Реферат по предмету "Разное"


«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл

«Коммунистік еңбек» 30 қараша 1989 жыл Тәушен жайындағы телефильмге пікір айтамызТәушендей халық арасында көрінбей келген табиғи таланттарды тауып фильм жасау, өте қуанарлық және құптарлық екені сөзсіз. Бірақ фильм ойдағыдай болып шықпағанын ашып айтуымыз керек. Оның себебін сценаридің авторы мен қоюшы режиссердің Тәушен жайында аз білетіндігінен дер едік. Фильмді жасауда алдына қойған мақсаттары тек көрермендерді діни нанымға уағыздау секілді. Дінді ұстау, ұстамау әркімнің конституциялық правосы. Бірақ фильмді жасаушы жолдастар дінің не екенін, оның еш уақытта марксизммен үш қайнаса сорпасы қосылмайтынын әлі ге дейін түсінбеген сияқты. Тәушен табиғатында діншіл емес, діни әдет ғұрыпты құптамайтын қарапайым да бейнетқор әйел. Қайта оның ақындық талантының көпке дейін бүркемеленіп келуі де сол ауыл арасындағы діни ықпалдың әсері еді десек нағыз шындық болар еді. Тәушеннің күйеуіне мынадай сөз айтқызады. «Шаян жақта бір тәуіпке көрінгенінде сенде бір дарын бар, соны істемесең жазылмайсын дегені ақындыққа ауысуына себеп болды». Егер табиғатында ақындық дарын болса ешқандай көріпкел айтпай-ақ шабыттың қайнар көзі ақыры ашылары анық қой. Фильмдегі негізгі қателік Тәушеннің ашылған талантын осылай діннің ықпалына теліп, «Арыстан баб әулиеге» апарып зиянат жасауы, тілек тілетуі, ескі мазарды аралатып құран оқытуы, үйінде де намаз оқытуы түсінген адамға аққа қара жамағандай болып тұрған жоқпа? Нағыз тума талант, дарынды ақынның ешқандай күшке табынбайтынын, қайта оның талантына басқаның табынатынын түсінген жолдастар мұндай дүниені жасауға қалай ұмтылғаны таңғалдырады. Егер шындыққа жүгінсек ислам дінінде әйел жынысы мазарды аралап, құран оқымайды, тіптен өлікті жерлеу кезінде де қандай жақыны болса дабасына бармайды. Әйтеуір ескі әдет ғұрыптарды насихаттаймын деп осындай бірдемелерді әкеліп жапсыра беруден фильмді жасаушылар нені ұтты? Еш нәрсе, қайта ұтылды. Фильмде бір өлік шыққан үйде көпшіліктің жылап сықтағанын, молданың зарланып құран оқығанын көрсету не үшін қажет болған? Бұл Тәушеннің ақындығына қандай қатысы бар және ол ешкімге таңсық емес, ел арасында күнделікті кездесіп жататын жайт. Егер осы өлік шыққан үйде жылап сықтағандарды Тәушен уытты жырларымен жұбатып, көңіл айтып, ақындық құдіретіне бас идірсе бір басқа болар еді. Фильмнің режиссері Қызыл - Орда облысының Жаңа қорған ауданынан болған соң жасаған фильмінде қатысы жоқ Жаңа қорған жақты көрсетуге тырысқанын өз сөзінде де айтып өтті. Сондықтан ғой дейміз ұзаққа созылған Түркістан – Қызыл Орда тас жолын, Жаңа қорған ауданын, мәдениет сарайын көрсетіпті. Сонда Тәушеннің Жаңа қорғандағы бітіргені мәдениет сарайында жиналған көптің алдында мұнан біраз жыл бұрын дүние салған інісіне арнаған жоқтауын айтқызып жылату мен ән салдыру ма? Егер оның орнына Түркістан – Балтакөл тас жолын, жолшыбай Сыр дариядан өтетін көпірді, Балтакөл совхозының орталығын, оның соңғы кезде өскен мәдениетін көрсетсе болмас па еді. Фильмді көрушілер оның Тәушен тұратын Балтакөл совхозы екеніне сенбей қалуы да мүмкін. Өйткені Балтакөл совхозының эмбелмасы тым болмаса ауылдық Совет, аурухана, орта мектеп сондай орындардың маңдайшасына жазылған атары да көрсетілмеген. Әйтеуір бір мирық – сирық, әр жердегі бір үйді көзге елестеткен. Егер фильмге Жаңа қорғанды қоспаса болмайтын болса, мұнан біраз жыл бұрын өткен Манап Көкеновтың тойына Тәушен де барған еді ғой. Сонан бір үзігін алып жалғаса немесе Тәушен Манап Көкеновтың аулына іздеп барып ақыл кеңес сұраса, екеуі айтысса мұнан гөрі ұтымды шықпас па еді. Егер айта берсек мұндай майда – шүйде болғанымен Тәушен туралы ойлаған ойыңды басқа жаққа аударып әкететін кемшіліктер жетіп жатыр. Біздіңше фильм тәушен туралы болғандықтан оның жеке басына, мінез құлқына, ақындық талантына көбірек орын берілгені жөн еді. Тәушен осы уақытқа дейін талай суырып салма ақындармен кездесті, қателеспесек бәрінде де жеңген болуы керек. Сол айтыстарынан үзінді беруімен бірге, айтысқа аттанар, топқа шығар алдындағы күйзелістері, кей түндері ұзақ отырып толғануы, өлең шумақтарын қағазға түсіруі секілді психологиялық тебіреніс, серпіліс және кейбір әттегенайына дейін режиссерлық шешім тауып, көрсете білсе ғана фильм өз атына, өз дәрежесіне сай келер еді. Оның орнына Тәушенге халық әндерін орындатып, әнші ретінде көрсетуді қалай түсінуге болады. Тәушен әнші емес, ақын ғой. Ақын халықтың сүйіктісі. Олай болса ол үнемі халықпен бірге болуы ләзім. Эпизодтарда совхоздың қой ауылдарын аралап, әңгіме өткізу, көңілдерін