Жоспар
Кіріспе:
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Негізгі бөлім:
Сабақты өткізу әдістемесі.
Қашықтан оқытудың маңызы және рөлі.
Информатика пәнін оқытудағы сыныптан тыс жұмыс түрлері.
Информатика курсын оқыту әдістемесін жетілдіру.
Қорытынды.
Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу.
Кіріспе.
Қазіргі таңда әрбір оқытушы өзінің ізденімпаздық іс-әрекеті арқылы сабақ өткізу формалары мен тәсілдерін күнделікті сабаққа қолданылуына толық мүмкіншілігі бар. Сабақ өткізуде аса көңіл бөлетін мәселелер:
Сабақтың мазмұны;
Оны өткізу тәсілдері мен әдістерін таңдау;
Сабақтың нәтижелігі.
Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу мен үйрету жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылады.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруға болады. Ол үшін оқытушы өз бетімен жұмыстың тапсырмаларын құрастырғанда оның қиындық дәрежесі оқушылардың оқу мүмкіншілігіне жауап беретіндей болуы тиіс.
Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай:
оқыту;
жаттықтыру;
бекіту;
қайталау;
дамыту;
шығармашылық, яғни іздену мақсатында;
бақылау мақсатында өткізіледі.
Жалпы, сабақ мақсатының орындалуы мұғалімнің талмай ізденуіне, жауапкершілігіне байланысты. Ал информатика пәннің мұғалімі үшін, алгоритмдеу негіздерін оқытуда жазба жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін жетік меңгерудің маңызы зор. Өйткені мұндай жұмыстар оқушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуын қадағалайтын бақылау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазіргі кезде информатика пәнінен өткізілетін жазба жұмыстарының неғұрлым жиі қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:
диктант;
өзіндік және бақылау жұмыстары;
тестік тапсырмалар;
әртүрлі тақырыпқа берілген есептермен жұмыс және т.б.
Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік, тәрбиелік сияқты дидактикалық функциялардың орындалуымен қатар, әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады.
а) диктанттың негізгі мақсаты – оқушының білімін болжау, білімдегі олқылықтардың алдын алу.
ә) Өзіндік жұмыстардың негізгі мақсаты - өткен материалдарды қайталап, бекіту; жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оқу материалын зерделеуге көшу мүмкіндігін анықтау.
б) Бақылау жұмысы – алған білімді тексеру және есепке алудың ең маңызды құрамдас бөлігі. Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерінше орындауы тиіс.
в) Тестік тапсырмаларды жүргізу процесінде оқушы орындалған амалдардың дұрыстары мен бұрыстары сандық есепке алынады. Мұнда дұрыс жауаптар санының берілген сұрақтар мен тапсырмалардың жалпы санына қатынасымен анықталатын оқытудың нақты стандартталған нәтижесі беріледі. Бұл әдіс оқушы білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.
Әр түрлі тапқырлыққа берілген тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл тапсырмалар оқушылардың әр түрлі мәтінді есептер шығаруда, есептің шартын құра білуге, бір есептің бірнеше шешімін табуға жетелейді.
Негізгі бөлім.
1. Дәріс өткізу әдістемесі келесі түрде өткізілуі мүмкін. Дәріс материалын PowerPoint презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамында кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында оқытушы тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектерді көрсете алады және өзгертеді. Дәрістің соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактивтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір фарматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, студентке, оқышуға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Сонымен «Актив экран» бағдармалық-техникалық кешенін қолдану барысында студентке дәрістің мәтінін жазу қажет емес екендігі анықталады.
Практикалық сабақты өткізу әдістемесі келесі түрде болуы мүмкін. Оқытушы алдын ала дайындаған дәрісті немесе алдыңғы өткен сабақты қайталауға және оқышуның (студенттің) білімін, біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың басында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Оқытушы студентті тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады.
Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген оқытушы мен студенттің орындаған іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады.
Семинарды өткізу әдістемесі бағдарламалық-техникалық кешенді қолданып келесі түрде жүргізуге болады. Семинар сабағы белгілі бір тақырып бойынша әңгімелесу немесе дискуссия формасында өткізіледі. Оқытушы алдын ала тақырыпты және қарастырылатын сұрақтар бойынша презентациялық материалдар дайындайды. Слайдтарға талқылау қажет етілетін негізгі сұрақтарды және сабақта белсенділікпен қызуғышылықты тудыратын семинар тақырыбын түгелдей ашуға қажет ақпараттық объекттерді кірістіреді. Оқытушы сабақ барысын интерактивтік тақта арқылы басқарып отырады. Сонымен қатар семинар сұрақтарын ұжымдық топтық игеру үшін студенттер графикалық ақпаратты қолданады.
Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу матералдарды – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, «Актвті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді.
