--PAGE_BREAK--
1.Қылмыстық-атқару заңдарын тар мағынада — жазаны атқару процесі кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеуге және сотталғандарға ықпалды түзеу жазасын қолдану заңдар жүйесі деп түсіну керек.
КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстан заңгерлері қылмыстық жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтіру нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай-ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқару мен өтеудің тәртібі мен жағдайларын белгілейтін нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.
Сонымен, қылмыстық атқару заңдары қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқаруды реттейтін заңдардан құралады. Жазаны атқару кезіндегі әлеуметтік-құқықтық проблемалар тұлғаның қоғамдағы жағдайына байланысты шешілетін болғандықтан, қоғам, мемлекет жағынан оларға ықпал етудің айрықша түрі пайда болады, арнайы мекемелер құрылады, сондықтан соттың шешімін үйлесімді орындай алатын және жазалау-тәрбиелеу процесін жүзеге асыратын, қылмыстық-атқару құқығы нормалары заңдабекітілген болуы керек. Қылмыстық-атқару заңдарының мазмұны — олар орындайтын қызметтік рөлімен белгіленеді. Жазаны тиісті түрде атқару - қылмыспен күресудегі маңызды кезең. Түзеу мекемелерінің жүйесі қалай жұмыс істейтіні қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдардың барлық бөлімінің жалпы күш салуының қорытындысына байланысты. Қылмыстық-атқару заңдары — бірыңғай қылмыстық-құқық жиынтығынан тұрады. Сондықтан қылмыспен күрес жүргізуде бұл заңдардың мақсаты ортақ болып табылады. Егер де қылмыстық құқық нормалары жазалау мен қылмыстық жауапкершіліктің негізін және шегін белгілесе, ал қылмыстық- атқару құқығы нормалары сот үкімімен белгіленген жазаны атқару тәртібін реттейді.
Қазіргі қылмыстық-атқару заңдары, 1997 жылғы желтоқсанның 13-інде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінен тұрады. Ерекше ескерте кететін жағдай, бұл кодекске «Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түрріндегі жазаны атқарудың тәртібі мен жағдайлары» туралы арнаулы тарау енгізілген.
Жоғарыда көрсетілгеннен басқа да қылмыстық-атқару заңдар жүйесіне әзірше заң күші бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды ішкі істер органдарынан әкімшілік бақылау Ережесі, байқау комиссиялары туралы Ереже, кәмелетке толмағандар істерін қарайтын комиссиялар туралы Ереже және тағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерді кіргізуге болады. Алдағы уақытта аталған нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-аткару кодексіне сәйкес келтірілгенге дейін Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданыла береді.
Сонымен бірге қылмыстық-атқару құқығының кең мағыналы да түсінігі бар, себебі жазаны атқару кезеңінде түзеу мекемелерінен және басқа да жазаны орындайтын мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды қызметкерлерінен, қоғамдық ұйымдардан және діни концессиялардан күнделікті нақтылы қызмет істеуі талап етіледі. Сондықтан өне бойы ереже белгілеу, сотталғандарға және тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысы бар заң тәртібін қадағалаудың қажеттілігі пайда болып отырады. Бұл құқықтық актілерді ереже, нұсқау түрінде т.с.с. болжаулар шығаруды (мысалы, еңбекпен түзеу мекемелеріндегі ішкі тәртіп Ережесі), мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде жазаны атқаруға жауапты ведомство ретінде Ішкі істер министрлігі іске ендіреді. Сонымен бірге ведомстволық құқықтық реттеу заң нормалары шеңберінде болуы тиіс. Жоғарыда айтылғандай, қылмыстық-атқару заңдары кең мағынада барлық нормативтік актілердің (заңдар мен заңға негізделген актілер) жиынтығы болып есептелінеді. Бұлар сотталғандарға түзеу ықпалын қолданғанда және жазаны атқару (өткеру) процесінде пайда болатын, өзгеріп тұратын, яғни тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Сондықтан да қылмыстық-атқару құқығының қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық-атқару кодексі, еңбекпен түзеу ықпалы қолданылмайтын сотталғандардың қылмыстық жазаны атқару тәртібі мен шарттары туралы Ереже, байқау комиссиялары туралы Ереже, кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссиялар туралы Ереже, әкімшілік қадағалау туралы Ереже, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары. ІІМ сондай-ақ басқа министрліктер мен ведомстволардың біріккен бұйрықтары мен өкімдері, ІІМ бұйрықтары мен өкімдері, облыстық II бастықтары, мекеме басқармаларының т.с. сияқтылардың қабылдаған актілері қылмыстық-атқару құқығының негіздері ретінде қаралмайды.
Көрсетілген қылмыстық-атқару заңының, жалпы міндетінің өзіндік сатысы бар, оны былай дәлдеп айтуға болады: әр түрлі жазаның негізі мен атқару (өткеру) процесін реттеу және сотталғандарға түзету шараларымен ықпал ету міндеті; сотталғандардың жазаны заңда көрсетілген өткеру тәртібін қамтамасыз ету, олардың жаңадан қылмыс және басқа да құқық бұзушы-лықты болдырмауды ескерту мақсатында тәртібін бақылау міндеті; сотталғандардын занды талаптары мен құқын қорғау, босатылғанда оларға көмек көрсету міндеті.
Сонымен, қылмыстық-атқару заңының міндеттері жалпы және нақтылы міндеттерден белгілі бір жүйе құрайды. Олар жазаны атқарушы, түзеуші мекемелер мен басқа да органдардың міндеттеріне жанама түрде қатысы бар және сотталғандарға жазалау — тәрбие шараларының жиынтығын қолдану арқылы олардың жұмыс әрекетінде іске асырылады.
2.Заңның кез келген саласын реформалау процесі, соның ішінде қылмыстық-атқаруды, қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланыссыз, яғни саяси-экономикалық даму мен есептеспей іске асуы мүмкін емес екені бізге мәлім. Қылмыспен күресті реттеудегі заң саласын реформалау кезіндегі қылмыс динамикасы мен құрылымы, еткен тарихтағы жағымды да жағымсыз тәжірибе, халықтың түгелдей немесе оның жекелеген топтары құқық санасының деңгейі, саяси партиялардың көзқарасы, елдің халықаралық құқыұ актілерін бекіту жағдайы, теориялык зерттеу мен ғылыми ойдың деңгейі еске алынуы тиіс. Елдің қылмыстық-аткару заңының дамуы, оның саласына қылмыстық жазаны атқаруды енгізу жолымен жүргізіліп келеді. Бұл — заңды процесс, себебі біздің ойымызша, ол заңдылықты жетілдіре беруге және жазаны атқарғанда заңдылықты нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің қабылдануы қылмыстық жазаның барлық түрінің орындалуы тәртібін жан-жақты және толык реттейтін табиғи кезең болғаны сөзсіз.
Бүгінгі заң күші бар Қылмыстық-атқару заңы отыз жылдарға жуық уақыт ішінде шамасында қалыптасты. Осы уақыттың ішінде Енбекпен түзеу заңының негіздеріне және Еңбекпен түзеу кодексіне мезгіл-мезгіл қосымшаларымен өзгертулер енгізілді, жоғарыда көрсетілген зандар реттемейтін кейбір жазаның тиісті орындалуын жөнге салатын жекелеген заң актілері де қабылданды. Біз бұдан Қазақстанда қазіргі уақытта жазаның барлық түрлерінің орындалуы жоғарыда аталған зандармен реттелетіндігін көреміз.
Жаңа заң жобаларын дайындау КСРО кезінде-ақ басталды. Барлық қылмыстық жазалар бір принцип негізінде орындалатынын еске ала отырып, ал еңбекпен түзеу құқығының пәні қоғам талабына сәйкес жан-жақты дами түскендіктен КСРО мен одақтас республикалардың қылмыстық заңының жаңа жобасын дайындау мәселесі пайда болды. Бұл маңызына қарағанда еңбекпен түзеу құқығы тарихында жаңа кезеңнің пайда болғанын, оның қылмыстық-атқару құқығына өзгергенін білдірді. Алғаш рет 1989 жылы қылмыстық-атқару заңы негізінің тұжырымдамасы құрылған болатын, ал сонан сон, қылмыстық-атқару заңының негізі доктрилдық үлгі дайындалған, онда дүниежүзі қоғамдастығының тәжірибесі кең пайдаланылды. Жекелеп айтқанда, жобада БҰҰ қабылдаған принциптер бейнеленген және қамаудағылармен айналысқандағы Ең аз үлгі Ережесі мен басқа да халықаралық құжаттар негізге салынған.
3.Қылмыстық-атқару құқығы құрылымы жағынан қарайтын болсақ, ол әр түрлі нормативтік жарлықтардан, тікелей айтсак, бөлімнен тұратын аталған құқық саласының құрастырылған, біртұтас жүйелі құқықтық білім. Әрбір құқықтық жарлық әлеуметтік, нормативтік, психология педагогикалық, ұйымдастыру-басқарушылық маңызбен белгіленіп толықтырылған. Қылмыстық атқару құқығы құрылымының тұрақты байланысын, құқықтың бұл саласында әр түрлі институттар мен нормалардың өзара әрекеттілігін бұлар жиынтығында мазмұны мен мемлекеттегі қылмыстық-атқару құқығының әлеуметтік міндетін көрсетеді. Сонымен, құқық құрылымының бастапқы бөлімі (құқық саласы — құқық институты — құқық нормасы) қылмыстық-атқару нормасы болады. Норма — ереже, мінез-құлық ережесі. Зандық (құқықтық) норма заңда көрсетіліп, бекітілген мінез-құлық ережесі. Норма — құқықтың құрылымдық элементтерінің бірі. Оны құру — құқықтық реттеуді қажет ететін және осыған байланысты құқық нормасы мазмұнын білдіретін тиісті қоғамдық қатынастардың болу қорытындысы. Сондықтан, құқықтық нормалар жиынтығын қабылдау — құқықтық реттеудің ерекше пәнінің барлығын және құқық саласының жекелігін дәлелдейтін айғақтың бірі.
Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының нормасы деп субъектілердің тиісті мінез-құлык үлгісін және қатысушылардың (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың, лауазымды адамдардың, сотталғандардың және жеке адамдардың) құқықтық қатынасын айтамыз. Онда жалпыға бірдей міндетті ереже қойылады, жарлыққа байланысты қоғамдық қатынас реттеледі, жазаны атқару (өткеру) және сотталғандарға түзету шарасын қолданудың ықпалын тигізу процесінде пайда болады.
Жоғарыда айтылғандай, норма құқық саласының негізгі элементі, оның бірінші деңгейі болып есептеледі. Екінші деңгейін қоғамдық қатынастардың тиісті тобын реттейтін нормалар жиынтығы құрайды. Мысалы, қылмыстық жазаның кейбір түрлерін атқаруда, сондай-ақ жазаны өтеуден босатқан кезде (бас бостандықтан айыру, түзету жұмыстары және т.с.с.) пайда болады. Мұндай екінші деңгейдегі нормаларды біріктіру белгілі бір қылмыстық-атқару құқығы институтын құрайды. Институттардан тұратын құқық саласының өзі үшінші немесе ол құрылымның жоғарғы деңгейін құрайды. Құқық институт-тары құқықтың реттеу объектілерін нақтылы анық белгілеуге мүмкіндік береді, оның құқық шығармашылығы қызметінде маңызы зор.
Қылмыстық-атқару құқығының нормалары ішінде де құқық саласының жалпы ережелері мен жалпы түсінік принциптері құрылып қалыптасатын нормалар бар, сонымен қатар лайықты мемлекет органдарының міндеттері біріктіріледі. Бұл нормалар мәлімдеме ретінде жүргізіледі. Олар қылмыстық атқару саясатын іске асырады. Көрсетілген нормалар Ережесі қылмыстык-атқару құқық қатынастарында субъектілердің субъективтік құқық пен зандық міндеттерін белгілейтін нормаларда айқындалады.
Құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды керекті бағытта реттеу үшін қабылданады. Сондықтан, құқықтық норманы ішкі маңызы жағынан қарайтын болсақ, екі жақты өкілетті — міндеттеуші болып бейнеленеді. Егер де бір субъектіде субъективті құқық пайда болса, онда басқа субъектіде құқық қатынасына лайықты міндеттер пайда болады т.с.с.
Қылмыстық-атқару құқығы нормалары құқықта айтылғандай, жазаны атқару кезіндегі тәртіп ережесін сақтауды көрсетеді. Кейбір жазаны орындауда түзеу ықпалы шара қолдану арқылы қаншалықты жүргізілсе, қылмыстық-атқару құқығы белгілеген нормалары ереже тәртібін сақтаудың түзеу ықпалын шара қолдану арқылы соншалықты орындайды.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары қоғамдық қатынастар процесінде және жазаны атқарудың (өткеру) реттеу үшін қолданылады, ал бұл орын алған кезде процесте пайда болған қоғамдық қатынастарды және түзеуге әсер ету шарасының жайын реттеу болады. Қылмыстық-атқару құқық нормалары жазаны атқару себебі процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар субъектілерінің мінез-құлқын тәжірибеде реттейді. Бұл қатынастар қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттеле отырып, қылмыстық-атқару құқық қатынастары болады.
Қарастырылып отырған нормалар маңызын түсіну үшін қандай да болмасын жаза түрін өтеуге байланысты құқығы мен міндеттерін білдіретін құқықтың, басқа салалары нормаларымен олардың арақатынасын айыра білу керек.
Қылмыстық-атқару құқығы нормалары сотталғандардың тәртібін кең көлемде реттеген сайын оның нормаларының қимыл өрісі, құқықтың басқа салаларынан тарырақ болып тұр. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен бас бостандығынан айыру тәртібі және жағдайлары жан-жақты белгіленгені мәлім.
Сотталғандарды бас бостандығынан айырған кезде олар түзеу мекемелері әкімшілігімен қарым-қатынасқа кіреді, ал дағдылы өмір-жағдайында азаматтар үкіметті басқару орындары және сот органдарымен қатынаста болады. Бас бостандығынан айыруды орындайтын, жағдайы мен тәртібін белгілейтін қылмыстық-атқару құқығы нормалары қоғамдық-қатынастар саласында едәуір басым келеді. Олар, әдетте конституциялык еңбек, азаматтық және отбасы құқығы нормаларымен реттеледі. Қылмыстық-атқару құқығы нормалары маңызын бостандықтан айыру жазасын атқару жағдайларын анықтап алуда мысалы, оларды отбасылық, азаматтық құқық нормаларымен салыстыру үшін керек.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары азаматтық, отбасылық құқық саласымен өзара байланыста болады. Бұл нормалар сотталғандарды тұратын мекенін тандап алу мүмкіндігінен айырады да көптеген басқа да азаматтық пен отбасылық құқығы мен міндеттерін іске асыруға шектеулер қоя алады. Қылмыстық-атқару құқығы нормаларына сотталғандардың жеке меншік құқығы едәуір шектелген, өйткені олар ие болу, пайдалану иелік ету немесе тек кейбір мүлік игілігін пайдалану немесе ие болу құқығынан айырылады. Қылмыстық-атқару құқық нормалары және міндетті құқығына көптеген шектеулер енеді. Сотталғандар әр түрлі келісім жасау құқығынан айырылады, мысалы, сату, сатып алу немесе басқа сотталғандармен айырбас жасау.
Жаза өтеу процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар субъектілерінің мінез-құлқы, соның ішінде түзеу ықпалына байланысты қылмыстық-атқару құқығы нормаларымен реттелмейтін жазалар бар. Мысалы, түзеу мекемелерін басқару, оларды ұйымдастыру, қаржылау мен жабдықтау, басқарушылар құрамы қызметкерлерінің еңбек ету тәртібі әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі. Түзеу мекемелерінің сотталғандардың өндірісте өнім шығарудағы еңбегін пайдалану туралы басқа ұйымдар мен шарттық қатынасы азаматтық құқық нормаларына сәйкес белгіленеді. Түзеу мекемелеріндегі жұмысшылар мен қызметшілердің, соның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі еңбек құқығы нормаларымен реттеледі. Сотталғандардың мүліктік және мүліктік емес жеке игілігі жөніндегі құқығы мен міндеттері олардың азаматтық құқығы нормаларымен, ал отбасылық қарым-қатынастары от-басылық құқығы нормаларымен реттеледі. Сотталғандардың жаза өтеу кезіндегі жаңадан істеген қылмысы үшін жауапкершілігі қылмыс пен қылмыстық іс жүргізу құқықтары нормаларында көрсетілген.
Нормалардың бәрі бірдей тиісті мінез-құлықтық үлгісін көрсете алмайды. Пайдаланылатын нормалар топтары ішінде құқық саласынан барлық, яғни оның жеке институттарының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін құрастыратын белгілі бір түсінік пайда болады (дефинициялар). Құқық теориясында олар нормативке тән емес, алдын ала белгіленбеген жарлық немесе арнайы нормалар. Қылмыстық-атқару құқығында арнайы нормалар — норма міндет, принциптер нормасы және норма — дефиниций (ұйғарым) түрінде іске асырылады.
Құқыққа тән емес жарлықтар жазаны атқару саласының саясаты мен қылмыстық-атқару заңдарының арасын байланыстыратын бөлім рөлін атқарады. Сондықтан норма-тапсырма мен норма принциптер мақсаты — нормаларында осы саладағы мемлекет қызметінің принциптері мен стратегиясы бекітіледі де, бұларға қылмыспен күресуді реттейтін құқық саласынын өзара байланыстары әсер етеді.
Құқық нормасын әр түрлі негіздермен жіктеуге болады. Қылмыстық-атқару құқығын материалдық және процессуалдық түрлерге жіктеуге болады. Материалдық құқық нормалары мінез-құлық ережелері манызын белгілейді, процессуалдық норма оның жағдайы мән тәртібін реттейді.
Қылмыстық-атқару құқығы нормаларын белгілейтін тәртіп ережесін өзіндік ерекшелігіне байланысты жеке-жеке түрге жіктеуге болады. Айтылған құқық нормаларының негіздері: а) реттеуші; ә) мадақтаушы; б) қорғаушы болып бөлінеді.
а) Реттеуші нормалар субъектілердің құқығы мен міндеттерін және басқа да қылмыстық-атқару құқық қатынастарына қатынасушыларды белгілейді. Құқық пен міндеттердің белгіленген түрінің тәуелділігіне байланысты олар өз кезеңінде міндеттеуші, уәкілеттілік етуші және тыйым салушы болып бөлінеді.
Міндеттеуші нормалар — субъектілерден белгілі бір қимыл істеуді талап етеді.
Уәкілеттілік етуші нормалар — субъектілерге заңмен белгіленген шеңберде, мінез-құлық түрін тандауды ұсынады.
Тыйым салушы нормалар — керісінше, субъектілерге тиісті бір әрекет етуді тоқтата тұруды талап етеді, оның себебі ол заңмен теріс деп бағаланғандық болып табылады. Заң нормасында тыйым салу жалпы да, нақтылы да түрде белгіленуі мүмкін.
Заң әдебиетінде құқықты реттеудегі тыйым салу нормасының екі тәсілі ерекшеленеді: рұқсат беру және ерік беру. Рұқсат беру — нормативтік жарлықпен тікелей көзделген рұксат. Ерік беру — тікелей тыйым салынбағанның бәріне ерік беру (мысалы, астанадан басқа жерде тұруға ерік берілген т. с. с).
ә) Қылмыстық-атқару құқығының мадақтаушы шаралары сотталғандардың заң қабылдайтын мінез-құлкына жағдай жасауға бағытталған. Қылмыстық атқару құқығының мадақтаушы нормаларының айырмашылығы — ол тек құқық қатынасының жалғыз субъектісіне, мекемесіне немесе жазаны атқарушы басқа бір орган әкімшілігіне мақтауға құқық береді. Екінші субъект — сотталғандар қосымша лайықты мадақтауға құқық беруді талап ете алмайды, ол үшін еңбек сіңіруі тиіс. Әкімшілік мадақтауға шешім қабылдағанда сотталғандардың тәртібін жақсы деп сипаттайтын мағлұматтарды басшылыққа алады.
Құқық қолдану қызметінің жаза атқару кезеңінде әлеуметтік белсенділігіне дем беретін, қылмыс жасай беруден өз еркімен бас тартқаны т.с.с. үшін құқықтың басқа да салаларында мадақтау нормалары кең қолданылуы мүмкін.
б) қоргаушы нормалар — қылмыстық жазаны атқару (өткеру) процесінде пайда болатын құқық қатынастарын қорғауды қамтамасыз етуге шақыратын нормалар.
Қылмыстық-атқару заңдары жүйесінде ұйымдастыру-техникалық нормасын атап кетуге болады. Олар процессуалдыққа жақын болады, бірақ оның айырмашылығы — құқық қатынастарда қосымша құқықпен міндеттер қаралмайды. Мұндай нормалар негізінен ЕТМ ішкі тәртіп Ережесінде топталған. Мысалы, құрал-жабдыққа техникалық талап қою, сайман, бұйым тізімдерінін болуы т.с.с.
Қылмыстық-атқару нормаларын түрлерге бөлу тек қана оның жалпы теориялық маңызымен бірге, ол құқық қолдану қызметінде нақтылы талдауға да көмектеседі. Жаңа нормаларды құрастырғанда қай түрге жататынын, субъектілердің құқығы мен мазмұнын нақты белгілеуді және құқық қарым-қатынастарына қатысушыларды еске алу керек.
Қылмыстық-атқару нормалары — гипотезадан, диспозициядан және санкциядан тұрады.
Гипотеза арнайы шарттан тұрады, егер ол бар болса. бұл норма қолданылуы мүмкін. Әдетте ол заң тарауы аталуында айтылады.
Диспозиция нормасы — бұл мінез-құлық ережесі, мұнда субъектілерге құқық пен бұл құқық міндеттемелерін байланыстыру үлесін беру көрсетіледі. Ол құқық қатынастарына қатысушы жақтардың тиісті тәртібін, әдеттегідей заң баптары мазмұнын бейнелейді.
Санкция нормасы — бұл диспозицияда айтылған ережені бұзған кездегі негативтік салдар.
Қылмыстық-атқару құқығы нормаларының ерекшелігі — олар негізінен императивтік (өкілетті) сипатта болады. Құқық нормаларының көбінде гипотеза болмайды, бірақ диспозишя барлық уақытта болады. Көптеген нормалар (гипотезамен санкция) нақты норма мәтінінің сыртында жатады.
продолжение
--PAGE_BREAK--
4.Үкімнің занды күшіне енуімен және осы үкімнің атқарыла бастаған күнінен бастап мемлекетте, оның қылмыстық жазаны орындайтын тиісті мекемелері мен органдарының сотталғандарға құқық реттеу жиынтығын қолданатын, жазаға тән және түзеу шарасын қолданып әсер ету құқығы пайда болады. Сот-талған өз кезегінде құқық шектеуге көнуге міндетті және түзеу шарасын қолдануды басынан өткеруі тиіс. Сөйтіп қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады. Ол осы құқық саласы нормаларымен реттеледі.
Қылмыстық-атқару құқық нормалары нақты жазаны өтеу жағдайы мен тәртібін белгілей отырып, жазаны аткару (өткеру) жағдайында және процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды мемлекет мүддесінде реттеп, оған құқық қатынастарының маңызын береді.
Қылмыстық-атқару құқық қатынастары осы қоғамдық қатынастарды реттейтін қылмыстық-атқару құқығы нормаларының түрлеріне қарай топтастырылады. Егер де әңгіме міндеттерді орындау, тікелей қоғамдық қатынастарда құқықты пайдалану және тыйым салуды бұзбауда болса, онда ол материалдық нор-малар болғаны. Олардың негізінде пайда болған құқықтық қатынастар материалдық, қылмыстық-атқару құқық қатынастарыболып аталады. Тәртіп туралы сөз болғанда, яғни шын мәнісіндегі қоғамдық қатынастарда әр жақтардың қатынасқанын құжатпен дайындағанда, онда оның процессуалдық нормалар болғаны. Олардың негізінде процессуалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасы пайда болады, олар материалдық қылмыстық-атқару құқық қатынасының өмір сүру түрі болады. Басқаша айтқанда, еңбекпен түзеу құқығының процессуалдық нормалары осы сала құқығының материалдық нормаларын қозғалыска келтіреді.