көтеру, нәрестенің шілдеханасына қатысып ат қою, тілек айту, жас жұбайларға құтты болсын айту, бет ашу, кейбір маскүнем жемқорларды сынап мінеу, сондай өмірде болып жататын құбылыстарға араласу арқылы ақын халықтың қамқоршысы, жоғын жоқтаушы, мұның мұңдаушы әрі тәрбиеші екенін аша түсу керек еді. Фильмде мұнан басқа да артық, үйлесімсіз эпизодтар баршылық. Мысалы, Тәушеннің бұрын бір күйеуге тигені, мына екінші күйеуінің де әйелінің өлгені, екеуі сүйіскендіктен емес, жақындарының айтуымен қосылуы секілдіқұрғақ әңгімелердің ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан бұл фильмді мына түрінде қайта – қайта көрсету түгілі, жарыққа шығаруға болмайтынын қателеспесек едік. ^ Орынбай Дастанов.«Лениншіл жас» 23 желтоқсан 1989 жылАты бар, заты қайда?Әдетте, Тәушен апа көз алдыма елестегенде, домбырасын сазына келтіре қағып-қағып қойып, ағыл - тегіл жыр төгіп, қарсыласын қан сорпасын шығарып сілікпелеп, әзіл – қалжыңы аралас сөзбен «соққылап» сүріндіріп, қасқайып сахнада отырған айтыс дүлділі елестейді. «Мыңнан тұлпар» шыққан шынайы талант, бірегей дарын иесі заманымыздың айтыс өнерінің жетер – жетпес жүйрігі, асыл ойдың алтын сандығы атанған қарапайым ғана қазақ әйелі.Тәуіркөз анамыздың өнерін қызықтауға теледидар алдына ынтыға ұмтылыстық. Республика астанасындағы Ленин атындағы сарайда өткен үлкен сөз сайысы экранда жарқ ете қалғанда, жыр жүйрігінң өміршең өнерінің қыр – сырына қарқ болатын болдық қой деген ойдың санамызға ұялай бастағаны сол еді, ауылдың намаздыгер – намазшам арасындағы қарбалысына барып «сүңгідікте» кеттік. Одан ары қарай еңсеміз көтерілмей-ақ қойды. Бір – бірімен байланысы жоқ үзік – үзік сүреңсіз көріністер тіркесі көз жаздырмады. Ақын апамыз серпіліп бір өлең айтып, ол кісінің жұбайы мен қызы өнер иесі жайлы сыр суыртпақтай бастаса болды, орта жолдан аңыраған жағымсыз музыка қосылып, ізім – қайым жұтады да кетеді. Әр жарты сағаттық деректі фильмде Тәушен апамен оның ақсақалының алғашқы семьялық тұрмыстағы сәтсіздіктерін тергештеудің қайдан қажеті болды екен. Ақын есімін естігендегі халықтың аңсағаны – оның «айналасы теп – тегіс жұмыр келіп», көрермен жұртты күлкіге бөлейтін юморға толы әсем жыры еді ғой. Біресе қаза болған інісіне арнаған жоқтауын айтып, біресе, қайын ағасының өлімі үстіндегі «ойбауырым», айқай – шу, жылап – сықтауды көрсеткенде сценарий авторы Кәрім Танаев пен Қалила Омаров ақын творчествасының қай қырын танытуды мақсат тұтқан? Басына желең жамыла салған ақ шәлісінің ұшынан ұстап алып, зираттардың арасына шығып, көбелек қуғандай екі қолын елбеңдетіп, дала кезіп келе жатқанын көргенде, жұртты аузына қаратқан ақын апамыз, ауырып қалмады ма екен деп секем алып қалады екенсің. Осы тұста онсызда көңілің құлазып отырғанда, «Қара шал» әнін қара інгендей боздатып, сай – сүйегіңді сырқыратады. Сергіп бір серпіле түсудің орнына еңсең езіле түседі. Тәушен апаның домбырасын құшақтап тал арасында жүруі, екінті мен ақшамда көпір үстінде жалғыз жүруі, белгісіз босағаға табынуы сияқты мақсатсыз көріністерден нені түсінуге болады? Лақ тартысы, екі жастың үйлену тойы – тақып\рыпқа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын эпизодтар. Мұндай жанама көріністермен қазіргі көзі ашық, көкірегі ояу, талғампаз жұртшылықты алдау қиын. Онан да сондай той – томалақ үстінде біреулермен сөз қақтығыстырып, ортаны думанға бөлеп тоырған апамыздың айтыскерлік өнерін дәріптесе, фильмнің құны әлде қайда арта түсер еді. Сондай-ақ, ақ «Волга» біраз уақытты «жырмалаған». Көрермендерге керегі ақ «Волганың» шабысы емес, еш әріптесіне шашасынан шалдырмайтын «Ақберен» - Тәушен ананың айтыскерлік жүйрігі екенін кино жасаушылар естерінен шығарып алса керек. Десе де фильмде жылт еткен, көпшілікті елең еткізер тұстар жоқ емес. Атап айтар болсақ, ақынның: «Мектепте жүрген он үш, он төрт жасымда өлең жаза бастадым. Әкем де шешем де дарынды адамдар еді. Кезінде «әдептен озбаймыз» деп жүріп, ескіліктің шырмауына маталып, көп нәрседен кешігіп қалыппыз. Қазір өлең айтпасам ауырып қалып, біреумен айтыссам, ауруымнан жазылып кететіндей болып жүрмін» деуі тек талант иелеріне тән қызықты деректер. Апамыздың ақсақалының: «Тәуіркөз ауырып жатқанда қараған емші «сенің бойыңда бұлқынған бір дарын бар, соны сыртқа шығармасаң болмайды» деуі де сөз таныр» қаламгерге үлкен бір дүниенің алтын арқауы болуға тіленіп ақ тұр емес пе? Қорыта айтқанда, қазіргі қалпында «Тәушен» атты деректі фильм алдыға қойған өз мақсатын орындай алмапты. Сондықтан да шабыс тілеген жарау сәйгіліктер жұлқынған жыр жамбозының толыққанды бейнесі шықпаған. Бір ғажабы – алғаш