2. Қазіргі уақытта Қазақстанда тек экономикалық және саяси процесте ғана емес, білім жүйесінде де жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қозғаушы күші - адам, сол себепті білімнің негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс. «Білім саласындағы жаңа коммуникациялық технологиялар» түсінігі компьютерлік техника және электрондық анықтамалық жүйелері мен адамның әрдайым жаңа оқыту әдістерін ізденуінен пайда болады. Оны оқыту әдіс-тәсілі уақыт талабына сай өзгеруде. Қазіргі уақытта дидактикада инновациялық оқыту кеңінен қолданылуда. Инновация – бұл жаңалықтардың таралуы және құрылуы. Қазіргі педагогиканың негізгі тенденциясы оқытуды өнеркәсіптік-технологиялық процесске айналдыру үшін дидактикалық жолын және құралын табу болды. Бұл ізденіс «педагогикалық технология» деген ұғымға әкелді. ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп пен ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Сауатты өмір – дамудың жаңа фазасына енеді, бұл жаңа сауатты оқыту технологиясын құруға біртіндеп көшуді талап етеді. Оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Компьютерлік технология білім ортасына ене отырып, оқыту процесін жақсарту үшін құралдар мен әдістерді қолдануға әкеп соқтырады. Негізгі базалық білім беру аймағында қызмет көрсету жағынан да қашықтан оқыту мүмкіндіктері өкімет тарапынан қолдау тауып жатыр. Осы технологияны пайдалану ауылдық жерлерді де жылдам ақпараттандыруға көмектесуде. Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің бірі қашықтан оқыту әдісі болып табылады. Қашықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу.
Мұғалімдердің алдын – ала дайындау және ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз етілмесе оқушылардың білімі жоғарламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруіміз үшін оқытушының біліктілігін көтеруіміз керек. Қашықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді, оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады, ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді.
Қашықтан оқытудағы мұғалімдердің біліктілігін көтерудегі артықшылықтары:
экономикалық, оқытуға кететін жалпы шығыны 40% кемиді;
коммерциалық, қашықтан оқыту, технологиясы және оны қолдану «зат» болып табылады, оған деген сұраным күннен-күнге өсуде;
педагогикалық, оқыту мативациялық, интерактивті, технологиялы және индивидуалды болып келеді;
эргономикалық, қашықтан тыңдаушылар және мұғалімдер айналысуға өзіне ыңғайлы уақыттың кестесін қоюға мүмкіндігі бар;
коммуникативті, электронды желілері арқылы байланысатын педагогтардың, тыңдаушылардың мамандықтар саны көбеюде.
Мұғалім оқушының ішкі жан – дүниесінің сырын ашып, оның эмпатикалық ынтасының дамуына жағдай тудырып отырады. Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына, уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді. Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып, мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады. Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау, олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу, әңгіме, ұйымдастыра білу керек. Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек. Қашықтан оқыту курсы осыған бағытталған. Қашықтан оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Оның құралы болып телекоммуникациялар, аудио және видео жазбалар, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілер. Ұйымдасқан – дидактикалық құрылымда қашықтан оқыту оқытудың негізгі компоненті болып табылады, оқушылардың өз бетімен білім алуы.
Ақпараттық технология жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейді. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек. Жаңа технологияны қолдану мұғалімдерге дайындық жұмыстарына көп уақытты керек етеді. Әрбір мұғалімнен ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оның күнделікті өмірде қолдануды қажет етеді.
Телекоммуникация тақырыпты оқытуда әрбір оқушыға компьютерлік телекоммуникация жөнінде білім және қолдану туралы мағлұмат береміз. Негізгі мақсат компьютерлік телекоммуникацияны сабақта қолданып, оқушыларды ақпараттық қоғамға дайындауда. Компьютерлік телекоммуникация қоршаған ортаны білудің ең негізгі құралы болып табылады. Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, онымен бірге басқа мектептермен оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Мектептерде телекоммуникация тақырыбын оқыту мүмкіндігі төмен, себебі пән мұғалімдері осы тақырып бойынша өз беттерімен орыс тіліндегі оқулықтарды оқымаса, бұл пәнді оқыту үшін оқу - әдістемелік кешен, мұғалім мен оқушыға қажетті бағдарлама, қазақ тіліндегі оқулықтар мен көмекші құралдары жеткіліксіз. Пән мұғалімдерінің Интернетті осы уақытқа дейін 1 рет қана пайдаланып, тіпті қолданбағандары да бар. Мектептер жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталғанымен, мұғалімдердің осы тақырып бойынша білімін жоғарылататын, яғни мұғалімдерді дайындайтын ешқандай мекеме жоқ. Ал, жалпы білім беру ісі жөнінен басқа озық елдердің тәжірибесін зер салып отыру, өзінің білімін жоғарылату, жаңашылдық, озат тәжірибе, компьютерлік коммуникацияны үйрену - әрбір мектеп пен пән мұғалімінің кәсіптік міндеті, қажетті парызы. Қаншалықты барлық құралдар жеткілікті болғанымен, пән мұғалімінің білімі төмен болса, оқушылардың телекоммуникация жөніндегі білімі төмендеп, болашақта Қазақстандағы телекоммуникациялық ортаның дамуына әсерін тигізеді.
Білімнің қайнар көзі оқулықта. Кітапханалар, оқу кітаптарының жетіспеушілігінен оқушылардың білімдері толық жеткілікті емес. Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларымен жобалау әдістемесі жасалуда.
Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре алады және ақпарат жүйлерін пайдалану мүмкіндігі артады. Мысалы керекті әдебиеттер мен оқу кітаптары іздеу, бақылау және тестік тапсырмаларды орындау, лабороториялық жұмыстар, дайын баяндамалар, қашықтан олимпиядаға қатысу оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етеді.
Әр елде, қалада орналасқан оқушылардың қашықтан оқытуға қатысуы шығармашылық бірігу және жарысу эффектісін береді. WEB – беттер жасауда оқушылар өздерінің жұмысын желіден көріп оқушы ғылыми, суретші немесе басқа шығармалардың авторлары болады. Өзінің жұмыстарын жақсы, қызықты етіп көрсету үшін олар гипермәтіндермен, графикамен, дыбыстармен жұмыс істейді. Қашықтан оқуда оқушылар мәдениет арасында байланыс орната алады. Басқа елмен сұхбаттасу үшін сол елдің мәдениетін жақсы білу керек. Сонда мәдениеті, білімдері, діни бөлек оқушылар емін-еркін ақпарат алмаса алады. Басқа елмен байланысу үшін алдын ала оқушының психологиясын дайындау керек. Ол үшін әр түрлі тренинг өткізу керек. Бұл тренингте басқа елдердің мәдениетімен, олардың арсындағы айырмашылықтарды таныстыру бағытымен өтеді. Оларда мезгіл уақыттары мен уақыт арасында айырмашылық болады. Осы жерде электрондық конференциялар көмектеседі, одан керекті ақпаратты алуға болады. Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді екенін уақыт дәлелдеді. Қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады.
Қашықтан оқытудың міндетін түсіну үшін оқушылардың арасында мониторингтік сараптама жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша қашықтықтан оқыту оқу процесіне жағымды әсер етеді (кестені қараныз).
№ | Жағымды әсері | |
1. 2. 3. 4. 5. | Ақпараттық мәдениетінің дамуы Жаңа мәлімет Қызығушылық Логикалық ойлауды дамыту Қашықтықтан оқытуды болашақта жалғасуын сұраймыз | 65% 85% 90% 55% 87% |
Кемшіліктері:
Қашықтан оқыту біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әлі ертерек, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне байланыстың сапасы жоғары болуы тиіс, бізде ол жағы әлі әлсіздеу. Білім Министрлігінің тарапынан қашықтан оқыту формасының әрекетіне қатысуында жетіспеушілік бар, нормативті-құқықтандыру, экономикалық және финанстық сұрақтар, Интернет бағасының жоғарлығы. Бұл проблеманы шешу үшін, мынадай ұсыныстар бар:
кабинеттер компьютерлермен толық қамтамасыз етілуі керек;
қашықтан оқыту курстары және бағдарламалары болу керек, оқытудың әдіс – тәсілін жасау, жобалау, арнайы курстар, үірмелер ашу;
қашықтан оқытудың өмірде жиі пайдалану, пайдаланудың тиімді әдістерін ойлап табу;
алыс-жақын шет елдердегі қашықтан оқытудың іс-тәжірибесін оқып-үйрену;
қашықтан оқытуда оқушының білім сапасын бағалаудың жаңа критерийін жасау;
ақпаратты-техникалық жабдықтау қызметі қашықтан оқытудың программалық, ақпараттық және техникалық құралдарын дайындау;
мультимедиялық бағдарламалармен жабдықталуы керек.
Әрине, мектептің компьютерлік базасы әрі қарай толықтырылады, жетілдіріледі, бірақ соған қарамастан, қолдағы бар құралдарды толық пайдаланып, солардың мүмкіндіктерін барынша қолдануға тырысу керек. Қорыта келе айтарым – оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып табылады.
3. Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда (оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайларда (байқау, кеш т.б) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес. Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
Балада жағымды «Мен»-тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты
а) өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
б) өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
в) өзінің маңызды орын алатынын сезінуі. Жағымды «Мен»-тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті
сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады. Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланы өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар әр түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.
2. Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу. Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қытынаста болады.
Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
3. Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру.
Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс долға түскен жасөспірімдердің көбеюімен көкейкесті болып тұр.
4. Әлемтанудағы адамгершілік, эмоционалдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
5. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі – мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
6. Оқушылар бос уақытын ұйымдастыру.
Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет.
Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға көмектесу қажет.
Информатикадан бастауыш сыныптағы сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдыстырғанда оқушылардың дүниетанымын кеңейту мен өмірмен байланыстылығын ұғындыруды мақсат етіп алған жөн. Кіші сынып жасндағы балалар назарының тұрақсыз болып келуі олармен өткізілетін жұмыстың эмоциональды және жарқын блуын талап етеді. Ондай іс-шаралардың ойын түрінде өткені тиімдірек. Бастауыш сыныптардың қызығушылықтары айқындалмағандықтан сыныптан тыс жұмыстарға тек біразы ғана қатысады. Және бұл оқушылар ұжымдасып жұмыс істеуге дағдыланбаған болып келеді, сонымен қатар өз күштеріне деген сенімсіздіктері басым, әрі өз бетімен жұмысқа да үйренбеген. Сондықтан сыныптан тыс жұмыс бастан аяғына дейін мұғалім басшылығымен өтуі тиіс.