Материалдық та, процессуалдық та қылмыстық-атқару құқық қатынастары реттеушілер және қоргаушылар болып бөлінеді. Жан-жақтың құқығы мен міндеттерін іске асырудың әдеттегі процесі жүріп жаткан кезінде, онда ол материалдық және процессуалдық құқық қатынастарын реттеу шеңберінде іске асырылады. Бұл құқықтық қатынастарда қылмыстық-атқару құқығы нормаларында қолданылған негізгі қорытынды сотталғандардың заңшылдық (занды бұлжытпай орындаушылық) сипаты қалыптасады.
Сотталғандар белгіленген міндеттерін орындамаған кезде немесе берілген құқығына қиянат жасағаны, сондай-ақ тыйым салынғандарды бұзғаны, оларға мемлекеттік күштеуді іске асыру түріндегі ескерту жазасы, бұлтартпау жазасы, құқықты жаза (тәртіптік пен материалдық) сотталғандардың жауапкершілігін іске асыруға байланыстылардың барлығы қылмыстық-атқару құқығы қорғаушылар нормасының іс-қимылына кіргізіледі. Соның негізінде пайда болатын қорғаушылдық (охранительные) қылмыстық-атқару құқық қатынастар сотталғандарды қолайсыз салдарға ұшыратады. Олар сотталғандардың заңсыз мінез-құлкынан бас тартуына, қылмыстык-атқару құқығы нормаларын бұзуға мүмкіндік беретін себеп пен жағдайларды бол-дырмауға бағытталған.
Жазаны атқару (еткеру) процесінде және түзеу ықпалын жүзеге асыруда қарапайым ғана емес, күрделі де құқықтық қатынастар пайда болады. Оларда құқық қатынастардың бірнеше элементтері бар болуы мүмкін және онда субъектілер арасындағы құқыктык байланыс, олардағы көптеген құқық пен міндеттердің өзара қарым-қатынасымен бейнеленеді, мысалы режим тәртібін іске асыру, еңбек жағдайын т.б. қамтамасыз ету.
Қылмыстық-атқару құқық қатынасы басқа құқық қатынастар түрлерінен айырмашылығы — олар өзінше ұзартылатын құқық қатынастар, өйткені мұнда сот үкімімен кесілген нақты мерзімі болады.
Қылмыстық-атқару құқық қатынастары басқа құқық қатынастар түрлерінен өзгешелігі — ол өзінің субъектілері арқылы олар жаза орындайтын мемлекеттің тиісті органдары және қылмыстық жазаға сотталған адамдары болуы мүмкін. Құқықтық қатынастар субъектілерінің жағдайын алып қарағанда құқықтық пен заңдылыққа жататын міндеттер көпшілігінің тендігіне емес, қайта бір жағының (сотталғандардың) екінші жағына (мемлекет органдарына) бағыныштылығына негізделеді. Қылмыстық-атқару құқық қатынастары үшін тән және ерек-ше объектілер, олар шын мәнісінде субъектілер әрекеті (әрекетсіздігі) қылмыстық жазаны атқару және өткеру процесінде болады.
Сонымен, қылмыстық-атқару құқық қатынастары дегеніміз — қылмыстық-атқару құқық нормаларымен реттелген. мемлекеттің тиісті органдары мен сотталғандардың жазаны атқару немесе өткеру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Кез келген құқық қатынастың өз құрамы бар, яғни ол онсыз өмір сүре алмайтын белгілі бір элементтердің жиынтығы. Құрамдас бөлімдері (элементтері) дегеніміз — субъектілер мен басқада құқық қатынастарға қатысушылар; құқық қатынастар маңызы; құқық қатынастар объектілері, заң ақиқаттары.
Құқық қатынастарының субъектілері мен басқа да қатысушылары қылмыстық-атқару құқығы нормаларында көрсетілген, субъектілік құқықтары және тиісті занды міндеттері бар — занды ұйымдар мен жеке адамдар болып есептеледі. Құқық қатынастарының сувьектілері деп субъективтік-құқық пен міндеттерінің көп көлеміне ие болатын оның жан-жақтарын айтады. Олар болмаса құқық қатынастары құралмайды.
Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының есебіне кіретіндер: жазаны орындайтын мемлекет мекемелері мен органдары, бақылау комиссиялары, лауазымды адамдар, кәмелетке толмағандар туралы комиссиялар, еңбек ұжымдары, сотталғандар және олардың жақын-жуықтары.
Қылмыстық-атқару құқық қатынастарының маңызын субъектілер мен қатысушылардың шын мінез-құлқы және олардың құқы мен міндеттерінің жиынтығы деп түсіну керек. Екі субъектінің де құқығы мен міндеттері бар. Дегенмен, егер де олардың біреуінің қандай да болмасын міндеті болса, онда екіншісінің бұл міндетке жауап беретін құқығы болады. Құқық және оған сәйкес келетін міндет (немесе керісінше) құқық қатынастар субъектілерін байланыстырады. Мазмұн мен қылмыс-атқару құқық қатынастары субъектілеріне жататын құқық пен міндеттер көлемі, атқарылатын жаза түріне тәуелді және жазаны атқару (өткеру) мен түзеу ықпалының шарасы процесінде де ашылады.
Маңызы жағынан қарағанда құқық қатынастарының екі түрге бөлінетінін атап өту қажет. Олар жазаны атқару кезіндегі шара қолданбай құрылатын және түзеу шарасы ықпалын қолдану кезіндегі болып бөлінеді.Қылмыстық-атқару құқық қатынастары объектісін құбылыстар мен бұйымдар құрайды немесе шын мағынадағы тіршілік жағдайлары кезіндегі пайда болатын құқық қатынастар. Құқық қатынас объектісі оның субъектілерінің немесе қатысушыларының белгілі заңды талабы бола алады. (Мысалы, сотталғандардың түзеу мекемелерінен қысқа мерзімге шығуы, жолығуға. сәлемдеме, тағам алуға рұқсат етілу т.с.с).
Заң шындықтары әрекетті немесе уақиғаны көрсетеді осыған байланысты қылмыстық-атқару құқық қатынастары пайда болады, өзгереді немесе тоқтатылады.Заң шындықтарының есебіне пайда болатын, өзгеретін немесе тоқтатылуды қамтамасыз ететін құқық қатынастарына кіретіндер: айыптау үкімін шығару немесе сот ұйғарымы үкімнің занды күшіне енуі мен өтеуді талап ету, кездестіру, жолықтыру, тәртіп жазасын беру немесе қапас тәрізді бөлмеге-ауыстыру, сот шешімімен мерзімінен бұрын босату және т.б.
Заң шындықтарын талдау және бағалау құқық қатынастар заң жаратылысына шек қоюға мүмкіндік береді. Олар жазаны орындау кезінде пайда болады, әсіресе жекелеп айтсақ, сотталғандардың жеке меншігіне байланысты азаматтық құқық сотталғандарды мерзімінен бұрын босату туралы қылмыстық іс жүргізуде пайда болады. Ол әр түрлі құқық қатынастары саласына кіретін норманы дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.
3-дәріс. Қазақстан Республикасындағы сотталғандардың құқықтық жағдайы.
1. Қылмыстық жазасымен сотталған адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі.
2. Сотталғандардың құқығы мен міндеттері.
3. Бас бостандығынан айырылуға сотталғандардың тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершілігі.
1.Заң бойынша адам теңдігін оған заңды құқық пен бостандық беру негізінде тану азаматтық қоғамның басты белгісінің бірі.XX ғасырдағы дүние жүзі қоғамдастығының дамудағы едәуір прогресі адамның жеке тұлғасының бағалылығын түсінушілік, оның құндылығы үздіксіз байланыс керектігінде, күнелту мен еркін дамуға ең аз да болса кепілдікті қамтамасыз етуінде болып табылады.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі негізін конституциялық құқық, бостандық пен азаматтар міндеттері жатады. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің ерекше айырмашылығы — оның тұрақтылығы мен біршама өзгермейтіндігі.
Азаматтың құқығы дегеніміз — қандайда бір игілікті кепілді түрде пайдаланудың мүмкіндігі. Бұл адамның мемлекеттің ұйымдасқан қоғамындағы мінез-құлқының ресми өлшемі.
Адам құқығы — ол субъективті құқық шамамен емес, қайта жеке тұлғаның Конституцияда және заңда бекітілген нақты мүмкіндігі. Заң шығарушы тек қана шын қоғамдық қатынастардан шығатын, алдын ала құрылған әлеуметтік-экономикалық және саяси мүмкіндігі бар құқықты бекіте алады.
Көбірек тараған топтастырулар төмендегідей болады:
саяси құқықтар — ол адамның мемлекеттік және қоғамдық-саяси өмірін- дегі оның саяси тағдыры мен еркіндігін өзі шешуді қамтамасыз ету мүмкін- діктері, мемлекетті басқаруға қатысуы; жеке азаматтық құқығы мен бас бостандығы; ол адамның заңсыз және орынсыз жеке өміріне, ішкі сезіміне араласпау, жеке басының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мүмкіндігі; әлеуметтік-экономикалық құқық пен бас бостандықтар — ол өндіріс пен материалдық игілікті бөлу саласындағы жеке адам мүмкіншілігі, экономикалық және оған байланысты рухани талаптардың сай келуі және адам қалауына байланыстылығы; мәдениет құқықтары мен бас бостандықтары ол адамның рухани, мәдени игіліктері, яғни жетістіктерді пайдалану мүмкіншіліктері, оларды өзіне лайықты ынтасы мен қабілеттілігіне қарай жасауға қатынасу.
Қазақстанда адам құқығын сақтаудың маңызды компонентінің бірі — оған сотталғандардың құқын бұзуды ескерту және бақылау жатады.
Жазаны өтеп жатқан адамдар, мемлекет азаматтары ретінде Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей, белгілі құқықтық шектеуге қарамастан, адамның азаматтық құқығы мен бас бостандығына ие бола алады. Соның ішінде барлық сотталғандар жалпыға бірдей Адам құқығы Декларациясы баяндаған адам құқықтарымен және бас бостандығын пай-даланады, тек оның шектелу тиістілігіне, бас бостандығынан айыру орындарына анық қамалғаны себеп болады.
Қамаудағы адам деп — ол қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сотталып, жеке бас бостандығынан айырылған кез келген адамды айтады.
Сотталған азаматтарға жазаны өтеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандығына кепілдік берілуі тиіс, оған тек қылмыстық, қылмыстық-атқару және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарымен алып тасталған, сондай-ақ шектелу белгіленгендер жатпайды.
Сотталғандармен жұмыс жасау барысында, олар қоғамнан шығарылып қалғандар емес, қайта оның мүшесі болып қала беретіндігіне ерекше көңіл аудару керек.
Сондықтан сотталғандарды қоғам өміріне қайтару мақсатында қоғамдық ұйымдарды түзеу органдарымен бірге қызмет етуге (мүмкін болған жерде) жұмылдыру керек.
Қазақстанда бұл бағытта адам құқығы мен зандылықты сақтау жөніндегі Қазақстан-Америка бюросы мен реформаға көмектесетін Қылмыстық әділ сот орталығы сияқты үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.
Сотталғандарды заңмен тікелей белгіленген жағдайдан басқа кезде азаматтық міндетін атқарудан босатуға болмайды.Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 10-бап, 2-тармақ). Сотталғандардың құқы мен бас бостандығы сот үкімімен және Қазақстан Республикасы заңында көрсетілген мерзімге ғана шектелуі мүмкін. Мемлекет сотталғандардың және олардың туысқандарының, жақындарының сондай-ақ басқа да жеке тұлға мен заң ұйымдарының, егер де сотталғандар олармен әр түрлі зандық қатынастарда байланысты болса барлығының құқығы мен заңды талаптарын сақтауға және қорғауға кепіл болуы тиіс.
Сонымен қатар сотталғандардың құқықтық мәртебесіне шек қоюды бұзбауға байланысты еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу қапасында отырғандарға спирттік ішімдіктерін, естен тандырарлық әсері бар дәрілер мен басқа заттарды, ақша, ас тағамдарын, бұл мекемеде сақтауға, пайдалануға рұқсат етілмейтін бұйымдар мен заттарды заңсыз бергендер әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.Сот үкімімен сотталғандар кейбір жағдайда сотталған атағына ие болады, егер де ол адам қылмысты қайта жасаса жауапкершілік ауырлайды. Сотталғандардың кейбір категориясына рецидивті қылмысты ескерту үшін әкімшілік қадағалау қойылады.
Сотталғанның меншік құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы арқылы қорғалады, онда: «Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды», — делінген.Сотталғанды жазаны өтеу кезінде азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды (Қазақстан Республикасы Конституциясы, 17-бап). Тіпті ең ауыр өлім жазасы белгіленген адамға Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабына сәйкес кешірім жасауды арыздау құқын кепіл етіледі. БҰҰ 1984 ж. 25 мамырындағы "Өлім жазасына кесілгендердің құқын қорғауды кепіл ету шаралары" құжатына сәйкес өлім жазасын орындау кезінде бұл процедура мүмкіндігіне қарай жеңіл азап шектіруі тиіс.
Бас бостандығынан айырылған адамдардың бәрінің де, олармен адам баласына тән имандылықпен айналысуға, абыройын сыйлатуға құқы бар. 1966 ж. 16 желтоқсанындағы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактіде» былай көрсетілген: «Пенитенциар жүйесінің қамаудағы адамдарға режим қойғандағы мақсаты — оларды түзеу және әлеуметті етіп қайта тәрбиелеу». «Барлық қамаудағылар адамгершілік қасиеті ретінде өздерімен сыйлы қарым-қатынаста болуды пайдалануға тиісті» (1990 ж. 14 желтоқсандағы қамаудағылармен айналысудың негізгі принциптерінен алынды).
Мемлекет жағынан сотталғандардың құқықтық жағдайы жақсара қалса, ондайда заңның кері күші болуы тиіс. Егер де заңмен қандай да болмасын құқық бұзғаны үшін сазайын тарту (немесе жазалау) жеңілдетілсе, тіпті бұл әрекеттің заңға қайшылығы жойылса, мұндай заңның міндетті түрде кері күші болады.
Жазаны орындау — мәжбүрлеу акциясы, ол мемлекет жағынан күш қолдану арқылы қамтамасыз етіледі, ол тиісті құқық шектелу қиыншылығына апарып соқтырады.Сотталғандар заң жүзінде тиісті құқыққа ие болғандықтан, ол олардың занды мінез-құлқына күш қолданбаудың кепілі болып есептеледі. Сотталғандарға жаңа міндеттер жүктеледі, оны объективтік қажеттілік, тиісті оның мінез-құлқы деп түсіну керек. Мемлекет сотталғанның мінез-құлқын белгілей отырып, талап қояды және оның заңды міндеті болғандықтан оған кепіл болады.
Бұл міндеттерді бұзғаны үшін оған сәйкес тиісті жауапкершілік жүктеледі. Мысалы, Қазакстан Республикасының қылмыстық заңында, егер бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстык жаза атқарып жатқандардың басқа түзелу жолына түскендерді қудалағаны немесе қамаудан қашқаны, бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден бас тартқаны, еңбекпен түзеу мекеме әкімшілігінің талабына қасақаналықпен көнбегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.Сотталғанның мұндай құқық шектеулер көлемі жынысына, азаматтығына, жасына, жаза түріне, бұрын сотталғандығына байланысты. Мысалы, Конституциялық күші бар 1995 ж. 28 қазандағы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының 4-бабына сәйкес, сот үкімімен еркінен айыру орындарында отырған Қазақстан азаматтары сайлауға қатыса алмайды, яғни актив, пассив сайлау құқығынан айырылады. Сотталған әйелдердің құқық жағдайынын басқа сотталғандарға қарағанда өзгеше айырмашылығы бар. БҰҰ 1985 жылғы 6 қыркүйектегі Ең аз үлгі Ережеде кәмелетке толмағандарға әділ сот қолданылғанда жеңіл жазалау жағын қарау сияқты түзеу мекемелеріне орналастырылған, құқық бұзған жас әйелдерге де айырықша көңіл бөлуді ұсынады. Сонымен бірге құқық бұзушы әйелдерде, әдетте, ерлерге қарағанда аз назар аударылатындығы көрсетілген.
Қазақстанда тұратын шетелдіктер сонымен қатар азаматтығы жоқ адамдар құқықтық мәртебеге шектелген көлемде ғана ие болады.Сотталған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқық шектелу көлемі аз болады, тек олар, мысалы, жалпы әскери міндетті емес, сайлау құқығымен пайдаланбайды. Шетелдіктерге Қазақстан Республикасында тұру орнын таңдауға және оны ауыстыруға белгілі шектеулер қойылады.
Сотталған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының және басқа да ТМД елдерінің сотталған азаматтарынан бөлек отырады. Сотталған шетелдікке жазасын өтеп шықпайынша немесе жазадан босатылмайынша Республикадан кетуге рұқсат етілмейді.
Ең аз үлгі Ережесіне сәйкес қамаудағы отырған шетелдік ұсталғандармен айналысқанда өз елінің елшілік немесе консулдық өкілдерімен байланысын мүмкіндігіне қарай жалғастыруды қамтамасыз ету тиіс.
Қазақстан кейбір халықаралық-құқықтық шарттарға қосылған жоқ. Соның бірі — бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жаза өтеуге азаматы болып есептелетін мемлекетіне беру Конвенциясы. Осы құжатқа сәйкес сотталғандар жазаны өткергенге дейін кез келген уақытта өзінің бастауымен немесе шет мемлекеттің құзыретті органдарының сұрауымен және сотталғанның немесе оның туыскандарының өтініші бойынша беруі мүмкін. Бұл жағдайда үкімді қайта қарау үшін жазаны атқаруға жіберілген адам сот үкім шығарған мемлекеттің құзырлы органына баруға болады.
Сотталғандарды құқықпен қорғау мынадай кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі: сотталғандардың ұсыныс, арыз, шағым жіберуге және оны қарау тәртібі туралы құқығы; мемлекеттің үкімет органдарының бақылауы; соттық және мемлекеттік бақылау; прокурорлық қадағалау; жазаны өтейтін мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңның сақталуын қарайтын қоғамдық бақылау; халықаралық және ұлттық құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің осы мекемелерге қатысы.Қазіргі заманда адам құқығы туралы халықаралық нормалар әділсот жүргізу саласында жеке адам құқығының мәртебесіне елеулі түрде әсер етеді. Қазақстанның халықаралық шартты бекіту акті мемлекет үшін заңдарын өзіне алған міндеттеріне сәйкестендірудің қажеттілігін көрсетеді. Халықаралық құқық бірте-бірте жан-жақты болуда, ал оның нормалары мен принциптері халықаралық бірлестіктің барлық мемлекеттеріне міндетті.
1987 ж. Еуропа кеңесі министрлер комитетінің қабылдаған Еуропадағы түрмелер туралы «Ережесі пенитенциарлы мекемелерінің сотталғандарға қатысы бар негізгі мақсатының бірі — олардың денсаулығын сақтау мен жеке басының адамгершілігін сезіндіру және жаза атқару мерзімі кезінде мүмкіндігіне қарай жауапкершілік сезімін ояту және бейімділігі мен дағдысын дамыту. Бұлар сотталғандардың босатылғаннан кейін өз бетімен өмір сүруіне және занды сақтауға мүмкіндік береді.
1985 ж. 6 қыркүйегіндегі Әділсоттың негізгі принциптері қылмыс құрбаны және билігін пайдаланып қиянат жасағандар туралы Декларацияға сәйкес БҰҰ-на мүше мемлекеттерге мінез-құлық пен әдеп Кодекстерін, атап айтқанда мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ түзеу мекемелерінің құқық қорғау қызметкерлеріне халықаралық үлгілерді сақтауға көмектесуді ұсынады.
Адамның құқықтық жағдайын анықтай отырып, құқық шығармашылығы мен заңға, оның қорытындысы ретінде өмірде алдын ала пайда болатын тенденциялармен және құқық реттеудің қажеттілігімен мемлекет есептесуі тиіс. Құқықты4 орнату шындыққа негізделуі тиісті, қоғамның әлеуметтік-эко-номикалық және рухани дамуының зандылығы мен қажеттігін есепке алуы тиіс, ол тиісті мен мүмкіндіктің бірлігін сақтай білу деген ойдан туындайды.Дүние жүзі пенитенциарлық мекемелерінің көптеген проблемалары ұқсас: ол алдымен құқық бұзушыны қамауға алып күзет қоюдың мақсатына нақты жауаптың болмауы, қоғам жағынан пенитенциарлық мәселелерге түгелдей көңіл қойылмауы, қамауда отырғандарға халықаралық нормалардың сақталынбауы. Қазақстан Республикасы 1992 жылы БҰҰ-ның толық құқықты мүшесі болды, сонымен өзінің халықаралық құқық принциптер негіздерінің жолын ұстайтындығын дәлелдеді.
Біздің елді дүние жүзінің 117-ден астам мемлекеті таныды, олардың 105-і мен елшілік қатынас орнатылды. 800-ден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасалды.Егеменді Қазақстан дүние жүзі қоғамдастығының толық құқықты мүшесі, оның ажырамас бөлегі бола отырып, сонымен бірге БҰҰ-ның халықаралық құқықтық құжаттарының орындалуын бақылауға, алдыменен адам құқын сақтауға, оның ішінде әділсот пен жаза атқару саласында өзіне міндеттемелер алды. Қазақстан алдында жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде қоғам өмірін демократизациялауда қым-қиғаш қиын жолдан өту кезегі тұр. БҰҰ-ның құқықты сот саласындағы халықаралық құқық құжаттарына қосылу және оны бекіту мемлекеттің қылмыс саясатын жасауда жақсы жол көрсеткіш болады.
Құқығы ең жиі бұзылатындардың бірі, ол тергеуде жүргендердің қорғану құқығы. Кейбір жағдайда тергеуде жүргендерге және ұсталғандарға ұсталған кезінен бастап адвокат қатысу құқын хабарламайды немесе адвокатты алмауға мәжбүр етеді. Адвокатты қорғалушыларымен кездесу үшін тек бір жолға ғана рұқсат беріледі, сондықтан олар тергеу изоляторындағы „клиентімен“ кездесу үшін кезекте сағаттап тұруға мәжбүр болады. Қорғаушылардың тілегі жиі-жиі себепсіз қабылданбайды. Мұндай жағдай халықаралық үлгіге, жекелеп айтсақ, 1990 ж. тамызында БҰҰ қылмыстарды алдын ала ескерту туралы 8-конгресінде қабылданған адвокаттар рөлі жөніндегі негізгі ережелерге қайшы келеді. Онда үкіметтің құзыретті билікшілері әрбір адамға оның өз қалауымен қамауға алғанда, ұстағанда немесе түрмеге отырғызғанда, сондай-ақ қылмыс жасаған деп жауаптағанда адвокат көмегін алуды хабардар етіп, мүмкіндік туғызуды қамтамасыз етуі тиіс. Ұсталуға ұшыраған, қамауға алынған адамдар адвокатпен жиі кездесуге мүмкіндік алуы керек, қайткенде де мерзім 48 сағаттан аспауы тиіс. Ұсталғанға, қамалғанға немесе түрмеге отырғызылғанға керекті жағдай жасалып және адвокатпен кездесу үшін уақыт белгіленіп, байланыс құралдарымен тоқтаусыз, кедергісіз, цензурасыз құпиясы толық қамтамасыз етілуі керек.