тамашалағаннан-ақ музыкасы да, сюжеті де көрермендерін мезі еткен бұл кино аз уақыт ішінде, «Алматы» және «Алатау» програмалары бойынша көпшілік назарына төрт рет ұсынылып үлгерді. Соған қарағанда «Қазақтелефильмде» жұршылық жүрегіне жол табар дені дұрыс туындылардың тым аз болғаны ма деген ойдың көңілімізден бас көтергенін жасырғымыз келмейді. Қалдықыз Жанботаева«Қазақ әдебиеті» 22 маусым 1990 жыл^ Мүсінші туралы фильмЖуырда «Қазақтелефильм» бірлестігі Кәрім Танаевтың сценарийі бойынша Республикамыздағы белді мүсіншілердің бірі Рысбек Ахметовтың творчестволық өсу жолына шолу жасайтын «Замана шеруі» атты деректі фильм түсіріп бітті. Фильмде мүсіншінің халық бейнесін, жеріміздің тағдырын, ел азаматтарын танытатын мүсіндік бейнелері арқылы бүгінгі ұрпақты аталар дәстүріне баулу ниеті айқын аңғарылады. ^ Фильмнің режиссері Қалила Омаров, операторы Мұстафа Өсеров.Мұхамед Салық «Салық өлді дегенше, Халық өлді десеңші»(Сол кезден қалған мәтел) Мұхамед Салық Бабажанов жайында соңғы кездері қазақ басылымдарында жиі көріне бастады. Біздің бұл мақаламызда да ол авторлар кім? Ең алғаш рет қайда, қашан басылды деген сауалдарға тоқталып жатпаймыз. Сонда да болса Мұхамед Салықты терең зерттеуге күш салып жүрген Рақымжан Отарбаевтың еңбегіне сүйсінуге тұрарлық. Жақында астанадағы Кино үйінде «Қазақтелефильм» студиясының жас талантты режиссері Қалила Омаровтың ретрокөрсетуі болып өтті. Режиссердің соңғы мерзімдегі телеэкранға шығарған «Тәушен», «Атамекен», «Мағжан», «Барып қайт, балам, ауылға», «Замана шеру» т.б. қазақ киносындағы соны серпіліс алып келген ірі туындылары. Қ.Омаровтың «Мұхамед Салықтың өмірі мен өлімі» атты деректі фильміде шоқтығы биік жақсы туынды. Жоғарыда айтқан Р.Отарбаев осы телефильмнің сценарий – авторы. Міне, әңгіме төркіні де осы тұрғыда болмақ. Бұл деректі фильмде Мұхамед Салықтың өмірі, қазақ халқы үшін сіңірген еңбектері дәлелді де нақты шыққан. Талай «тар жол, тайғақ кешуді» басынан өткізген қазақ қауымының кең даласына қолқа салған Ресей империясының арампиғыл ойларының іске аспауына Шоқанның замандасы, орыс география қоғамының күміс медалімен наградталған тұңғыш этнограф ғалымы Мұхамед Салық өз дәуірінде үлкен рөл ойнаған. Бұл фильмді экранға шығарушылардың да ізденістері, архив қойнауында жатқан құжаттарын жіті пайдаланулары жүйелі түрде берілген. Көп жәйттермен таныстырады. Мұхамед Салық ұлы ғалым Шоқанмен тел өскен, сол тұста қатар өмір сүрген. Ол 11 жасында-ақ Орынбордағы Неплюевтің кадет корпусында оқып білім алды. Жиырма жасқа толар толмаста Шекара комиссиясында қызмет атқарады. Тұңғыш рет Қазақстан картасын қағазға түсірген. Деректі фильмде режиссердің бір ұтымды тұсы – Мұхамед Салықтың өз қолымен еккен бағы, салдырған мешіті орын тепкен жерді көрермендерге таныстыру. Көненің көзі ретінде куә болған қария Бекқалиевтің әскери адамды ертіп әкеп, тотаритарлық режим тұсында әскери полигонға айналған қасиетті жерде дұға оқуы да аруақты сыйлау, адамгершілік қасиет деп ұғамыз. Ғалым Мұхамед Салық: «Кіші Орда Бөкей Ордасына байланысты екендігін, 1845 жылы қайтыс болған Жәңгір ханның осы Орданың көркеюіне өз үлесін қосқандығын, Нұралы ханның Бөкей Ордасының ханы болды деп түсіндіреді. Бұл өңірді Мұхамед Салық «Заметка киргизи о киргизах» атты еңбегінде де атап өткен. Жәңгір хан тұсында Бөкей Ордасындағы тұрғындардың сауаттандана басталғандығана тоқталады. Ия, Жәңгір хан өз заманының ақылманы. Саяси күрескер. Керек десеңіз Жәңгір хан ордалықтардың білім алуына да ақшасын аямаған. Сол кездерде 60-қа жуық мұсылман дініндегілер оқып білім алады. Жәңгір хан Орынбордағы Неплюев атындағы әскери училище ашылғанда оған үш оқушы баланы жібергізеді. Олар Сұлтан Шығаев, Шәмшідін Досқазиев, Қожа Құбылсын Қарауыловтар еді. Олар кеәін өз жерлеріндеәжептеуір еңбек сіңірген білімді қазақтар болады. Міне, «Мұхамед Салықтың өмірі мен өлімі» атты деректі фильмі құнды деректерді пайдалана отырып, көрермендерді ұлы ғалымның өмір жолымен, ғылыми еңбектерімен таныстырады. Телефильм авторларының творчестволық жемісті еңбектерінің бірі деп айта аламыз. Мұнда Мұхамед Салықпен бірге Шоқанның да портретін беру шет қалмаған. Кезінде Семенов Тянь-Шаньский, Неболькин және Шоқан Уәлихановтар жоғарыда айтқандай Мұхамед Салықтың 1861 жылы Ресейдің география қоғамына мүшелікке өтуге кепілдеме қағаз берген ғой. Ұлы ғалым Шоқанды қазаққа тұңғыш рет сурет салу өнерін қағазға түсіруші деп танимыз. Сөйтсек біздің республикалық мемлекеттік музей қорында сирек кездесетін бөлімде Мұхамед Салықтың да суретші болғандығын айғақтайтын құжат бар екен. Бірақ бұл әлі де дәлелдеуді қажет етеді. Бұған білікті ғалымдар атсалысып, оны айғақтай алсақ, құйрықты жұлдыздай ағып түскен ұлы Шоқанға Мұхамед Салықтың да кеп қосылса қазақ халқының маңдайына да тағы бір жұлдыз жарқырап, төбемізді көкке көтерер еді.