Реферат по предмету "Разное"


Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу «СемьЯ» Орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры Қарағанды, 2011ж. ^ Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна Волкова Светлана Валерьевна Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу ^ Қарағанды қаласы, «СемьЯ» Орталығы» қоғамдық бірлестігі, 2011- 196 б. Аталмыш электрондық әдістемелік құрал «Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу» жобасы шеңберінде ЮНИСЕФ балалар қоғамдық қорының қолдауымен «СемьЯ»Орталығы» қоғамдық бірлестігі әзірледі. Әдістемелік құрал білім, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, үкіметтік емес ұйымдар мен балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған. Зерттеу Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін анықтауға және бас тартудың алдын алу бойынша іс-әрекет жоспарын, ұсыныстарын әзірлеуге бағытталған. Зерттеу Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Осакаров аудандарында өткізілді. Мазмұны Глоссарий 4Алғы сөз 8 Кіріспе 101 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайына қатысты проблемалардың қазіргі жағдайын талдау1.1 Қазақстандағы балалар жағдайына қатысты айтылған проблемалар бойынша бастапқы ақпараттарды талдау 13 1.2 Қарағанды облысындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайы туралы бастапқы ақпараттарды талдау 152 тарау. Зерттеу әдістемесі2.1 Зерттеудің негізгі бағыттары 22 2.2 Зерттеудің мақсаты мен мазмұны 22 2.3 Зерттеу жүргізу кезеңдері 233 тарау. Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу 3.1 Мамандардың сауалнама жүргізу қорытындыларын талдау 30 3.2 Баланың анасына сауалнама жүргізу қорытындыларын талдау 47 3.3 Баланың туыстарына сауалнама жүргізу қорытындыларын талдау 59 3.4 Қорытындылау және жинақтау 654 тарау. Баладан бас тартудың алдын алу бойынша негізгі ұсыныстар 4.1 Алдын алу - баладан бас тартуды ескерту бойынша әлеуметтік жұмыс технологиясы іспеттес 72 4.2 Баладан бас тартудың алдын алу жөніндегі кешенді бағдарламалар рөлі 74 4.3 Балаларды институализациялауды ескертуге бағытталған әлеуметтік қауіптегі отбасыларға көмек көрсету моделі 76Қорытынды 80Әдебиеттер тізімі 82Қысқартылған сөздер тізімі 84Зерттеу жүргізуге арналған ақпараттар пайдаланылған мекемелер мен ұйымдар тізімі 85 Қосымшалар 87 ГлоссарийБалалардың балама жайы: бала ата-анасының туыстары тарапынан бала туралы қамқорлықты көздеу, не баланы басқа отбасына тәрбиелеуге немесе асырап алуға беру, немесе керек жағдайда ата-ана өз баласын қамқорлыққа алмай, не тиісті дәрежеде қамқорлыққа алмаған жағдай арнайы мекемелерге балаларды орналастыру.4^ Балаларды баламалы орналастыру – Баланы тәрбиелеуге беру, ұлттық және халықаралық бала асырап алу кезінде бала қамқорлығы мен игілігі мәселелеріне арнаған әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы декларацияның 4 бабы баланы балама орналастыру отбасында тәрбиеленуін (патронат/ асыраушы отбасы, асырап алу) қарастырады. Деклорация бала орналасуыныңбасым жақтарын көрсетеді: баланы отбасы туыстарына, бұдан кейін – алмастыру отбасына және ең соңғы кезекте сәйкес интернаттық мекемелерге беру .4Қараусыз балалар – баспнасы бар бірақ әр түрлі себептерге байланысты ата – аналары, тарапынан тиісті дәрежеде күтім жоқ балалар.3^ Панасыз балалар – тұратын жерлері жоқ қараусыз балалар.3Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар – мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң, нормалар мен нормативтердiң ең төменгi көлемiн қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткiштер.Де-институционализация – ата - ана қамқорлығынан айрылған балаларды интернат мекемелеріне орналастыруға (институализация) және мұндай мекемелерде балалар санын зайтуға бағытталған іс – шаралар жүйесі. Де-институционализация баладан бас тартудың алдын алу, жағдайлары нашар/әлсіз отбасыларын қолдау қызметтерінің болуын/дамуын, балаларды орналстырудың балама нысандарындамыту, отбасылық жәнинтернат мекемелерін отбасына жақындату қызметтерін, балалардың күндізгі орталықта , қор орталықтарында және т.б. қайта кәсіптену/қайта өзгеруін қамтамасыз ету әрекеттерін көздейды.^ Отбасынан айрылған балалар – Конвецияның 20 бабына сәкес бұл ата –аналардың қайтыс болуына, ата – аналардың олардан бас тартуларына, не қоныс аударуларына, не өздерін еі игі мүдделері бойынша отбасыларында қала алмағандықтан, өз отбасыларынан уақытша не тұрақты түрде айрылған балалар. Мұндай балалардың «ерекше қамқорлық пен көмекке» құқықтары бар. Мемлекет оның мәдениетін есепке ала және Конвенцияға сәйкес бала құқтарын сақтай отырып, мұндай баланы әлеуметтік қамқорлықпен қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекет баланың азаматтығын, дінін, мәдениетін жән тілін ескере отрып, оның жеке басының даралығын сақтауға бала құқығын құрметтеуге міндетті (8ж/е10бап).^ Тұрмысы төмен отбасында өмір сүретін балалар – күнкөрістері ең төменгі күнкқріс азығынан төмен отбасындағы балалар.4Қиын өмір жағдайындардағы балалар – қалыптасқан жағдайлар нәтижесінде өмірге қабіліттілігі бұзылған және осы жағдайда жеке не отбасының көмегімен жеңе алмайтын баллалар. Бұған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек-балалар, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар, қараулы және ұлтаралық қақтығыстардың, экологиялық және техногенді апаттардың, табиғи апаттардың құрбаны болған балалар, босқындар және күштен қоныс аудырылған отбасыларының айырылып, жазаларын өтеу орнында, тәрбиелеу колонияларында жатқан балалар, арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріндегі балалар, тұрмысы нашар отбасыларында өмір сүріп жатқан балалар, мінез – құлықтарында ауытқушылықтары бар балалар.2  ^ Ата-анларының қамқорлығысыз қалған балалар – аналары құқықтарынан шектелген, не айрылған, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, олар қайтыс болған деп жарияланған, қабілетсіз деп танылған (қабілеті шектеулі), ата-аналары бас бостандықтарынан айрылған, ата-аналары бала тәрбиелеуден не оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтарған, соның ішінде баласын тәрбиелеу және емдеу мекемелерінен алудан бас тартқан, сонымен қатар ата-ана қамқорлығы болмауының басқа жағдайларына байланысты жалғыз ата-анасынан не олардың екеуінің де қамқорлығысы қалған балалар.2^ Жетім балалар – бір немесе ата-анасының екеуі де қайтыс болған балалар.1ВИЧ/СПИД нәтижесінде әлжуаз болған балалар. Бұл түсінікке ВИЧ тасымалдаушылар, СПИД-пен ауырған болып табылатын 18 жасқа толмаған балалар; ата-аналарының СПИД ауыруы салдарынан жетім қалған балалар; ВИЧ/СПИД нәтижесінде өмірге қабілеттері төмендейтін және дамуы қатер туғызған әлжуаз балалар; енеді; ВИЧ/СПИД балалық пен балалар өмірін жоюға әкеледі.^ Баланың заңды өкiлдерi – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеушi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.^ Интернат мекемесі – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығыесыз қалған балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар, кей жағдайда тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларының балалары, балама тәрбиедегі балалар, арнайы мектептері болмағандықтан тұрғындардың балаларына күтім жасауды іске асыратын ұйым. Интернат мекемелерінде тәрбие беру жүйесі балаға топпен күтім көрсету түрлерін қарастырады.4Институционализацияға баланы отбасылық түрде емес, толықтай тәрбиелу үрдісінде пайда болған жағдайлар енеді. Баланы кесте бойынша жұмыс істейтін және ұдайы түнгі күтім енетін белгілі міндеттерді атқаратын үлкендер күтеді. «Институционализация» термині балалар санының көпшілігін интернаттарға орналастыру дегенді білдіру үшін қолданады. Сонғы жылдары институонализация тәжірибелері құрамында 12 баладан тұратын топтарды тәрбиелеу кезінд байқалып жүр. ^ Кәмелеттке толмау – ұлтық заңдарға сәйкес бұдан ерте жас мөлшерінде кәмелеттк танылатын жағдайларды ескергенге, 18 жаста балалық шақ аяқталып, кәмелеттік жас басталды (бала құқықтары туралы Конвенция, 1-бап).3^ Бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар.Қамқоршылық – он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны.Қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны.Патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiжастi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенiң нысаны.^ Баланы тәрбиелеуге беру – ұғымы басқа отбасында баланы тәрбиелеуге беруді көрсетеді, оның уақытша сипаты немесе керек жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ өз ата-анасына қайту немесе оны кәмелетке толғанша дейін асырап алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.4^ Де-институционализация саясаты - ұғымы интернат мекемелеріндегі балалар санын азайту; отбасыны қолдаудың кешенді жұйесін кұру, отбасылық орналастыруды дамыту; балалар үйлерін қолдау қызметтеріне қайта бейімдеу; балалардың өмір сүріп, тәрбиеленіп және білім алатын отбасыларына жақындастыру жағдайларын қарастыру. Бұл саясат баланың жеке қасиеттерін есепке ала отырып, қамқорлық жасауға бағытталған.^ Отбасы өмір сүру құқы қамқорлық, қорғаншылық, патронат отбасында тәрбиелену арқылы іске асады. Осы құқық жетім және өзінің туған (биологиялық) отбасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұру құқығын айтады.4^ Асыранды балалар – мемлекеттің, не асырап алумен айналысатын агенттік қамқорлығында болса да қысқа мерземді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді шарт негізінде асырап алған отбасында тәрбиеленетін балалар. Мұндай балаларды баламалы отбасыларында асырау биологиялық ата-аналарына қосылғанға не асырап алынғанға дейін болады. Бала асырап алу биологиялық ата-анасының келісімі, не ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімінің негізінде жүзеге асыу мүмкін. Осылайша ата-ананың балаға деген құқығын болуы, не олар мұндай құқықтан айрылған жағдайларда болулары мүмкін. Осыған сәйкес балаларды асырап алуға болады не болмайды. ^ Бала–он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына,олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiжассiз (әрекет қабiжасi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.^ Жетiм бала – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала.Мүгедек бала – тiршiлiк етуiнiң шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организмiнiң функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегiз жасқа дейiнгi адам.Отбасы – «Қоғамның негізі және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсуі мен игілігі үшін табиғи орта» (Бала құқы туралы Конвенцияның Преамбуласы). ^ Баланың әлеуметтiк бейiмделуi – өмiрде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi.^ Баланы әлеуметтiк оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтiк байланыстар мен функцияларды қалпына келтiру, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөнiндегi iс-шаралар.