Орта буындағы сыныптардағы сыныптан тыс жұмыстарды олардың осы уақыт ішінде алған білімдері мен өмірлік тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет. Бұл жастағы оқушылар әр нәрсеге құмар болып келеді, өздерінің күші мен білімін көрсеткілері келіп тұрады. Қиын жағдайларда өздерінің ойлары мен идеяларын батыл айта алады. Орта буында оқушылар өз еріктерімен қалаған үйірме, қосымша сабақтарға қатысып жүреді. Тәрбиелеуші мұғалімнің міндеті - әрбір жасөспірімге өз қызығушылығын қанағаттандыра отырып ары қарай өз қабілетінің дамуына үлес қосатын жұмыс тауып беру.
Жоғары сынып оқушылары – бұлар болашақ жоғары және арнайы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар өнеркәсіп пен қызмет саладағы болашақ жұмысшылар. Олар физикалық және моральдық тұрғыдан жетілген және жоғары талап қоя алатындай физикалық жағынан да, ақыл-ойы жағынан да жұмыс істеуге дайын болады. Олар өздері өз-өзін ересек санап, өз бос уақыттарын өздері ұйымдастыруға және оны тиімді әрі пайдалы өткізуге тырысады.
Сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлері
Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.
Информатикадан викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.
Іскерлік ойындар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.
Информатикадан диспуттар – бқл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.
Сынып сағаты. Информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі.
Клубтық қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді.
Көрмелерді информатикадан графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.
Информаикадан үйірме жұмыстарын жүргізу
Үйірме – бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.
Сөзжұмбақ құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы мен идеялары өзіндік бқылау мен білімін жетілдірудегі танымдылықты арттырады және нәтижелі білім алуға жетелейді.
Олимпиадалар барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықты шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Пәндік, апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.
Ауызша журнал – оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.
Информатикадан факультатив жұмыстары мектепте көбіне 8 сыныптан бастап жүргізіледі. Информатикадан факультатив сабақтарының негізгі мақсаты білімдерін тереңдету кеңіту, пәнге деген оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, информатикамен өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынаптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Информатикадан қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады.
Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғарыда аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.
4. Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің бапрлық буындарында білім мен тәрбие беру ісін жеке сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр. Бұл информатика мұғалімдерінен информатиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін, оны оқыту әдістемесін жақсарта түсуді қажет етеді.
Ал бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде тұтастай қарастыра отырып, оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек зхерттеуді керек етеді.
Орта мектептерде информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның қызметкелері бағдарламауды оқытты. 1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды дайындады. 1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мекиеп информатика курсы тұжырымдамасын жасады. 1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының негізгі бағыттары белгленді. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәні бағдарламасы түзілді. 1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц, М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты. 1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика негіздерін оқыту, 1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда «информатика мұғалімін» даярлау басталды. 1986 ж. «Информатика и образование» журналы шығып, 1986 ж. информатика оқулығына байқау жарияланды. 1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық көрді. Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко, В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның басқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу құралдарын дайындады.
Сөйтіп, Қазақстанда 1986 жалдары А.П.Ершов, В.Н.Монаховтың «Информатика және есептеуіш техника негіздері» атты оқулығы бойынша жүргізілгендігі белгілі. Ал 1998 жылдан бері 7-9 сыныптарға арналған информатика оқулықтары мен мемлекеттік стандарты, типтік бағдарламасы жазылып оқу процесіне кеңінен енгізілуде.
Енді информатика курсының тақырыптарын оқыту әдістемесін қарастырайық:
Кіріспені оқыту әдістемесі. Кіріспе мақсаты: Пәнге деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту; Информатиканың жалпы мазмұнымен таныстыру; Компьютер сыныбындағы жұмыс ретімен,
ережелерімен танысу т.б. Кіріспе бірінші рет информатиканың үш құрамдас тізбегі: Ақпарат, компьютер, алгоритм айтылады. Ақпарат түсінігі мысалдармен түсіндіріледі. Ақпараттық үрдістерді түсіндіру үшін алдымен оларға мысалдар жүйесін келтіріп, қорытындыда оның белгілеріне сүйене отырып анықтама беріледі. Айта кететін мәселе, ақпаратты тұтыту, қолдану бқл да ақпараттық үрдіс болып табылады. Кіріспе бөлімі оқушыларға компьютер мүмкіндіктері туралы информатика жайлы түсінік береді. Кіріспеден оқулық авторларының концепциясын көруге болады. Мұнда ақпарат, компьютер, алгоритм ұғымдары беріледі.
