Реферат по предмету "Разное"


1. 4 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы №1-ші ғимаратта орналасқан, 419-ші аудитория (30-шы гвардиялық дивизия 34), кафедра телефоны 540-482 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІС.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІПедагогика және психология факультеті Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы050112- «Химия» мамандығына арналған «Химия тарихы» пәні бойыншаОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНӨскемен, 2006 Құрастырған: Қабдрахманова Сана ҚанатбековнаПәннің оқу-әдістемелік кешені Кафедра отырысында талқыланды 2006 ж. «____»______№__хаттамасыПәннің оқу-әдістемелік кешені ғылыми-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде талқыланып бекітілген 2006 ж. «____»______№___хаттамасыТүйіндеме. «Химия тарихы» химия пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені химия мамандығының студенттеріне арналады. Онда дәріс пен семинар сабақтарының негізгі мәселелері көрсетілген. Студенттер пәнге байланысты материалды толық және тереңірек игеру үшін оларға дәрістік сабақ конспектілері, тестілер, бақылау мен өздік бақылау сұрақтары, реферат тақырыптары, өздік жұмысты ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсыныстар беріліп отыр. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ химия мамандығының студенттеріне арналған «Химия тарихы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені / құрастырған: Қабдрахманова Сана Қанатбековна - Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2006.С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2006 жыл^ 1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР:1.1 Пән атауы: Химия тарихы1.2 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы1.3 Оқытушы: Қабдрахманова Сана Қанатбековна1.4 Бейорганикалық және аналитикалық химия кафедрасы №1-ші ғимаратта орналасқан, 419-ші аудитория (30-шы гвардиялық дивизия 34), кафедра телефоны 540-4821.5 Өткізу орны: №1 оқу ғимарат, ______аудиториялар^ 1.6 Кредит саны: 11.7 Оқу жоспарынан көшірме Курс Семе­стр Кре­дит Дәріс семинар СӨЖ СОӨЖ Барлығы Бақылау түрі Химия тарихы 1 2 1 10 5 15 15 45 Емтихан 1.8 Пререквизиттері: Оқылатын пәнді игеру үшін студент жаратылыстану заңдары және жалпы химияның негізгі бөлімдерінің теориясымен таныс болуы шарт. 1.9 Постреквизиттері: пәнді игергеннен кейін алынған білімдерін бейорганикалық химияның теориялық негіздері, аналитикалық, органикалық, физикалық биологиялық химия және химиялық технология пәндерін оқу барысында қолдану.^ ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ2.1 Пәннің мақсаты: болашақ мамандарды жалпы химияның және оның жеке бөлімдерінің дамуымен, химиялық білімнің жинақталу процесімен таныстыру. Сонымен қатар, студенттерге ғылымды - материалдық дүниені зерттеуде логикалық бірлікте, үздіксіз және белгілі бір заңдылықта дамитын білім жүйесі ретінде қалыптасатын процесс екенін ашып көрсету. ^ 2.2 Пәннің міндеттері: Химияның даму барысындағы тарихи құбылыстар мен процестерді белгілі бір ретте және өзара байланыста ғана емес, сонымен қатар, қоғам мен өндірістің сұранысына, қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, математика, жаратылыстану, философия ғылымдарының дамуымен жән басқа да қоғамдық құбылыстармен байланыстыра оқыту. Әрбір тарихи кезеңдегі химияның даму заңдылығын ашып, болашақтағы химия ғылымының даму жолын анықтауға мүмкіндік беретін жаратылыстану мен химия прогресінің қалыптасуының жалпы заңын қарастыру. ^ 2.3 Пән мазмұны: Химия тарихы – жалпы химияның және оның жеке бөлімдерінің дамуын, химиялық білімнің жинақталу процесін сипаттайтын және зерттейтін ғылым. ^ Пән аяқталғаннан кейін студент білуге тиісті білімдер:Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері: Алхимияға дейінгі кезең ( б.