^ Бала (кыз) асырап алу ата-анасы қамқор бола алмайтын баланы отбасымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады. Асырап алу мүмкіндігін қарастырған жағдайда бала асырап алуға жауапты адамдар балаға ерекше қолайлы жағдайлар тудыруы қажет.4      __________________________________________________________ ^ 1 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы 8 тамыз 2002 жыл № 345 2 Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы 29 желтоқсан 2008 ж. № 114-IV 3 Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заңы 9 шілде 2004ж. №591 4 Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы 17 желтоқсан 1998 жыл № 321 АлғысөзОсы есеп беру «Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу» «СемьЯ»Орталығы» қоғамдық бірлестігі мен БҰҰ (ЮНИСЕФ балалар қоғамдық қорының Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ЮНИСЕФ-тің «Отбасына бағытталған балалық шақты қорғау» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы біріккен қызметінің нәтижесі болып табылады. Аталмыш есеп беруде стандартты және жеке сұхбат, фокус-топтар, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары мен Осакаров ауданында жүргізілген бақылаулар нәтижесі, әлеуметтік қауіпті отбасына көмек көрсетуді ұйымдастыру және тұрмысы қолайсыз отбасын ерте анықтау моделін сипаттау мазмұндалған. Аталмыш жобаның жүзеге асырылуына мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері тәжірибелерімен, ойларымен бөлісе отырып, уақытын бөліп, өз үлестерін қосты. Сондай-ақ, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары мен Осакаров ауданында білікті жұмыс жүргізілуін қамтамасыз еткен сұхбар жүргізуші әріптестерімізге де алғысымызды айтқымыз келеді. Біз ЮНИСЕФ Балалар қорына осы зерттеуді жүргізуге қолдау көрсетіп, қаржыландырғаны үшін алғыс айтамыз. Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Б.Киселеваға, маманы Л.В.Левицкаяға жобаны жүзеге асыру жоспарын құру мен талқылаудағы негізгі орындаушылар тобын құрастыруға ықпал еткені үшін ерекше алғыс айтқымыз келеді. Осы зерттеу қорытындысы өмірдің қиын жағдайында қалған балалар мен отбасыларды ерте анықтаудың тиімді жүйесін құруға, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып табылатын уақытылы көмек көрсетуге ықпал етеді деп сенеміз.КіріспеБаладан бас тарту, оны отбасынан және отбасы тәрбиесінен бөлу – қазіргі таңдағы Қазақстандағы, оның ішінде Қарағанды облысындағы маңызды (салмақты) проблема. Баланың отбасында өмір сүруі мен тәрбие алу құқығы, оның қалыпты дамуын қамтамасыз ететін отбасының болуы Қазақстан Республикасында тұрмыстық деңгейден нормативтік – құқықтық деңгейге дейін ажырамас болып қабылданған. Бірақта бұл мойындаулар осы уақытқа дейін жүзеге аспаған декларация болып қалады. Баланың өмір сүруге қолайсыз жағдайы, ата-аналардың әлеуметттiкке карсы мiнез-құлығы, балаға зорлық-зомбылық көрсету, соның iшiнде отбасылық ортаның мәртебесiнің төмен болуы биологиялық ата-аналардың бас тартуы немесе бөлінуінің негiзгi себебі болып табылады. Көптеген жылдар бойында отбасында өмiр сүрiп, тәрбие алу құқықтарынан айырылған балалар санының өсуiнің байқалуы әрбiр баланың толыққанды дамуы мен көптеген жанұялардың теңсiз мүмкiндiктерiмен қамтамасыз ету қажеттiлiгі аралығында қарама-қайшылықты көрсететін жүйелi дағдарыстың көрсеткiштердiң бiрлерi болып табылады. Қазіргі таңда 75 000 астам балалар мемлекеттiк мекемелерде тұрады және өздерін жақсы көретiн отбасылық орталарда өсу құқығынан айрылған. Бұл БҰҰ ішіндегі әр адамға шаққандады ең үлкен сандық көрсеткіш болып табылады. Жыл сайын 2000 астам бала ата-ана қамқорлығынан айрылып, мемлекеттiк мекемелерге орналастырылады. Олардың көпшiлiгінен мүгедектігінің бар болуына байланысты бас тартылған және мұндай балалар психоневрологиялық диспансерлерде немесе балалар психиатриясында орналастырылады. Негізінен ата - аналар отбасындағы кедейлiк салдарынан, әлеуметтiк мiнез-құлықтың сәйкес болмауынан, отбасында бiр ғана ата-ананың бар болуы немесе отбасыға көмек көрсететін әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң жоқтығына байланысты өз балаларынан бас тартады деген түсінік қалыптастан. Балалар мен аналарды әлеуметтік қолдау жүйесін талдау мақсатында Қазақстанға келуші шетелдік эксперттердің айтуынша Қазақстандағы баланы әлеуметтік қорғау жүйесі 