^ Асан Сарқұлов«Лениншіл жас» 23 маусым 1990 жыл.Қора астында қалған қорымКөне ескерткішіміз бен күтімсіз қалған зираттарымыздың жай – күйін баршамызды алаңдатады. «Ештен - кеш жақсы» демекші, әлі де болса ата бабамыздыңкөзіндей болған асыл мұрамыз – ірілі – ұсақты ескерткіштеріміз бен зираттарымызды көз қарашығымыздай сақтап қалу немесе оларды қайта қалпына келтіру азаматтық борышымыз. Міне, осы киелі парызды қалай өтеп жүрміз? – деген күрделі сұраққа таяуда ғана «Қазақфильм» студиясында түсіріліп, премьерасы мамырдың 11 күні республикалық теледидардан қазақ тілінде көрсетілген «Атамекен» деректі фильмі жауап беруге тырысқан. «Атамекен» фильмінің режиссері Қалиолла Омаровпен әңгіме.Қалиолла, сіз кино өнері саласына жаңадан бет алған жас режиссерлердің бірісіз. «Атамекен» фильмі сіздің екінші туындыңыз. Осыдан бұрын көрермендер «Тәушен» деп аталатын деректі фильміңізбен таныс. Енді, міне екінші фильміңіздің премьерасытаяуда ғана республикалық теледидардан қазақ тілінде көрсетілді. Біз бұл фильмді былайша айтқанда «бір деммен» көріп шықтық. Ойды ой оятады дегендей, фильм көкірегіміздегі көмулі жатқан сан ойға қозғау салды. Сондықтанда осы фильмді қалай түсіргендігіңіз жайында білсек дейміз?«Атамекен» үлкен ұғым бергенмен, оның негізгі кейіпкері бар. Ол ардақты ақынымыз Мәриям Хакімжанова. Мәриям апай бір ғасырға жуық өмір сүріп отырған жан. Фильмнің сценарийін өзінің сіңілісі Гүлжиһан Қасымжанова жазған тұғын. Әрине бұл Гүлжиһанның ең алғашқы жұмысы. Сондықтан сценарийде аз кем олқылықтар бар. Апаймен жақын таныса келе, ол кісінің әлі тың, ойының айқын, айтар сөзінің анық та ақиқаттылығына көз жеткізісімен бірден іске кірістік. Сонда апайдан бір байқағаным, әңгіме айқан кезінде бүгінгі күн мен кешегі күннің екі арасын жалғастырып, ортақ арнаға тоғыстырды. Ол тарихымызға белгілі Балғожа бидің, Ыбырай Алтынсариннің ұрпағы. Мысалы, Ыбырайды көрмеседе оның бәйбішесі Айғаныс әженің қолында болып, жақын сырласқан. Сол кісі Мәрия апаны өзі тәрбиелеп, өзі тойын өткізіп берген. Оның бәрін көрермен фильмнен көрді.Қалиолла, негізінен өнер адамдары жөнінде деректі фильм түсірілген кезде сол кейіпкердің образын ашамыз деп, ақын болса – өлең – жырын оқытып, қылқалам шебері болса – шеберханасы мен көрмедегі суреттерін қайта – қайта көрсетумен танбаймыз. Сіз бұл фильмді түсірген кезіңізде сондай жаттанды жолмен, ескі сүрлеумен жүрмей, өзіңше творчестволық бетбұрыс пен ізденіс жасағаныңызды байқадық. Мәриям Хакімжанова апай – қазақ советәдебиетіндегі белгілі тұлғалардың бірі. Қазақ ақын қыздарының шоғырында Шолпан Иманбаева апайымыздан кейін шыққан дарынымыз. Халқымыздың мерейі мен мақтанышынаайналған Мәриям апайдың әсіресе азаматтық үлкен бейнесін сіз бұл фильміңізде өте бір шеберлікпен сомдай білгенсіз. Бір бірімен үндесіп, бір бірімен жарасымды жалғастық тапқан эпизодтық көріністер оймызды біртіндеп бүгіннен кешегі бұлдыр күндерге, яғни, тұманды тарихымызға жетелейді емес пе! Ия, оныңыз рас. Халқымыздың тарихында ақтаңдақ жылдар аталған 37-38-ші жылдар жайында кішкентай эпизод бар. Апайдың екінші тұрмыс құрған жолдасы НКВД-да жұмыс істеген. Сонда жұмыс істеп жүрген кезінде Серғали ағайды «халық жауы» деп ұстаған. Ең бір ауыры – оның ұсталуына өзінің бала кезден жақын досы көмектескен. Фильмдебұл ашық көрсетілген еді. Жолдасы ұсталып кеткеннен кейін НКВД-ның қызметкерлері Мәриям апайға: «Сен неге оның 80-ге келген әкесін бағасын, сен неге оның бала – шағасына қарайсын?» - деп күдіктеніп мазалай береді. «Сен егерде бұларға қамқорлық көрсетіп отырсаң, сірә таза болмағаның. Халық жауының семьясына көмектесуге болмайды» деп Мәриям апайды кінәлайды. Ал Мәриям апай НКВД-ның қызметінің бұл сөзіне құлақ аспайды. Өйткені ол кісіні бала жастан ата – анасынан туған – туысы, ауылдастары мейірімділікке, иманжүзділікке, бауырмашылыққа тәрбиелеген. Мінебұл тұста бір –біріне кереғар. Мәриям апай басына қауіп төнседе НКВД қызметкерлерінің талабын орындамайды.Атамекен, қасиетті де киелі атамекен! Бұл сөзді айтқанда елжіремейтін жүрек, тебіренбейтін көңіл жоқ шығар. Дегенмен, «Туған жер» деген сөзбен салыстырғанда «Атамекен» деген тым ауқымды кең ұғым. Соған қарамастан фильмнің «Атамекен» деп аталуы да бекер емес. Өйткені фильм басталған кезде Мәриям апайдың қоңыр да, биязы, күн шуағындай жылы жұмсақ дауысын естиміз. «Қайран туған жер, ешуақытта есімнен кетпейді. Көз алдымда елестеп тұрады. Сабаудай болған ақ қайың. Ой, қарағымай! Ә, дегенде елден кету оңай болған жоқ... Адам болдық. Азаматтар қатарына кірдік. Сол туған жерді әлі болса қартайсамда сексеннен асып отырсамда көрсем ғой деп аңсаймын...» .