1990 ж. қыркүйекте Халықаралық заңгерлер конференциясында қабылданған (ХАЗ) ассоциациясы заң маманының тәуелсіздігі Үлгілеріне сай бас бостандығынан айрылған адамдардың ісін жүргізгенде адвокаттар тәуелсіздігін кепіл етуі керек, оларға еркін, әділетті және құпия (конфиденциальность) заң көмегін беруді, соның ішінде ол адамдарға бару құқығын қамтамасыз етуі тиіс. Кепілдік етіп және сақтық шараларын қамтамасыз еткенде билікшілермен қандай да болмасын жасырын ымыраласу мүмкіндігін болдырмау, заңгерді олардан тәуелді болудан сақтау және заңгердің еркінен айырылғандар мүддесіне қызмет істеп жүргенін жасатпау қажет. Адвокат „клиентімен“ қарым-қатынас жасаған уақытында оның құпия-лылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Оған қоса қарапайым және электронды жүйені, барлық адвокаттық іс жүргізуін және адвокат құжаттарын алу мен қарауды қорғау тиіс. Сонымен бірге электронды байланыс құралы мен хабарласу жүйесін пайдаланғанда кіріспеуді қамтамасыз ету керек.
Басқа да тергеуде жүргендердің құқығын сақтамаудың ең көшірілмейтіні — ол тергеу жүргізіп жатқан кезде, әсіресе жауап алу кезінде зандылық режимін бұзушылық.Қазақстанда қылмыстык-атқару жүйесін реформалау Алматыда өткен 1993 ж. „Қазақстандағы қылмыстық-атқару жүйесінін реформасы“, 1995 ж. „Сот және пенитенциарлық жүйелерін реформалау кезіндегі адам құқығының Концепциясы“ туралы халықаралық конференцияларда талқыланды. Пенитенциарлық жүйені реформалау үкімет бекіткен Қазақстан Республикасының 2005 ж. дейінгі қылмыстық-атқару жүйесінің даму Концепциясын жүзеге асыруды болжайды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару кодекстерінде БҰҰ-ның әділсот жүргізу және сотталғандармен айналысу саласындағы Халықаралық актілері өзінін лайықты орнын табуы керек. Құқықтық мемлекет құру мақсатын қойған Қазақстанда заңға негізделген ведомстволық актілерді салыстырмалы түрде өзгертуге болады және олай ету қажеттілігі бүгінгі күн талабынан туындап отыр.
Қазіргі кезде құқық жүйесіндегі қайшылықты жеңіп шығу, ішкі біртұтас, қарама-қайшылықсыз заң құру өте қажет.Кейбір жағдайларда заң сотталғандарға негізсіз тыйым салады да, олардың түгелдей жалпы азаматтық құқын қамтамасыз ете алмайды. Көптеген мәселелер ведомстволық актілермен реттеледі, ал олар кей кезде занды бұрмалайды. Нормалардың кейбіреуі халықаралық үлгіге сәйкес келмейді.
Бас бостандығынан айырылғандардың жазаны өтеу жағдайы сотталғандардың әр түрлі категориясына қарай жеткілікті дараланған. Түзеу амалы мен постпенитиенциарлы механизмдері құқық бұзушы адамға дұрыс емес бағытталған. Онда оның тиісті шамасын, жеке басының өзгешелігін адамгершілік дәрежесінін төмендегенін, істеген әрекетінің ауырлығын есепке алмайды.Қылмыстық жазаны атқарудын жаңа заңын қабылдау қажеттік себебі, оны біздің елдің өзіне алған халықаралық құқық міндеттемелеріне сәйкестендіруге байланысты. Құқықты мемлекеттің сипаты — ол азаматтардың өмір сүру кезінде құқы мен бас бостандығының кепілдігі және мызғымастығы, және азамат пен мемлекеттің өзара жауапкершілікті орнатуы мен қолдану принципі болып табылады.
продолжение
--PAGE_BREAK--
2.Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару зандарына сәйкес сотталғандар тиісті мәртебеге ие бола алады, оның негізі субъективті құқық, заңды міндеттері және олардың Қазақстан Республикасы азаматтары үшін белгіленген занды талаптарымен қоса қылмыстық-атқару зандары, сот үкімімен шығатын режим мазмұны қойған шектеулер болып есептеледі.Норманың мазмұнынан (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 8-бабы) сотталғандардың құқық жағдайын орнатумен бірге тікелей де, жанамалы да шектеулер байқалады. Мысалы, Заң нормасы бас бостандығынан айыруға сотталғандарды Қарулы Күштерде қызмет ету, сайлау, сайланылу, мемлекет аумағында еркін жүру құқын тікелей шектейді. Тікелей шектеулер сот үкімінде қосымша жаза ретінде көрсетілуі мүмкін, яғни тиісті бір лауазымды орында жасау немесе белгілі қызметпен шұғылдану құқынан айыру, арнаулы немесе әскери лауазымнан айыру т.с.с. Тікелей шектеулер тұрақты қорғау мен бақылау орнату режим ережесін т.б. білдіреді.
Жанама — ол соттың да үкімі және жазаны атқару режимі. Сондықтан бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны атқару кезінде айрықша міндетіне байланысты, өне бойы тұйық кеңістікте тұрады, оны бұзғаны үшін тәртіп жауапкершілігіне тартылады.Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық-атқару Кодексінде (ҚАК) Занда бірінші рет, қылмыс жазасын атқару, ондағы тәртібі мен жағдайын, сотталғандардың құқықтық жағдайын реттейтін жеке тарау берілген. Сонымен жазаны атқару заңдылығын, сотталғандардың занды талабы мен құқын қамтамасыз етуге көңіл бөлінген. Қылмыстық-атқару кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясын адам мен азамат құқын жалпы танылған халықаралық принциптер мен нормаларды, соның ішінде қылмыстық жазаны өткеріп жатқандардан құқық айырмашылығына қарай сәйкестендіріліп анықтай түседі. Мемлекет сотталғандардың заңды талабы мен бостандық құқын құрметтеп, оны мойындап қана қоймайды және оларды жүзеге асыру мүмкіндігіне кепіл болады.
Субъективті құқық деп мемлекет кепіл болатын және құқық нормаларымен қамтамасыз етілген адамның белгілі бір кезеңдегі ісіне немесе тиісті игілікке ие болып пайдалануды айтамыз. Субъективтік деп аталу себебі: оның тек қалай пайдаланатыны субъектінің еркіне байланысты. «Бостандық» категориясы заңның "құқық" категориясына барабар. Заңды міндет — ол құқық нормаларымен алдын ала жазылып қойылған объективті қажеттілігі, құқық қатынас субъектісінің құқықты өкілеттік адам тілегіне лайықты сипаты. Зандылык міндет белсенді, жағымды әрекет жасауымен қатар, қандай да болмасын әрекеттен тартынуы да мүмкін. Заңды мүдде түсінігі дегеніміз -ол заңмен белгіленген құқық пен бостандықтың мазмұнын қамтымайтын, бірақ мемлекет жағынан қорғалуға тиісті және құқық нормаларымен сақталатын жеке адамның қажетті талабы.
Қылмыстық-атқару кодексі сотталғандардың негізгі міндеттерін былай белгілеген:
1.Сотталғандар осы Кодекспен, өзге де нормативтік- құқықтық актілермен және үкіммен белгіленген құқықтық шектеулерден туындайтын талаптарды сақтауға міндетті.
2.Сотталғандар өздеріне белгіленген мінез-құлық ережесін, жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің заңды талаптарын орындауға міндетті.
3.Сотталғандардың өздеріне жүктелген міндеттерді, сондай-ақ жазаларды атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
Аталған міндеттер сотталғандарға жүктелген міндеттердің бір құрамдасы болып есептеледі. Негізгі міндеттер деп аталу себебі: олар жаза атқарып жатқандардың жаза түріне қарамастан барлығына таралады және сотталғандарға қойылатын маңызды талаптарын бекітеді. Сотталғандар міндеттерінің көпшілігі құқық нормаларында бекітіледі де жазаны өтеу тәртібін нақты түрде реттейді.
Сонымен қатар, әсіресе айта кетерлік жайт, ол сотталғандар жаза атқаратын мекемелер мен органдар әкімшілігінің кез келген талабын емес, тек зандыларын ғана орындауы тиіс. Яғни алдын ала зандарда негізделіп жазылған талаптар (Конституцияда, Қылмыстық-атқару кодексінде, заң күші бар Президент Жарлықтарында) және заңға негізделген нормативтік актілерде соның ішінде жазаны өткеру мен атқару тәртібіне байланысты; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкілдері; ІІМ бұйрықтары, нұсқаулары, ережелері, өкімдері; Қорғаныс министрлігі шығаратын сотталған әскери қызметкерлердің жазаны атқару жағдайлары мен тәртібі жөніңдегі норматавтік актілер және т. б. Бұл анықтама сотталғандардың құқықтық жағдайын білу үшін маңызы зор, себебі: ол сотталғандарға талап етілетін заң өрісін шектейді. Сотталғандар жүктелген міндеттерін орындау үшін оларға әр түрлі заң салаларында белгіленген санкция қолдану мүмкіндігі кепіл бола алатындығы (мысалы, жаза қолдану шаралары ҚазССР ҚАК-нің 72-бабында көрсетілген), жарлық құқықтың қандай саласына жататынына және ол адамның орындамағанына немесе тәртіп бұзғанына байланысты болмақ. Сотталғандардың негізгі құқықтарына кіретіндер:
5) Сотталғандардың сот тағайындаған жаза түрін өтеудің тәртібі мен жағдайлары, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алуға құқығы бар. Ақпаратты жазаны атқарушы мекеме немесе орган береді.
6) Сотталғандар жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігіне, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардан жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, басқа мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға ауызша және жазбаша ұсыныстар, өтініштер жасауға, шағымдануға құқылы.
Сотталғандар түсініктеме беруге және хат алысуға, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында аталғанындай ана тілінде немесе өзі білетін кез келген басқа тілде ұсыныстар, өтініштер жасауға және шағымдануға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметін пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтініш жасаған тілінде қайтарылады. Өтініш жасаған тілде жауап қайтаруға мүмкіндік болмаған жағдайда ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде немесе халықаралық қолданыстағы орыс тілінде беріледі. Жауапты өтініш жасаған тілге аударуды жазаны атқарушы мекеме немесе орган қамтамасыз етеді.
Сотталғандар адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек беруге уәкілетті басқа адамдардың заң көмегін пайдалануға құқылы.
Сотталғандар әлеуметтік қамтамасыз етілуге, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы алуына құқығы бар.
Қамауға немесе бас бостандығынан айыруға сотталғандар өздерінің денсаулығын сақтау үшін қажетті материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық қамтамасыздандырылу құқығын пайдаланады.
Соттың үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдарды қоспағанда, сотталғандардың мемлекеттік органдарды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.
8.Жазасын өтеген және сотталуына байланысты атқарып жүрген қызметінен босатылған адамдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбекке орналасуға және тұрмыстық жағынан, әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алуға құқығы бар.
9.Жазасын өтеп жүрген адамдардың қызметкерлер тарапынан сыпайылық көру құқығы бар. Олар қатаң немесе адамшылық қасиетін қорлайтындай жағдайға ұшыратылмауға тиіс. Сотталғандарға мәжбүрлеу шараларын заң негізінен өзгеше қолдануға болмайды.
Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктер өз мемлекеттерінің дипломатиялық өкілдерімен және консулдық мекемелерімен, ал Қазақстан Республикасында дипломатиялық және консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарының мүдделерін қорғауды өз мойнына алған мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқығы бар.
Сотталғандардың құқықтарын іске асыру тәртібі Қылмыстық-атқару кодексімен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік-құқықтық актілермен, Қазақстан Республикасы бекіткен мемлекетаралық шарттармен белгіленеді. Мұнда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексі ережелерінде Халықаралық-құқықтық актілер мен үлгілердің жазаны атқару саласындағы және сотталғандармен айналысу кезіндегі жарлық-бұйрық пен ұсыныстарын жүзеге асырудың жалпы бағыты бейнеленіледі. Сотталғандардың құқығы көпшілік таныған халықаралық құқық принциптері мен нормаларына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына негізделгендіктен, оның ұлттық заңдардан артықшылығы сонда болып отыр.
Мемлекет Халықаралық актілерге сәйкес қылмыскерді жазалай отырып, оның құқын қаншалықты жаза мақсатына жету үшін сонша дәрежеде шектеуі тиіс. Сотталғандар соттың айыптау үкімі занды күшіне енгеннен кейін де Қазақстан Республикасының азаматы болып қала береді, соған байланысты олардың түгелдей жеке басының ар-ождан конституциялық Құқы сақталады. Бұл әр адамның ажырамас құқы және оны ешкім шектей алмайды.
Жазаны атқарушы мекемелерде сотталғандардың жеке басының қауіпсіздігі сотталғандардың мінез-құлқын қадағалау, олардың өздерін, меншікті заттарын, жайларын, сәлемдемемен алған заттарын тінту мен тексерулер жүргізу, жедел — іздестіру жұмысы, сонымен бірге басқа да аталған ұйымдар әкімшіліктерінің түрлі әрекеттерімен қамтамасыз етіледі. Ерекше жағдайларда сотталғандар мен дербес қызметкерлердің қауіпсіздігін сақтау үшін түзеу мекемелерінде төтенше режим жағдайын енгізуге рұқсат етіледі (резин сойылы, қол кісен, жуасыту көйлегі, жас ағызатын газ т.с.с). Жеке бас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шара қолданудың заңды негізі ол сотталғанды шын қорқытып қауіп төндіруінен пайда болады. Қылмыстық құқықта қорқыту түсінігін сөзбен жеткізу немесе өзгеше тәсілмен басқа бір адамға қарсы ойын білдіруді айтады.
Сонымен қатар сотталғанға қорқытқаны жөнінде әр түрлі тәсілмен ескертіледі, яғни ауызша жеке өзіне, басқа бір адамдар арқылы, жазбаша, ымдау арқылы, қару көрсету т.с.с. Сотталғанның жеке басына озбырлық жасаумен қатар, қауіп-қатер төндірудің негізі басқа да сотталғандардың, дәрежелі қызметкердің немесе бөтен біреудің заңсыз әрекеттері болуы әбден мүмкін. Сотталғанның жеке басына қауіп төнгенін қылмыстық жазаны атқаратын мекеме әкімшілігінің өз бетімен білуі мүмкін (мысалы, бақылау жедел-іздестіру шараларын жүргізген кезде). Сотталғанның жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасының (формальды негіз) себебі болып сотталғанның жеке басы қауіпсіздігіне қатер төнгенін анықтаған қылмыстық жазаны атқаратын мекеме қызметкерінің (ауызша немесе жазбаша) өтініші есептеледі.
Сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру міндеті қылмыстық жазаны атқаратын мекеме бастығына жүктеледі (мысалы, айып қапасына, карцерге т.с.с. немесе жеке басына қауіп тудырмайтын шаралар қолданылады). Көрсетілген негізде белгілі бір себептермен сотталғанды қауіпсіз жерге ауыстыру жаза болып есептелмейді. Мұндай сотталғандардың жолығуға, тағам және қажетті бұйымдар, сәлемдеме, тамақ, заттар алуға т.б. құқы сақталады. Сотталғанның қауіпсіз жерде қанша болатындығы заңда көрсетілмеген.
Сотталғанның қауіпсіз жерде болуын тоқтатудың негізі — оның жеке басына төнген қауіпті жағдайдың жойылуына байланысты.
3.Қылмыстық-атқару кодексі сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дін ұстану бостандығына кепілдік береді. Ар-ождан еркіндігінің жеке бастың демократиялық еркіндігіне қатысы бар. Ол қоғамдағы жеке адам жағдайын белгілейді және ол саяси, құқықтық нормаларда бекітілген. Діни сенім бостандығы Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес негізгі адам құқығының бірі болып танылады. Азаматтардың тендігі туралы соның ішінде діни тұрғыдағы Конституция нормасын бұзу, яғни діни ұйымдардың қызметіне немесе діни ырымдарды жасауына заңсыз кесел келтіру қылмыс болып есептеледі және Қылмыстық заңмен жазаланады. Сонымен бірге қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті жоққа шығармаумен қатар, Қылмыстық-атқару заңы сотталғандардың ішкі ереже тәртібін бұзғандарына, діни ырымдарды сақтауда тәртіптік жауапкершілік шарасын қолдану мүмкіндігін де қарастырған. Сотталғандар құқы мен занды талаптары бұзылғаны жөнінде ұсыныс, арыз, шағым жібере алады. Сотталғандар кез келген мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарына әр түрлі мәселелер, соның ішінде олардың субъективті құқы мен заңды талаптарына байланысты болмаса да, арыз немесе ұсыныс жіберуге хақы бар.
Азаматтардың жазаны атқару мен өтеуге байланысты емес арызы мен ұсыныстары тиісті хабардар органдарға жіберіледі. Ұсыныстар тек қана қосымша тексеру керек етпейтін болса бір ай мерзім ішінде қаралады, ал ол жөнінде ұсыныс жасаған адамға хабар етіледі. Арыз да бір ай ішінде қаралуы тиіс, ал ол тексеруді керек етпесе, онда кідіртпей, арыз түскен уақыттан бастап 15 күннен кешіктірмей жауап беруі керек.
Шағымның ұсыныс пен арыздан айырмашылығы — оны сотталғандар құқығы мен заңды талаптары бұзылғанда береді. Шағымды жазаны атқарып жатқан мекеме мен органның әкімшілігіне, немесе қарауға құқығы бар басқа да органдарға жібере алады. Ол ауызша да, жазбаша да айтылуы мүмкін. Жалпы шағым, арыз т. б. жазаны атқарып жатқан мекемелер мен органдардың әкімшілігіне жіберілгендер белгіленген мерзім ішінде қаралып, қорытындысы немесе шешімі сотталғанға мәлім етіледі. Сотталғандардың сотқа, прокурорға немесе жазаны атқарып жатқан мекеме мен орган қызметін бақылауға хақы бар мемлекеттік органға жіберілген шағымды қарауға рұқсат етілмейді және бір тәуліктен кешіктірілмей (мейрам және демалыс күндері кірмейді) тиісті бағытталған жерге жіберілуі керек. Сотталғандардың жалпы немесе арнаулы өз міндеттерін нақтылы, дәл және сөзсіз орындауы оларды тәрбиелеудің қажетті де алғашқы кезектегі шарты. Занды сыйлауға дағдыландыру әдетте тәртіптік және өзін ұстай білуге үйрету, тек қатал талап қойып және құқықтық талаптан шегінуден шығатын, жазаны атқару, яғни өтеудегі белгіленген режимді сақтамағаны үшін жаза қолданып отырудан пайда бо-лады. Сотталған режимді бұзғаны үшін оған тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін. Жауапкершіліктің нақты түрі құқық бұзудың мазмұнына оның қоғамға қауіптілігіне байланысты.
Сотталғанның іс әрекетінде тиісті бір құқық бұзудың құрамы болса немесе жауапкер іс-қимылымен нақты құқық нормасында көрсеткенді (қасақаналықпен болмаса абайсызда) бұзған болса сонда ғана жауап беру басталады.Тыйым салынғанды бұзғаны үшін, яғни белгіленген ұстау режимінің міндеттерін орындаудан бұлтарғаны немесе әдейі міндеттерін орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік басталады. Жалпы міндеттерін соның ішінде, тек қылмыстық атқару құқық қатынастарының субъектісі ретінде тәртіп бұзбауды орындамағаны үшін де тәртіптік жауапкершілік басталады.
Тәртіптік жауапкершілік тек құқық нормаларына негізделген талаптарды ғана орындамағаны үшін болады. Туысқандарымен хат жазысып тұрудан бас тартқаны үшін т.с.с. тәртіптік жауапкершілікке тартуға болмайды. Тәртіптік жазаны қолдануды оған құқығы бар түзеу мекемелерінің лауазымды адамдарына ғана рұқсат етеді (мекеме бастығына, оның орынбасарларына, жасақ бастығына т.с.с.) Ал жаза қолдану шаралары, тек қылмыстық-атқару құқығы нормаларында көрсетілгендегідей болуы тиіс.
Материалдық жауапкершіліктің тәртіптіктен айырмашылығы — ол сотталғандар өздерінің заңға қарсы әрекеттерімен мемлекеттің мүлкіне зиян келтіргені үшін ғана басталады. Келтірілген материалдық зиян мөлшері соттың, шешімімен түгелдей немесе жарым-жартылай өндіріледі.
Жалпы сот принципінен алынып тасталынса да қылмыстық-атқару заңы (егер де шығын еңбек-шарттың міндетін атқару кезінде немесе басқа да азаматтық-құқық бұзылған әрекетке жататын болса) шығынды төлеудің әкімшілік түрін белгілейді. Шығынды өндіріп алу, түзеу мекемесі бастығының дәлелді қаулысымен істеледі, бұлардың барлығы жауапкерге таныстырылып және ол оған қол қояды. Бұл қаулы туралы жауапкер жоғары бастыққа шағым етуге хақы бар, бірақ ол зиянды өндіріп алу қаулысының орындалуын тоқтатпайды.
Қаулы бұзылғаннан кейін егер де сотталғанның зиян көлемі еңбек ақысынан заңсыз ұсталған болса, оның дербес шотына жазылып, қайтарылады. Материалдық жауапкершіліктегі істеген шығын, тек қана табыс салығын, тамақ, киім, аяқ киім бағасын және үкім қағазы сомасын төлегеннен кейін қайтарылады. Егер де сотталған босатылып шығатын кезінде материалдық шығыны өтелмей қалса, онда түзеу мекемесінің әкімшілігі сотқа жалпы талап ретінде беруге хақы бар. Бұл жағдайда соттың шешімімен, заңда белгіленген тәртіппен материалдық шығын төлетіп алынылады.Сотталғандардың ішінде жазаны атқару кезінде, тағы да қылмыс жасап қылмыстық жауапқа тартылатын жағдай тәжірибеде жиі кездесіп тұрады. Жауапкершіліктің мұндай дәрежесі тек қана қылмыстың ауырлығынан, жауапкердің жеке басынан емес және тағы басқа жауапты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты болып келеді. Сот жаза тағайындағанда қылмыстың бұрынғы қылмыстық жазаны атқару кезінде істелгенін еске алуы тиіс. Бұл — жауапкершілікті ауырлататын жағдай, сондықтан еске алынып жаза қолданғанда бұрынғы жазаның жиынтығымен үкім шығарады. Ал сот үкімі жана қолданған жазаға түгелдей немесе жарым-жартылай бұрынғы жазаның өтелмеген бөлігін қосады. Жаңа істеген қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адам бұрынғыдан қатал режимді колонияға немесе түрмеге жіберіледі.
4-дәріс. Мемлекет органдары мен мекемелерінің жаза атқару жүйесі.
1. Жаза атқаратын мемлекет органдары мен мекемелерінің түрлері және міндеттері.
2. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың соттармен және басқа да қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттік органдармен өзара көмек әрекеттестігі.
продолжение
--PAGE_BREAK--
1.Біздің елде қылмыспен күресуді болжау арнайы профилактика жұмысын ұйымдастыруды, алдын ала қылмысты ескерту және оны істеуге мүмкіндік беретін себептері мен жағдайын белгілеуді, сонымен қатар жасалған қылмысты тергеу және сотта қарау, жазаны белгілеу мен орындауды талап етеді. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларының барлық жиынтығын іске асыру мемлекет органдарына жүктелген. Қылмыстық іс жүргізу зандарымен үкімді атқару, онымен айналысу үкім шығаратын сотқа жүктелген. Үкімді орындау туралы жарлықты сот немесе сот төрағасы үкімнің көшірмесімен қоса үкім орындау міндеттелген органға жібереді. Ол орган үкімнің орындалғаны туралы сол сотқа дереу хабарлайды.
Сот шешімін орындау үшін мемлекет тиісті жазаны атқаратын арнайы мекемелер мен органдар құрады, сондай-ақ жазаны атқару басқа бір жеке органдарға өзге де міндеттермен бірге жүктеледі.
Жазаны өтеуді басқаратын түзеу мекемелері мен органдарының негізгі міндеттері мыналар:
Соттың немесе әскери соттың үкімімен белгіленген тиісті қылмыстық жазаны лайықты түрде атқару.