1991 жылға дейін ССРО болған жүйе моделін қайталайды. Яғни ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы мемлекеттік жабық мекемеге орналастырады, сондай-ақ отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі дамымаған. Халықаралық зерттеу мен тәжірибе мемлекеттік мекемеде тұратын балалар жағдайы алаңдатушылық танытады; институционализация – жақсы ниетпен жасалса да, баланың адамгершілік, эмоциональдық, әлеуметтік, физикалық дамуына бөгет туғызады. Қазақстандағы әлеуметтік мекемелерге орналастырылған көптеген балалар туыстарымен байланыс үзе отырып, өздерінің нәрестелік, балалық, жастық шағын өткізеді. 18 жасқа келгенде мемлекеттік мекемеден шыққан балалар жұмысқа тұра алмай, кедейшілікте өмір сүреді, заңға қайшы әрекеттер жасайды және балалар саудасы және жыныстық күштеу сияқты қанаушылықтарға тап болатын қауіп тобына ілігеді, Сондай ақ соңғы 10 жылдықта ата-ана мен бала саласына да қатысы бар еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. Балалық шақты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі кемшіліктер мен қорғауды қамтамасыз ету механизмдері көптеген есеп берулерде қаралды [6,7]. Қазақстан Үкіметі жүйелерді қайта құру бойынша міндеттерді өз мойнына алды және бұл процесс іске қойылды. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң (29 желтоқсан 2008ж., № 114-IV) қабылданды. Бұл заңда өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін жалпы құқықтық базаны құрайды және қазіргі таңда «Неке және отбасы туралы» Кодес заң жобасында қаралуда. Мемлекет қамқоршыларды, оның ішінде патронаттық тәрбиешілерді материалдық қолдау тәсілдерін қарауда. 2010 жылдан бастап мүгедек балалар қамқоршыларын жәрдемақы тағайындалды. 2011 жылдан бастап ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ата-аналары жәрдемақы алатын болады. Кейбір көрсеткіштер бойынша Қазақстан балаларының әл-ауқаты жақсы нәтижеге жеткен. Елімізде бала туу көрсеткіші жоғары, балалар еңбегін қанау мен кәмелетке толмағандар арасындағы некеге отыру көрсеткіші төмен. Бірақта ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен ата-ана құқығынан айрылғандар саны куантарлық емес. Әлі күнге дейін институциональдық қамқорлыққа берілетін балалар саны азаймай отыр. Сондықтан да Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін анықтау бойынша зерттеу жүргізу бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған өзекті және әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады. Тек баладан бас тарту проблемасын талдай отырып, баладан бас тартуды өсірмеудің жолын іздеу мен оның алдын алудың тиімділігін арттыру, өмірде қиын ахуалға тап болған отбасыларға уақытылы көмек көрсету, балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілерді қолдау мен тәрбиелеудің балаламалы формалары туралы айтуға болады. 1 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайына қатысты проблемалардың қазіргі жағдайын талдау^ 1.1 Қазақстандағы балалар жағдайына қатысты анықталған проблемалар жөніндегі ақпаратты бағалау Қазақстан Республикасы Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мәліметі бойынша соңғы кезеңдегі балаларға қатысты жағдай мынадай: Кесте 1.1 0-18 жас аралығындағы жалпы балалар туралы мәлімет 2009-2010 оқу жылы 2010-2011 оқу жылы Динами-касы 1 Республикадағы барлығы 4755902 4940494 184592 Оның ішінде: мектепке дейінгі жастағы 1 958 536 2097996 139460 мектеп жасындағы 2 491 202 2523857 32655 оқушы жастар 306 164 318641 12477 ^ Оның ішінде : 2 Мүмкіндіктері шектелген балалар 149 246 147679 -1567 3 Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 42 494 38386 -4108 Отбасыларда қамқоршылық немесе қорғаншылықтағы 25 315 22067 -3248 Патронатты тәрбиеде 2063 2267 204 Төмендегі ұйымдар тәрбиесінде: 15 116 14052 -1064 ^ Білім беру 12 519 11612 -907 ^ Денсаулық сақтау 1 692 1586 -106 ^ Еңбек және әлеуметтік қорғау 905 854 -51 4 ^ КТІИ есебінде тұрған девиантты мінез-құлықты балалар 18431 13766 -4665 5 Бейімдеу орталықтарындағы кәмелеттік жасқа толмағандар 7 598 5742 -1856 6 Тұрмысы қолайсыз отбасылар 13 521 11543 -1978 Олардың отбасыларының саны 17756 17481 -275 7 Ата-аналық құқығынан айрылған ата-аналар 923 825 -98 Олардың балаларының саны 1313 1072 -241 8 Аз қамтылған отбасылар 130654 149314 18660 Олардың балаларының саны 318033 321268 3235 Кесте 1.2 Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім ұйымдарында тәрбеленетін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар статусы туралы Барлығы Барлық ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (әлеуметтік жетімдер) Оның ішінде Бас тартқандар Тастандылар Ата –анасы ата-аналық құқығынан айрылғандар Ата-анасы қамау орындарында Ата-анасы іздеуде Ата-анасы ұзақ емдеу орындарында Ата-анасы құқықтарынан шектелген Ата-анасы сот шешімімен із-түссіз жоғалған деп танылған Ата-анасынан тартып алынған Сот шешімімен ата-анасы өлген деп танылған Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған Барлығы Ер балалар Қыз балалар Барлығы Ер балалар Қыз балалар 2009-2010 оқу жылы 11612 6609 5003 9506 5469 4037 884 731 5054 556 959 235 429 121 343 139 55 2010-2011 оқу жылы 12519 7136 5383 10317 5889 4428 1129 757 5135 585 1144 344 420 155 413 165 70 Динамикасы -907 -527 -380 -811 -420 -391 -245 -26 -81 -29 -185 -109 9 -34 -70 -26 -15 Балалардың анықталу және мемлекеттік мекемелерге түсу динамикасын талдай отырып, көптеген балалардың балалар үйлері мен нәрестелер үйіне түсу көрсеткішінің өсуі байқалады (Балалар құқықтарын қорғау комитетінің 2009 жылғы кезеңіндегі Республика бойынша жалпы 8087 бала мен жасөспірім анықталған, оның ішінде балалар үйлері мен нәрестелер үйлеріне 27% бала орналастырылған: яғни анықталған балалардың төрттен бір бөлігі әрі қарай білім мен тәрбие алуға мемлекеттік мекеме институтына кетеді). Анықталған балалардың көбісі әлеуметтік жетімдер статусында, яғни кестеден көріп отырғанымыздай, балалардың көбісінің ата-аналары ата-аналық құқығынан айрылған, іздеуде немесе құқықтары шектеулі екендіктеріне назар аудара кетуді жөн көрдік. Сондай-ақ анасының (әкесінің, туыстарының) баладан бас тарту саны да кемімей отыр.Кесте 1.3 2009-2010 және 2010-2011 оқу жылы аралығындағы өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар туралы мәліметтер Кезең КТІЖБ есебінде тұрған девиантты мінез-құлықты балалар саны Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығындағы балалар Барлығы Қараусыз балалар мен жасөспірімдер Ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар 490 бапқа сәйкес заңға қайшыәрекет жасағандар Сот шешіміне сәйкес МКМ, МКТМ жолдауға Қылмыстық жауакершілікке тарту жасына жеткенге дейін аса қауіпті қылмыс жасағандар 2010-2011 оқу жылы 13766 5742 4676 671 65 229 101 2009-2010 оқу жылы 18431 7598 6123 1102 117 250 6 Динами-касы -4665 -1856 -1447 -431 -52 -21 95 Көрсетілген кестеден көріп отырғанымыздай, балалардың көпшілігі өмірде қиын ахуалға тап болғандар. Бұл осы балалардың мемлекеттік мекеме институтына түсуі мүмкін болуы және олардың туған отбасында өмір сүріп, тәрбие алуынан айрылу қаупін тудыратын факторлардың бірі. Қарағанды облысына келетін болсақ, жалпы Республикадағы проблемаларды атап өтуге болады. ^ 1.2. Қарағанды облысындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайы туралы бастапқы ақпаратты талдау. Қарағанды облысындағы 0-18 балалар саны 2010 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша 318255 құрайды. Облыстың қорғаншылық пен қамқоршылық органының, Білім басқармасының мәліметі бойынша 2010 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 4772 құрайды. 