Ақын ананың осынау бір жүрек жарды тебіренісі туған жерге деген кіршіксіз махабатты мен кәсар сағынышы көрермен көңілін баурайды. Бір сәт фильм Мәриям апайдың туған жері – Қостанайды да қамтыған. Бұл да ұтымды көріністер сияқты.80-ге келген жасына қарамай, барсам, көрсем деп аңсап жүрген атамекеніне де бардық Өзіміз әліппеден «Кел, балалар, оқылық...» деп үйренген Ыбырай Алтынсариннің басына барып, тәуеп етейік деген оймен де әрі киноның желісіне орай бағыт алдық. Бір кездегі туған ауыл бүгін жоқ. Кейін апаймен сөйлесе келе білгеніміз, сол өңірдегі мазардың бәрі тегістеліп, оның орнына енді шошқа қора салынған екен. Апай мұны жылап тұрып айтты. Кинода мұның бәрі көрсетіледі. Сол жерде тұрған кезімізде бәрінен айырылып қалғандай сезімде болдым. Өйткені біраз қиыншылықты өткердік. Күн өте суық болды. Қар деген белуардан. Машина бара алмады, жергілікті жердегі басшылар да көмек бере алмады. Тегістеліп тасталған соң, сол өңірді басшыларда құлықсыздық танытты. Халқымыздың пірі, былайша айиқанда даналарымыздың бірі Ыбырай Алтынсарин атамыздың зираты тұрған маңды бүгінгі таңда таңғажайып гүлзар баққа айналдырсақ, мұның өзі бейнелеп айтсақ, ол кісінің өлмес рухы алдындағы көп борышымыздың бірін өтегеніміз болып саналар еді. Ұрпағын, халқын ұлағаттық пен ұлылыққа , өнер мен білімге тәрбиелеген Ыбырай атамыздың зиратын хайуанаттың мекені етуіміз, менің ұғымымша, ұрпақ кешірмес қателігіміз. Бір кездегі зират тұрған орын бүгін де тегістеліп кеткенін көргенде Мәриям апайдың көкірегі «Ах ұруы түсінікті де». Зират тұрған маңды осындай аянышты жағдайға түсірген, сол жердегі жергілікті басшылардың кінәсі. Сол жергікті жердің, сол шаруашылықтың басшылары «Осы жерде қазақ халқының тамаша перзенті жатыр. Бұл біле білсек, қазақ халқының ғана емес, барша Совет халқының асыо перзенті» - деп қараса, мұндай сорақылыққа сөзсіз бармас еді. Қашанда ұлы тұлғалар тек бір ұлттың ғана мақтанышы емес, олар – түсіне білсек, бағалай білсек осында тұратын барша халықтың мерейі. Сіз «Атамекен» фильміне осындай көкейкесті мәселені арқау етіп отырсыз. Фильмнің Бүкілодақтық теледидарға шығуы сөзсіз керек.Фильмді көріп болған соң, басшылар одақ көліміне шығуы үшін тезірек орыс тіліне аударылуы керек десті. Сол кезде бір ыңғайсыздыққа тап келдік. Мәриям апайдың қазақ тілінде өте мәнерлі, астарлы, әдемі айтқан ойлары орыс тіліне аударылған кезде бұрынғы астарын жоғалтып алды. Ия, бұл «Атамекен» фильмінде өте үлкен ой айтылады. Енді көрермендер әділ бағасын береді деген сенімдеміз. Бұл орайда кино сыншылары өз пікірлерін айта жатар. Ал, енді, Қалиолла, бұл фильм ең алдымен творчестволық ынтымағы жарасқан шағын бірлестіктің арқасында туып отыр. Түсіруші топты да оқырмандарға таныстыра кетсек...Фильмнің операторы – Мұстафа Өсеров. Бұл – Мұстафаның тұңғыш фильмі. Осы операторларға қатысты айтылатын басты нәрсе – ең өкініштісі, біздің «Қазақтелефильм» студиясында қазақша таза білетін операторлар аз. Қазақ тілінде түсірілетін фильмді сөзсіз қазақ әдеби тілін жақсы меңгерген оператордың түсіргені жақсы болар еді. Сонда ғана фильм көрермен қауымға ойдағыдай болып жетеді. Бұл да бір мәселе. «Атамекен» фильміне Мұстафаның қосқан үлесі мол. Ал, бұл фильмнің композиторы Серік Әбдінұров. Бұл жігіт екеуіміз «Тәушен» фильмінде де бірге істедік. Биыл консерваторияны бітіреді. Өзім Серіктің келешегінен зор үміт күтемін. Кино түсірушілер тобындағы дыбыс операторы Ирина Завиялова мен монтаж асаған Наталья Квинцевалар да фильмнің айтар ойын дәл түсініп, оның сәтті шығуына зор еңбек етті. ^ Мәрим Абдуллаханова«Алматы ақшамы» 4 қазан 1991 жыл^ Мұхамед – Салықтың оралуыБіздің халқымыз небір асылдардар мен алыптарды тудырған халық. Дарынды даналар жүз жылда бір-ақ рет келеді десек, олардың әрқайсысында бірін – бірі қайталанбайтын қасиет тағы бар. Заман ағымына, дәуір дауылына кеудесін тоса қарыс жүзген азаматтарымыздың әруақтары алдында тағзым етіп, олардың рухы алдында адалдығымызды сақатай алсақ, бұдан өткен бақыт, бұдан өзге рухани байлық болар ма еді!Өкінішке орай, халқымыздың басына түскен нәумет барымызды базарлауға да мүмкіндік бермегені белгілі. Өз заманынан озық туған, халқының жоғын жоқтап, оған бостандық әперемін деп белін буған азаматтарымыздың есімін атауға да тиым салған тоталитарлық қысымды да көрдік. Халқымның жаны сірі екен. Бәріне де көнді, жүнжіп жүдемей бұл күнге де аман – есен жеттік. Енді – енді ес жиып дегендей, жоғымызды түгендеуге, асылдарымызды уақыт топырағының астынан аршып алып, қайта тірілте бастадық.