--PAGE_BREAK--
Қазақ жырының Хантәңірі
Мақсаты :М. Мақатаевтың өмірімен таныстыру, ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазұмынын ашу, өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға дағдыландыру
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд, қанатты сөздер.
1. «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» ( Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу)
2. «Поэзия- жүрек тілі» ( Ақын өлеңдерін оқу).
3. «Ән сал жаным »( Ақын өлеңдеріне жазылған әндердә орындау).
4. «Жазылар естеліктер мен туралы» (Мұқағали туралы естеліктер).
5. Көрініс. «Аққудың қанатына жазылған жыр» («Аққулар ұйықтағанда»
поэмасы бойынша).
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді жыр сүйер қауым! Бүгінгі кешті Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақиық ақын М.Мақатаевқа арнаймыз. Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған « Қазақ жырының Хантәңірі » атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Көрер едің
Шаламын ба, отпын ба,
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Сырымда осы,
Жырым да осы
Алдыңда, байқашы бір
Бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарықты-
Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы М.Мақатаевтың бүгін туған күні.
« Бүгін менің туған күнім » өлеңін оқушы оқиды.
Жүргізуші: М.Мақатаев 1931 жылы 9- ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Әкесі Сүлеймен осы өңірде колхоз ұйымдастырушысы болды. 1941 жылы майданға аттанып, содан оралмады. Шешесі Нағиман шаруа адамы еді. Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауыл хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызыметінде болды. 1954- 1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962- 72 жылдар аралығында «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі, 1942-73 жылы Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші боып жұмыс істейді.
Мұқағалидың тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. Мұқағали поэзиясы- таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Атамекен» т.б кітаптар жарық көрді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.Бүгінде ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100- ден астам әндер жазылды. Мұқағали - біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпаңыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін » деген екен. Ендешн қашан да ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.
«Қайран, Қарасазым-ай »
«Мен өскен лашық- бір бөлме» өлеңдері оқылады.
Жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маожан поэзиясы –мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық қөңілін суысындатқан ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір шуағын, өмір жұпарын жыр етеді. Өмір дегенге
Тірлікте сірә жетер ме ой !
Жарық сәуледен
Басқаның бәрі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі,
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой
Өмір деген бір күндік сәуле екен ғой !
Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінде әнге айналып көкте қалықтайды.Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер бүгінгі таңда
Барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды.
Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
Батырлар дүбірлетіп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлетіп төккен тер,
Ғашықтар бір- бірін өпкен жер.
Иә, ұлы ақынның сезімінде, туған еліне деген махаббатында шек бар ма?! Ендеше М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Н.Тілендиевтің «Сарыжайлау» әніне кезек берейік.
Жүргізуші: Мқұағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
Ақын Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтар болсақ: «Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Махаббаты сезімге ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиды құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын...»
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Көзімнен ғайып болған күнім едің,
Гүлім едің, елтіген түнім едің,
О, махаббат! Сен әлі тірі ме едің?
О, махаббат! Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің...
Мен енді тірілемін!
Ақ періште алдыңда жүгінемін
Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені !
«Ғашықпын» өлеңі оқылады.
«Махаббат диалогы» оқылады.
Жүргізуші: « Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем әнмен тәті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй » -
деп Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге береміз.
Ән: «Сәби болғым келеді».
Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Бірулер жан еді дер өр тұлғалы.
Бірулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер- тұрманы. - деп ақын ағамыз өзі айтып кеткен дей ендігі кезекті кешіміздің Мұқағали ағамыз туралы естеліктерге береміз.
1-оқушы: Ақынның балалық шағынан үздік сыр.