Сотталғандарды занды нақтылы орындау және қоғамдық тұрмыс ережесін сыйлау рухында түзету мен тәрбиелеу.
3.Сотталғандардың өздерінің жаңа қылмыс жасамауын ескерту (арнайы немесе жеке ескерту).
4.Басқа адамдардың жаңадан қылмыс жасамауын ескерту (жалпы ескерту).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында былай делінген: "… қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да, өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады. Қылмыстық-атқару заңдарының міндеті жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу амалдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен занды мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету болып саналады".
Түзеу шараларымен әсер етуге байланысты соттың жиірек тағайындайтын жазасы — ол бас бостандығынан айыру болып есептеледі. Осы жағдайды ескере отырып, бұл қылмысты орындайтын мекемелердің ұйымдастыру құрылымын толығырақ қарау қажет сияқты. Түзеу мекемелерін арнайы бас бостанды-ғынан айыру жазасын орындату үшін мемлекет құрады. Түзеу мекемелері ұйымдастыру жағынан дербес болады және оның заңдық тұлғалық құқығы бар да басқадай функциясы жоқ болып келеді. Бас бостандығынан айырудың маңызы — ол сотталғанды соттың үкімімен белгіленген мерзімге түзеу мекемесіне орналасуға мәжбүр ету, сонымен оны қоғамнан бөлектеу.
"Қамауда ұстау орны" мен «түзеу мекемесі» түсініктерін айыра білген жөн. Қамауда ұстау орнына: тергеу қапасы (ТҚ), уақытша ұстау қапасы (УҰҚ), әскери абақтылар кіреді. Түзеу мекемелерінің басқа қамауда ұстау орындарынан айырмашылығы — бұларда сот үкімінің занды күшіне енгендер немесе тек қана бас бостандығынан айыруға сотталғандар ғана отырады. Тергеу қапасында, уақытша ұстау қапалары мен абақтыда сотталғанға немесе үкім занды күшіне енгенге дейін күдіктілер мен айыптылар отырады, ал уақытша ұстау қапасы мен абақтыда оған қоса әкімшілік және тәртіптік реттерінде қамағандар отырады.
Сотталғандардың әр түрлі дәрежесі болатындықтан және оларды бір-бірінен бөлек ұстау тиістілігінен, мемлекет әр түрлі түзеу мекемелерін құрған. Қазіргі күші бар заң сотталғандардың жасына қарай түзеу мекемелерін екі топқа айырады: а) ересектер үшін (18 жасқа толғандар); ә) кәмелетке толмағандар үшін (14-тен 18 жасқа дейінгілер). Түзеу мекемелерінің ересектер үшін бірнеше түрі болады. Олар жазасын өтеу жөніне, жағдайына (ұстау режиміне), қоғамнан бөлу, оларда отырған адамдардың қауіптілік деңгейіне байланысты ұсталатындар: қоныстану колониясы, жалпы. қатаң және ерекше режимдегі колониялар болады. Кәмелетке жатпағандар үшін екі түрлі тәрбиелеу колониялары бар: а) жалпы режимді тәрбиелеу колониясы; ә) режимі күшейтілген тәрбиелеу колониясы (тек қана ер адамдар үшін).
Сот әрбір сотталғанға жынысына, жасына, жасаған қылмысының ауырлығына, бұрынғы бас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты түзеу мекемесінің түрін белгілейді. Сотталған ауруларды емдеу үшін арнайы емдеу мекемелері ашылған, олар жынысына, жасына қарай бөлек-бөлек орналасқан. Тергеу қапастарында шаруашылық қызметі үшін сотталғандар қалдырылуы мүмкін.
Жазалаудың мақсатына жету үшін түзеу мекемелерінің алдына нақтылы міндет қойылып олар негізгі түзеу мен тәрбиелеу амалдарының көмегімен іске асырылады. Ол жазаны атқару (өткеру) режимің орындау, қоғамдық пайдалы еңбек ету, сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы, жалпы білім мен техникалық мамандыққа оқыту. Жоғарыда айтылған түзеу мекемелерінің барлық түрлері сайып келгенде Қазақстан Республикасының ПМ-нің қарауына кіретін қылмыстық-атқару жүйесін құрайды. Әрбір облыстағы облыстық түзеу мекемелерің басқару үшін түзеу мекемелерінің саны мен он-дағы сотталғандардың санына байланысты облыстық ішкі істер басқармасына қарайтын (ОІІБ) қылмыстық-атқару жүйесінің бөлімдері немесе басқармасы құрылады. Елдің барлық мекемелерін жалпы басқаруды Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті жүргізеді. Департаменттің қызметін дұрыс бағыттап-басқару министрдің орынбасарларының біріне жүктеледі. Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінде құрылымдық өзгерістер жүргізілуде. Мысалы, режимі күшейтілген түзеу колониялары, қасақана қылмыс істегендерге арналған қоныстандыру колониялары таратылды. Сонымен қатар ерекше режимді түзеу колонияларында өмір бойы бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару үшін жағдай жасалады.
2. Қылмыспен күрес жүргізетін мемлекеттің барлық құқық қорғау органдарының қызметі өзара байланысты. Бұл өзара байланыс жалпы мақсатқа, яғни біздің елде қылмыспен күресуге бағытталған.
Жазаны атқарушы түзеу мекемелерінен басқа да органдардың алдына қойылған міндеттерді тиімді орындауы үшін тергеу, сот, прокуратура, милиция органдарымен белсенді қызмет істеуі тиіс. Осы мемлекеттік органдардың әрбіреуімен өзара көмектесе әрекет жасау сипатының өзіндік ерекшелігі де бар. Ол қылмыспен күресу кезеңінің ерекшеліктері мен себептерінен, мемлекеттік органның қылмыспен күресудегі орны мен рөлінің өзгешелігімен себепші болады, көрсетілген органдардың әрекет ету жағдайларына және тағы басқалармен белгіленеді.
Жаза атқарушы мекемелер мен органдардың тергеу органдарымен әрекеттестігі.
Өздерінің күнделікті жұмыс әрекеттерінде анықтау және тергеу органдары, жазаны атқарушы түзеу мекемелері мен органдары алдына қойылған мақсатты тиімді шешу үшін өзара бірлесе белсенді әрекеттеседі. Тергеу органдары қылмысты ашып, қылмыскерді әшкерелеумен қатар қылмыс жасауына мүмкіндік болған себептер мен жағдайларын анықтауы тиіс, сонымен бірге ондай себептер мен жағдайларды болдырмаудың тиімді шараларын қолданулары керек. Мұның жазаны өтеп жүргендер мен өтеп кеткендердің енді қылмыс істемеулерін ескерту үшін маңызы зор. Тергеуші өзінің іс әрекеті кезінде жазаны атқарудағы тапқан кемшіліктерін мекеменің әкімшілігіне оларды жою жөнінде ұсыныс енгізеді. Бұл ұсы-ныстар жазаны атқарушы органдардың қызметін жақсартуға бағытталған.
Бұдан басқа тергеу органдары жазаны атқарушы мекемелермен органдар әкімшілігіне сотталғандардың жеке басын, олардыңмінез-құлқын анықтайтын мағлұматтар арқылы тексеругекөмектеседі.
Сонымен қатар түзеу мекемелерінің әкімшілігі тергеуші органдарға бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазаны атқарған айыпталушының жеке басын тексеруге және қамауға алынғанға дейінгі істеген, бірақ қылмыстық жазаға тартылмаған қылмысын ашуға көмек көрсете алуы мүмкін.
Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің соттармен өзара әрекеттестігі.
Сот бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны белгілей отырып, оның тез орындалуы мен шектелмейді, ол оған қоса сотталғандардың отыратын түзеу мекемесінің түрін, жазаны өтеудің режим түрін белгілейді. Сонымен, сот жазаны даралай отырып, сотталғанның бас бостандығынан айыру орындарын-да оның атқаруында даралау үшін алдын ала тиісті жағдай туғызады.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеп жатқан немесе өтеп кеткен адамды айыптайтын қылмыстық істі қарау барысында, сот бұл адамның жаңадан қылмыс жасауының себептері мен жағдайын анықтауы немесе мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға негізсіз ұсынудың шындығын ашуы мүмкін. Сот дәл осындай, сондай-ақ басқа да жағдайлар жөнінде оларды жою мақсатында орган бастықтарына арналған жеке ұйғарым шығаруға тиісті.
Соттар үкімді өткеру процесінде жаза түрінің өзгеруіне, сотталғанға түзеу мекемесі түрінің өзгеруіне т.б. бақылау жүргізеді.
Заңға байланысты тек сот жазаны атқарып жүрген сотталғандардың үкімін өзгертуге шешім қабылдай алады.
Сонымен, соттар мен түзеу мекемелері, сондай-ақ басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өзара әрекеттесе отырып, қылмыстық жазаның мақсатына тиімді жету үшін жағдай жасайды.
Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің, түзеу ықпалының қорытындысын баянды ету үшін полиция аппараттарымен
өзара әрекеттестігі.
Қайталанба қылмыспен күресудегі ең маңызды бағыттың бірі — ол бас бостандығынан айыру органдарынан босатылғандар жағынан жаңадан қылмыс болмауын ескерту. Бұл жағдай бас бостандығынан айыру орындарынан босаған сотталғандардың кейбіреулері өздерінің қылмыскерлік көзқарасы мен ниетінен бас тартпайтындығына негізделген. Бас бостандығынан айыру органдарынан босап шыққандарға түзеу әсерінін жағымды қорытындысын бекітуді жалғастыру мақсатында заңмен белгіленген жағдайда оларға әкімшілік бақылау қойылуы мүмкін. Оларды қызметке орналастыру мен тұрмыстық жағдайларын түзеу шаралары жүргізіледі.
Еңбекке орналастыру мен тұрмыс жөніндегі аға инспектор сотталғандарды босатудан 3 ай бұрын жергілікті полиция органдарына түзеу мекемесі босататындар туралы хаттама арқылы мінездеме жібереді; онда тағы да қылмыс жасамауын алдын ала ескерту үшін жазаны өтеп жатқан кездегі тәртібі, мінез-құлық өзгешеліктері мен т.б. ерекшеліктері жазылады.
Сонымен түзеу мекемелері әкімшілігінің және басқа да жазаны атқарушы органдардың полиция аппаратымен өзара тығыз әрекеттестігі түзетудің ықпалын баянды етуге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар жағынан қылмыс болдырмаудын алдын алуға маңызы зор.
Түзеу мекемелері мен басқа да қылмыстық жазаны атқарушы органдар өздерінін күнделікті қызметінде жазаны атқаруды заңдылықты сақтауды бақылап отыратын прокуратура органдарымен әрдайым өзара байланыста болады. Бұл функцияны орындай отырып, прокуратура органдары қылмыспен күрес жүргізетін басқа да органдардың жұмысын үйлестіріп отырады, ал ол өз кезегінде органдардың жұмысындағы кемшіліктері мен олқылықтарын тауып және оларды жойып, болдырмауын талап етеді.
5-дәріс. Жазаны орындату мекемелері мен органдарының қызметкерлері.
1. Жазаны орындау мекемелері мен органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы, оларға қойылатын талаптар мен оларды әлеуметтік қорғау.
2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне бақылау жасау.
1.Қазақстан Республикасының ішкі істер оргаңдары қызметкерлерінің құқық жағдайлары қорғалуына (олардың қатарына жазаны орындау мекемелері мен органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлері кіреді) Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік етеді және олар 1993 ж. 15 шілдедегі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы", 1992 ж. 23 маусымдағы "Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасы заңдарымен, қылмыстық-атқару заңдарымен, ЕТМ-нің ішкі тәртіп Ережелерімен, сондай-ақ жекелеген еңбек заңдарымен белгіленген.
Ішкі істер органдарының қызметкері Үкіметтің өкілі болып есептеледі. Ол мемлекеттің қорғауында болады және қызмет бабы кезінде дербес құқыққа ие болады. Ішкі істер органдарының азаматтарға, лауазымды адамдарға солардың ішінде сотталғандарға қойған заңды талаптары міндетті түрде орындалуы тиіс.
Сонымен, ішкі істер органдары қызметкерлеріне, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының қызметкерлеріне заңмен үлкен өкілдік беру, ол жазаны атқартып жүрген мекемелер мен органдардың алдында тұрған қылмыспен күресу саласындағы міндеттерді орындауды қам-тамасыз етуге шақырылады.
Қылмыстық жазаның алдында тұрған мақсатқа жету, көбінесе жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлері әрекетінің тиімділігімен белгіленеді.
Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлері құрамына кіретіндер: түзеу мекемелері қызметкерлерінің, қатардағы және басқарушы құрамы, ІІО-ның түзету жұмысы инспекциясының қызметкерлері, полицияның кейбір қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің ішкі әскерлерінің түзеу мекемесін күзететін және бақылайтын әскери қызметкерлері, түзеу мекемесінің ерікті жалдамалы жұмысшылары мен қызметшілері.
Жазаны атқаратын мекемелер мен органдар қызметкерлерінің құқық жағдайы — қылмыстық жазаны атқару кезіндегі жүктелген функциясын орындауда оның өкілдерінің құқығы мен міндеттерінің жиынтығын құрайды.
Қызметкерлердің құқықтық жағдайы көптеген экономикалық-әлеуметтік, саяси тағы басқа да факторларға байланысты. Осы факторлардың ішіндегі маңыздылары, ол жаза атқарудың мақсаты — қылмыстық-атқару зандарының міндеттері және осыған сәйкес қылмыс жазасын атқарту мекемелері мен орган-дарының функциялары мен міндеттері.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне құқықтар мен міндеттер жүктеу — ол қылмыстық атқарту жүйесі органдарының алдына қойылған мақсаттарды қамтамасыз ету.
Қызметкерлердің құқықтық жағдайы әр түрлі болуы мүмкін. Ол жазаны өтететін түзеу мекемелерінің, органдарының түріне, жаза өтеу мен шешетін мәселелеріне байланысты. Сотталғандардың құқықтық мәртебесі өзгерген сайын қызметкерлердің де құқық жағдайы өзгеріп отырады. Мысалы, түзеу жұмыстары инспекциясы қызметкерлеріне қарағанда, түзеу мекемелері қызметкерлерінің өкілдік құқығы әлдеқайда кеңірек болады.
Түзеу мекемесінің қызметкерлері шешетін мәселелеріне, орындайтын міндеттеріне қарай үш дәрежеге бөлінеді. Біріншісіне — арнайы лауазымды қатардағы және басқарушы құрамдағы түзеу мекемесінің қызметкерлері кіреді. Екіншісіне — түзеу мекемесін күзететін және сотталғандарды бақылайтын әскери қызметкерлер. Мекеме алдына қойылған жазаны өтеу режимін сақтау, сотталғандарды еңбекке тарту, күзету, сот-талғандарды бақылау және түзеу мекемесінің қауіпсіздігін сақтау салаларындағы негізгі қызметті қамтамасыз ету аттестациядан өткен қызметкерлерге жүктелген. Мысалы, түзеу мекемесі қызметкерлері жазаны өтеу режимін сақтауды қамтамасыз ету үшін сотталғандардан және басқа да адамдардан (сотталғандармен бірге жұмыс істеп жүрген жұмысшылардан, қызметкерлерден, түзеу мекемесіне келіп кететін адамдардан) түзеу мекемесіне қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген міңдеттерін орындауды талап етуге хақы бар. Мұңдай талаптарға: сотталғаңдардың кейбіреулерінің бөлектеу ережесін сақтауы жолықтыруды өткізу, хаттасуды, сотталғандардың өзара және түзеу мекемесі қызметкерлерімен қарым-қатынасын реттеуді жатқызуға болады. Режимді бұза қалса сотталғандарға жазалау шарасы қолданылуы мүмкін.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің құқықтық жағдайының (Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерді сотталғандарды күзетуде, қашуды ескертуде және үзіп тастауда, бас бостандығынан айыру орындарында басқа да қылмыстарды болдырмауда маңызы зор. Сонымен бірге түзеу мекемесі объектілерін қорғау және олардың материалдық дүниелерін, сотталғандарға рұқсат етілмеген құралдар мен заттардың өтіп кетуін болдырмау, қашып кеткен сотталғандарды іздеу т.с.с. қамтамасыз ету міндеттелген. Көрсетілген міндеттерді орындау үшін түзеу мекемесінің қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге сотталғандардың жатқан жерлерін, жеке заттарын, өздерін тінтуге, көліктерді және түзеу мекемесіне кіріп-шығатындарды немесе режим та-лаптары қойылған аумақтарда жүргендерді тексеруге рұқсат берілген. Қашып кеткен сотталғандарды, сондай-ақ жазаны өтеуден бұлтарып жүргендерді ұстау үшін түзеу мекемесі қызметкерлері мен ІІМ ішкі әскер әскери қызметкерлерінен тұратын іздестіру топтары құрылады, олар жергілікті қылмыстық іс және мунипуципиалды полиция органдарымен бірлесе отырып операция жүргізеді. Қашып кеткен сотталғаңдарды іздестіру кезінде түзеу мекемесі қызметкерлері қоғамдық ақпарат құралдарының, яғни газет, радио, теледидар мүмкіндіктерін пайдалануға құқы бар. Олардан қашыққа қашқан қылмыскер, олардың белгілері, мүмкін болатын жерлері туралы және оларды ұстауға көмектесуді хабарлайды.
Түзеу мекемесі мен тергеу қаласының бастықтары анықтау органдары қызметінің уәкілеттілігін орындайды. Түзеу мекемесі бастығына, оның қарауындағы қызметкерлерге құзырлығы шегінде тиісті жедел-іздестіру және басқа да қылмыстық іс жүргізу заңында белгіленгендей, қылмысты және оны жасаған адамды табу мақсатында шара қолдану міндеті жүктеледі.
Егер қылмыстың белгісі бар болса алдын ала тергеу жүргізу міндетті, онда анықтау органдары қылмыстық іс қозғалады және қылмыстық іс жүргізу заңының ережелерін басшылыққа ала отырып, жедел тергеу қимылдарын жүргізеді, оны анықтау және қылмыстың ізін сақтап қалу үшін: қарайды, тінтиді, заттарын алады да оған тиюге тыйым салады, куәландырады, күдікті ұстайды, одан жауап алады, жәбірленуші мен айғақтардан жауап алады, керек болса экспертиза тағайындайды.
Қылмыстың табылғаны, анықтау басталғаны және оның аяқталғаны жөнінде түзеу мекемелерінің бастығы прокурорға хабарлауға міндетті. Түзеу мекемелері қызметкерлерінің тәуелсіз құзырлығының құқы мен міндеттері тәрбие жұмысын жүргізу керектігінен, жалпы білім беруден, мамандыққа — техникаға дайындаудан туындайды. Түзеу мекемелерінің жалдамалы ерікті жұмысшылары мен қызметшілерінің құқықтық жағдайы еңбек, қылмыстық-атқару заңдарымен белгіленген. Түзеу мекемесінің қызметі ерекше болғандықтан жұмысшылар мен қызметшілерге қосымша міндеттер жүктеледі, оларға кіретіндер — сотталғандармен жұмысына қатысы жоқ қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Сотталғандарға тағам, азық-түлік, ақша, хат, спирттік ішімдіктер, заттар, басқадай бұйымдар беруге рұқсат етілмейді. Егер де бұл талаптар бұзыла қалса түзеу мекемелері әкімшілігі ондай адамдардың сотталғандар жұмыс істейтін объектіге кіруін тоқтатады және ондай адамдарды жауапқа тарту мәселесін шешуге хақы бар. Сонымен қатар жалдамалы еріктілер құрамы сотталғандармен бір жыныстас болуы тиіс.
Жазаны қоғамнан бөлектемей атқаратындарды бақылайтын орган қызметкерлерінің құқықтық жағдайының қылмыстық түріне қарай өзгешелігі бар. Бас бостандығынан айырмай еңбекпен түзеу инспекциясы қызметкерлерінің айрықша міндеттері қылмыстық-атқару зандарымен реттеледі.
Жазаны орыңдайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне тиісті талаптар қойылады. Олар едәуір әр түрлі және лауазымына, жұмысына тән орындайтын функциясының ерекшелігіне байланысты. Оларға қойылған талаптар, қызмет істеу тәртібі мен жағдайы, әлеуметтік-құқықтық, қорғау шаралары: "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасы министрлер кабинеті бекіткен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында жұмыс істеудің тәртібі мен жағдайлары туралы Ережемен, сонымен бірге қылмыстық-атқару заңдарымен және заңға негізделген нормативтік актілермен белгіленген. Айтылып отырған қызметкерлерге жалпы талап сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгі Ережесінде баяндалған: "Қамау орнындағы барлық қызметкерлер әр уақытта ұстамды болуы және өз міндеттерін орындағанда қамаудағыларға үлгі көрсетіп қадірлі болуы тиіс".
Түзеу мекемелері қызметкерлеріне қойылатын талаптар мен орындайтын қызметіне байланысты олардың өзгешеліктері болады. Сондықтан түзеу мекемелері қызметкерлері арасындағы жеке топтарды бөліп айтуға болады: оперативтік-режимдік, тәрбиелеуші, өндірістік-техникалық, медицина-са-нитарлық және тағы баска да қызметкерлер. Осыған сәйкес қызметкерлерге қойылатын талаптар да әр түрлі, оның кәсіпқойлылығына, жеке басының қадірлілігіне, әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштеріне байланысты. Бірақ әр түрлілігіне қарамастан, қылмыстық жазаны атқару процесінде және сотталғандарға тәрбиелік ықпалын тигізуде оларға жүктелетін жалпы талаптарды ерекше айтуымыз керек.
Түзеу мекемелері қызметкерлерінің білім дәрежесіне ерекше талап қойылады. Олардың айырмашылығы — лауазымына, атқаратын қызметіне байланысты. Мысалы, түзеу мекемелері қызметкерлерінің көпшілігі жоғарғы және арнайы орта білімді болулары керек, себебі қылмыстық-атқару зандарын қолдану, сотталғандарға психологиялық-педагогикалық ықпалын жүргізу үшін ғылымның осындай жақтарының да білімді болуын талап етеді. Оперативтік-режимдік бөлімшелерде істейтін түзеу мекемелерінің қызметкерлері, әдетте заң ғылымы салаларын терең меңгерген, ал жасақ бастықтары — педагогика-лық (арнайы) білімі бар заң қызметкері болулары керек.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің кәсіби мамандық сапасы қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған міндеттердің күрделілігімен сондай-ақ алғашқы кезенде сотталғандарды түзеумен анықталады. Түзеу мекемесі қызметкерлері қызмет істегенде құқықтық дәрежесі шектелген сотталғандармен араласатынын еске алу керек. Осыған байланысты заң қызметкерлерден Қазақстан Республикасының заңдарын, әсіресе қыл-мыстық жазаны орындау тәртібі мен жағдайын сөзсіз сақтауды талап етеді. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдарынан шығады. Сол себепті түзеу мекемелері мен органдарының барлық әрекеті, іс қимылы, сот үкімін орындауға және занды қатал сақтауға бағытталған болуы керек. Осы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өз әрекетінде зандылықты қамтамасыз етуге жауап береді.
Түзеу мекемесінде сотталғандармен жұмыс істеу қызметкерлерден ішкі-сыртқы сезім күштерін барынша жұмсап жұмыс істеуіне мәжбүр етеді, ал ол үшін тиісті деңгейде мықты денсаулық керек. Сондықтан, ішкі істер органына жұмысқа алғанда денсаулығы мен күш-қуатын тексереді. Осы мақсатта қызметкерлер арнайы дайындықтан өтулері керек және ішкі істер органдарында қызметке жарамдылығын білу үшін мезгіл-мезгіл бақылаудан өтіп тұруға міндетті. Ол үшін қызметкерлер жеткілікті дәрежеде өзінің, денесін шынықтырып, денсаулығына нұқсан келтіріп алмай жүруге міндетті.