Компьютер құрылысын оқыту әдістемесі. Компьютер құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады: 1. жүйелік блок, 2. монитор, 3. пернелік тақта туралы олардың қызметі жөнінде айтылды. Пернелік тақтадан енгізілген әрбір әріп, таңба т.б. ешбір өзгеріссіз экранда белгіленеді. Пернелік тақтаның жазу машинасына ұқсастығын айта келіп, мұндағы негізігі айырмашылық қосымша пернелерінде және пернелердің біріккен қызметінде деп түсіндіру керек. Алғашқы сабақтарда барлық пернелердің қызметін бірден айтудың қажеті жоқ, әсіресе белгілі бір бағдарламаға қатысты өзгеріп отыратын перне қызметі (F1-F10), өйткені олардың қызметі туралы экранның төмеңгі жағында қысқаша анықтама беріледі.
Дискұяшақты өткенде, оның дискетті оқуға арналғандығын айтса жеткілікті. Ең басты мәселе дискетті дұрыс енгізу және оны күтіп ұстау туралы мағлұмат берген жөн.
Процессорда барлық іс-әрекеттер түрленіп, орындалады. Компьютердің барлық жұмысын басқарады. Компьютер құрылысы бөлімі бірнеше деңгейлерді қамтиды. Атап айтқанда: құралдар құрамы және олардың қызметі, ол құралдардың өзара әрекеті, компьютер құрылысы және олардың жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Компьютердің ішкі, сыртқы, өосымша құрылғылары, олардың физикалық тұрғыдан алғандағы жұмыс істеу тәртіптері, үрдістері түгелімен баяндалады. Әсіресе оқушыларды қызықтыратын компьютер қалай жұмыс істейді? Файл қалай жазылады? т.б. сұрақтарға жауап беріледі.
Операциялық жүйені оқыту әдістемесі. Компьютер жұмыс істеу үшін, алғашқы бағдарламалар жүйесі – операциялық жүйе жіктелуі тиіс. Дербес компьютер үшін Microsoft Disk Operation System (MS DOS) операциялық жүйесін жасаған. Оның атқаратын қызметі: дискідегі каталогтар тізімін шығару (DIR), бағдарламаны көшіру (COPY), мәтіндік файлдың мазмұнын оқу, қарап шығу (TYPE), бағдарламаны орындауға жіктеу. Дербес компьютердегі операциялық жүйе файлдар жинағынан тұрады. Операциялық жүйемен жұмыс істеу үшін ең алдымен: DEL, RENAME нұсқаларының қызметімен танысады. Операциялық жүйелердің бұйрықтарын оқушылардың
Компьютерде орындайтын іс-әрекеті сәйкес келетіндей етіп, ретімен плакатқа жазып іліп қою керек. Оның реті: бағдарламаны дискеттен жүктеу, нәтижені дискетке жазу, жұмысты аяқтау т.с.с. жазылады. Егер оқушылар операциялық жүйе қызметін меңгерсе, онда олар мқғалімге аса тәуелді бола қоймайды, өз бетінше жұмыс істеуге кіріседі. Оқыту әдісі – мұғалім оқушы
компьютерінде түсіндіре отырып, демонстрациялап көрсетеді немесе плакат арқылы түсіндіреді.
Norton Commander қабық бағдарламасын оқыту әдістемесі. Norton Commander көмегі арқылы операциялық жүйемен жеңіл жұмыс істей алады, өйткені NC-де экран мүмкіндігі толық пайдаланылады, панельде каталогтар мен файлдар тізімі, мерзімі, өлщемі және т.б. түгелімен экранда беріледі. Сонымен бірге, қажетті бұйрықтар арнайы пернелерге «бекітілген». NC-дің MS DOS-тан айырмашылығы қолдануға өте ыңғайлы етіп жасалған, сондай-ақ нұсқаларды пернетақтадан теріп отырудың қажеті жоқ, тек арнайы пернені бассақ (F1-F10) жеткілікті. Сондай-ақ грамматикалық қателерді болдырмайды. Бұл біржағынан нұсқауларды енгізуде жіберілетін қателіктерді болдырмайды, әрі уақыт та үнемделеді. Оның үстіне ақпараттар тізімі (каталог, файлдар) экранда алфавиттік ретпен беріледі.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқыту әдістемесі. Информатика курсының мақсаты – бағдарламаны пайдалана алатын қоладнушыларды дайындау екендігі белгілі. Қазіргі қолданушылар жұмысын дайын бағдарламада (операциялық жүйе, мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, берілгендер базасын басқару жүйесімен) жұмыс істеуден бастайды. Бағдарламалық қамтамасыздандыру мен жұмыс істеу және оны меңгеру күрделілігін, өзара байланысын, оқушылардың дайындығын ескере келіп, оқыту ретін мынадай тізбек бойынша жүргізу керек: графикалық редактор – мәтіндік редактор – графикалық редактор – мәтіндік редактор – есептеу жұмыстары – электрондық кесте – берілгендер базасын басқару жүйесі. Бұл адамзат тарихының әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруімен сәйкес келеді: сурет салу, оқу, есептеу, басқару.
WINDOWS операциялық жүйесін оқыту әдістемесі. WINDOWS операциялық жүйесін оқытқанда: программаны жүктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискімен, дискетпен жұмыс және де осы программаны орнату, қазақша қаріп енгізу және т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс.