Мұндай күйді бүгінде қазақ кино өнеріде басынан кешуде. Әсіресе, архив қойнауындағы шаң басқан құжаттарды «сөйлетуде», ондағы тағлымды тағдырларды экран арқылы көпшіліктің алдына шығаруда деректі фильм жасаушылардың алатын орны ерекше. Осы салада азды – көпті Мұхамед Салық Бабажанов 1861 жылы Россияның География қоғамына мүше болып сайланған. Демек, Мұхамед Салық қазақ халқының арасынан Шоқаннан кейінгі шыққан екінші ғалым. Ол ерекше сіңірген еңбегі үшін Императорлық География қоғамының Күміс медалімен наградталған. Шекара комисиясында қызмет ете жүріп, Қазақстанға келіп қоныстана бастаған орыстардың жергілікті халықтарға көрсеткен озбырлығына алғаш қарсы шыққан да Бабажанов. Ол құнарлы жерлерінен қазақтарды ығыстыра бастаған орыс патшасының басып алу саясатын қолдаған жоқ. Оған наразылық білдіріп, шекара қызметінен біржолата кетіп тынды. Ақырында қазақ халқының жалғыз қамқоршысын орыстартар у беріп өлтіреді....Көпшілікке бұған дейін «Атамекен», «Замана шеру», «Тәушен» және «Мағжан» т.б. фильмдерімен танылып қалған режиссер Қалила Омаровтың біз әңгімелеп отырған «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі» атты деректі фильмі, міне, осы оқмғаларды шеберлікпен қамти білген. Бұл киноны түсіруіңізге не себеп болды? Деп Қалиланың өзінен сұрағанымызда ол: Мұхамед Салық Бабажанов Шоқан сияқты үлкен тұлға болғанымен, ол жөнінде арнайы мамандарға ғана білетін-ді. «Замана шеру», «Тәушен» және «Мағжан» т.б. фильмдерін көріп, сүйсінген едім. Жаңа табысына жаным жадырады. Бұрын көп дерек, көп факт бастырмалап, автор ойын көмескелеп кете беретін секілді. Ал «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі» филмдерінде деректі өкшей пайдаланып, ойды соқталандыра айтуға көшіпті. Бұл қазақтың қадау – қадау шыққан қайраткерлерінің трагедиясы, иісі қазақ халқының трагедиясы жайлы фильм. Бұл – отар ел, бодан халықтың боздағы жайлы элегия. Өткен ғасырда өмір кешкен зиялыларымыздың аз екені мәлім. Барының өзін бағалай алмай жүрміз ғой. Ал мына фильм тұсында режиссер Қ. Омаров, сценарист Р.Отарбаев, оператор Ю.Пак Мұхамед – Салық секілді азаматтарымызды «тірілтіпті» құтты болсын!Кино көрермендерінің өтінішіне қарай, жас авторлар фильмдерді түсіру барысындағы ізденістері мен кездескен қиындықтар жөнінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ журналистердің сөздеріне жауаптар қайтарды. Қазақ ССР Телевизия және радио хабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Ғ.Шаяхметов бұл фильмдер жааушылардың алатын орны ерекше. Осы салада азды – көпті тер төгіп, өз халқы үшін аянбай тер төгіп, өз халқы үшін аянбай еңбектеніп жүрген мамандар да бар екен. Солардың ішінде біраз құлшыныс танытып жүрген жастардың шығармаларымен танысқан едік. Әңгімемізді Кино үйінде қойылымы өткен деректі фильм төңірегінде қозғайық. «Қазақтелефильм» студиясы шығарған үш фильм үш түрлі жанрды, әрқайсысы жеке – жеке тақырыпты қозғаған. Мәселен, «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі», «Чемпион», «Ұлытау» фильмдерінің тақырыптары өз-ақ айтып тұрғандай алғашқысы тағдырлар мен жылдар тағлымын әсерлі жеткізуге тырысса, екіншісі спортты сөз ете отырып, спортшы атын жамылған қылмыскердің әшкере бейнесін ашуға әрекеттенген. Ал «Ұлытау» фильмінде туған жер тарихы мен оған деген махаббат жан – жақты суреттеледі. Осылардың ішінен мен «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі» фильміне кеңірек тоқталғым келіп отыр,Алдымен Мұхамед – Салық деген кім және оның есімі осы уақытқа дейін неге айтылмай келді? Міне, осыған түсінік бере кетейік. Мұхамед Салық Бабажанов қазақ халқының аспанында құйрықты жұлдыздай ағып өткен асыл перзенттерінің бірі. Ол Шоқан Уәлихановпен қатар шығып, өз халқы үшін, оны бодандықтан құтқару жолында аянбай еңбек еткен жан. Жәңгір ханның мектебінде оқып, оны бітірген соң Орынбордағы Неплюевтің кадет ккорпусына түскен Мұхамед Салық Бабажанов небәрі 11 жаста еді. Сол кезеңде бұл мектеп патша әскеріне офицерлер даярлайтын озық оқу орындарының бірінен саналатын. Шәкірттер (оларды корнет деп атайтын) орыс, араб, парсы, татар тілдерін маманданып, Мұхамед Салық Бабажанов арифметика, география, тарих, сурет салу пәндерінен дәріс алатын. Сондай-ақ би, гимнастика соғыс өнеріне машықтанатын. Он тоғыз жасында осынау оқу орнын тәмамдап, офицер шенін алған Мұхамед – Салық шекара коммисиясында қызмет етеді. Қазақ даласында ғылыми іздену жұмыстарымен шұғылдана жүріп, бай материал жинайды. Баса айтатын бір мәселе – Мұхамед – Салықтың сол кездің өзінде-ақ Қазақстанның картасын жасағаны дер едік. Мұхамед – Салық 1861 жылы «Северная пчела» газетінде мақала жазып, қазақтарды қырғыздар деп атайтындарға соққы беріп, бұлар туыс әрі өмір сүру жағынан ұқсас болғанымен екеуі екі бөлек халық екенін айтып дәлелдеп береді. Семенов - Тяньшанский, Небольсин, және Ш.