Түзеу мекемесі қызметкерлеріне қойылатын талап ретінде қызметкерлерге сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізумен, тікелей оны ұйымдастырумен шұғылдану белгіленген. Жасақ бастықтары мен басқа да оперативтік-режим қызметкерлері өздерінің лауазымдық жағдайына сәйкес немесе тікелей орын-дайтын функциясына байланысты тәрбие жұмысына қатысады. Сондықтан түзеу мекемесі қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындау үшін жоғары білімді, мәдениеті, ой-өрісі кең, жеткілікті өмір тәжірибесі бар және сотталғандармен жұмыс істей алатын, сондай-ақ педагогика саласында білімдарлық қабілеті жетік болуы керек. Тәрбие жұмысын орындайтын қызметкердің өзіне тән өнегелілік пен сезімталдық-жігерлілік қасиеті болуы керек. Түзеу мекемесі қызметкерлеріне қойылған талаптардың ішінде әлеуметтік әділеттілік сезімі оларда айрықша орын алуы тиіс.
Дөрекілікжазаны өткеріп жатқан сотталғандардың жанына ауыр тиеді; олардың абыройына нұқсан келтіреді.
Жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың бастықтарына барынша жоғары талап қойылады. Өздерінің лауазымдық мәртебесіне қарай олар сотталғандарды және қарауындағы қызметкерлерді тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырушы, мекеменің өндіріс-шаруашылық жүргізуші болып есептеледі. Ондай бастықтар өзіне және қарауындағыларға қатаң талап қоятын, табанды, өзгелерді сыйлай білетін болуы керек. Жаза орындайтын мекемелер мен органдардың қызметкерлеріне негізінен осындай талаптар қойылады.
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы ішкі істер қызметкерлерінің құқықтық жағдайымен қатар оларды әлеуметтік қорғау шараларын да белгілеген. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметкерлері қоғамдық үлкен маңызы бар қызмет атқарады. Олар әр уақытта ішкі-сыртқы сезім күш-қуатын қинап істеуге мәжбүр болады: жұмыс бастылық, қайғыру, күйіну тағы басқаларға байланысты. Айта кету керек түзеу мекемесінде жұмыс — сотталғандардың топтанып көнбеушілік, шабуылдау, аманатқа тартып алу, сотталғандардың агрессивтік істеу қимылы себебінен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер төндіру сияқты экстремальдық жағдайларда да өтіп жатады. Мұның бәрі бас бостандықтан айыру орындарында жұмыс істеудің мәртебесін, тартымдылығын көтеру үшін қосымша шаралардың керектігін білдіреді. Сотталғандармен айналысудың Ең аз үлгілер Ережесінде бұл жұмыстың аса қиын жағдайын еске ала отырып, қызметкерлерге соған сәйкес жеңілдіктер мен жұмыс жағдайларын қамтамасыз етілді. Олардың еңбек ақы мөлшерін тағайындағанда бұл жұмысқа қабілетті ерлер мен әйелдерді тартып және ұстау үшін есептелуі тиіс.
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен және нормативтік актілермен ішкі істер қызметкерлерін әлеуметтік қорғау көзделген, олар: мемлекеттік сақтандыру және ішкі істер органдарының қызметкері қаза болса немесе науқастанса, сондай-ақ оның дүниесіне зиян келтірілсе шығынын өтеу; оларды пәтермен, тұрғын үймен қамтамасыз ету; медициналық, санаториялық курорттық қызмет көрсету және басқа да қосымша әлеуметтік қорғауға кепілдік беріледі.
Қызметкерлерге берілетін әлеуметтік жеңілдіктер әр түрлі болады. Олар лауазымына, жазаны атқаратын мекемелер түріне, оның тұрған жеріне, қызметкерлердің аттестацияланған немесе жалдамалы ерікті құрамына жататындығына және басқа да негіздерге байланысты. Мысалы, аттестациядан өткен қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшеріне; лауазымдық еңбек ақы, арнайы атаққа берілген ақысы, қызмет еткен жылдарына қосылатын пайыздық үстеме, тамақ пайогінің бағасы кіреді.
Қатал, сондай-ақ айрықша режимді колонияларда туберкулезбен ауыратын сотталғандардың емдеу мекемелеріңде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек ақысына 10-15 пайыз көлемінде үстеме белгіленген.
Түзеу мекемесіндегі қызметкерлердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті зейнетке шығатын қызмет мерзімі қысқартылған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелерінің медициналық көмек алуға, жеңілдетілген санаторий мен курортта емделуге, медициналық-әлеуметтік қамтамасыз етілуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасы заңдарымен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне әлеуметтік қорғау кепілдігі берілген, бұл — мемлекеттің бұл жұмыстың ерекшелігін ескепке алып көрсеткен қамқорлығының айғағы.
продолжение
--PAGE_BREAK--
2. Бас бостандығынан айыру органдарында ең қауіпті, бірнеше рет сотталған", әлеуметтік-өнегелілігі жағынан төмен азаматтар жаза өтеуде. Жазаны өтеу кезінде сотталғандардың бәрі бірдей түзелу жолына түсе бермейді, олардың кейбіреулері жазаны өткеру кезінде режим талаптарын бұза береді, жаңадан қылмыс жасауды ойластырып жүреді және мекеме қызметкерлерінің заңды талабына белсенді түрде қарсылық көрсетеді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар жағынан қылмыс істеудің өзгешелігі бар, ол түзеу мекемесі қызметкерлерінен аманатқа адам ұстап алу немесе оларға шабуыл жасау, сондай-ақ басқалай да зорлап күш қолдану. Жоғарыда баяндалғандар жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін сотталғандардың қылмыстық немесе басқалардың қауіпті әрекеттерінен қорғаудың маңызды себептері болады. Сонымен, түзеу мекемелері қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасы қылмыстық-атқару процесінің тиімділігін арттыруда маңызы жоғары егер де сотталғандарды түзеудегі қызметкерлердің жұмысына қауіпті жағдай төне берсе, одан әрі іс-әрекетті орындау мүмкін емес. Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күші бар зандар бірсыпыра құқықтық және ұйымдастырушылық амалдар қолданады.
Алдыменен қылмыстық-құқықтық сипаттағы шараларды айтуға болады. Бас бостандығынан айыру орындарында қызмет ететіндердің өміріне, денсаулығына қастандық жасағаны және орган қызметкерлерінің дербес құқығына қол сұққаны үшін жоғары дәрежедегі қылмыстық жаза қолдану көзделген. Бұл шараларды үш топқа бөлуге болады:
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің өміріне, денсаулығына арнайы зиян келтіруге бағытталған әрекетке қылмыстық заңдар нормалары белгіленген қылмыстық түрде жауапка тарту.
Ондай қылмыстарға жататындар: бас бостандығынан айыру орындарынан немесе күш пайдаланып және басқалардын өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер келтіру әдісімен қашу; түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақана бағынбау, мұнда түзеу мекемесі қызметкерлеріне күш қолданумен байланысты; түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысына шабуыл жасау арқылы кесел келтіру.
Лауазымды адамдарға күш қолданғаны үшін көрсетілген жауапкершілік нормалары.
3. Жеке адамның өміріне, денсаулығына, бостандығына, абыройына қарсы бағытталған қылмыстарды қарастыратын Қылмыстык заң нормалары.
Заңмен белгіленген қызметкерлердің қауіпсіздігі шараларын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сендіру шараларын білдіретін амалдарды кіргізуге болады. Өзінің мағынасына қарай сендіру шаралары: сотталғандарға жазаны өтеу режимін қызметкерлермен қарым-қатынас ережесін түсіндіруден, олардың өкілдерінің өміріне, денсаулығына, абыройына қылмыстық қауіп төңдіруіндегі жауапкерші-лігінен тұрады. Осы шаралар сотталғандармен жүргізілетін негізгі тәрбие жұмыстарының түрлерімен қамтылады және оған күші бар заңдарды (сотталғандардың мінез-құлық ережелерінің мәселелері) түсіндіру, сонымен қатар әрбір сотталғанмен жеке профилактикалық жұмыс жүргізу де кіреді.
Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің екінші маңызды амалы, ол — профилактикалық жұмыс. Қызметкерлердің қылмысты профилактикалау жұмысына жариялы және құпия жедел-іздестіру шаралары кіреді. Оны Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы» заңына сәйкес түзеу мекемесінің оперативтік бөлім, бөлімшелері және басқа да аймақтық органдар қызметкерлері жүргізеді.
Құқық бұзушылықты жалпы профилактикалау шараларына кіретіндері: құқық бұзуға бейімді адамдарға жазаны өтеуде режим жағдайын енгізу, күзету мен бақылауда техникалық құралдар қолдану және жекелей профилактика жүргізу (агрессивті мінез-құлықтыларды, психикасында ауытқушылығы бар және түзеу мекемесі қызметкерлеріне қарсы қылмыс жасауға ойланып жүргендерді тауып, оларды есепке қою, сонымен бірге ескерту шараларын жүргізу).
Қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының ең тиімді жағы, ол — техникалық құралдармен күзету: қызметкерлердің қызмет етіп жүрген жерінде арнайы дабыл қағып дыбыс беретін арнайы жүйе қою, түзеу мекемесінің кейбір объектісін бақылау үшін теледидар орнату, есіктерді, қапасты (камера) автоматты түрде дабыл беретін құралдармен жабдықтау т.с.с.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау амалдарының бірі — ол сотталғандарға да дұрыс негізделген қауіпсіздік шараларын қолдану. Занда бекітілген қауіпсіздік шараларына кіретіндер: қол күшін, арнайы құрал қолдану, ал ерекше жағдайда қару қолдануға да рұқсат етіледі.
Қауіпсіздік шаралары қылмыс жасап сотталып, соның негізінде құқықтық мәртебесі шектелгендерге ғана қолданылады. Сондықтан, қауіпсіздік шараларын және қару қолданғанда заңдылықты қамтамасыз етуге қызметкерлердің және қылмысты жазаға сотталғандардың заңды талаптары мен құқығын қорғауға тиісті кепілдік берілуі талап етіледі. Негізсіз немесе қате қолдану (немесе қолдану керек кезенде қолданбау), егесу жағдайын терендете түседі және ол ауыр жағдайға, яғни топтанып бағынбаушылыққа, сотталғандардың жаппай тәртіпсіздігіне, аманатқа ұстап алу, адамдардың қаза болуы сияқтыларына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұлардың бәрі қолданылатын қауіпсіздік шаралары жиынтығына тиісті талап қоюға, оларды құқықтық негізде бекітуге және қолдануды ұйымдастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, қамалғандармен айналысудын, Ең аз үлгісі Ережесінде сотталғандарды басу кезінде құрал ретінде кісен, шынжыр қолдану рұқсат етілмейді.
Қауіпсіздік шаралары — мемлекеттік мәжбүр етудің бір түрі. Оларды қолданғанда қорғануға мәжбүрлігі мен басқадай амал қалмаған жағдайы негізделіп және керектілігі дәлелденіп қылмыстық-құқықтық институттардың шеңберінде бағалануы тиіс. Қауіпсіздік шаралары сыртқы түріне қарағанда қауіп төндіргенге күш қолданған болып көрінеді. Қауіпсіздік шараларын қолданудың ерекше бір айырмашылығы түзеу мекемесі — ол төтенше немесе басқа да дауласу жағдайларында, яғни сотталғандардың түзеу мекемесі қызметкерлеріне, басқа азаматтарға, сондай-ақ өзге сотталғандарға, тіпті өзіне-өзі күш жұмсау қимылдарынан пайда болғанда қолданылады. Бұл жағдай әлеуметтік-құқықтық қауіпсіздік шараларымен және қару жұмсаумен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен аяқталмақ. Бұл шаралар сотталғандардың өз қауіпсіздігін, басқалардан, мысалы, түзеу мекемесіне келгендердің және күзетілетін объектілердің, түзеу мекемелерінің ғимараттарын, қатынас құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Қауіпсіздік шараларын сотталғандарға қолданылатын тәртіпті жазалау шараларынан айыра білген жөн. Қауіпсіздік шаралары, алдымен, өз бетімен тоқтатылмайтын және ауыр зардап төндіретін сотталғандардың қоғамдық қауіпті әрекеттерін тоқтатуға бағытталған. Тәртіптік жазалау шаралары сотталғандардың тәртіп бұзуы аяқталғаннан кейінгі жаза ретінде қолданылады. Сондықтан сотталғандарға алдымен, қоғамдық қауіпті әрекетіне қауіпсіздік шарасы, сонан соң және тәртіптік жаза шарасы қолданылуы мүмкін.
Қазіргі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Қазақстан Республикасының ішкі әскерлері туралы" Зандарында, Қылмыстық-атқару кодексінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы IIМ түзеу мекемесінің ішкі тәртібі Ережесінде қауіпсіздік шаралары тізімі, оның негізгі және қолдану тәртібі берілген.
Бас бостандығынан айырылған адамдарға қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен оларды қолдану негіздері Қазақстан Республикасы ҚАК-нін 81-бабында реттелген және ішкі тәртіп Ережелерінде атап көрсетілген.
Алдымен, қауіпсіздік шаралары мен оларды қолданудың жалпы талабына көніл аударған жөн. Талапқа сай күш жұмсау ерекше құралдары және қару қолдану құқығы түзеу мекемесі қызметкерлерінің бәріне бірдей берілмейді, тек қана ішкі істер органының қатардағы, яғни басқарушы құрамының арнайы атағы бар қызметкерлеріне лауазымды адамдарына және Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерінің әскери қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.
Сондықтан осы айтылған қызметкерлер арнайы дайындыктан өтуге, мезгіл-мезгіл тексеруден өтіп, арнайы құрал мен қаруды қолдану жағдайына байланысты әрекеттерге жарамдылығын біліп жүруге міндетті.
Түзеу мекемесі қызметкерлері, ішкі әскердің әскери қызметкерлері қауіпсіздік шараларын, яғни қару қолданған кезде сотталғандарға және басқа да адамдарға мүмкіндігіне қарай ең төменгі дәрежеде зиян келтіруді қамтамасыз етуге міндетті. Осы мақсатпен заңда ерекше құралдар мен қару қолдану тәртібінің негіздері қаралған.
Қауіпсіздік шарасы мен қару жұмсау тәртібі ережесі қандай нақтылы жағдайда қолданылады?
Арнаулы құралдарға заң мыналарды: қол кісенді, жуасыту көйлегін, арнайы құрал мен іздеуші иттерді жатқызады. Арнайы құралдарды қолдану негіздері мен тәртібі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Заңында және түзеу мекемесінің ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген.
Арнайы құралдарды қолдану тәртібін нақтылы қарастырайық. Қол кісенді сотталғандарға мынадай жағдайларда қолданылады: әскери нарядтық құрамына, күзетшілерге түзеу мекемесі әкімшілігіне қара күшпен қарсылық, көрсеткенде; сотқарлық істегенде; айып қапасына барудан бас тартқанда: өзін-өзі өлтіргісі, денесіне зақым келтіргісі келсе немесе басқа сотталғандарға, сондай-ақ бөтен біреулерге тарпа бас салса; қашып кеткен сотталғандар ұсталғанда. Қол кісенін салғанда белгіленген формамен ант жасалады. Қол кісенін негізсіз салған адам жауапқа тартылады. Жуасыту көйлегі сотталғандарға басқа шаралар қорытынды бермегенде қолданылатын әсер етудің ең соңғыларына кіреді. Ол түзеу мекемесі бастығының немесе оның орынбасарының нұсқауымен және медицина қызметкерінің бақылауымен қолданылады. Егер де медицина қызметкері бұл сотталған адамға жуасыту көйлегін кигізуге болмайды десе, ол сөзсіз орындалады. Жуасыту көйлегінде бұзақылық жасаған сотталушы тынышталғанша болады. Бірақ ол екі сағаттан аспауы керек. Жуасыту көйлегі оңаша бөлмеде (айып қапасында, бақылаушылар бөлмесінде т.б.) кигізіледі. Жуасыту көйлегін кигізген сайын акт жасалады оны түзеу мекемесі бастығы немесе оның орынбасары бекітеді де прокурорға хабарлайды.
Арнайы құралдарға, сондай-ақ мыналар да жатады: резин сойылы, назар аударатын жарық-дыбыс құралдары, тосқауыл бұзушы саймандар, су шашушылар, бронемашиналар, қызмет иттері т.б. ішкі істер органдары қарауындағы арнаулы құрал-саймандар.
Арнайы қарулар — жалпылай тәртіпсіздікті, белгіленген ережені топтанып бұзушыларды тоқтату, түзеу мекемееі қызметкерлеріне, әскери қызметкерлер жалдамалы құрамдар жұмыскерлеріне шабуылды тоқтату, ұстап алған құқық бұзушының қарсылық көрсеткені үшін қолданылады. Арнайы қаруды қолдану шешімін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге жауап беруші, операцияны басқаратын лауазымды адам қабылдаңды. Жеке әрекет жасап жүрген түзеу мекемесі қызметкері немесе ішкі әскердің әскери қызметкері шұғыл жағдайда мұндай шешімді өз бетімен қабылдайды.
Арнайы құралдардың түрлерін және оны қарқынды, қолдану қалыптасқан жағдайға, бұзылған құқықтық түрі мен құқық бұзушының жеке басына және де арнайы құралдың техника-тактикалық сипаттамасына байланысты белгіленеді. Оларды қолданудың тәртібі анық белгіленген, мысалы арнайы құрал алдын ала ескертуден кейін ғана қолданылады. Құқық бұзушылар ашық, тұтқиылдан шабуылдаса, бұл құралдардың ескертусіз қолданылуы мүмкін. Арнайы құралдарды әрбір қолданған нақтылы жағдайда, зақымданғандарға медициналық көмек көрсету шаралары алдын ала белгіленген болуы керек.
Арнайы құралдарды қолданған жағдайда, оларды қолданған қызметкерлер, әскери қызметкерлер түзеу мекемесі бастығына, ішкі әскердің, бөлім командиріне рапортпен қашан, қай жерде, кімге және оларды қандай жағдайда қолданылғанын көрсетіп баяндайды.
Жоғарыда айтылғандай, арнайы құралдарға іздеу қызметі иттері де кіреді. Олар сенімді қорғаушы да, шабуылшы да сондықтан түзеу мекемесі қызметінде кең пайдаланылады.
Іздеу қызметі иттері төмендегідей жағдайларда қолданылады: сотталғандарды бақылау қызметін орындап жүргенде; түзеу мекемесінің аумағында жасырынып қалған сотталғандарды іздеу және табу кезінде; өзін қорғау кезінде немесе сотталғандардың түзеу мекемесі қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге шабуыл жасаған кезде; есірткі және басқа да заттарды іздеген кезде т.б. Қызмет иттерін әйелдерге, мүгедектер мен кәмелетке толмағандарға қарсы, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса қолдануға рұқсат етілмейді.
Егер де басқадай шаралармен сотталғандардың істеген әрекеттерін тоқтатуға болмаса, онда оқ ататын қаруды қолдану ерекше шара деп есептеледі. Занда «басқадай шаралар»' мазмұны түсіндірілмесе де, сендіру шарасы оған қоса қауіпсіздік шаралары, яғни қара күш жұмсалу мен арнайы құралдарды қолдану деп болжауға болады. Оқ ату қаруын қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының ІІМ белгілейді. Сотталған әйелдерге, кәмелетке толмағандарға, егер де олар қарулы шабуыл жасамаса, қарумен қарсылық көрсетпесе, әуе кемесін, аманатқа біреуді басып алмаса және топтанып шабу-ыл жасаумен өмірге қауіп туғызбаса қару қолданылмайды.
Түзеу мекемесі қызметкері қару қолданылған барлық жағдайда қоршаған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын, зардап шеккендерге күттірмей медициналық көмек көрсетуге міндетті, одан кейін өзінің тікелей бастығына түсіндіруі тиіс және бұл оқиға туралы прокурорға хабарланады.Түзеу мекемесі қызметкерлерінің, ішкі әскердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздік шаралары мен қару қолдануы Қазақстан Республикасы ІІМ органдарының үнемі бақылауында болады.
3. Қылмыстық-атқару жүйесі Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының бір бөлігі болып есептеледі. Оған қылмыстық жазаны атқару мен өтеуді қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнату, сотталғандарды түзеу, сотталғандар және басқа біреулер жаңа қылмыс жасамауды ескерту мақсаты жүктелген. Көрсетілген мақсатты шешуге қоғам толықтай мүдделі болғандықтан, ол мемлекеттік, қоғамдық институттар жүйесі арқылы құқық қорғау органдарының, соның ішінде жазаны атқартушы органдарға әрдайым әлеуметтік бақылау қоюды белгілейді.Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмысына бақылау қоюдың үлкен құқықтық-әлеуметтік маңызы бар. Қылмыстық жазаны өтеу кезіндегі бақылау процесінде, алдымен заңдылыкты сақтау қамтамасыз етіледі. Зандылыкты сақтау — жазаны атқару органдары жұмысының басты қағидаты болып есептеледі. Жазаны атқаратын түзеу мекемелері мен органдарының қызметі зандарды қатал сақтауға негізделеді. Бұл мекемелер мен органдардың лауазымды адамдары өздері еңбек етіп жүрген қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге жауапты.
Қызметкерлердің жұмысын бақылау дегенді қарап жүру мен тексеру жүйесі, қызметкерлердің әрекетінің нормативтік актілер талабына сәйкестігін, болып жатқан заң бұзушылықты білу мен тоқтату мақсатында және ондай-ларды келешекте болдырмауды ескерту ретінде түсіну керек.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің жұмысын бақылау жеке бастың мақсаты емес, ол қажетті амалдың тиімділігін көтеру, жазаны атқару мен түзеу шараларын қолдануға әсер ету.
Бақылаудың қорытындысын жүзеге асырғанда әкімшіліктің қызметі әрекетіндегі кемшілікті табу және оны жоюға мүмкіндік туады. Әкімшіліктің қызмет әрекетін бақылау, сонымен бірге қылмыстық-атқару мекемелері жүйесіндегі заңдылықты бұзу жағдайларын табу амалы мен оның себебін жою болып есептеледі. Алдымен, ол зақдылықтық құқықтық негізін әсіресе заңға негізделген нормативтік актілерді, егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін жағдайда жетілдіруге әсерін тигізеді.
Демократиялық, құқықтық мемлекет құру жағдайында Үкіметтің барлық мемлекеттік институттары, соның ішінде құқық қорғау органдары бұқаралық ақпарат құралдарының, жалпы қоғамның назар салып қадағалауында болады. Жазаны атқарушы органдардың қызмет әрекетін бақылау, оның қоғамдық түрлерін пайдалану арқылы іске асырылады, ол жазаның жағдайларын, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің алдында тұрған экономикалық және басқа да қиыншылықтарды кеңірек хабарлауға мүмкіндік береді. Мұның бәрі өз кезегінде, жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның қарқыны мен мақсаты жөнінде әр түрлі көзқарастар туғызған қоғамдағы әлеуметтік шиеленісуді төмендетуге септігін тигізеді.
Әкімшіліктің жұмыс әрекетін бақылаудың маңызы мынадан байқалады: ол мемлекет бөлетін қаржы-материалдық қаражаттарды үнемдеп жұмсауға, оны қайта бөлуге қылмыстық-атқару мекемелер жүйесін ұстауға, біздің мемлекетке аса қажетті басқа да әлеуметтік мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін бақылау әр түрлі негіздермен топтастырылуы мүмкін, ол бақылау жүргізетін субъектілерге байланысты: халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетін халықаралық бақылау — Халықаралық адам құқықтары ережелерінде, алдымен Адам құқықтарының жалпы Декларациясында (1948), азаматтық және саяси құқықтар, туралы Халықаралық пактіде (1966), азаптауға және басқа да мейірімсіз, адамгершіліктен тыс сондай-ақ абыройын қорлау түрлерімен айналысу немесе жазалауға қарсы Конвенциясында (1984) және басқаша ұсыныс ретінде БҰҰ мүше елдеріне айтылған жайттар.