Word мәтіндік редакторын оқыту әдістемесі. Word мәтіндік редакторлары – мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған. Мектепте үйренуге жеңіл, мәтінді жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word-тың мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшнмін әртүрлі етіп өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы, бұл соңғы жаңалықтардың бірі болып саналады. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редакторлармен және жазу машинасымен салыстырып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшеліктеріне тоқталу керек. Монитор экранындағы әрбір символ әрбір әріп баспаға дәл сол күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жұмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету, сосын баспаға шығару керек. Бұны оқушы жұмыс үстелінде демонстрациялап көрсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады. Мұғалім оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және грамматикалық қателерін де табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар қателерді түзету барысында меңгеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге тура келеді. Әр мәтінді қатесіз, дұрыс енгізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушылардың грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім алдын ала ішінде әріптері қалдырылған мәтін дайындап, бос орындарға дұрыс әріптерін қойып шығыңдар десе де болады. Мұғалім компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді, сондай-ақ компьютерде жұмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нқсқауымен жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі, мәіндік редакторды практикалық жұмыс істей отырып меңгеруі, өздерінің жеке іс-тәжірибелерін жинақтауы, яғни теориялық алған білімдерін практикалық қызметімен сабақтаса түседі.
Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған жағдайда, олар кезекпен жұмыс істеуі керек, өйткені тек бақылап отырып, бұл редакторды меңгеру мүмкін емес. Негізгі мақсаты: Оқушылардың жұмысын автоматтандыру. Мысалы, оқушылар кейбір қайталанатын сөздерді қайтадан енгізіп отырады, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін қадағалау қажет. Тағы бір айта кететін мәселе, оқушылар алғашқы жұмыс істеген кезден бастап-ақ бірден екі қол саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не бір саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйрену үшін «пернелік жаттығу» ойының берген жөн.
Paint – графиктік редакторын оқыту әдістемесі. Paint – графиктік редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, көріністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint – редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал-саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, төртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған abc пернесі, түрлі түсті экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламны қос та, істей бер. Paint графиктік редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларда сызба құралдары: сызғыш, циркульмен жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастыруымыз керек. Paint графикалық редакторы – графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.
Оқу мақсатына мыналар жатады: оқушыларды компьютерде сурет салуға практикалық тұрғыдан дайындық жұмыстарын жүргізу; жұмыс істеу үшін тұрақты дағдылрын қалыптастыру; компьютерлік графика мүмкіндіктері мен ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; қандай да бір сурет үшін іс-әрекеттерін алгоритмдеу; сурет салу үшін бұйрықтардың түрлі комбинациясын қолдана білуге үйрету; ойлау жүйесін тәрбиелеу.
Тақтаға көп қадамнан тұратын бұйрықтар қызметін жазып, оқушыларға редактормен жұмыс істеу нұсқаларын көрсету керек. Жұмыс істеудің қызық түрі – суретті топ болып орындау, оны оқушы жұмыс үстелінде баспға шығару.
Электрондық кестені оқыту әдістемесі. Excel электрондық кестені экономикалық және математикалық күрделі есептеулерді, диаграммаларды және т.б. көптеген іс-әрекеттерді орындауға арналған. Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін алдын ала әзірленген тапсырманы демонстрациялап көрсетеді. Электрондық кестені меңгерудің мынадай кезеңдері бар:
дискідегі дайын файлмен жұмыс, яғни оқушылар кестедегі берілгендердің мәндерін өзгерте отырып, нәтиженің өзгергендігін бақылайды. Бұл әдіс бір жағынан мұғалімнің демонстрациялап көрсетуі арқылы да орындалады. Нәтижеде оқушылардың кестемен жұмыс істеуге деген сенімділігі артады, сондай-ақ осы тәріздес тапсырмаларды одан әрі қарайөздері орындай алатындай дәрежеде сезінеді;
бұйрықтарды меңгереді, яғни кесте ішінде орын ауыстыру, жылжыту, ұяшықтарға сандарды енгізу;
формуланы түгелдей көруі үшін «формат» сияқты бұйрықтармен жұмыс жасайды;
кестедегі бір қатарды жою сияқты, яғни «жою» бұйрығымен жұмыс істейді. Оқушылар әрбір өзгерісті дәптеріне жазып отырады. Қатарды не болмаса жойған уақытта нәтиже қалай өзгергендігіне назар аударады. Сонымен бірге, қатарды, бағанды қою, көшіру тәсілдерін де меңгереді. Бақылау нәтижесінде, оқушылар дайын формулалар жүйесі үшін әрбір ұяшыққа мәндерді енгізуі, олардың өздерінің енгізген формулалар жұйесін жазуы керек. Оқытуды ұйымдастыру түрінің ең негізгісі әртүрлә материалдар бойынша жаппай зертханалық жұмыс орындау. Білімді жалпылауға арналған сұрақтар беріледі.