э.д. III ғ.), Алхимиялық кезең (III-XVIғ.), Қалыптасу кезеңі (XVII-XVIII ғ.), Сандық заң кезеңі (Атом-молекулалық теория; 1789-1860 ж.), Классикалық химия кезеңі (1860 ж. – XIX ғ-ң соңы), Қазіргі заман кезеңі (XX ғ. басынан қазіргі кезге дейін);Химия тарихының мазмұнын және қоғамда алатын орнын, маңыздылығын түсіну, соынмен қатар тарихты сараптап, қорытындылай білу. ^ 3 ТАПСЫРМАНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ТІЗІМІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ОРЫНДАУ КЕСТЕСІ № Жұмыс түрі Тапсырма мақсаты және мазмұны Ұсыны-латын әдеб. Орындау мерзімі Балл (рейт. шкалаға сәйкес) Бақылау түрі Тапсыру уақыты 1 семинар сабағы сабақ жоспары бойынша: сұрақтарға алдын-ала дайындық Ұсыныл­ған әдебиеттер тізіміне сәйкес Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай әр тақырып бойынша 10 балға дейін Ағымдық бақылау сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай 2 Ауызша жазбаша жауап СОӨЖ жоспарына сәйкес СОӨЖ-де ұсыныл-ған әдебиет тізіміне сәйкес Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай 20 баллға дейін әр жұмыс түрі бойынша Ағымдық бақылау СОӨЖ сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай 4 Ауызша жазба­ша жауап СӨЖ жоспарына сәйкес ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес (СӨЖ) Сабақ кестесі мен оқу жоспа­рына сай әр жеке үй жұмысы үшін 10 баллға дейін Үй жұмысын бақылау СӨЖ оқу жоспа­рына сай 5 Емти­хан тапсыру 1- тақырып бойынша ауызша тапсыру ұсынылған әдебиет тізіміне сәйкес Семестр соңы 40 баллға дейін Қорытын­ды бақы­лау Оқу жоспа­рына сәйкес ^ 3.6. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІНегізгі Н.А. Фигуровский Очерк общей истории химии от древнейших времен до начала XIX в. – Москва. – «Наука», 1969. – 455 с.Г.В.Быков, Ю.А.Жданов, Б.М.Кедров и др. Становление химии как науки. – Москва. – «Наука», 1983. – 464 с.В.Штрубе Пути развития химии. – Москва. – «Мир», 1984 том 1. – 239 с.В.Штрубе Пути развития химии. – Москва. – «Мир», 1984 том 2. – 278 с.Ю.И.Соловьев История химии. – Москва. – «Просвещение», 1976. – 367 с.М.Джуа История химии. – Москва. – «Мир», 1966. – 432 с.В.А. Волков, Е.В. Вонский, Г.И. Кузнецова Выдающиеся химики мира. – Москва. - Высшая школа, 1991. - 656 с.А.Азимов Краткая история химии. Развитие идей и представлений в химии. - Москва. – «Мир». – 1983, 187с.Н.А. Фигуровский Очерк общей истории химии. Развитие классической химии в XIX столетии. - Москва. – «Наука», 1979. – 477 с.Ю.И. Соловьев История химии (Развитие химии с древнейших времен до конца XIX в.). - Москва. – «Просвещение», 1983. Соловьев Ю.И., Трифонов Д.Н., Шамин А.Н. История химии (Развитие основных направлений современной химии). - Москва. – «Просвещение», 1984. - 335 с.ҚосымшаА.Н.Шамин История биологической химии. Формирование биохимии. - Москва. – «Наука», 1983. - 262с. П.М. Зоркий // Российский химический журнал, Критический взгляд на основные понятия химии. - 1996, том 40, №3, с. 5-25.П.М. Зоркий //Структурные аспекты современной химии. Координационная химия. - 1995, том 21, № 4, с. 281-289. В.В. Лунин, Б.В. Романовский Катализ: опыт историко-методологического анализа. - //Вестник Московского университета, серия 2, Химия, 1999, том 40, №5, с. 293 – 299. П.М. Зоркий, И.