Қоғамдық бақылау да жаза атқарушы мекемелер мен органдардың қызмет әрекетінде заң бұзбауды қамтамасыз ету амалының бірі болып есептеледі. Ол мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қоғамдық құрылымдардың және құқық қорғау ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының жазаны өткеру жағдайлары мен ретін бақылауы.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қызмет әрекетін мемлекеттік бақылаудын бірнеше түрлері бар, олар: атқарушы үкімет органдарының бақылауы, соттық бақылау, ведомстволық бақылау және прокурор бақылауы.
Жазаны атқарушы түзеу мекемелері және басқа да органдардың жұмыс әрекетін атқарушы Өкімет өкілдері, яғни Үкімет, өз аумағындағы жағдайға жауапты әкімдер жағынан бақылау жүргізіледі. Жергілікті әкімшілік органдарында түзеу мекемесі әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін тексеруге функциясы бар бақылау комиссиялары құрылады. Ведомстволық бақылау маңызды орын алады. Оны қылмыстық-атқару жүйесінің жоғары органдары, яғни — қылмыстық-атқару жүйесінің Департаменті мен басқарма, бөлім бастықтары және Қазақстан Республикасы ПМ-нің басшылары жүргізеді.
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қызмет әрекетін бақылауда прокуратура органдарының рөлі айрықша болады. "Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Прокуратурасы — Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші, Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен басқа да нормативтік актілерін Республика аумағында бір түрде және бұлжытпай қолданылуына жоғары бақылау жүргізетін мемлекеттік орган. Прокуратура кез келген заң бұзушылықты табуға және оны болдырмауға шара қолданады. Қазақстан Республикасы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге қарсылық білдіреді, сотта мемлекет мүддесін қорғайды және керекті жағдайда заңмен белгіленген тәртіп пен көлемде қылмысты қудалауды іске асырады.
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарында қадағалау жұмысын тиімді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Прокуратурасында арнайы бөлім құрылады немесе бұл жұмысты облыс, аудан прокурорларының көмекшісі, аға көмекшілер жүзеге асырады.
"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Заңда жеке тарау " Атқарушылық іс жүргізудің заңдылығына қадағалау" енгізілген. Онда заң прокуратураға зандылыкты сақтап іске асыру үшін бірқатар арнайы қадағалау уәкілдігін береді. Оған жазаны атқару мекемелері мен органдары әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін қадағалау да кіреді.
"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 43-бабына сәйкес прокуратура былайша бағытта бақылау жүргізеді:
1.Сот тағайындаған жазалау мен мәжбүр ету сипатындағы өзге де шаралардың атқарылуы кезінде адамдардың бас бостандығынан айыру орындарында болуынын заңдылығына.
Аталған мекемелерде сотталған адамдарды ұстаудың заңда белгіленген тәртібі мен шарттарының сақталуын, олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына.
Бас бостандықтарынан айыруға қатыссыз жазаларды атқарудың заңдылығына.
"Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы заңында прокурордың Қазақстан Республикасы ІІМ-нің қылмыстық-атқару жүйесінің органдарында заңдылықты қамтамасыз ету өкілеттігі көрсетілген. Заңдылыққа бақылау жүргізе отырып, прокурор өз шамасы құзырлығында хақы бар:
1. Адам құқықтары туралы, қамалғандар мен сотталғандарға мейірбандық -тұрғыдан қарау жөнінде Конституцияның заңдардың және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының дәл және бірыңғай қолданылуын талап етуге;
2. Азаматтың, мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша, сондай-ақ прокурордың талабы мен өтініштері бойьшша атқарушылық істер жүргізілуін талап етуге және тексеруге;
3. Сот тағайындаған жазалау және мәжбүр ету сипатындағы өзгеде шараларды атқарушы бас бостандығынан айыру орындары мен мекемелеріндетексеру мақсатымен кез келген уақытта болуға;
Ұсталғандардан, қамалғандардан, сотталғандар мен мәжбүр ету сипатындағы шаралар қолданылған адамдардан жауап алуға;
Осы адамдарды ұстауға, қамауға, жазасын өтеуге, сондай-ақ оларға мәжбүр ету сипатындағы шараларды қолдануға негіз болған құжаттарды талап етуге;
Мәжбүр ету шараларын атқарушы бас бостандығынан айыру орындарында немесе мекемелерінде заңсыз отырған әрбір адамды өз қаулысымен дереу босатуға;
Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға занды бұза отырып, қолданылған тәртіптік шаралардың күшін жоюға, оларды өз қаулысыменен айыптық изолятордан, камералық үлгідегі орындардан немесе карцерден қамаудан босатуға;
Заңда белгіленген жағдайларда жазалауды атқарушы мекемелер әкімшілігінің актілерін санкциялауға хақылы.
Сонымен, прокурорлық бақылау барлық бас бостандығынан айыру орындарын (қамау, бөлу), оларда қандай категориядағы ұсталған адамдар отырғанына қарамастан түгелдей қамтиды. Прокурорлық бақылаудың мақсаты — ол бас бостандығынан айыру орындарындағы заң бұзушылықты кезінде түгелдей тоқтату, ал заң бұзған адамдар заңда көрсетілгеніндей жауапқа тартылуы тиіс. Әкімшіліктің қызмет әрекетіне бақылау жүргізуде прокурор барлық салаларға прокурорлық жалпы бақылау өкілеттілігін қолданумен бірге бақылау субъектісі ретінде прокурорға жүктелген арнайы өкілетгілігін ұсталғандардың, алдын ала қамалғандардың, жазаны өткеру орындарындағы заңның орындалуын және сот белгілеген басқа да мәжбүрлеу шараларын бақылайтыны есте болуы керек.
Зандылықты бұзуды табу мен ескерту прокурор өкілеттілігінің бірі — ол жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшіліктерінің жұмыс әрекетін, ондағы жазаны атқару жағдайлары мен тәртібін тексеру. Оны іске асыру үшін прокурор жазаны атқарушы мекемелер мен органдарға кез келген уақытта баруға хұқы бар. Прокурор жеке барып танысу процесінде әкімшіліктің жұмыс әрекетімен тікелей танысады, атап айтқанда сотталғандардың бас бостандығынан айырылуы негізі жөніндегі құжаттармен танысады, сотталғандарға жеке-жеке сұрақтар қояды, жатқан орындарымен, жазаны өтеу режимі жағдайымен, ондағы қылмыспен, тәртіптік жаза қолдану тәжірибесімен танысады. Сотталғандардың жұмыс әрекетімен барып және тікелей танысуы зандылықтың, режим мен жазаны атқару жағдайларын тікелей білуге және зандылықты бұзушылықты анықтауға, оны ескертуге мүмкіндік береді.
Прокуратура туралы заңға сәйкес прокурор жазаны өтетуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтарының заңға үйлесімділігін тексеруге құқы бар. Сонымен қатар лауазымды адамдардың, қызметкерлердің тәртіптік жаза қолдануының заңдылығы мен дәлелділігі тексеріледі. Егер де заңға қайшы акті қабылданған болса, онда прокурор лауазымды адамдардан заңсыз шешім қабылдағаны үшін жеке түсініктеме беруді талап етуге құқы бар және оған кейін қарсылык білдіреді.
Прокурор бақылауының негізгі актілері мыналар: наразылық білдіру, қаулы, ұйғарым, жарлық, рұқсат ету, нұсқау, бұйрық, ережелер ("Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы" заңның 18-бабы). Бұлар прокурорға жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетіндегі заң бұзушылықты тиімді де тез жоюға мүмкіндік береді. Прокурор заңның бұзылу сипатына байланысты іс қозғауы, тәртіптік және шығаруы, жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың лауазымды және басқа да қызметкерлердің әкімшілік құқық бұзғаны туралы қаулы шығаруы мүмкін. Прокурор өзінің қаулысы мен бас бостандығынан айыру орындарында заңсыз отырған сотталғандарды, бас бостандығынан айыруды өтеп жатқандарға заңсыз салынған тәртіптік жаза шараларын бұзуға, заңсыз жазаланған адамдарды айып қапасынан, қамау торы бөлмесінен, карцерден, жеке адамдық тордан, тәртіп қапасынан босата алады.
Прокурордың заң бұзушылыққа көніл аударуының төмендегідей түрі, ол — заң бұзушылықты, оған мүмкіндік туғызатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс жасауы. Мұны прокурор, әдетте жаза атқарушы мекемелер мен органдар қызметкерлерінің жұмыс әрекетінде заң бұзушылық-тың әрдайым кездесетіндігінен жасайды. Ұсыныс жіберілген қызметкердің, немесе жоғары органның лауазымды адамы ұсыныста көрсетілгендей, болған істерді бір айдан қалдырмай қарауға міндетті. Бұзылған занды, оны тудырған себептер мен жағдайды жою шараларын қабылдап, қорытындысын проку-рорға хабарлайды.
Прокурордың заң бұзушылыққа көңіл аударуының тағы бір түрі, ол -наразылық білдіру. Прокурор жазаны орындаушы мекемелер мен органдардың лауазымды адамдарына заңға қайшы бұйрық, қарар немесе қаулы қабылдағаны үшін наразылық білдіреді. Білдірілген наразылық міндетті түрде түскен уақытынан бастап он күннен кешіктірілмей қарауға және қоры-тындысын жазбаша прокурорға тез хабарлауға міндетті.
Сонымен, бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықты сақтау мен қылмыстық жазаның басқа да түрлерін бақылау прокурорлық бақылаудың саласы болып саналады. Мұның өзіне тән занды бұзуды табу мен ескертудің және табылғанға назар аударудың айрықша түрлері мен әдістері бар. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің жұмыс әрекетіндегі заңдылыкты қамтамасыз етуде манызды рөл әділсот органына жатады.Соттың бақылау қызметінің негізгі үлгілері, түрлері мен әдістері әр түрлі және олар едәуір тиімді болып келеді.
"Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы" Заңының 1-бабына сәйкес соттардың шешімдерін, үкімдерін, өзге қаулыларын, сондай-ақ олардың занды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға міндетті.
Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінін қызмет әрекетін соттық бақылауды үш түрге бөлуге болады:
Бірінші — азаматтық, отбасылық, еңбек және әкімшілік Құқық қатынастық таластарда және сот ісін жүргізу ережесімен жүзеге асырылатын айрықша іс жүргізуді қарағанда соттық бақылау болады. Мәселен, азаматтық іс жүргізгеңде қызметкерлердің жұмыс әрекеті екі жақтан тікелей талас тудыруы мүмкін. Мысалы, бас бостандығынан айыруды өткеріп жатқанда еңбекке жарамсыз болған талап етуші адамның түзеу мекемесінің кінәсінен келтірілген шығынды өтеуді шешкенде немесе керісінше, жазаны өтеу кезінде сотталғанның келтірген материалдық зиянын босатылғанда өндірілмей қалғанын төлеу туралы түзеу мекемесі талабын шешкенде туатын таластар. Бұл жағдайларда жазаны өтеу кезінде сотталғандардың еңбек құқын сақтауда түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс қимылын сот бағалай алады.
Сондықтан іске дәлел ретінде берілген құжаттарды соттың қабылдауы, олардың занды екенін растайды, ал оларды қабылдамауы әкімшілік қызмет әрекетіне кері әсерін білдіреді.
Соттық бақылау сотталғандардың түзету шараларымен байланысты емес жазаны өтеу кезінде де орын алады. Мысалы, сотталған белгіленген мезгілде айып төлемесе, азаматтық сот ісі тәртібімен сот берген орындау қағазы негізінде жазаны орындауға мәжбүр етеді.
Әкімшіліктің жұмыс әрекетін соттық бақылаудың екінші түріне — қылмыстық істер жүргізгендегі бақылау, ал сотта қылмыстық іс қаралғанда жүзеге асырылатын және сот үкімін орындау мәселелерін сотта қарағандағы бақылау жатады.
Соттың бақылау функциясы қылмыстық-атқару мекемелері жүйесі қызметкерлерінің лауазымды адамдары жағынан жіберілген зандылықтың өрескел бұзылғаны жөнінде қылмыстық іс қаралғанда білінеді. Ол — билігін немесе қызметтік жағдайын пайдаланып қиянат жасау, өкілеттілігін пайдаланып қиянат жасау, кездейсоқ уәкілдігін пайдаланып асыра сілтеулік, селқостық және басқа да лауазымдық қылмыс түрлері.
Соттық бақылау сотталғандардың жазаны өтеу кезінде жасалған қылмыстық істерді қарағанда да орын алады. Мәселен, қылмыс жасаған сотталғандар жөнінде қылмыстық іс қарағанда, мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігінің талабына қасақаналықпен көнбеушілік немесе түзеу мекемесі және басқалардың жұмысына іріткі салу, бұл құқыққа қарсы әрекет сотталған-дардың құқығына қысым жасалуына байланыстылығын сот тексеруге міндетті. Сот түзеу мекемесі әкімшілігі талабынын заңдылығын, оған сотталғанның қасақаналықпен көнбегенін, қапас тәріздес бөлмеге көшіру туралы салынған жазанын негізділігін тексеруі тиіс.
Сот іс қарау процесінде айғақтардың, жәбірленушінің, сотталушылардың жауаптарын, эксперттер қорытындысын заттар дәлелдемелерін, құжаттарды бағалай отырып, түзеу мекемесі әкімшілігі жағынан зандылықтың бұзылғанын, яғни қиянат істегендігін анықтай алады. Бұл жағдайда сот айқындаған заң бұзушылықты, оны тудырған себептері мен жағдайларын жазаны өткеруші мекемелер мен органдар жұмыс әрекетіне бақылау жүргізетін прокурорға немесе оларды басқарып отырған лауазымды адамдарға хабарлауға міндетті. Көрсетілген лауазымды адамдар сотта ашылған және жеке ұйғарымда, яғни ұсыныста көрсетілген заң бұзушылықтың себептері мен қыз-меткерлерге оны бұзуға мүмкіндік туғызған жағдайларды болдырмау шараларын қабылдауға міндетті.
Жалпыатқарушы түзеу мекемесі қызметкерлерінің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарудың әр түрлі аспектісіне қатысты мәселелерде көрінеді. Мысалы, түзеу мекемесі әкімшілігі сотқа жаза мерзімінен бұрын босатуға, жазаны жеңілдетуге немесе оның түрін өзгертуге ұсыныс жібереді, ал оны шешу үшін керекті материалдарды да қоса жолдайды. Сот түскен құжаттарға сүйеніп, олардың зандылығы мен негізділігі жағынан баға бере отырып, лауазымды адамдардың шешіміне заң күшін береді немесе оларды занды күшінен айырады. Осы мақсатпен соттар түзеу мекемесі әкімшілігі жіберген материалдарды бұрмалау мақсатыңда, сондай-ақ сотталғандардың тәртібі толық бейнеленбеуі мүмкін болғандықтан, бұлар істі әділ шешу мақсатында ұқыпты қарап шығуға міндетті.
Соттық бақылау қызметі сот жазаны басқа түрге ауыстыру мәселелері туралы іс қараған кезінде сотталғанның үлгілі мінез-құлқын немесе белгіленген жазаны өтеуден бас тартқанын есепке алғаннан пайда болады. Мысалы, бас бостандығынан айыруды түзеу жұмыстарына немесе одан да жеңілірек жазаға ауыстырғанда, сондай-ақ керісінше, сотталғанды түзеу мекемесіне өтелмей қалған жазаны өткеруге қайтарғанда т.с.с. Сот жазаны өткеруші мекемелер мен органдар қызметкерлерін жазаны өтеу жағдайларын өзгертуге байланыс-ты мәселелерді шешу кезінде бақылай алады. Заңға сәйкес мұндай мәселелер, бас бостандығынан айыру мен түзеу жұмыстары жазаларын өтеу кезінде пайда болуы мүмкін. Бас бостандығынан айыру орындарында, сот сотталғанның мінез-құлқын ескере отырып, бас бостандығынан айыруды ұстау мәселесін өзгертіп, сотталғанда түзеу мекемесі бір түрінен екіншісіне, яғни жеңіл немесе қатаң режимге ауыстыруды шешеді.
Бұдан басқа жасы толмаған сотталғандардың 18-жасқа толуымен тәрбиелеу колониясында қалдыруға негіз болмаса, сот оларды түзеу колониясына ауыстыруға шешім қабылдайды.
Қызметкерлердің жұмыс әрекетін соттың бақылауы жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің қылмыстык жазаны өтеу саласымен немесе оның жұмысына шағым етумен ғана аяқталмайды. Сот бақылауын түзеу мекемелері жұмысына қолайласақ, онда сот мүлік-шаруашылық, жер т.б. дау-таластарды қарағанда, әрине бір жағы түзеу мекемесі болуы керек, ал сот ерікті жалдамалы немесе аттестациядан өткен қызметкерлерді жұмысқа қайта алу сияқты талаптарын қарағанда ол іске асуы мүмкін.
Соттық бақылаудың үшінші түрі — ол жазаны өтеуші мекемелер мен органдар әкімшілігінің әрекетіне шағым ету. Мемлекеттік органдарға жіберілген сотталғандардың шағымы, арыздары тиісті жеріне жіберіліп, заң тәртібі бойынша шешіледі. Мысалы, сотталғандардың жазаны азайту шаралары туралы өтініші.
6-дәріс. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру.
1. Бас бостандығынан айырылған сотталғандарды топтастыру.
2. Сотталғандарға жазаны атқаратын мекемелер түрін белгілеу.
1.Мемлекеттің қылмыспен күресу саясаты принциптеріне негізделген түзеу мекемелері әрекетінде қылмыспен күресудегі, алдына қойылған міндетті, сот белгілеген жазаны тиісті дәрежеде орындауды қамтамасыз етуге тиісті. Заңмен белгіленген жазаны орындаудағы осындай принциптердің бірі топтастыру мен жекелендіру болады.
Сотталғандарды тәрбиелеу мен түзеудегі қолданылатын негізгі тәсілдердің бірі осындай жекелеп қараудың, объективті қажеттілігі, жазалау-тәрбиелеу әрекетінде әрбір сотталған бәріне белгіленген режим талабын мүлтіксіз орындауға (сотталғандар бәрі де жұмыс істеуге, жазаны атқару режимін сақ-тауға, тәрбие шараларына қатысу және т.с.с.) міндетті. Бұлардың әсер етуін істелген қылмыстың сипаты мен қауіптілігіне байланысты даралау және сотталғанның жеке басының өзгешелігі мен әрбіреуінің мінез-құлқының өзгешелігін еске ала отырып, яғни еңбекке, оқуға қарым-қатынасына байланысты қасиетін еске алу тиіс.
Бұл ережелер халықаралық актілерге, соның бірі қамаудағылармен айналысудағы Ең аз үлгі Ережесіне сәйкес келеді. Ереженің 8-тармағында оларды категорияларға бөлудің жалпы ережелері мынандай:
"Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әр жерде немесе бір мекеменің ішінде бөлек-бөлек орналастырылады". Топтастыру мен жекелендіру мақсаты Ереженің 67-тармағында белгіленген, онда былай делінген:
Топтастырудың мақсаты мынада:
а) қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мінез-құлқының нәтижесінде теріс әсер ету қаупі мүмкін болғандықтан оларды бөлу;
ә) қамаудағыларды категорияға бөлу, оларды қоғам өміріне қайтару мақсатында олармен жұмыс істеуді жеңілдетеді.
Түзеу амалдарын даралап қолдану біртектес сотталғандарды топқа бөлуді қамтамасыз етеді. Мұндай бөлуді сотталғандарды топтастыру деп атау қабылданылған.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру, ол оларды тиісті белгілерімен тиісті топқа болу жазалаудың мақсатына жету үшін қолайлы жағдай жасау болады. Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық-атқару құқығы принциптерінің бір түрі жазаны жекелендіруді бір ізбен іске асыру үшін жүргізіледі. Жазаны жекелендіру сот қылмыстық жазаны және оны орындауды белгілегенде жүзеге асырылады.
Жазаны орындауды жекелендіру — ол еңбекпен түзеу құқығының нормалары белгілеген, әрбір сотталғанныи жеке басын сипаттайтын мәліметін еске ала отырып жалпы режим ережесін қолдану және тиісті еңбекпен түзеу принциптерімен әсер ету.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастыру төмендегілерді қамтамасыз етуге арналған:
а) қоғамға қауіпті қылмыскерлердің, қауіпті деп күдік тудырмайтын сотталғандарға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмау мақсатында оларды әр түрлі топтарға бөлу;
ә) түзеу мекемелерінің тиімді жүйесін тұрғызу;
б) түзеуге әсер ету амалдары мен әдістерін жекелеп қатал қолдану;
в) жазалаудың мағынасын құрайтын қылмыстың және қылмыскердің, яғни жазалау шараларының қоғамдық қауіптілігінің дұрыс ара қатынастығы;
г) жазаны атқаруға тиісті жағдай жасау.
Көрсетілген мәселелерді шешуді тек ғылыми негіздегі топтандыру қамтамасыз ете алады. Қазіргі кездегі күші бар қылмыстык, қылмыстық-атқару заңдары бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ғана топтастыруды қамтиды. Сот әлі шешім қабылдамағандарды қылмыстық-құқықтық топтастыру мен сот қылмыстық жазаға сотталғандарды қылмыстық атқаруға топтастырудың айырмашылығы бар деп есептеуге болады. Қылмыстық-атқару топтасуының негізі қылмыскерлердің қылмыстық-құқықтық топтасуы болып табылады. Қылмыстық-атқару мен қылмыстық-құқықтық топтасуларының өзара байланысы былайша түсіндіріледі; біріншіден, қылмыстық-құқықтық топтасудың негізгі өлшемі істеген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен қылмыстық жазаны өткергенде еске алынатын қылмыскердің жеке басы болады да, екіншіден, екі топтасудың міндеті — жазаның мақсатына тиімді жетуін қамтамасыз етуде болады.
Сонымен бірге тікелей мақсатының айырмашылығы — ол қандай оқиға үшін топтастырылуында, сондықтан қылмыстық-құқықтық және қылмыстық-атқару топтасулары деп бөледі. Қылмыстық құқықта қылмыскерлерді топтастырудың негізгі мақсаты — ол жауапкерді қылмыстық жауапқа тартқанда және жаза шарасын белгілегенде қылмыстың сипаты мен істелген қылмыстық қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне және қылмыскердің жеке басына байланысты да, ол мәселені қарағанда әділ шешім қабылдауды қамтамасыз ету. Бас бостандығынан айыруға сотталғандарды топтастырудың негізгі мақсаты — ол сотталғандардың әр түрлі топтарының жазаны даралап өтеуін және осы жазаның түрін барынша тиімді атқаруды қамтамасыз ету.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар заң (құқық), педагогика және психологиялық өлшемдерімен топтастырылады. Көрсетілген өлшемдер жиынтығы тағы екі өлшемге бөлінуі мүмкін: физиологиялық (биологиялық) және әлеуметтік.
Заң өлшемімен топтастыру — ол барлық бас бостандығынан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне және қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілігіне байланысты топтарға бөлуді айтады.
Барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандар бұл белгіге лайықты былай бөлінеді: а) өмір бойы бас бостандығынан айыруға және тез өткеруші адамдарға; ә) бұрын бас бостандығынан айыруды өткерген адамдармен оған бірінші рет сотталғандар; б) әр түрлі ауыр дәрежеде қылмыс жасаған адамдар: в) қылмысты қайталап істеп сотталған (рецидив) адамдар мен қайталанған аса қауіпті қылмыс және т.б.
Физиологиялық (биологиялық) өлшеммен топтастыру — бұл барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байланысты бөлу.
Бұл белгімен бас бостандығынан айыруға сотталғандар былайша бөлінеді: а) ерлер және әйелдерге; ә) кәмелетке жеткендер (18 жасқа толғандар) және кәмелетке толмағандар (14-тен 18 жасқа дейінгілер); б) еңбекке жарамдылар мен мүгедектерге; в) дендері сау мен ауыр науқасы барларға; г) әйелдерге, аяғы ауыр және 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге.