2009 жылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5291бала, 2008 жылы -6282, 2007 жылы 6416 бала анықталған. Олардың басым көпшілігін әлеуметтік жетімдер құрайды. Бұл балалар ата-анасынан табиғи жолмен емес, ата-анасы балаларға қатысты өз міндеттерін орындамаған жағдайда әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты айрылған. Кесте 1.4 Жетім жіне ата-анасының қамқорлағансыз қалған балалар туралы мәлімет (2007-2010жж), Қарағанды облысы Жыл Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны Қорғаншы-лықта Патронаттық тәрбиеде Денсаулық сақтау мекемесін-де Әлеуметтік қорғау мекемесінде ^ Білім беру ұйымдарында 2007 6416 3858 65 314 182 1997 2008 6282 3858 70 323 175 1856 2009 5291 2983 70 278 236 1724 2010 4772 2623 83 285 97 (барлығы 351) 1678 Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысында балалардың басым көпшілігі Республикадағы жалпы жағдай сияқты мемлекеттік мекемеге орналастырылады. Төмендегі ұсынылған кестеден 2009 жылы анықталған балалардың тек 23% ғана жетім балаларды құрайды, ал қалғандары ата-аналық құқығынан айрылған, ата-анасы құқығы шектелген немесе іздеуде және т.б. себеппен балалары қорғаншылық пен қамқоршылық органының назарына ілігеді. Кесте 1.5 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар статусы 2009 ж. ^ Барлық анықталғандары Оның ішінде Жетімдер Оның ішінде қыздар ^ Ата-анасы құқығынан айралығандар Оның ішінде қыздар Бас тартқан Оның ішінде қыздар ^ Ата-анасы әрекетке қабілетсіз Оның ішінде қыздар Құқықтары шектелген, іздеуде, сот із-түссіз жоғалған деп таныған және т.б. ^ Оның ішінде қыздар Қарағанды облысы 965 215 106 129 69 267 123 117 53 237 132 Балалар үйлері мен нәрестелер үйлерінде балалар саны толықтырылып отырылады. Сондықтан бұл мекемелердегі балалар саны өзгеріссіз қалып отыр. Немесе аздап азайғанын төмендегі кестеден көруге болады.Кесте 1.6 Нәрестелер үйіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны (2007-2010 жж) ^ Мекеме атауы Жылдар бойынша балалар саны 2007 2008 2009 2010 "Жезқазған қаласындағы нәрестелер үйі" ММ 94 92 87 94 "Ботагөз" нәрестелер үйі» ММ 103 109 96 81 " Шапағат" нәрестелер үйі» ММ 126 122 115 110 Барлығы: 323 323 298 285 Кесте 1.7 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдары желісі Жыл Балалар үйі Бала саны Мектеп -интернат Бала саны коррекц. мекеме Бала саны Отбасы түріндегі балалар үйі Бала саны ^ Балалар ауылы Бала саны Жеке меншік балалар үйі Бала саны Жастар үйі Бала саны ӘПОҚ Бала саны пана Бала саны 2007 10 848 1 311 2 452 2 9 1 74 1 58 5 117 2 108 1 20 2008 10 767 1 276 2 428 1 2 1 71 1 63 5 128 2 103 1 18 2009 10 714 1 267 2 371 1 2 1 69 1 73 5 114 2 102 1 14 2010 10 876 1 97 2 376 1 2 1 68 1 66 5 111 2 108 1 25 Ұсынылған жағдайдан мынадай қорытынды жасауға болады. Баланы отбасына орналастыруға қатысты негізгі жұмысты алдын алу кезеңінде емес, бала мемлекеттік мекемеге түскен кезеңде бастауға тура келеді. Оның айғағы жалпы облыс бойынша ата-аналық құқығынан айрылған санының көп болуы мен көптеген балалар тұрмысы қолайсыз отбасында тәрбиеленуде. Ата –ананың әлеуметтікке қарсы мінез-құлқы, оның ішінде балаға зорлық-зомбылық көрсету, ата-аналық қамқорлықтың төмен болуы биологиялық ата-анадан бас тарту мен айрылудың негізгі себебі болып табылады. Отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқығынан айрылған балалар санының көптеген жылдар бойы болымсыз ғана азаюы –баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі мен көптеген отбасылардың теңсіздік мүмкіншіліктерінің арасындағы қарама қайшылықты білдіретін отбасылық күйзелістің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. ^ Тұрмысы қолайсыз отбасыларға байланысты жағдайларды бағалау2010 жылдың басында облыстың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлері өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған немесе спиртті ішімдіктермен зиян келтіретін 2286 тұрмысы қолайсыз отбасыларды алдын алу есебіне қойған. Жыл сайынғы есеп берулер қорытындысын салыстыра келсек, төмендегідей жағдай байқалады. Мысалға, егер 2008 жылы тұрмысы қолайсыз отбасылар саны 2304 болса, 2010 жылы бұл сан 2286 құрайды. Аталмыш отбасыларда 3000 кәмелетке толмағандар тәрбиеленеді. Сондықтан, балалар саны үнемі әлеуметтік және психологиялық қолайыз жағдайда болады. Яғни, мәліметтерді талдасақ, облыстағы тұрмысы қолайсыз отбасылар саны аздап қана өзгергені байқалады. Кесте 1.8 Қарағанды облысы бойынша КТІБ есебінде тұрған тұрмысы қолайсыз отбасылар саны туралы мәлімет (2010 ж), сондай-ақ аудан, қала бойынша отбасылардың әлеуметтік портретінің мәліметі Аудан, қала атауы Барлық есепте тұрғандар Спиртті ішімдік ішуге балаларды тарқан адамдар Балалардың құқық бұзуына ықпал ететін ата-аналар Нашақорлық заттарды пайдалалтын ата-аналар Спиртті ішімдікке салынған ата-аналар Балаларына зиянды ықпал ететін ата-аналар Балаларына тәрбие беруден ауытқыған ата-аналар Есеңгіртетін заттарды қолданатын ата-аналар Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар Абай 80 2 16 6 56 22 Ақтоғай 8 1 7 1 Бұқар жырау 98 54 3 1 40 5 Жаңаарқа 26 8 7 11 Қарқаралы 20 7 2 11 Нұра 58 1 17 3 37 3 Осакаров 63 41 22 13 Шет 20 1 19 3 Ұлытау 12 10 1 1 Қарағанды 981 229 3 25 6 717 1 33 Жезқазған 161 24 5 84 8 40 5 Балқаш 71 1 60 10 11 Қаражал 14 2 9 3 2 Саран 57 11 46 4 Сәтбаев 145 14 131 11 Теміртау 303 68 14 221 31 Шахтинск 169 2 12 155 17 Барлығы 2286 332 11 374 44 1524 1 161 Тұрмысы қолайсыз отбасылар, ата-аналар, балалардың әлеуметтік портреті мынадай: Балаларына зиян келтіруге ықпал еткені үшін есепке алынған – 1,9%; Тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналар – 66,6 %, Баласының құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін ата-аналар – 14,5 %, Нашақорлық заттарды пайдаланатын ата-аналар – 0,4 %, Жындандыратын заттарды пайдаланатын ата-аналар - 0,04 %, Спиртті сусындар ішуші ата-аналар – 16,3%.Қарағанды облысы бойынша тұрмысы қолайсыз отбасылар және және ата-аналық құқықтарынан айрылғандар туралы мәліметБаланың отбасында өмір сүру және тәрбие алу, дұрыс тәрбие алуын қамтамасыз ететін отбасының болуы құқығы Қазақстан Республикасының барлық тұрмыстықтан бастап нормативтік-заңнамалық деңгейінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ мемлекетімізде баланың құқықтарын іске асырумен байланысты проблемалар орын алып отыр. Облыстың ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлерінің ұсынысымен облыс соттары 2010 жылы 161 адамды, 2009 жылы -169 (343) азаматты ата-аналық құқықтарынан айырған (340 өтініш берілген), 19 - ата-ана әрекетке қабіле


Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.

Сейчас смотрят :

Реферат Армянская Языковая Группа
Реферат Cancer Essay Research Paper IntroductionAccording to Mollet
Реферат Грошова система
Реферат Основные законы кредитования
Реферат Canada And Euthanasia Essay Research Paper There
Реферат Природа фантастического в повести А.Погорельского «Лафертовская маковница»
Реферат Профориентация и трудоустройство молодёжи
Реферат Реформы П.А. Столыпина
Реферат Международная торговля инжиниринговыми услугами на примере деятельности Российской госкорпорации
Реферат Автор и его герой в романе Тургенева Отцы и дети
Реферат Развитие алгоритмического мышления младших школьников на уроках информатики
Реферат Методы активизации познавательной деятельности учащихся в процессе изучения курса Физическая география
Реферат Работа Жан-Жака Руссо о воспитании
Реферат Направления и содержание логопедической помощи детям младшего дошкольного возраста
Реферат А. С. Горецкий I общая информация об организации