Е. Лубнина Супрамолекулярная химия: возникновение, развитие, перспективы. - //Вестник Московского университета, серия 2, Химия, 1999, том 40, №5, с. 300 – 307. П.М. Зоркий //Структурная химия на рубеже веков. Российский химический журнал, 2001, том 45, №2, с. 3 – 10. 3.7 Рейтинг-шкала Бақылау түрі Балл Ағымдық бақылау 50 Аралық бақылау 10 Қорытынды 40 Барлығы 100 ^ 3.8 Әртүрлі жұмыс түрлерін бағалаудың критериилері мен шкаласы:Ағымдық бақылау: 50 балл, (семинар сабағы, СОӨЖ, ауызша, жазбаша жауап, әр тақырып бойынша өздік жұмыс) –оның ішінде: Лекция сабағы; Семинар сабағында берілген жауап – ^ 20 балл Ауызша жауап – 10 балл; Сұраққа жауап –5 балл; Тестік жұмыс – 5 балл; СОӨЖ – 30 балл Реферат 10 балл; Конспект 3 балл; Қызықты материалдар дайындау – 7 балл;Тестік және жазбаша бақылау жұмысы – 10 балл;2. Аралық бақылау – 10 балл коллоквиум – 10 балл3. Қорытынды бақылау – 40 балл- емтихан – 40 бБарлығы: 100 балл^ 4. КУРСТЫҢ САЯСАТЫ студент барлық сабаққа міндетті түрде қатысуы қажет;лекцияны дәптерге міндетті түрде конспектілеу;семинар сабағы тапсырмасын дер кезінде орындау;тапсырма берілген уақытында орындалмаса қабылданбайды;сабаққа қатыспаған күндері өтілген тақырыпты дер кезінде өтеу;бақылау түрлерін тапсыру барысында оқылатын пәннің тақырыптарының бірізділігін сақтау;сабаққа кешікпеу;сабақ үстінде тақырыптан тыс әңгімелеспеу және біреуге кедергі жасамау;байланыс құралдарын сөндіріп тастау;коллоквиумды, емтиханды уақытында тапсыру.^ 2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР. ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ № Тақырып атауы Сағат саны Дәріс Семинар соөж сөж 1 Кіріспе. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері. 1 - 1 1 2 Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Антикаға дейінгі және антикалық кезеңдегі химия. Алхимия кезеңі. Иатрохимия мен техникалық химия. 2 1 2 2 3 Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия. 2 1 4 4 4 Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы. 22 1 2 2 5 Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия. 1 11 2 2 6 Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы. 1 1 2 2 7 XX ғасыр химиясы. Ресейдегі және Қазақстандағы химия ғылымының дамуы. 1 - 2 2 Барлығы 10 5 15 15 2.2 ДӘРІСТІК САБАҚ ТЕЗИСТЕРІ^ 1. Дәріс тақырыбы: Кіріспе. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері. Химия тарихының маңызы. Химия ғылымының даму кезеңдері. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері;Химия тарихының маңызы;Химияның негізгі даму кезеңдері.1. Дәріс тезистері: Химия тарихы жалпы химияның және оның жеке бөлімдерінің дамуын, химиялық білімнің жинақталу процесін сипаттайтын және зерттейтін ғылым. Химия прогресінің ғылым ретіндегі негізгі факторы - әрбір тарихи дәуірдегі қоғамның техника мен өндірістік күштерінің даму деңгейіне байланысты өнеркәсіп пен қоғам қажеттілігі болып табылады. Химия тарихының негізгі міндеті: химияның даму барысындағы тарихи құбылыстар мен процестерді белгілі бір ретте және өзара байланыста ғана емес, сонымен қатар, қоғам мен өндірістің сұранысына, қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, математика, жаратылыстану, философия ғылымдарының дамуымен жән басқа да қоғамдық құбылыстармен байланыстыра зерттеу. Химия тарихының негізгі кезеңдері мыналар: Алхимияға дейінгі кезең, Алхимия кезеңі (III-XVI ғасыр), Қалыптасу кезеңі (XVII-XVIII ғ.), Сандық заңдар кезеңі (Атом-молекулалық теория) 1789-1860 ж., Классикалық химия кезеңі (1860-XIX ғ. аяғы), Қазіргі кезең (XX ғ. бастап бүгінгі таңға дейін). Негізгі әдебиеттер: 1, 5, 8, 9, 10.Қосымша әдебиеттер: 12, 13. 