Педагогикалық өлшеммен топтастыру — бұл бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тікелей педагогиканың міндетіне байланысты, қандайда болмасын топтың біреуінде шешуге тура келетін, сондай-ақ педагогикалық әсер етудің тиісті амалдары мен әдістерін қолданудың орындылығымен бөлуге болады.
Бұл өлшемнің негізінде сотталғандарды, олардың оған дейінгі және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке қатынасы (еңбекті адал ниетімен істейді немесе жалқау) түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқы (мінез-құлқы үлгілі немесе қасақана режим ережесін бұзушы) және т.б. байланысты бөлуге болады.
Психологиялық өлшеммен топтастыру — бұл әр адамның қасиетіне байланысты топқа бөлу. Мұндай бөлу жалпы және пенитенциарлық психологияның мінез-құлық түрін топтастыру мәліметтеріне сүйенуі тиіс.
Түзеу мекемелерінде тәрбие жұмысын дүрыс ұйымдастыру үшін бұлармен бірге жеке басының да қасиетін білу тиіс.
Психологиялық өлшемге байланысты төмендегілерді айыра білген орынды сияқты:
а) аса қауіпті мемлекеттік қылмысқа сотталғандарды және басқа әр түрлі қылмыстарға сотталғандарды;
ә) қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда істелген қылмысқа сотталғандарды;
б) өмірге, денсаулыққа, адамның денесіне қол сұқпаушылығына қауіп төндіргені үшін сотталғандарды;
в) пайдақорлық қылмыс үшін сотталғандар;
г) бұзақылығы үшін сотталғандар;
д) пайдақорлығы үшін емес, қызметін немесе мамандық функциясын орындауға байланысты жасалған қылмысы үшін сотталғандар;
е) басқа да қылмыстар үшін сотталғандар.
Сотталғандарды топтастыру тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды, себебі ол сотталғандардың бір тобының екіншісіне жағымсыз, кері әсерін тигізбеуге және оларға жеке-жеке амал қолданып әсер етуге мүмкіндік береді.Занда қабылданғандай сотталғандарды топтастыруға сәйкес түзету мекемелер жүйесі құрылады. Осындай заңдарға лайықты мұндай мекемелер жүйесі заңдық (құқықтық) және физиологиялық (биологиялық) өлшемдерге негізделген.
Педагогикалық және психологиялық өлшемдер түзеу мекемелер жүйесінің қызметін бейнелемейді. Сонымен қатар түзеу амалдарын пайдаланып жеке-жеке істеу үшін және сотталғандардың әр біреуімен тәрбие жұмысын ұйымдастыруға әсер етеді.
продолжение
--PAGE_BREAK--
2. Бас бостандығынан айыруға сотталғанның жазаны қай жерде өтейтіні, оны түзеп және тәрбиелеу үшін маңызы күшті сондықтан түзеу мекемесінің түрін дұрыс белгілеу тиіс. Түзеу мекемелері өзара құқық шектеудің көлеміне, басынан кешіріп шыдауға мәжбүр мұқтаждықпен қасірет дәрежесіне, еңбекке пайдалану сипатына, тәрбие жұмысының түріне, жалпы білімге және техника мамандығына үйретуге байланысты бөлінеді.
Мұның бәрі бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны өтеу кезіндегі құқықтық жағдайына елеулі әсер етеді. Түзеу мекемелерінің түрін белгілеуге, қылмыстық-атқару заңына сәйкес дұрыс көңіл бөлу тиіс, себебі сотталғандар негізінен жазаның барлық мерзімін бір түзеу колониясында, түзеу қоныстану колониясында, түрмеде немесе тәрбиелеу колониясында өткізеді. Түзеу мекемесінің түрін, тиісті режимін, жазаны қай жерде өткеретінін, сотталғанға бастапқы топтастыруды белгілейтін жалғыз орган — ол сот болады.
Жазаны өткеру кезінде сотталғандарды түзеу мекемесінің бірінен екіншісіне аударуға негіз пайда болады. Өйткені, ұстау жағдайын өзгертуге қажеттілік туады: сотталғандарды жалпы немесе қатаң режимнен қоныстану колониясына аудару. Бірақ бұл топтастыру құрамын өзгерту емес, өйткені сот белгілеген режим түрі жазаны өтеу мерзімінде өзгермей қалып қояды.
Егер сотталған еркіндігінен айыру орнында тағы да қылмыс жасаса (пенитенциарлық рецидив аталатын), онда сот үкім шығарып жаңадан жаза қолданғанда түзеу мекеме түрін қалдыруы және қатаңдау ұстайтынын белгілеуі мүмкін.
Сот үкім шығарғанда түзеу мекемесін әлде ұстау режим түрін белгілегенде қате жібере қалса, жоғары тұрған кассация жөнімен немесе бақылау ретінде сотталғандарды ұстау режим түрін, мекемесін өзі белгілей алады.
Үкімнің занды күшіне енгеннен сон және оның орындауды айтқан күнінен бастап 10 күн мерзімнен кешікпей бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеуге жіберіледі. Түзеу мекемесіне жіберуді ол адам сотталғанша ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің жолдама рұқсатымен ұсталып отырған тергеу қапасынын әкімшілігі орындайды. Жолдамада сотталып жіберілген ерлер мен әйелдердің жалпы саны, сотталған заңның баптары, өтпейтін тиісті жазалау мерзімі көрсетіледі. Жолдамаға тергеу қапастарының арнайы бөлімі жүргізілген таспаға басылған сотталғандардың жеке басының істері және жолдама тізім — құжат, онда жөнелтілу себептері сотталғандар қайдан, қайда жөнелтіледі, жеке бас істік нөмірлері, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, сотта қойылған баптары, жаза мерзімі мен түзеу мекемесінің режим түрі жазылады.
Сотталғанның жеке басы ісінде: анкета, дактилокарта танитын фотографиясы, үкімнің көшірмесі, үкімнің немесе ұйғарымның заңды күшіне енгені туралы анықтамасының көшірмесі, сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама, медицина картасы болады.Түзеу мекемелеріне сотталғандарды қабылдауды мекеме бастығы немесе оның оператив, сондай-ақ режим жұмысы жөніндегі орынбасары төрелік ететін үздіксіз істейтін комиссия жүргізеді. Комиссия құрамына әр түрлі бөлім немесе қызмет, мекемені күзететін әскери бөлімше өкілдері кіреді. Жекелеген немесе кішігірім сотталған топты қабылдауды мекеменің, лауазымды адамдары (бастығы, оның орынбасары, бастықтың кезекші көмекшісі) және әскери бөлімшенің командирі жүргізеді. Комиссия немесе лауазымды адамдар бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қабылдаған кезде келгенді сипаттайтын мәліметтік құжаттарда көрсетілген мәліметтермен сәйкестігін тексеру. Түзеу мекемесіне қабылдауға жатпайтындар:
Үкім занды күшіне енбегендер.
Түзеу мекемесінің басқа түріне жататындар.
Құжаттағы мәліметтері шындықпен сәйкес келмейтіндер (тегі басқа, туған жылы басқа және т.с.с).
Ондайларды табылған бойда түзеу мекемесінің орналасқан жеріндегі қылмыстық-атқару жүйесі басқармасына хабарлайды және оларды әкетуге рұқсат-жолдама сұралады.
Сотталғандарды қабылдаған кезде оларды тінтеді, жеке заттарьгн тексереді, одан кейін медициналық тексеруден өткізіледі. Керек болса олар санитарлық тазалаудан өтеді. Осылардан өткеннен сон мерзімі — 2 жетіге дейін карантин үйіне жіберіледі.
Қабылданғаннан кейін 3 дана етіп акт жасалады: біріншісі конвой бастығына беріледі, екіншісі — түзеу мекемесіндегі іске тігіледі, ал үшіншісі — сотталғанды бас бостандығынан айырған мекемесіне жіберіледі. Түзеу мекемесіне жаңадан қабылданғанның әрқайсысына 24 сағаттың ішінде үкім шығарған сотқа хабарландыру хаттама жіберіледі. Сотталғандардың отбасына, жақын туыстарына, мекемеге келген күннен бастап 10 тәулік ішінде мекеменің мекен-жайын беруге немесе почтамен жіберуге рұқсат етілген тағамдар мен өте қажетті заттар тізімі, сотталғандармен жолығысудың негізгі ережелері хабарланады.
Сотталғандарды түзеу мекемесіне қабылдау тек қана маңызды заң актісі ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысының басталуы. Жаңадан келген сотталғанмен бірінші күннен бастап әңгіме өткізіледі, онда оны режим ережелерімен, ішкі тәртіппен, міндеттері, яғни құқығымен, тәртіптік жаза қолдану мен мадақтау шараларының негіздері және тәртібімен таныстырады. Мұнда сотталғанның карантинде болған кезінде, мекеменің әкімшілік комиссиясы, әрқайсысының жеке басының ерекшелігін, мүмкіндігіне қарай мамандығын, білімін және т.б. еске ала отырып, оларды жасаққа бөлуге шешім қабылдайды.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандар үкім занды күшіне енгеннен бастап жаңа дәрежеге ие болады. Бірақ оларға берілген құқықты және міндеттерін орындауы шын мәнінде жүзеге асыру түзеу мекемесіне қабылдағаннан кейін басталады. Сонымен сотталғанды мекемеге қабылдаумен құқық маңызының шынайылығы белгіленеді.
7-дәріс. Бас бостандығынан айыру орындарындағы ұстау режимін құқықтық реттеу.
1. Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің түсінігі, мазмұны мен оның негізгі функциясы.
2. Бас бостандығынан айыру орындарындағы режимді қамтамасыз ету тәсілдері.
1.Режим — қылмыстық-атқару құкығының нормаларымен реттелген тәртіп пен орындау жағдайы және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу деп түсініледі.
Режим жазалаудың мәні мен маңызын білдіреді, сондықтан мұнда сазайын тарту іске асырылады, яғни сотталғанға қолданылатын құқық шектеулердің жиынтығы. Ол бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың тұрмысын үздіксіз және жазалаудың барлық мерзімін реттейді. Оның көмегімен мінез-құлық ережесі белгіленеді. Оны орындау барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, мекеме әкімшілігіне, сотталғандарды түзеуге қатысатын және түзеу мекемелеріне бақылау жүргізетін қоғамдық ұйымдар өкілдеріне, бұл мекемеге келген мемлекеттік мекемелердің лауазымды адамдарына, түзеу мекемелерінің объектілеріңде және аумағында жүрген азаматтардың бәріне бірдей міндетті. Сонымен режим барлық субъектілердің және жазаны орындау мен өткеру жөніндегі қылмыстық-атқару құқык қатынастарына қатысушылардың құқықтық жағдайын белгілейді. Режим нормалары қылмыстық жазалауға тән құқық шектеулердің ретін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Жазаны өткеру режимі түзеуге әсер етудің негізгі амалдарының бірі болып есептеледі. Оның түзеуге әсер етудің амалы ретіндегі басты міндеті — сотталғандарды тәртіпке тәрбиелеу болып есептеледі, немесе бәріне бірдей тиісті ортақ тәртіпке бағындыру. Режим ережелері бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың өмірінің барлық жағын өне бойы жазаны түгелдей атқарып шыққанша реттейді. Режим сотталғандардың ерік берілген мінез-құлқына ғана шек қоюды белгілейді, сонымен олардың кұқықтық дәрежесін қалыптастырады. Бұл дәреже оларды қорғайды, сондықтан режим ережесінің өлшемі тең, әрбір сотталғанға да және түзеу мекемелері әкімшілігінің өкілдеріне де бірдей міндетті. Кімде кім оның ережесін сактағысы келмесе оны сақтауға мәжбүр етуге режим мүмкіндік береді. Қорытындысында сотталғандардың мінез-құлқы жөнге салынады да, уақыт өткен сайын оларда тиісті бір мінез-құлық ережесіне ұстану әдеті туындайды. Режим маңызының қорытындысы, сонымен бірге түзеу әсерінің басқа да амалдарын пайдалануға, яғни қоғамдық пайдалы еңбек етуге, тәрбие жұмысына, жалпы білім мен кәсіптік үйретуге жағдай жасау, егер де түзеу мекемесінде тиісті тәртіп болмаса, онда олардың біреуі де тиімді бола алмайды. Түзеу мекемелерінде режим талабын сақтау — сендіру мен мәжбүр ету (мадақтау мен жазалау) шараларымен, өне бойы бақылау мен сотталғандардың мінез-құлқын кадағалаумен, жазалауды тиісті орындауды және әкімшілік іс-әрекетінде зандылықты сақтауды бақылау (соттық, ведомстволық, қоғамдық бақылау, прокурорлық қадағалау) жүйесінің шараларымен қамтамасыз етіледі.
Түзеу мекемелерінде жазаны атқару режимі онын құқықтық принциптеріне сәйкес ұйымдастырылады. Олардың маңызы жазаның мақсатымен белгіленеді де қылмыстық-атқару құқығының нормаларында бекітіледі.
Режимді ұйымдастыру принциптері мыналар болып табылады: заңдылығы, жөнділігі, адамгершілік, даралап сеніммен жазаны қолдануды үйлестіре білу.
Ұстау режимін ұйымдастырғандағы зандылық принципі дегеніміз — ол сотталғандарға талап етілетін барлық талаптардың нормативті табиғаты болады немесе мекемелер әкімшілігінің өз бетімен істейтіні емес, қайта қылмыстық-атқару құкығының нормативтік актілерінде белгіленеді. Олардың талабын бір жағынан сотталғандар, екінші жағынан мекеме әкімшілігі де сақтаулары тиіс.
Режимді ұйымдастырғанда заңдылық принципінің іске асырылуы, ол бірде-бір сотталған режим ережесінің саласынан шыға алмауы және осы барлық ереже бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бәріне бірдей өлшем шарасында таратылады.
Зандылық принципін сақтау — ұстау режимін бұзатын адамдарды мәжбүр ету шараларымен және түзеу мекемелері әкімшілігінің жұмысындағы зандылықты бақылаумен орындалады.
Режимді ұйымдастырудағы орынды принцип дегеніміз — оның ережелері өз бетінше емес, керісінше, біріншіден, жазалау — тәрбиелеу процесі ретіндегі жазаның манызымен, екіншіден, жазаның мақсатымен немесе сотталғандарды түзеу және тәрбиелеу максатымен оларды жаңадан қылмыс жасамауын ескерту, яғни басқа адамдардың да қылмыс жасамауын ескерту болып есептелінеді.
Демек, әрбір режим талабының саналы өзіндік негізі болуы тиіс және режимнің әрбір қойған талабы сотталғандарға түсінікті болуы керек, олар қара басынын қамы ретінде емес, қайта жазаны өткерудің тиісті жағдайы, жеке өзіне керекті сапаны қалыптастырудың амалы ретінде қабылдануы тиіс.
Режимді ұйымдастырғанда адамгершілік принципі, ең алдымен қоғамның мүддесіне және сотталғандардың өздеріне де керекті екенін білдіруі тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарында орнатылған режим шынайы болады, себебі сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс жасаудан оларды оқшаулау және оларды түзеумен тәрбиелеу арқылы құтқарып, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Режимнің шынайылылығы, ол сотталғандарды босатқаннан кейін еңбек етуге қосудан көрінеді. Режим шынайылылығы ол күш пайдаланып азап шектіру мақсатын қоймайды немесе сотталғандардың адамгершілік абыройын қорламайтындығынан көрінеді.
Бас бостандығынан айыру орындарында режимді дараландыру принципі деп түзеу мекемелеріндегі жазалаудың мақсатына жету үшін сотталғандарды ұстау жағдайы жасаған қылмыстың ауырлығына қарай қылмыскердің жеке басының қоғамдық қауіптілігіне және олардың түзеу мекемелеріндегі мінез-құлқына байланысты дараландыру айтылады.
Ұстау режимін дараландыру мыналардан: әртүрлі дәрежедегі сотталғандарды бөлек-бөлек ұстаудан; түзеу жолына түсе бастаған сотталғандарды женілдеу режимді түзеу мекемелеріне, тәртіпті кәнігі бұзушыларды қатаң режимді мекемелеріне аударудан; колонияның ішінде сотталғандардын ұсталу жағдайын өзгертуден; режим ережелерінде көрсетілген басқа да мадақтау мен жазалау шараларын қолданудан көрінеді.
Жазаны өткеру режиміндегі жаза мен тәрбиені байланыстыру принципі — ол тек режимде көбірек кездесетін жазалау элементтерінен басқа тәрбиелік маңызда ерекшелерде бар екенін білдіруді айтады.
Режимнің жазалау жағы деп сотталғандар ұшыраған құқық шектеулердің жиынтығын айтады, яғни: оқшаулауға, кездесуді шектеуге және т.с.с. ұшырау. Режимнің жазалау жағы қорқытып қана қоймайды, сонымен қатар болашақта тағы да қылмыс жасаудан тартынуға себепші болады, және адамның бостандығы кезінде пайдаланатын игіліктерін сақтауды талаптандыруға да себепщі болады.
Бас бостандығынан айыру орындарында белгіленген режимнің тәрбиелеу жағы ережелерде көрсетілген ішкі тәртіпті, сотталғандардың қоғамдық орындардағы, өзара қатынасқандағы, әкімшілік өкілдерімен айналысқандағы мінез-құлқын реттеитін ережелерде айтылған.
Қылмыстық-атқару заңдарына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің негізгі талаптары мынадай: Сотталғандарды міндетті түрде оқшаулау және оларға жанадан қылмыс жасауға мүмкіндік бермеу немесе басқа да қоғамға қарсы қылықтар жасамау үшін өне бойы бақылау қою; олардың өз міндеттерін бұлжытпай және ұдайы орындауы; жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен сыр-сипатына байланысты түрліше жағдайда ұстау және сотталғандардың жеке басының түрі мен мінез-құлқы.
Жоғарыда көрсетілген режим ережесі мақсатының қамтамасыз етілуі режим элементтері деп аталады, ал олардың жиынтығы оның мағынасын құрайды.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару режимі элементтерінің көңіл аударарының бірі — сотталғандарды оқшаулау болып есептеледі. Ол дегеніміз — көрсетілген адамдар үнемі күзетуде болады, айдауылмен немесе алып жүрушілермен ғана жүргізіледі, қорғалады, еркіндікте жүрген адамдармен ережеде көрсетілмеген жағдайда оларға араласуға рұқсат етілмеиді. Сондықтан оларға түзеу мекемелерінің тұрғын және өндірістік зоналардың шекарасын бұзуға рұқсат етілмейді, әкімшіліктің рұқсатынсыз жергілікті (локальды) бірінен-бірі бөлінген тұрғын және өндірістік объектілердің егер ондай болса шетіне шығуға болмайды, сонымен сотталғандарды күштеп оқшаулау қамтамасыз етіледі. Соңғысы салыстырмалы ғана сипатта болады. Сотталғандарға ұзақ немесе қысқа мерзімде жолығуға уақыт беріледі.
Түзеу мекемелерінде де әр түрлі дәрежедегі сотталғандарды оларды айырмашылығы мен топтастыру ережесі негізінде бір-бірінен айыру белгіленген. Бұл қауіптілеу және әлеуметтік-өнегелілігі асқынған сотталғандардың басқаларға теріс әсерін тигізбеуі мақсатында көзделген.
Ұстауда отырған сотталғандарға олардың ерекшелігіне және жасаған қылмысының қоғамдағы қауіптілігіне, сотталғанның жеке басына және оның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінез-құлқына байланысты әр түрлі жағдай жасау арқылы қылмыстық-атқару құкығының маңызды принципі — жазаны өтеудегі даралауды іске асыру болады. Ол әр түрлі дәрежедегі сотталғандарға түрліше жазалау ықпалын қолдану арқылы іске асырылады: қоғамнан оқшаулау түрімен, субъективті құкығын шектеу көлемінен, яғни тұрмыстық құқық шектеумен, жазаны өтеу орнын белгілеумен.
Ұстау режимінің негізгі талаптарының іске асырылуы түзеу мекемесіндегі қатаң қойылған ішкі тәртіп ережесінен табылады. Оны былайша түсінуге болады: сотталғандарды түзеу мен тәрбиелеуге қолданылатын барлық амамдардың жиынтығын пайдалану реті; ол адамдардың өз міндетін орындау мен құқықты іске асыру ретін белгілейтін мінез-кұлық ережесінің жиынтығы; сотталғандар жағынан жанадан қылмыс жасамауды және басқадай құқық бұзуды болдырмауды; ескерту жөніндегі түзеу мекемесі әкімшілігінің жұмысын ұйымдастыру; түзеу мекемелерінің барлық бөлімдерінің, қызметтерінің және лауазымды адамдарының іс-қимылын ұйымдастыру.
Ұстау режимі дегеніміз — сотталғандарды түзеу және тәрбиелеудің бүтін жүйесінің басқарылатын құрылым элементі, ол мынандай функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін жасалады: жазалауды, тәрбиелеуді, жабдықтауды, реттеуді, профилактикалауды.
Жазалау функциясы — сотталғандарға қылмыстық-атқару заңдарында қаралған түрліше кұқықтық шектеулер қою арқылы жазаны өтеу процесінде жүзеге асырылады. Алдымен, олардың субъективтік құқық саласын қамтиды. Қазақстан Республикасы Қылмыстык-атқару кодексіне сәйкес сотталғандардың құқы бар және кылмыстық, қылмыстық-атқару, өзге де заңдармен белгіленген, сонан кейін жазаны өтеудің нақтылы түрінің тәртібі мен жағдайына сүйене отырып міндеттер атқарады.
Режимнің жазалау әсері дегеніміз — сотталғандар үшін белгіленген шектеуден шығатын бас бостандығынан айыру. Шектеу сипаты сотталып отырған түзеу мекемесінің түріне, сонымен бірге, ол жазаны өтеу кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мінез-құлқына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Режимнің жазалау функциясы қоғамды және оның азаматтарын қорғау міндетін атқарады. Бірақ көрсетілген функцияның шектелу сипаты болуы тиіс. Режимнің жазалау әсерінің тиісті денгейде арта түсуі, оның тәрбиелеу функциясын іске асыруға қиындық келтіреді.
Режимнің тәрбиелеу функциясы бірнеше тәсілмен іске асырылады. Біріншіден, жазалауды іске асыру жолымен, себебі мәжбүр ету адамды тәртіпке үиретуге, жазаны өтеу ережесін сақтауға тәрбиелейді. Ұстау режимі сотталғандарды қоғамға пайдалы мінез-құлыққа, бойұсынуға мәжбүр етеді.
Екіншіден, тәрбиелеу функциясы — өзінің жаратылысында жазалау емес ереженің тәртібін орнату жолымен іске асырылады (мүлікке ұқыпты қарау, өзара әдепті болу, жеке басының тазалық ережесін сақтау т.с.с). Үшіншіден, тәрбиелеу функциясы — тиісті құқықтық әдістер жасау жолымен түзеу әрекеті шараларының ойдағыдай көмектесуін қолдану арқылы іске асырылады.
Режимнің тәрбиелеу функциясының адамгершілік мәні мынадан көрінеді:
а) жеке адамның бас бостандығынан айрылуына байланысты сотталғанға қайғыру, қасірет шегу арқылы зиян келтіріліп өнегелі жетілуіне түрткі бола алады;
ә) сотталғанды әрдайым, ұзақ және жазылған ережені қатаң сақтауға үйрететін болғандықтан оған пайдалы әдет, дағды, сапа, қалыптасуға көмектеседі;
б) басқа да негізгі түзеуге әсер ету амалдары жиынтығымен
сотталғандарда құқықтық сана тәрбиелеуге көмектеседі;
в) қылмыс жасауға апарған жеке басының кері әсерін жеңуге, жоғалтқан игіліктердің бағалылығын ұғынуға көмектеседі.