Уәлихановтың кепілдеме беруімен болғанымен, ол жөнінде арнайы мамандар ғана білетін-ді. Бсапа бетін көрген материалдар да жоқтың қасы. Осыдан бес – алты жыл бұрын «Жалын» журналынан ақын Есенғали Раушановтың «Салық өлген» атты поэмасын оқығаным бар. Ол маған қатты ой салды әрі көптен көкейімде жүрген идеяма түрткі болды. Мен әлгі поэманы қиып алып, жастығымның астына жастанып жүрдім. Содан бірде жазушы Рақымжан Отарбаев осы Бабажанов туралы кино сценарий жазып әкеліпті. Көктен іздегенім, жерден табылғанына қуанып, «Қазақтелефильм» студиясының көркемдік советіне ұсынайын, не керек ой – мақсатымның бәрі шаңға көміліп, осы уақытқа дейін жатты. Қазіргі бас редакторымыз, жазушы Мұса Рахманбердиев ағамызға үлкен рахмет, бізге қызметке келісімен осындай біраз игіліктерге қол жеткізе бастадық. Қалғанын аманшылық болса, тағы да көре жатарсыздар деген болатын.Қазақ киносы ел бауырын жазып, қолтығын сөге алмай келеді. Әйтседе бүгін көрген деректі фильмдер үмітімді оятты. «Ұлттық деректі фильм» деген ұғым үшін К.Танаевқа қарыздармын. Талай кино таласқа шәкірттерін ала келіп, киноның ұлттық беті, ұлттық үні жөнінде ашына сөйлеген Кәрім әлі көз алдымда. Ал мына «Мұхамед – Салық мырзаның өмірі мен өлімі» атты деректі тарихи фильм түсірген Қ.Омаровта сол К.Танаевтың шәкірті. Бұл жігітті қадағалай жүргеніме біраз уақыт. «Атамекен» фильміне мемлекеттік комитетінің төрағасы Ғ.Шаяхметов бұл фильмдерге жоғары баға берді. Алдағы уақытта оларды теле бағдарламаға енгізіп, көпшілікке ұсыну үшін авторлары мен қазіргі нарық қатынасы қарай екі жақты тиімді келісім шарт жасасу жолдарын кешіктірмей қолға алу қажеттігін әңгімелей келіп, бұған өзі тікелей араласуға уәде етті. Сонымен, халқымыздың тағы бір ірі тұлғасы «тірілді». Қазақстанның бейресми басылымдары Мұхамед Салық Бабажановтың жазбаларын, сол кездегі орыс басылымдарында жарияланған мақалаларын құрастырып, кітап етіп шығаруды ойластырып жатқан көрінеді. Бұл да бір игілікті шаруа болмақ әрине.Халық арасында бұрынғылардан қалған «Салық өлді дегенше, халық өлді десейші» деген сөз бар екен. Осы сөз атақты күйші Дәулеткерейдің аузынан шыққан деген дерек те жоқ емес. Қалай болғанда да жаны бар сөз. Өйткені біз әңгімелеген деректі фильмде Мұхамед Салық Дәулеткерейдің қарындасына үйленгендігі айтылады. Дұшпандарының қолынан қаза болған Бабажановқа Дәулеткерей күй арнаған. Ол күйдің аты – «Салық өлген». Ұрпақтары Салықты қайта тірілтті. Салық өз халқына қайта оралды.Е.ӘшірбаевМәдениет № 14, 1992ж.«Ұлы жұт» − ашаршылық ақиқаты Қазақ халқының сана-сезімі оянып, тәуелсіздікке деген ұмтылысын өркениеттікке қадам басар алдындағы дүр сілкінуі. Иә, өткенімізді еске түсіріп, тарихымызды түгендеп жатырмыз. Бұл елдіктің басты өлшемі болса керек.Ақтөбе облысының Комсомол ауданында қалың жұртшылық 31 мамыр – Аза күні империялық саясаттың құрбандары болған бауырларына ас беріп, олардың рухына дұға оқыды. Орталық көшелердің біріне болашақ орнатылар тұғыр тастығ орынан белгі қойылды. Аудан басшылары Игілік Сағиев пен Есімқан Есенбаев жан-жаққа сауын айтып, еске түсіру күнінің аса бір құрметпен өтілуін мұрындық болды. Қазақ даласын тегіс жайлаған зұлматтың мән-жайынан бейхабар бүгінгі ұрпақ енді мағлұмат ала бастады.Республикамыздың жер-жерінде ашаршылық құрбандарына берілген астан біздің аудандағы шаралардың ерекшелігі – бұл асқа астанамыз Алматыдан «Қазақтелефильм» студиясының кинорежиссері Қ. Омаров, Мәскеуден жерлесіміз, публицист-жазушы «Ұлы жұт шежіресі» кітабының авторы В. Михайлов, түркиялық мейман, араб тілінің маманы, оқытушы Аққұш һабиб арнайы шақырылып, олар аудан тұрғындарымен кездесті. Комсомол аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің тілшісі ретінде кинорежиссер Қалила ОМАРОВПЕН әңгіме өрбітіп, пікір алысқан едім. Сол сұхбатты «Мәдниет» газетінің оқырмандарына ұсынып отырмын. Қалеке, ауданымызға келіп жатырсыз, кешелі-бүгін мекеніміздің тарихынан ел басшылары сізді хабардар етіп жатқан болар. Бүгін енді ашаршылық құрбандарына ас берудеміз. «Ештен кеш жақсы» демекші, алпыс жыл бойы айта алмай келген шындықты енді жария етіп жатырмыз. Сол ақиқатты халыққа жайып көрсетуде сөз де атсалысып жүрсіз. Өйткені, осы бір зұлматты «Ұлы