2. Дәріс тақырыбы: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Алхимияға дейінгі және Алхимия кезеңі. Иатрохимия және техникалық химия.Антикаға дейінгі және Антикалық кезеңдегі қолөнер химиясы;Антикалық натурфилософия; Алхимия кезеңі; Иатрохимия және техникалық химия.2. Дәріс тезистері: Адамзаттың табиғат берген байлықтарын пайдалануда үлкен роль атқаратын процесс заттардың қасиетін химиялық жолмен өзгерту болып табылады. Жалпы қолөнер химиясының қалыптасуы металлургияның пайда болып, ары қарай дамуымен тығыз байланысты. Ежелгі дәуір тарихы бойынша еңбек ету бұйымдарының қандай заттан жасалғандығына байланысты Мыс, Қола және Темір дәуірлеріне бөлінеді. Осы дәуірлерде таза күйінде жеті металл белгілі болған. Антикалыққа дейінгі және ерте Антикалық дәуірде химиялық технология саласынан ең алдыда болған мемлекет Египет болып табылады. Зат қасиетінің шығу тегін анықтау мәселесі ең алғаш антикалық философияда қарастырылады. Зат табиғаты оның қасиеті жайындағы философиялық ұғым бір уақытта б.э.б. VII ғ. Қытай, Үнді, Парсы Греция цивилизацияларында пайда бола бастады. Бұл натурфилософиялық ілімге тән сипат: эмпирикалық негізі жоқ абстракциялы концепция. Антикалық натурфилософия концепциясы жаратылыстың құрылымымен түсіндіріледі. Алхимия кезеңін Александриялық алхимия, Араб және Еуропа алхимиясы құрайды. Жаратылыстану мен антикалық философияның біріге дамуы Александрия академиясынан басталады. Араб алхимиясы кезеңінде алхашқы алхимия теориялары қалыптасып, зертханалық техника мен тәжірибе әдістемелері дамиды. Жалпы алхимия кезеңінің нәтижесі зат жайлы білімнің толығуымен қатар, оның қасиетін зерттеуде тәжірибелік ізденістің қалыптасуы болды. Иатрохимия мен техникалық химия - классикалық алхимиядан жаңа ғылыми химияға өтудегі ауыспалы кезеңде дамыды. Бұл дәуірде ғылыми химияның негізі қаланып, химиядан көптеген тәжірибелік жетістіктерге жетті. ^ Негізгі әдебиеттер: 1 – 12;Қосымша әдебиеттер: 13 - 17.3. Дәріс тақырыбы: Қалыптасу кезеңі: XVII ғасырдағы эксперименталды жаратылыстану; Химиялық элементтер жайлы ілімнің қалыптасуы; Роберт Бойль және ғылыми химияның пайда болуы; Флогистон теориясы; Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия; Стехиометриялық заңдардың ашылуы;3. Дәріс тезистері: XV-XVI ғасырларда Еуропада сауда мен материалдық өндіріс қатты қарқынмен дами бастады. XVI ғ. Еуропа техникасының даму деңгейі Антикалық дәуірдің гүлденген кезеңінен де асып түсті. Техникадағы өзгеріс теорияның алдында жүрді. XVII ғ. жаратылыстанудың дамуына үлкен үлес қосқан ірі философиялық еңюектер жарық көрді. Френсис Бэкон лорд Веруламский ғылыми дискуссияның негізгі шешімі тәжірибеге сүйенуі керек деген ой тастайды («Новый органон» және «Новая Атлантида» шығармалары). Он жетінші ғасырда философияда атомистік ұғым пайда болды (Рене Декарт) және физика, механика, математика және астрономия салаларында үлкен жетістіктерге жнтті. Галилео Галилей классикалық механиканың негізін қалап, физикаға ойлаудың тәжірибелік әдісін енгізді. Нәтижесінде тәжірибелік көрсеткіштерге сүйенетін жаңа жаратылыстану дүниеге келді. Ол ұйымдастырудың жаңа формаларын дүниеге әкелді. Ғылыми қоғам мен ғылым академиясы пайда бола бастады. XVII ғ. екінші жартысында болған ғылыми төңкеріс нәтижесінде ғылыми химия қалыптасты. Оның негізін қалаушы ретінде Роберт Бойль саналады. Р.Бойль «Химик-скептик» атты еңбегінде химияның жаңа мақсатын айқындап, химиялық элементтерді іздестіріп, зерттеудің бағдарламасын ұсынып, химияға индуктивті әдісті енгізді. Ғылыми химияның алғашқы теориясы – флогистон теориясы болып табылады. Ол заттың құрамы жайлы ілімді зерттеп, элементті белгілі бір қасиетті бойында ұстаушы ретінде қарастырды. Негізгі әдебиеттер: 1 -12.