емдеу барысың дұрыстығы туралы айтуға болады.

Тазалықта сақтауда (гигиенада) қоршаған ортаның (судың, ауаның және т.б.) адамға әсері зерттеледі, ол үшін көптеген өлшеулер жүргізіледі.

Оператор өлшеулерден алынып отыратын нәтижелердің шынайылығына сенімді болуы керек. Ол үшін өлшеудің сынақтан, метрологиялық аттестациядан өткен, қолдану процесінде периодты түрде тексерістен өткізіліп отырған өлшеу құралдарын ғана қолдану қажет.

Өлшеулер кезінде қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестациядан және тіркеуден өтуі керек. Аттестацияланған әдістеменің талаптанрын орындай отырып, оператор өлшеулердің алынған нәтижелерінің қателігі белгіленген шектен аспайтынына сенімді бола алады.

Қызметтің барлық бағыттырындағы объектілерінде метрологиялық заңнаманың ережелерін, метрологияның теориялық негіздерін білетін және оны тәжірибеде (бас метрологтар, өлшеудің жағдайына жауаптылар, өлшеулерді жүзеге асыратын операторлар, ) қолдана алатын мамандар болуы тиіс. өлшеулерді жүргізуге кететін шығындар өнімді дайындау мен өндіруге жұмсалатын шығындардың маңызды бөлігін құрайды.

Өлшеулер әр өнеркәсіптік бұйымның жоспарлау, дайындау, сынау және бақылау сатыларының барлығында болады.

өлшеу техникасының (өлшеу және өлшеу техникасының құралдарының) даму деңгейіне қарай өнеркәсіптік дамыған елдердің ғылыми және техникалық потенциалының көрсеткіштері бағаланады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, метрологияның дамуы және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды дұрыс ұйымдастыру біздің егеменді еліміз үшін өзекті міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағыт үлкен ресурстар жасырады және Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашады. Метрологиялық қадағалаудың арқасында, мысалы, тамақ өнеркісібінде өнімдердің өндіріс процесін әр түрлі сатыларында бақылауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде өнімнің сапасының жоғарлауына жақсы әсер етеді.

Қазақстан Республикасы БСҰ-на кіру жоспарларымен байланысты метрология мен мемлекеттік метрологиялық қадағалау ерекше өзектілікке ие болуда.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


Закон РК "О техническом регулировании». 2004.

Закон РК "Об обеспечении единства измерений". - Астана, РГП "ГИЦС", 2000.

Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Измерительное оборудование и метрология – Караганда; Издательство КЭУ, 2001.

Есенбаева Г. А., Какенов К. С. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. – Караганда; Издательство КЭУ, 2003.

Аубакиров Г.О. Практикум по метрологии, стандартизации и управлению качеством. - Алматы, МПП "Демеу", 1992.- 95 с.

Бурдун Г.Д., Марков Б.Н. Основы метрологии. - М.; Издательство стандартов, 1985. – 335 с.

Владимиров В.Л. Беседы о метрологии. М.; Издательство стандар­тов, 1988.-168 с.

Исаев Л.К., Малинский В.Д. Метрология и стандартизация в серти­фикации, М.; Издательство стандартов, 1996. — 269 с.

Тазабеков К. А., Ильина Л. П. Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. – Учебное пособие. Алматы, 2003. – 564 с.

Крылова Г.Д. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. – М; 2001.

П.Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.; Юрайт, 1999.-285 с.

Брянский Л. Н., Дойников А. С. Краткий справочник метролога. – М.; Издательство стандартов, 1991.- 79 с.

Сергеев А. Г., Крохин В. В. Метрология. – М. Логос; 2002.

Регак Штефан. Стандартизация и качество продукции.- М.; Изда­тельство стандартов, 1988. – 166 с.

Рейх Н.Н., Тупиченков А.А. и др. Метрологическое обеспечение производства. — М.; Издательство стандартов, 1987. – 248 с.

Тюрин Н.И. Введение в метрологию. — М.; Издательство стандар­тов, 1985. 248 с.

Федько В.П., Альбеков А.У. Маркировка и сертификация товаров и услуг. – Ростов-на-Дону, Феникс, 1998. — 640 с.

Шишкин И.Ф. Метрология, стандартизация и управление качест­вом. — М.; Издательство стандартов. 1990. – 342 с.




Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.

Сейчас смотрят :

Реферат Налог на доходы физических лиц с 2001г.
Реферат Налоговая система Российской Федерации 2 Понятие налогового
Реферат Налог на имущество организаций 2 Сущность и
Реферат Налоговый менеджмент в системе управления фирмой 2
Реферат Налог на доходы физических лиц НДФЛ
Реферат Налоговое планирование 5
Реферат «Сведения и материалы, изложенные в данной публикации, не обязательно отражают точку зрения юнеско. За представленную информацию несут ответственность
Реферат Налоговое планирования и пути его совершенствования
Реферат Налоговые платежи предприятий, содержание налогов
Реферат Налоговое планирование и прогнозирование на макроуровне на примере
Реферат Налогообложение в Курской области
Реферат Тест по статистике тулгу
Реферат Направления снижения издержек на предприятии на примере ОАО ТАИФ-НК НПЗ
Реферат Налоговые проверки 4
Реферат Налоги с физических лиц 4