Мұқағалидың балалық шағы 1941- 1945 жылғы соғыспен тұтас келді. Соғыс басталғанда он жаста екен. Тиын деген әжесі болған.Сол кісі бауырына басып баулып өсірген.1941 жылдың күзінде Мұқағалидің әкесі Сүлйменді әскерге алды. Ел жиналып әскрге шақырылған жігіттерді шығар салуға бара жатады. Топ ішінде әкесімен қоштасушы Мұқағали да бар. Бар топ бір жерге жиналып соңғы рет қоштасуға айналғанда Сулеймен: « Уа, ел жұртым, сендерден бір өтінішім бар Мына Мқұағалиды тұңғышым болса да өзіме тартпай, жақындатпай, әжесінің баласы болып өсіп еді, осының бетінен иіскеуге рұқсат етіңіздер !» деп сұрайды.Тұрған халық риза болып: «Рұқсат, рұқста!» деп шуласады. Әкесі сонда бірінші және соңғы рет еркін қимылдап, баланы өзіне шақырып, құшаұтап бетінен сүйеді де: «Ал, Мұқағалиым! Сенің ұлы атаң Қамысбай өлгенде, Мақатай атаң он жаста екен.Міне, мен соғысқа кетіп барам. Сен де он жастасың, бізге құдай әкесінен он жасты қалуды жазған екенғ қарағым. Енді сен азаматсың! Анау кәрі әжеңді, шешеңді, екі ініңді саған тапсырдым.Сен жаспын деме, қарағым, осыларға бас бол! Аман-есен көрісейік» деп ебіл- себіл жылап тұрған баланың бетінен тағы сүйіп, қош-қошпен аттанып кетеді.
Біріншіден, әкесәнің аманаты бар, екіншіден өзіне басқа үйде ересек ешкім болмағандықтан Мұқағали буыны қатпаса да үй шаруасын өз мойына алды. Оқуын да тастамады. Зерек, алғыр оқушы болыпты. Колхоз жұмысына да араласып, көктемгі егіс кезінде соқаға міну, жазда шөп шабу, кейде мал бағумен айналысады. Мұқағали бала кезінде-ақ «Құлагер» поэмасын, інжу-маржандай халықтың асыл мұраларын мәнерлеп жатқа оқитын болған. Өзі де 10-11 жасында өлең жаза бастапты. Өлеңдері көбінесе асқар таудай әкесіне деген сағынышын білдірді:
Мен қасқа атпен желемін кеп,
Ойлаушы едім артыңнан еремін деп.
Қанша жүрсем, жан әкем, жеткісбейсің,
Аттанып ең майданнан келемін деп.
… 6-сыныпта оқып жүргенбіз. Мұқағали, Сыдық үшеуіміз мектепке баруға біздің үйден шықсақ, қораның жанында ертоқымы бар бір ат жүр екен. Баламыз ғой, атты ұстап алып, үшеуміз мінгестік те қақпайлап мектепке келдік. Біраздан кейін аттың иесі Жазит деген көрші ауылдағы шабарман атамыз артымыздан қуып келіп, әй- шай жоқ үшеумізді қамшының астына алып, мұғалімдер бөлмесіне айдап келді «Мына жүгірмектер кеңсе алдына атымды ұрлап мініп кетіпті. Жүгенім жоқ тауып берсін » дер айғайға басты. Жүгенін біз алмағанымызды, аттың кімдікі екенін білмегенімізді айтсақ, тыңдамайды. Қарғап-сілеп, жанымызды шығарып барады.Бір кезде Мұқағали Жазитке тесіле қарап тұрып:
Кебін киген өледі,
Кебенек киген келеді.
Сабыр түбі сары алтын,
Сарғайып түбі жетеді,- деді де
— Ата, бізді босқа сабадыңыз. Бізд ер жетіп, азамат болармыз. Соғыстан әкеміз бен бауырларымыз да келер.Жүгеннің тілеуін тілегенше, соғыстағы балаларыңыздың тілеуін тілесеңші?!- деп бөлмеден шығып кетеді. Міне, Мұқаның бала кезінде- ақ әділетсіздікке төзбегенінің бір мысалы осы. продолжение
--PAGE_BREAK--