Қосымша әдебиеттер: 13-14. 4. Дәріс тақырыбы: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.Дальтонның, Бойль-Лемеридің Ньютонның, Ломоносовтыңт.б. ғалымдардың атомистік ұғымдары мен теориялары;Авогадроның молекулалық теориясы.4. Дәріс тезистері: Атом-молекулалық ілімнің алғаш пайда болып, қалыптасуымен химияның дамуында жаңа кезең басталды. Дальтонның Атомистикалық және Авогадроның молекулалық теориялары қазіргі кездегі химияның түпкілікті негізін құрады. Атом-молекулалық ілім химияда жинақталып қалған көптеген фактілерге түсініктеме беріп, атомдық теорияның маңызын көрсететін жаңалықтарды ашуға негіз болды. Дальтон мене Авогадроның теорияларынан атом мен молекуланы қатар қарастыратын маңызды заңдылықтар туындады. Міне осыдан бастап, молекуладағы атомдардың орналасу ретін және химиялық байланыс түрін анықтауға мүмкіндік беретін қосылыстардың құрылысын зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады. Негізгі әдебиеттер: 1-12.Қосымша әдебиеттер: 13-17.^ 5. Дәріс тақырыбы: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия. Органикалық химияның даму тарихы;Структуралық химия (химиялық құрылыс теориясы); Стереохимия.5. Дәріс тезистері: XIX ғ. алғашқы онжылдығында текстиль және бояу өнеркәсібінің сұранысы табиғаты осы кезге дейін белгісіз болып келген органикалық заттардың қасиетін зерттеу жұмысын дамытуға негіз болды. Бұл салады А.Лавуазье ұсынған органикалық заттардың элементтік анализінің маңызы зор болды. Ол алғаш рет заттардың сандық құрамын анықтады. А.Лавуазье – органикалық заттар күрделі радикалдардың оттегімен қосылуынан пайда болатынын айтып, органикалық қышқылдардың жіктелуінің негізін қалағанын жариялады. Кейіннен Ж.Гей-Люссак, Л.Тенар, Я.Берцелиус және Ю.Либих жүргізген аналитикалық зерттеулер органикалық қоспаның сандық құрамын анықтап, ондағы элементтердің қатынасын белгілеуге мүмкіндік берді. Я.Берцелиус еселік қатынас заңының дұрыстығын дәлелдеп, органикалық қосылыстырдың радикалы туралы ілімді қалыптастырды. 1860 жылға дейін химиктер заттың құрамын зерттеп, классификациялап, көптеген органикалық және бейорганикалық қосылыстырадың эмпирикалық және рационалды формулаларын анықтаумен айналысты. Заттың қаситеі туралы мәліметтің жинақталуы, химиялық қосылыстардың қасиеті мен құрамын анықтау химиялық білімнің шегі емес, бұл ғылымның негізгі мақсаты – заттың қасиетінің оның құрамы мен құрылысына тәуелділігін зерттеу екендігі байқала бастады. 1860 жылдың басында химияда: қосылыстардың химиялық формуласы оның құрылысын және қасиетін анықтайды деген жаңа ұғым қалыптасты. Бұл салада А.М.Бутлеров, А.Кекуле, В.В.Марковников т.б. ғалымдар көп еңбек сіңірді. XIX ғ 70-жылдары химиялық құрылыс теориясы толық бекігеннен кейін химиялық қосылыстардың кеңістіктік құрылысы туралы ілім қалыптаса бастады. ^ Негізгі әдебиеттер: 1 –12.Қосымша әдебиеттер: 13-17 .6. Дәріс тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылу тарихы;Физикалық химияның даму тарихы;6. Дәріс тезистері: XIX ғ-ң бірінші жартысында ғалымдар қасиетінде ұқсастық байқалатын элементтердің бірнеше классификациясын ұсынды. Орыс ғалымы Д.И.