жұт» деректі фильміңізде шынайы баяндап көрсете білдіңіз. Фильмді түсіруге нендей себептер түрткі болды? Рахмет, бауырым! Біріншіден айтарым кешегі империялық саясаттың құрбандары – қыршын боздақтарымызды, ата-бабаларымызды еске түсірмек ниетпен ас беріп жатыр екенсіздер, ас қабыл болып, аруақтарға тие берсін! Екіншіден, осынау ұлы асқа астанадан іздеу салып, әдейі сауын айтып, шақырту жіберген аудан басшыларына ризашылығымызды білдіремін. «Ұлы жұт» деректі фильмін түсірудегі мақсатым – ұлттық санасы оянып жатқан ел-халқыма трагедияға толы тарихымыздан бейхабар бүгінгі ұрпаққа орны толмас өкініштің ащы сабағын жеткізу бола-тұғын. Көкекесті бұл арманыма жартылай ғана жеттім. Бұлай деуімнің себебін кейін бір сөзімде айтып өтермін. 74 жылда қазақ халқының көрген құқайы аз емес. Дегенмен көз жасты құдай ескерген шығар тәуелсіздікке ие болдық қой ақыры. Енді жарқын болашаққа жету үшін жүріп өткен тарих-көшіміздің ұңғыл-шұңғылын терең білуіміз керек-ақ. Тарихтың ащы сабағын біліп жүру зұлматтың келешекте қайталанбауына негіз. Мінекей, осы бағыт-бағдарды ұстанғанда діттеген нысанаға қол жетпек. Онсыз ілгері басу мүмкін емес. Әр шығармашылық еңбегімнің қиындықтарын да қуаныштарын да бастан кешірдім. Өнер жолына түскен жанның өзіндік қолтаңбасын, ерекшелігін, шынайылығын қалдырсам деген өмірлік позициясы болуы тиіс деп ойлаймын. Бірде жазушы В. Михайловтың «Ұлы жұт шежіресі» деген кітабы қолыма тиіп, оқып шықтым. Көптеген жайттар ашық айтылған. Оыдан соң көкейде 1931-33 жылдардағы ұлт қасіретін фильмге түсіріп, тарихымыздың бұрмаланып келген ақтаңдақтарын халыққа нақты деректерге сүйеніп шыншылдықпен көрсетсем деген ой ұялады. Бірақ, деректі фильмді түсіруге кірісіп кеткен соң-ақ қиындықтар аңдағайлап шыға келді. МХК архивінен деректер алуға мүмкіндік болмады. Тоталитарлық режим қалыптастырған жүйенің салқыны әлі де бар екенін осыдан көруге болады. Қолдан келген көмегін аямаған абзал азаматтар да табылды. Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қайдар Алдажұманов көптеген деректер беріп, тың мәліметтерге кезіктік. Сондай-ақ Қазақстан Республикалық музейінің қызметкері, фотограф Ораз Мұхамеджановтың жеке архивінен «Қазақ өлкелік комитетінің өліктерді жинамағаны үшін» сөніс алған құжатын алдық. Табалдырығын жан адам аттамаған кешегі құдіретті Қазақстан КП архивіне (Қазақ мемлекеттік архивтің қарамағына көшті) алғаш рет кіріп, әйгілі «бесеудің хатын» түсірдік. «Ұлы жұт шежіресі» кітабын, көнекөз қарттар айтқан естеліктерді пайдаландық. Осы деректі фильміңізге авторлық тұрғыдан бір сәт сын көзбен қарай аласыз ба? Нендей «әттеген-айлары» бар деп санайсыз? Жіберіп алған осал тұстарым болса түзеп отыруға тырысамын. Фильмнің «әттеген-айы» бары да рас. Әлгінде «мақсатым жартылай орындалды» деуімнің себебі мынау еді. Қазақ халқының басына төнген зұлматты кең көлемде фильмге түсірсем деген талпынысыма бүтіндей қол жеткізе алмадым. Бүгінгі өмірдің қыспағы қаржы тапшылығын тудырып, кейбір құжат фактілер кинолентасы тізбегінің қатарына ілікпей қалды. Сонан соң тағы бір жәйт, осы аштық жөнінде таспаға жазылған ... Голощекиннің Сталинмен құпия сөйлескен әңгімесінің дерегін фильмді түсіру жұмысын аяқтап болғанда ғана бір-ақ білдім. Енді бұл деректі фильмнің жалғасы болуы мүмкін бе? Фильммен танысқан халықтың тебіренгенін көріп қатты толқыдым. Зұлмат жылдарының қайғы-қасіретін әлде де ашық көрсетіп, қамтылмай қалған деректерді жинастырып, фильмнің жалғасын қолға ал


Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.

Сейчас смотрят :

Реферат Генераторы шифраторы дешифраторы диспетчерской централизации
Реферат Изготовление магнитного конструктора «МАГНЕТОША» (проект)
Реферат Пути улучшения использования основных фондов предприятий нефтегазовой отрасли Республики Казахст
Реферат Модель переноса радионуклидов с ядерно-опасных предприятий в окружающую среду
Реферат 1. Личностно ориентированное обучение
Реферат Web Publishing Essay Research Paper Rick WilliamsWeb
Реферат «Слово о полку Игореве»
Реферат Животные и звук
Реферат Образование землевладения крестьянского (фермерского) хозяйства
Реферат 5 топиков по иностранному языку (english)
Реферат Breathing Rate Experiement Essay Research Paper
Реферат Община в Вавилоне в первой половине 2 тыс до нэ по Законам Хаммурапи
Реферат 5 класс. Учебник «природа. Введение в биологию и экологию 5» авторы т. С. Сухова, В. И. Строганов
Реферат О языке и стиле «деловой прозы» А.В. Суворова в связи с развитием русского литературного языка второй половины XVIII века
Реферат Анализ ассортимента и экспертиза качества игрушек