Acces – берілгендер базасын басқару жүйесін оқыту әдістемесі. Acces – берілгендер базасын басқару жүйесі кітапхана, мекемелердегі қызметкерлер мәліметтерін енгізу, жоғары оқу орындарындағы студенттер жайлы мәліметтер жазу және т.с.с. орындарда кең түрде қолданылады. Берілгендер базасын басқару жүйесін қолданғанда оқушыларға оның көптеген іс-әрекетті орындай алатын мүмкіндігін және қуатын айту керек. Оқушылар берілгендер базасын құруды, толтыруды білуі; олардың дұрыс толтырғандығын бақылай білуі; берілгендер базасын басқару жүйесі бұйрықтар жүйесі туралы түсінік алу, мәзір арқылы жұмыс істеу ыңғайлылығын сезіну және бағалау, берілгендер базасын қолдану аймағын анықтау және түсінікті кеңейту; алгоритм мен орындаушы туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу; оларды өңдеу тәсілімен танысу. Мұғалім бұл тақырыпты түсіндіруі үшін алдымен өзі компьютерде демонстрациялап көрсетуі тиіс.
Алгоритмді оқыту әдістемесі. Алгоритмді және алгоритмдеуді оқытқанда алдымен, алгоритм терминінің шығу тарихына тоқталған жөн.
Алгоритм программа құрудың әліппесі болып табылады. Алгоритмнің блок-сүзбесіне мысалдар келтіріп, оқушыларға түсіндіру керек.
Программалау тілдерін оқыту әдістемесі. Бейсик тілі АҚШ-та 1960 жылдары алғашқы үйренушілер үшін жасалынады. Мектеп информатика курсында компьютерде Бейсик тілі қолданылады. Бұл үйренуге өте жеңіл, өйткені 10-15 нұсқалар мен операторлардан тұрады. Мұғалім оқытушы бағдарлама жасауда тиімді пайдалануына арналған, әрі бұл тіл арқылы сұхбаттық түрде жұмыс істейді.
Паскаль тілін Н.Виртом жазды. Бұл бағдарламалауды үйретуге арналған мүмкіндігі мол тіл. Сосын мектептерге Турбо Паскаль тілдері енгізілді. Турбо Паскальдың 5.5, 6.0, 7.0 түрлері кәсіптік бағдарламалау тілдері болып отыр. Паскаль тілі командалары мен операторлары және программа жасау жолдары мен әдістері өтіледі.
Архивтеуші және компьюретлік вирус программаларын оқыту әдістемесі. Бұл программалармен таныстырғанда олардың қызметтері мен қолдану әдістеріне кеңірек тоқталған жөн.
Электрондық поштаны, интернетті оқыту әдістемесі. Электрондық
пошта – компьютер арқылы аыстағыларға хат, әртүрлі хабарлар жолдау мен оларды қабылдауға арналған программа. Хабарды сервер арқылы таратып, қабылдауға болатындыған көрсетіп, практикалық жұмыс жасауды үйрету керек. Интернет (Inter – интернационал, халықаралық; network - желі), желісі көмегімен бүкіл дүгиежүзілік байланыс жасап, өзімізге қажетті ақпараттарды аламыз. Интернет желісі арқылы компьютерде мәліметтер алу жолын көрсетуі тиіс.
Демек, информатика пәнін оқытуда жоғарыда келтірілген тақырыптарды негізге ала отырып, оқыту әдістемесін жетілдіре түссек, онда ХХІ ғасыр жас жеткіншіктерін компьютерлік сауатты, білімді және мәдениетті етіп шығарарымыз анық. Оның үстіне Біріккен Ұлттар Ұйымы «ХХІ ғасырды – ақпараттандыру ғасыры» деп атағандықтан, осыған орай Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ағамызды «Қазақстанды ақпараттандыру – ХХІ ғасырға жасалған қадам» деген тақырыпта ғылыми форум өткізгендігі де белгілі. Міне, осы себептен де Қазақстандық информатика мамандары мен әдіскерлері информатиканы оқыту әдістемесін бұдан да гөрі жетілдіре түсуі үшін көп жұмыс жасауы тиіс.
Қорытынды.
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал, жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, білімгер тұлғасын дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тәрбие ұйымдастыруына көмектеседі.
Өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетініңтиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады. Педагог білім беру іс-әрекетінің субъектісі ретінде оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін, формаларын жүзеге асыратын кәсіп иесі. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер падагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, өзіне және шәкіртіне деген жаңа қатынасымен тікелей байланысты болмақ.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, өзбекстан психологтар ассоциациясының мүшесі Ф.Я.Вассерманның биоақпараттық технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары оқу үрдісінде кеңінен танымал. Ал, Қазақстанда Б.А.Тұрғынбаевтың дамыта оқыту технологиясы, М.М.Жанпейісовтың модульдік оқыту технологиясы, Ж.Қараевтың технологиялары оқу үрдісінде қолданылуда.
Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сайөз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолданаалатыны белгілі. Ал, білімгерлердің біліктілігін шыңдау мақсатында пән оқытушылары жаңа технологияларды жүйелі қолданса, оны өзіне түртіп алған болашақ маман кейінгі қызметінде сол іс-әрекетке қайта оралып, тәжірибесінде жемісін көрері сөзсіз.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қайсы бір түрі болсын маман даярлауға ықпалы зор. Олар:
Оқу мақсаттарының қойылуы;
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық
жүйе. Оның нәтижесінде әр білімгердің өзіне-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайықты жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлернде, т.б. Дамыта оқыту идеясы бойынша білімгерге оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, жинақтау арқылы жүзеге асады. Оқытушы – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әрбір білімгер шешімді тапқан кезінде оның дұрыстығын өзінше дәлелдей біліп, пікрін айтуға мүмкіндік беріліп, жауаптар тыңдалады. Дамыта оқытуда болашақ маманның ізденушілік-зерттеушілік және білім алуға деген ынта-ықыласы артып, кәсіби белсенділігі мен қызығушылығы молаяды. Сабақ мұндай жағдайда 3 құрамдас бөліктерде тұратын болады.
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтар жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Дамыта оқыту жүйесінде оқытушы мен білімгер арасында қарым-қатынастар, ынтымақтасу, өзара сыйластық пен түсіністік қасиеттер қалыптасатын болады. Білімгер өз ойын нақты сеніммен айта алатындай ахуалға басты назар аударады.
2. Модульдік оқыту технологиясы – 60-жылдардың соңында ағылшын тілді елдерде пайда болады. Модуль дегеніміз – іріленген дидактикалық бірлік. Модуль – латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Қазір дүниежүзінде модульдеп оқытудың 4 түрлі жолы бар.
1. Американдық модуль.
2. Неміс модулі.
3. Сковиннің орыс модулі.
4. Алексюк пен Фурманның Украина модулі.
Қазақстанда М.М.Жанпейісова әзірлеген одульдік оқыту технологиясы белсенді түрде юарық оқу орындарында қолданылуда. Оның оқыту технологиясының ұсынған нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық процестерін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қармы-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.
Модульдік оқыту технологиясы – оқу үрдісінде модульдік жүйені пайдалана отырып, білмгерлерге ұсынылып жатқан көлемді материалдарды қысқартуға және жедел меңгертуге жол ашады, яғни;
1. Білімгерлерді шығармашылық топтарға бөлу. Олар тәуелсіз түрде оқытушы тарапынан қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін үздіксіз ізденеді. Білімгерлердің бұрынғы бар біліміне сүйене отырып, оқытушы олардың алдына тапсырыс қояды. Оған аудиторияның түгел назарын аударады. Мұның мәні – қажеттілік туғызу.
2. Әрбір топ өз көзқарасын белсенді түрде қорғайды. Оқытудың мұндай ретте келтірілуі білімгерлердің сабаққа тәуелсіз түрде дайындалуы үшін өте қажет. Бұл кезең іскерлік ойындар, дәстүрлі емес сабақтарды өткенде білімгер белсенділігін байқпу үшін өте тиімді. Нәтижесінде пікір-талас сұхбат басталады. Мұндай жағдайда оқытушы орнықты дәлелдер талап етеді және білімгерлердің талқылауын дұрыс шешімге бағыттайды.
Модульдік оқыту технологиясы зерттеулер көрсеткендей, оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда білімгерлердің білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық білімгерлердің жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері заманына сй өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отыр. Ол үшін барлық мұғалімдерді даярлайтын орта кәсіптік оқу орындары төмендегідей жұмыстарды атқаруға тиісті:
1. Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
2. Жаңа ақпараттық және телекоммункациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-әдістемелік базасын жасау, білім саласын басқрудың және формалры мен әдістерін пайдалана отырып, орта кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту;
3. Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта кәсіптік білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кірістіру;
4. Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үрдісінде білімгер шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдаланға түбегейлі көшу.
Болашық мамандаярлауда оқыту мазмұнын, форма, құрал, әдістерді іріктеп, дидактикада кейінгі кезде көбірек назар аударылап жүрген кәсіби мақсатты көздеу принципін негізге алудың маңызы зор.
Қорыта айтқанда, жаңа педагогикалық технологиялар білімгерге білім берудің мазмұны мен формасын іргерілеушілік жағына өзгерістер ендіріп келе жатқанын толық сеніммен айтуға болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Л.Искакова, Ә.Беркутов. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 2003.
Ә.Беркутов. Компьютер – оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.
О.Камардинов. Информатика 1-2 бөлімдері. Шымкент, 2003.
www.travel.altai.ru
Абыканова Б.Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005 жыл.
Занков Л.В. Наглядность и активизация в обучении. Москва: Учпедгиз, 1960 год.
«Библиотечные компьютерные сети: Россия и Запад. Современные тенденции корпоративной работы библиотек в сетях передачи данных». Москва – Либерия, 1998 год.
А.Шәріпов. Информатика. Алматы, «Қазақ университеті», 1992 жыл.
М.Қ. Байжұманов, Л.Қ. Жапсарбаева. Информатика. Астана, 2004 жыл.
«Информатика» журналдары.
! |
Как писать рефераты Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов. |
! | План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом. |
! | Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач. |
! | Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты. |
! | Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ. |
→ | Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре. |