Менделеев 1869 жылы элементтерді атомдық массасына қарай таблицаға орналастырып, оны периодтық жүйе деп атады. XIX ғ-ң 50-жылдарында химия мен физиканың арасындағы жақындық айқын байқала бастады. Оған атомистикалық ілім және кейіннен физикалық химияның дамуына үлкен үлесін тигізген газдардың кинетикалық теориясы негіз болды. Жаңа туындаған ғылым – химиялық процестің жылдамдығын, жылуға байланысты жүретін құбылыстарды зерттеуге ден қойды. Физикалық химияның дамуына адамзат, өсімдік және жануарлардың өмірінде маңызы зор болатын ертінділер табиғатын зерттеу үлкен үлес қосты. Негізгі әдебиеттер: 1 - 12.Қосымша әдебиеттер: 13-17.7. Дәріс тақырыбы: XX ғасыр химиясы. Ресейдегі және Қазақстандағы химия ғылымының дамуы. XX ғасыр химиясы; Ресей және Қазақстандағы химияның даму тарихы ^ 7. Дәріс тезистері: Радиохимияның қалыптасуы (Кюри-Склодовская). Атомның планетарлық моделінің құрылуы (Резерфорд, Бор). Химиялық байланыс теориясы (Льюис, Коссель, Полинг, Малликен). ХХ ғ. екінші жартысындағы квант химиясының дамуы. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) химиясының дамуы. ХХ ғ. биоорганикалық химияның даму бағыттары. ХХ ғ. термодинамиканың дамуы. (Нернст, Планк, Онсагер, Пригожин). Коллоидтық химияның қалыптасуы мен дамуы. Физикалық зерттеу әдістерінің прогресі (спектроскопия ЯМР и ЭПР, инфрақызыл спектроскопиясы, рентгенқұрылымдық анализ, масс-спектрометрия, лазерлік химия және т.б. әдістер). Қазақстан мен Ресейдегі химияның дамуына шолу.Негізгі әдебиеттер: 1-12.Қосымша әдебиеттер: 13-172.3. семинарлық САБАҚ ЖОСПАРЫ^ 1. Сабақ тақырыбы: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Антикаға дейінгі және антикалық кезеңдегі химия. Алхимия кезеңі. Иатрохимия мен техникалық химия. Антикаға дейінгі және Антикалық дәуірдегі қолөнер химиясы;Антикалық натурфилософия;Натурфилософияның Милет мектебі мен оның ізбасарлары;Аристотель ілімі;Антикалық атомизм;Алхимия кезеңі: Александрия алхимиясы;Араб алхимиясы;Еуропа алхимиясы;Иатрохимия және техникалық химия.Негізгі әдебиеттер: 1-12.Қосымша әдебиеттер: 13-17.^ 2. Сабақ тақырыбы: Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.XVII ғ. эксперименталды жаратылыстану;Р.Бойль және ғылыми химияның қалыптасуы;Флогистон теориясы;Аналитикалық химияның дамуы;Судың құрамын зерттеу;Жанудың оттектік теориясы;Антифлогистонды химия.Негізгі әдебиеттер: 1-12.Қосымша әдебиеттер: 13-17.^ 3. Сабақ тақырыбы: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.Дальтонның атомистикалық теориясы;Бойль-Лемеридің корпускулярлық теориясы;Ньютонның атомистикасы;Ломоносовтың атом және молекула жайлы ілімі;Авогадроның молекулалық теориясы;Негізгі әдебиеттер: 1-12.Қосымша әдебиеттер: 13-17.^ 4. Сабақ тақырыбы: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия. Күрделі радикалдар теориясы;Гомолог жайлы ілім;Валенттілік жайлы ұғымның қалыптасуы;Химиялық құрылыс теориясы;Изомерия мен таутомерия ұғымының қалыптасуы;Стереохимияның дамуы;Негізгі әдебиеттер: 1-12.Қосымша әдебиеттер: 13-17.^ 5. Сабақ тақырыбы: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы. Химия элементтерінің периодтық заңының ашылуы;Менделеев болжаған элементтердің ашылуы;Инертті газдар мен Аргон, Гелий элементтерінің ашылуы;Ерітінділер жайлы ілімнің дамуы. Д.И.Менделеевтің ертінділер теориясы;Вант-Гоффтың осмос теориясы;Электролиттік диссециация теориясы;Химиялық тепе-теңдік және оны дәлелдейтін заңдардың ашылу тарихы;Химиялық термодинамика;Катализ.Негізгі әдебиеттер: 1-12.Қосымша әдебиеттер: 13-17.Семинарлық сабақка дайындалуға қажетті әдістемелік ұсыныстар: 1. ұсынылған әдебиеттерді оқып талдау және оған сараптама жасау; 2. негізгі терминдер және түсініктермен жұмыс істеп, сөздік құру; 3. көрсетілген сұрақтарға жауап жазу.^ 2.4 ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЛА­ТЫН СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫН­ША ӨТКІЗІЛЕТІН САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ (СОӨЖ)СОӨЖ өткізу формасы:1-тақырып. Ежелгі дүние және орта ғасыр химиясыТапсырмаТақырыпты пысықтауға арналған сұрақтар:Алғашқы қауымдық құрылыс пен ежелгі дәуірдегі химиялық білім мен қолөнердің дамуы; Ежелгі дүниедегі натурфилософтар;Антикалық натурфилософияға тән сипат.Химия тарихындағы алхимия кезеңінің ерекшеліктері;СОӨЖ өткізу түрі. 1) Курстың тақырыптық жоспарына сәйкес сағат көлемінде студенттермен әңгімелесу, консультация түрінде өткізіледі; 2) берілген сұрақтар семинар сұрақтарын толықтырады және оны студенттер өз бетімен орнындай отырып осы кезеңге жалпылама анализ жасайды. Әдістемелік нұсқаулар: 1) тақырып бойынша ұсынылатын әдебиеттерден басқа, лекция материалдарын алдын-ала пысықтау, семинар сұрақтарын толықтырып, сараптау. ^ Негізгі әдебиеттер: 1-12;Қосымша әдебиеттер: 13-17.2-тақырып Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.ХVI ғасырдағы иатрохимия мен техникалық химияның дамуы;Атомистикалық көзқарастың туындауы;Металлургия мен химия өнеркәсіптерінің дамуы;Роберт Бойль және оның «Химик-скептик» атты еңбегі; Флогистон ілімінің пайда болуы. Оны дамытуға атсалысқан ғалымдар; Аналитакалық химия әдістерінің дамуы;Азот, оттегі, хлор және тағы басқа элементтердің ашылу тарихы (Шееле, Пристли, Кавендиш);Ломоносов еңбектері мен оның Ресей ғылымын дамытуға қосқан үлесі;Химиялық революция;Лавуазье еңбектерінің маңызы.Негізгі әдебиеттер: 1-12Қосымша әдебиеттер: 13-17.3-тақырып: Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:XIX ғ. химияның жетістіктері (жалпы сипаттама);Құрам тұрақтылық заңының шығу тарихы; Бертоле мен Пруст еңбектері;Химиялық атомистиканың қалыптасуы. Дальтон, Берцелиус, Авогадроның еңбектері;Электрохимияның дамуы.и. Дэви и Фарадея еңбектері.Негізгі әдебиеттер: 1-12Қосымша әдебиеттер: 13-17.4-Тақырып: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:XIX ғ. бірінші жартысындағы органикалық химияның дамуы;Витализмді теріске шығару;Либиха, Вёлера, Кольбе, Бертло еңбектері;XIX ғ. басындағы органикалық химиядағы теориялық ұғымдар (радикалдар және типтер теориясы);Классикалық химиялық құрылыс теориясы және оның дамуы. Кекуле, Купер және Бутлеров еңбектері;Стереохимияның қалыптасуы (Вант-Гофф, Ле Бель);Вернердің координациялық теориясы;XIX ғ. ортасы (Дюма, Зинин, Вюрц) мен екінші жартысындағы (Гофман, Байер, Фишер)эксперименталды органикалық химияның жетістіктері.^ Негізгі әдебиеттер: 1-12Қосымша әдебиеттер: 13-17.Әдістемелік ұсыныстар: ұсынылған әдебиеттерді толығымен оқып, ғалымдардың негізгі теорияларын сараптау және талдау; негізгі түсініктерді сөздікке жазу.5-Тақырып: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.Тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар:Менделеевтің периодтық заңы мен периодтық жүйесі;Менделеевтің жақтастары мен қатарластары;Периодтық жүйенің ары қарай дамуы;Термохимия, химиялық термодинамика және кинетиканың қалыптасуы;Гиббс еңбектері; Ерітінділер теориясының негізі (Вант-Гофф, Аррениус);Нернстің электрохимиялық зерттеулері;XIX ғ. қолданбалы бей органиекалық химияның өркендеуі (фото, Бессемер конверторі, болатты легирлеу, алюминиді өндіру).Әдістемелік ұсыныстар: ұсынылып отырған әдебиеттерді оқып талдау; жаңа терминдерді сөздікке тіркеу;Ұсынылатын әдебиеттер: 1, 2, 4, 10,11,12,15.6-тақырып XX ғасыр химиясы. Тақырып сұрақтары:Альфред Нобель және Нобель сыйлығы;Атомның құрылысы күрделі екендігінің дәлелдемесі;Радиохимияның даму тарихы;Қазақстан химиктер мектебі.Негізгі әдебиеттер: 1-17.1 – ші модуль бойынша коллоквиум өткізу.Студенттерге қойылатын талаптар:1-7 тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға өздігінен дайындалу;Көрсетілген әдебиеттерді оқып, талдау;Жаңа түсініктер мен терминдер жазуға арналған дәптерді тексерту; 4. Негізгі түсініктер мен анықтамаларды жаттау; 5. 1-7 тақырыбы бойынша ағымдық бақылаудан төмен баға алынса, оны жоғарылату керек; 6. Үйге берілген тапсырмалар толық орындалып тексеруден өтуі тиіс.Бұл талаптар орындалмаған жағдайда студент коллоквиум тапсыруға жіберілмейді.^ 2.6 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША САБАҚ ЖОСПАРЫ (СӨЖ)1-тақырып: Кіріспе. Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері.Тапсырма: Оқуға: Химия тарихының пәні мен жалпы міндеттері. Химия тарихының маңызы. Химияның негізгі даму кезеңдері. ^ Конспект жазуға: Химияның дамуының әр кезеңдерінің сипаттамасы.Тапсыру мерзімі: 2-аптаның соңы.Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (12), (1), (15).^ 2-тақырып: Химияның ғылым ретінде қалыптасуы. Антикаға дейінгі және антикалық кезеңдегі химия. Алхимия кезеңі. Иатрохимия мен техникалық химия.Тапсырма: Төмендегі тақырыптарға реферат жазу:Жалпы ежелгі дәуірдегі адамдардың химиялық білімі;Жаңа эра басындағы Азия және Африка халықтарының химиялық және қолөнер техникалары;Ежелгі Үнді мен Қытай халықтарының заттың табиғаты жайлы ұғымдары;Гректердің антикалық натурфилософия жайлы ілімдері;«Химия» атауының шығу тегі;Рим империясындағы химия;Орта ғасырдағы ғылым мен техниканың даму жағдайы;Еуропадағы қайта өрлеу кезеңіндегі химияның дамуы;Иатрохимия;Ұсынылатын әдебиеттер: (2), (4), (3), (19), (1), (15).3-тақырып: Қалыптасу кезең. Флогистон теориясы. Жанудың оттектік теориясы және антифлогистонды химия.Тапсырма:● берілген әдебиеттерді пайдалана отырып, «Флогистон теориясының тығырыққа тірелуі» тақырыбын ашып, конспектілеу;Ұсынылатын әдебиеттер: 1-12.Тапсыру уақыты: 4-аптаның соңы ^ 4-тақырып Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы. Авогадроның молекулалық теориясы.Тапсырма:● Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуына үлес қосқан ғалымдардың жаңалығын конспектілеу.^ Тапсыру уақыты: 5-аптаҰсынылатын әдебиеттер: 1-17.5-тақырып: Органикалық химияның қалыптасуы. Структуралық химия. Стереохимия.Тапсырма:Тақырыптың негізгі ұғымларын конспектілеу;Реферат жазу.тапсыру уақыты: 6-аптаҰсынылатын әдебиеттер: 1-176-тақырып: Химиялық элементтердің периодтық заңының ашылуы. Физикалық химияның даму тарихы.Тапсырма: ● Периодтық жүйенің өмірге келу тарихын анализдеп жазу;● негізгі түсініктерді жазу;● реферат^ Тапсыру уақыты: 7-аптаҰсынылатын әдебиеттер: 1-17.7-тақырып: XX ғасыр химиясы.Тапсырма: XX ғасырда химия саласы бойынша ашылған жаңалықтарды конспектілеу.● реферат жазу.● тақырып бойынша негізгі терминдер мен анықтамаларды сөздікке тіркеу;● Тапсыру уақыты: 8-апта Ұсынылатын әдебиеттер: 1-17.СӨЖ орындауға негізделген әдістемелік ұсыныстар:берілген әдебиеттерді міндетті түрде оқып, талдау;берілген тапсырманы орындау;сөздікке жаңа терминдерді жазу;берілген тақырыптар бойынша әр студент реферат жазып, оны қорғау керек.^ 2.7 КУРС БОЙЫНША ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ Реферат тақырыптары:Жалпы ежелгі дәуірдегі адамдардың химиялық білімі;Жаңа эра басындағы Азия және Африка халықтарының химиялық және қолөнер техникалары;Ежелгі Үнді мен Қытай халықтарының заттың табиғаты жайлы ұғымдары;Гректердің антикалық натурфилософия жайлы ілімдері;«Химия» атауының шы


Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.