г) сотталғандарды болашақта қылмыс жасауға тайсалмай
қарсы тұруға тәрбиелеуге көмектеседі; бұл тағы да жазаланамын деген қорқынышқа емес, қайта қылмыспен тұрмыс етудің зиянды және мәнсіз екеніне негізделуі тиіс.
Режимнің профилактикалық функциясы — түзеу мекемелері аумағы мен объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда жүрген сотталғандардың және басқа да адамдардың қылмыс және басқа да құқық бұзушылықты болдырмауды ескертуге бағытталған.
Режимнің жекелеп ескерту функциясы мыналардан тұрады: біріншіден, жазаны өтеу процесінде сотталғанға ұйымдастыру — құқықтық әсер ету нәтижесінде қылмыс істеу өте қиындаған, тіпті мүмкін емес; екіншіден, режимнің ішіне кіретін жазалау сотталғанның санасы мен жігеріне аса күшті әсер етіп уайымдатады, қайғыртады, яғни сотталғанды жаңадан қылмыс істеуге жібермейтін психологиялық жағдайға келтіреді.
Сонымен, режимнің функциялары біртұтас жүзеге асырылады, олар бірін-бірі толықтырады, өзара байланыста болады. Бас бостандығынан айыру режимінің функциялары бір ғана мақсатқа жетуге, яғни: сотталғандарды тәртіптілікке тәрбиелеуге, тәртіп ережесін олардың өз еркімен орындауына, құқық бұзу мүмкіндігін болдырмауға, ал ақырында оларды түзеуге бағытталған. Режим функциясының әрқайсысы функцияның барлық жинағын бір уақытта ойдағыдай жүзеге асыруға жағдай жасайды.
продолжение
--PAGE_BREAK--
2. Бас бостандығынан айыру түріндегі жаза режимің тиімді өткеруді (атқару) қамтамасыз ету дегеніміз — оның әрбір талабын уақытында және тиісті орындауды айтамыз. Түзеу мекемесінде қылмыстық-атқару құқық қатынастарына барлық қатысушылардың мінез-құлқы жазаны атқартатын режимді реттеуші құқық нормаларына сәйкес келуі тиіс. Режимнің талаптарын қатаң орындамай, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға түзеу шаралары жүйесінің тиімді әсер етуі мүмкін емес. Бұдан басқа түзеу мекемесіндегі режим сотталғандарға бақылау жүргізіп, оларды күзету арқылы, оларға мадақтау мен жазалау шараларын қолдану арқылы, ал төтенше жағдайда қауіпсіздік шараларын қолданумен қамтамасыз етіледі.
Режимді қамтамасыз ету тәсілдері қылмыстық-атқару зандарындағы белгіленген негізгі талаптарын сақтауға бағытталған, сонымен бірге түзеу мекемесінде құқық тәртібін қолдауға бағытталған. Басқаша айтқанда, олардың мақсаты — режим талаптарын бұзуды алдын ала болдырмау шараларын қолдану, қылмыстық-атқару құқық қатынастарының субъектілері жағынан жіберілген құқыққа қарсы қимылдарды тоқтату, жіберген қатесі үшін жазалау шараларын қолдану.
Жазаны өтеудің режимі мен оны қамтамасыз ететін әдістердің жалпылама және түрліше ерекшеліктері бар. Олардың бірлігі мынада: 1) қылмыс жасау оларды қолданудың бастапқы себебі болады, ал оның құқықтық негізі — ол заңды күшіне енген және орындауға жіберілген сот үкімі болады; 2) сот үкімімен белгіленген жазаны өтеу мерзімі кезінде қолданылады; 3) сотталғандарды жекелей және жалпылай ескертудің, түзеудің, яғни тәрбиелеудің жалпылама міндеттерін атқару көзделеді. Ұстау режимі мен оны қамтамасыз ету әдістерінің арасындағы ен маңызды айырмашылық-ол режим жазалауды білдіреді, ал режимді қамтамасыз ететін әдістер жазаның міндетті элементтері ретінде қаралмайды, себебі олар қауіп төнбесе немесе режим бұзылмаса тіпті қолданылмайды. Сонымен, жазаны өтеу режимі мен оны қамтамасыз ету әдістері, түрліше құқықтық табиғаты бар, біршама жеке құқықтық құбылыстар. Режимді қамтамасыз ету амалдары оның маңызына кірмейді, ол сотталғандардың және басқалардың режимді бұзуынан қорғау үшін қызмет етеді. Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезінде, түзеу мекемелерінің барлық лауазымды адамдары сотталғандардың мінез-құлқын белгілейтін қылмыстық-атқару заңдарын сақтаулары, қызметтерінде өз міндеттерін бұлжытпай атқарулары тиіс.
Режимді қамтамасыз ету мақсатында сотталғандардың түзеу мекемесіндегі өндірісте маман ретінде өз еркімен жұмыс істеп жүрген азаматтармен қатысуына барынша шек қойылады. Түзеу мекемелерінің өндіріс объектілеріне жіберілгендер белгіленген тәртіп ережесімен міндетті түрде таныстырылып және олар қолхат беруі керек.
Сотталғандарға қандай да болмасын зат, тағам, ақша, әсіресе түзеу мекемелерінде ұстауға рұқсат етілмейтін заттарды беруге болмайды. Осы мақсатта өндіріс объектілерін оған кіретін, одан шығатын адамдардың киімін, заттарын тексеру белгіленген. Мекеме және күзетші әскери бөлімше қызметкерлері жоспарға байланысты түзеу мекемесінің тұрмыстық зонасын қарайды, сотталғандар түзеу мекемесіне кіргенде, одан шыққанда және олардың жеке заттарын, жататын орындарын тінтеді.
Түзеу мекемесінде режимді қамтамасыз ететін манызды амалдары жоғарыда айтылғандай — ол бас бостандығынан айыруға сотталғандарды күзету мен оларды бақылау, бұлардың көмегімен жазаны өтеу (өткеру) тәртібі, сотталғандар жағынан жаңадан қылмыс және басқа да қоғамға қарсы қылықтар жасамауды ескерту арқылы болады.
8-дәріс. Сотталғандардың еңбегін құқықтық реттеу.
1. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың негізгі қағидалары.
2. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың түрлері.
1.Сотталғандардың еңбек проблемасы көп аспектілі, сондықтан мұны қараудың белгілі бір өзіндік қиындығы бар. Бұл туралы ТМД елдерінде сотталғандардың еңбегін пайдаланудың орындылығы жөнінде әрдайым айтыс, талас пікірлер болып жүр.Айтысушылардың дәлелдерін қарастыра отырып, сотталғандардың еңбек проблемасы жөнінде өз көзқарасымызды белгілеп көрейік.
Сотталғандардың еңбегін пайдалануда қарсылары төмендегідей негізгі дәлелдерді келтіреді:
а) бұрынғы КСРО елдерінде сотталғандардың еңбегі қалыптантыс ұлғайтылып көрсетілген. Егер де ол занда ресми түрде мәлімденіп және сотталғандарды түзеудің негізгі амалы ретінде қаралған болса, ал тәжірибеде еңбекпен түзеу колонияларының барлық әрекеті шын мәнісінде өндірістік тапсырмаларды орындауға бағынған болатын. Еңбекпен түзеу мекемелері өндірістік кәсіпорын ретінде жұмыс жасап, жоспар орындап және пайда әкелуге міндетті болған. Бірінші орында қалай да болса өндіріс жоспарын орындау міндеті қойылған, ал түзеу мақсаты екінші орынға ысырылған;
ә) сотталғандар істейтін кәсіпорындары шығарған өнімдердің сапасы көбінесе төмен болды. Сондықтан нарықтықэкономикалық қарым-қатынасқа көшкенде онын көбі талапетілмей қалды, кәсіпорын өнім көлемін кенеттен төмендетіп алды.Электр, жылу, сумен жабдықтау шығындарын төлеугемұндай өнім көлемінің шамасы келмеді. Түзеу мекемесі кәсіпорнының қуаттылығы тек 50% пайдаланыла бастады. Кәсіпорын бәсекелес өнім шығаруға аудару үшін қосымша қаржы талап етеді, ал оны табу қиын. Тіпті қылмыстық-атқару жүйесін ағымдағы қаржылаудың өзі қанағаттанарлық емес.
Сонымен, түзеу мекемелерінің кәсіпорнын жаңартуға қаржы жоқ және оны тапқан кезде шығаратын өнімнің сапасы қамтамасыз етілетініне кепілдік жоқ; бас бостандықтан айыру орындарындағы адамдар өне бойы өзгеріп тұрады, олардың көбінің тиісті мамандығы жоқ. Мамандық деңгейінің төмендігі, кадрлардың өзгеріп тұруы, адамгершілік еңбекке немқұрайлы қараушылық және басқа көптеген қиындықтар технологияны сақтау, яғни жоғары мәдениетті (өндірісті) қамтамасыз ету өнім сапасының кепілдігі мен бәсекелестігі болады;
б) барлық уақытта еңбек, қылмыс істеген адамдарды түзеудің амалы бола алмайды. Мысалы, өткен кездерде сотталғандар қылмысының сазайын тарттыру үшін азап шегуге (каторга) алысқа, өте ауыр жұмысқа айдалған болатын. Ендеше, еңбек пен еңбектің арасында айырмашылығы бар және оның тәрбиелеу мүмкіндігі де әр түрлі. Әрбір адамға кез келген еңбек жағымды әсер ете алмайды. Мысалы, бас бостандығынан айыруға музыкант, яғни скрипкашы сотталды дейік. Оны колонияда темір пісіруші, токарь немесе фрезеровшы т.б. болуды таңдап алуға мәжбүр етуі мүмкін. Ол, біріншіден, музыканттың қолын бүлдіреді, ал ең бастысы міндетті түрде еңбекке тарту арқылы түзегісі келген әрекеті қарсы нәтиже беруі ғажап емес.
Жоғарыда келтірілген жағдайдың пайда болмауы үшін құкық нормаларында сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың негізгі принциптері бекітілуі және оның рөлі терең анықталуы тиіс.
Сотталғандардың соның ішінде бас бостандығынан айырылғандар еңбегінің рөлі тәрбиелеу маңызымен аяқталмайды. Оны қолданудың экономикалық, тәртіптендіру, сауықтыру маңызы бар.
Экономикадағы қолайсыз жағдай, өндірістің құлдырауы сотталғандарды жұмысқа орналастыруды қиындатып жіберді. Қазіргі уақытта Республикада пайдалы еңбекпен орта тізіммен есептегенде сотталғандардың 27% ғана жұмыс істейді. Ал қол бостық мұндай криминогенді ортада теріс ықпалын көрсетеді, көбінесе ыдыратушылық әсер етеді, әр түрлі құқық бұзушылыққа, соның ішінде қылмыс істеуге мүмкіндік береді. Сотталғандардың еңбегі еркіндігінен айыру орындарында жөнге салу мен тәртіп сақтаудың маңызды амалы болып есептеледі. Қылмыстық-атқару жүйесін ағымдық қаржыландырғанда баға мен төлемнің (тариф, азық-түлікке және электр куатына) өсуін еске алмайды. Жыл бойында жоспарланған бюджеттік қаржының тек жартысы бөлінеді, ал ол сотталғандардың мөлшерлі тамағына жетпейді. Дәрі-дәрмек, киім-кешек алуға бюджеттен ақша бөлінбейді деуге болады. Сондықтан, сотталғандар еңбегінің экономикалық маңызы — оның экономикалық дағдарыс жағдайында түзеу мекемелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіуіне мүмкіндік беру және сотталғандардың тағам мен бірінші кезектегі керекті тауарлар алуын қанағаттандыру, ол босатылғаннан кейінгі айларда отбасына керекті қаражат жинауға көмектеседі.
Адам құқық және сотталғандармен айналысу туралы Халықаралық актілер қылмыстық жазаны қолдануда тәжірибе дәлелдегендей сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру принциптерін бекітті.
Негізгі принциптерінің бірі — ол сотталғандар еңбегі, оларға азап шектірмеу талабы. Бұл жағдай Қазақстан Республикасы заңдарында да белгіленген. Ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің жалпы бөлімі нормаларында бұлжағдай жанама түрде ескерілген.
Азаматтық пен саяси құқық туралы Халықаралық пакт (8-бап, 3-тармақ), сотталғандармен айналысуды: Ең аз үлгісі Ережесі (71-бап, 2-тармақ) соттың қарарымен ұстауда отырғандардың мәжбүрлі немесе міндетті түрде еңбек етуін мақұлдамайды. Сонымен, халықаралық құкық актілер — сотталғандардың еңбек етуінің міндеттілігін таниды, бірақ сотталғандардың міндетті еңбек етуінің занда көрсетілуін онын мәжбүрлік еңбек екенін білдірмейді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағын былай деп жазған дұрыс болатын сияқты: «Соттың үкімімен жазаны өтеуге сотталғандар, дәрігер куәландырған күш-қуаты мен техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес еңбек етуге міндетті. Сотталғандардың еңбегі еріксіз еңбек дәрежесіне жатқызылмайды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында дәл емес, былай делінген: »… Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі". Халықаралық құқық еріксіз еңбекке тыйым салады, ал жоғарыда айтылған еңбектің бәрі де еріксіз еңбекке жатқызылмайды. Қарастырылған Қазақстан Республикасы Конституциясының нормасы сәтсіз баяндалған. Ол Республикада еріксіз еңбек рұқсат етілетіндей тәрізді болып көрінеді, ал олар дүниежүзілік тәжірибеде оған жатпайды.
Еңбектің міндеттілігі сотталғандардың бір қатарына таратылмайды. Бұлар негізінен еңбекке жарамсыз немесе еңбекке шектеулі жарамды адамдар: зейнеткерлер, I және II топтағы мүгедектер, екікабат әйелдер және емшектегі балалары бар әйелдер. Олар егер де дәрігерлер тарапынан қарсылық болмаса өз еркімен еңбекке тартылуы мүмкін.
Негізге алынатын принциптің бірі бойынша сотталғандардың еңбегі олардың алған мамандығымен байланыстырылуы тиіс. Сонымен бірге халықаралық құжаттардың ұсынуы бойынша мүмкіндігіне қарай сотталғандарға жұмыс бергенде, босатылғаннан кейін адал еңбекпен айналысатындай мамандығын көтеретін немесе жаңа мамандық алатын жұмыспен қамтамасыз ету керек. Сотталғандардың талабын және олардың мамандық дайындығын сол өндірістен пайда табуға ғана бағындырмау тиіс.
Түзеу мекемесінің әкімшілігі, еңбекті түзеу амалы ретінде қолдана отырып, сотталғанның еңбегін пайдаланғанда әрбір нақтылы жағдайда оның мінездемесіне қарай жекелеп шешуі тиіс. Енбектің міндеттілігі принципі сотталғанның жұмысты өз қалауымен орындай алатын мүмкіндігімен егер де тәртіп пен түзеу мекемесінің басқару талабына қарсы келмесе, яғни белгіленген нормативтік актілер ережесімен тыйым салынған болмаса сай келуі керек.
Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп Ережесінің §50 11-тармағына сәйкес сотталғандардың еңбегін пайдалануға тыйым салынады: а) әскери бөлімдердің штабында, жеке құрам орналастырылған үйлерде, яғни қарулар мен құжаттар тұрған жерлерінде; ә) дәрі-дәрмектерді есепке алатын, сақтайтын, сондай-ақ беретін жерлердегі жұмыстарда және де жарылғыш, уландырғыш заттар бар жерлерде; б) ерікті жалдамалы қызметкерлер бағынатын лауазымды жұмыстарда. Егер де олар мемлекеттік мүлікті талан-таражға салғаны, қызмет орнын пайдаланып қиянат жасағаны, парақорлығы үшін және олар талау, тонау, ұрлық, жалған құжаттар істегені; алаяқтық жасаған қылмыстары, бөтеннің затына қол сұғушылыққа байланысты болып, сондай-ақ сот үкімімен мұндай құқықтан айрылған болып жазаны өтеп жүрсе сотталғандар жауапты материалдық пен есеп-бухгалтерлік лауазымды жұмысқа жіберілмейді.
Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегін ұйымдастырудың басты қағидаты — ол сотталғандармен жұмыс істеу әдісі, бостандық жағдайындағы еңбек етуге жақын болып, соған үйренуі тиіс. Республика экономикасының нарық қатынасына көшуіне байланысты сотталғандардың еңбек әрекетің ұйымдастыруда түгелдей өзгерістер енгізу керек.
Республика үкіметі деңгейінде түзеу мекемесі кәсіпорнының мемлекеттік қаржыға еңбекті пайдаланғанынан түскен табыстарын аударғанда жеңілдіктер беру туралы бұл кәсіпорындарда мемлекеттік тапсырысты бірінші кезекте орналастыру, түзеу мекемесі кәсіпорындарының өнімдерімен төмен қамтамасыз етілген халықтың мұқтажын қанағаттандыру, бұл мекемелердің шаруашылықтағы дербестігі туралы мәселе шешілуі керек. Сірә, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындарын кұру қажет сияқты. Инвесторларды тарту үшін түзеу мекемесін салықтан босатунемесе түзеу мекемелері кәсіпорындарына елеулі женілдіктер беру мәселесін мемлекет шешуі керек.
Кәсіпорнында жұмыс жасап жүрген және жасауға тілек білдірген сотталғандар үшін ұстау орнында олар күш-куат көбірек жоятын болғандықтан тәуір жағдай жасалуы керек. Сонымен қатар олардың демалыс алуда, мадақтауда, тағы басқа да заңмен белгіленген жеңілдіктер берілуде артықшылығы болуы керек. Занның мадақтау нормаларын бекітуі адамның таза еңбек етуі мен адал табыс табуы талабына мемлекеттің дұрыс көңіл аударуы, түзеу мекемесі әкімшілігі мен сотталғандардың арасындағы еңбек етудің міндеттілігі жөніндегі қайшылық мәселесін болдырмауы керек.
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандарды еңбекке жұмылдыруды ұйымдастыру туралы жеке тарау берілген. Онда сотталғандарды түрліше еңбекке тарту жөнінде бірқатар баптар берілген. Сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру үлгілерін зерттеу мақсатында бұл заң бөлімінің мазмұнынын баяндау орынды сияқты. Ол сотталғандардың еңбек әрекетінің келесі түрлерін белгілейді:
-түзеу мекемелерінің кәсіпорындары жүйесінде;
-қылмыстық-атқару жүйесіндегі мемлекеттік кәсіпорындарында;
— әр түрлі меншік нысанындағы мекеме аумағында не сыртындағы кәсіпорын объектілерінде;
— мекемедегі жай шаруашылық қызметтерінде;
— дербес еңбек қызметімен айналысуды.
Жеке өндіріс әрекеті
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің жеке өндіріс әрекетіне өндіріс олардың жеке бастауы әрекетімен тәуекел етіп және занмен белгіленген жауапкершілікке алғаны жатады.
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері жеке өндірістік әрекеті іске асырғанда мыналарға міндетті:
— олар қол қойылған шарттағы міндеттерін орындауға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шартты, несиені, есеп және басқа міндеттерді, өзге объектілердің жекеменшік құқық бұзғаны, қоршаған ортаны ластағаны, еңбектегі
қауіпсіздік жағдайын сақтамағаны, денсаулыққа зиян келтіріп тұтынушыларға өнімді кезінде өткізбегені үшін жауап беруі тиіс;
— жалданып жұмыс істеп жүрген азаматтарды әлеуметтік, медициналық және басқа да міндетті түрлерімен қауіпсіздендіруді іске асыру, олардың еңбек ету әрекетіне заңға және ведомстволық нормативтік актілерге сәйкес жағдай жасап, қамтамасыз ету;
— жұмыс істеп жүргендерге еңбекте қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету және олардың денсаулығы мен еңбекке жарамдылығына зиян келтірілгенде заңмен белгіленген тәртіппен жауап беру;
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізіп отыру. Олар мемлекеттік органдарға жалпы мемлекеттік жүйеде тиісті экономикалық ақпарларды жинау мен өңдеуді жүргізу үшін ақпар береді;
— жерді және басқадай жаратылыстың қорын тиімсіз пайдаланғаннан, қоршаған ортаны ластағанынан, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзғаннан, қызметкерлердің халықтың өнімді тұтынушылардың денсаулығын қорғауда тазалық-санитарлық норма мен талаптарын орындамаудан келтірілген зияннынң орнын толтыру;
— жаратылысты қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға Республика заңдарымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің өндірістік әрекетің өз шеңберінде тексеру міндеттеліп, оларға ақпар беріп отыру.
Қылмыстық-атқару жүйелерінің мекемелері жеке өндірістік іскерлікті жүзеге асыра қалғандағы құқыктары:
жеке өндірістік әрекетін бастап және қосымша тіркеуден өткізбей жүргізе беруге;
жеке адамдар мен зандық тұлғалардың заңды құқығы мен заттарын, ой мүдделері меншігін, қаржы мүмкіндіктерін шартқа отырып пайдалануға;
өз еркімен жабдықтаушы мен өз өнімдерін тұтынушыларды таңдап алуға, оған Қазақстан Республикасы заңдары көрсеткен көлемде және жасалған шартқа байланысты баға белгілеуге;
— Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес сыртқы экономикалық әрекет жасауға;
өзінің жеке өндірісін басқару ісінде әкімшілік-өкілеттілік әрекет жасауға;
еңбек туралы заңдар мен ведомстволық нормативтік актілерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлерді жалдауға немесе шығаруға;
жеке өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің штатын бекітуге;
— шығарылатын өнімдер мен барлық міндетті төлемдерді және аумақтық баскару органдары әлде қылмыстық-атқару жүйесінің бас басқармасы құрған арнайы қорға бережақты төлегеннен кейінгі қалған пайданы жұмсауға;
мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің. медициналық және әлеуметтік қауіпсіздігі қызметтерімен пайдалануға;
Республикалық және шетел банкілерінің несиесін пайдалануға және заңдармен белгіленген ретпен валюта алуға;
Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі жеке өндірістік әрекетін өз бетімен жоспарлайды және сотталғандар мен қамалғандарға жеткілікті жұмыс орнын құру қажеттілігіне, шығарған бұйымдарына тұтынушылардың талабы мен көрсететін қызметіне сүйене отырып даму болашағын белгілейді.
9-дәріс. Тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеу.
1. Тәрбиелеу колонияларының түрлері және жазаны өтеу режимінің ерекшеліктері.
2. Кәмелетке толмаған сотталғандарға түзеу шараларын қолдануды құқықпен реттеу.
1. Соңғы жылдары кәмелетке толмағандар арасында қылмыс көбейді. Қазіргі уақытта жасөспірімдер еліміздің ең қылмыс зардабына ұшыраған бөлігі болып отыр. Құқық бұзушы жасөспірімдер арасында кәмелетке толмаған әйел адамдардың саны да көбейді. Заңға байланысты түзеу колониялары кәмелетке толмай бас бостандығынан айыруға сотталғандарды ұстау үшін арналған. Бас бостандығынан айыру жүйесінде түзеу ықпалының объектісі кәмелетке толмағандар болғандықтан түзеу колониялары айырықша орын алады.
Тәрбиелеу колониялары жалпы және күшейтілген режимді колониялар болып бөлінеді.
Жалпы режимді тәрбиелеу колонияларында кәмелетке толмаған, алғаш рет бас бостандығынан айыруға сотталған ер адамдар жазаны өтейді.
Күшейтілген режимді тәрбиелеу колонияларында (Казакстан Республикасы КК-нін 79-бабы) кәмелетке толмаған, бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өткерген ер адамдар жазаны етейді.
Жалпы және күшейтілген режимді тәрбиелеу колонияларында кәмелетке толмағандар кәдімгідей үй-жайларда орналастырылады, бірақ жазаны өтеу жағдайларының кейбір өзгешеліктері бар.
Тәрбиелеу колонияларынын екі түрінде де отырған сотталғандарға Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 109, 111, 130, 132-баптарында көрсетілген мадақтау мен жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
Түзеу-тәрбиелеу колонияларында жазаны өтеп жүрген кәмелетке толмағандар жасаққа және бөлімшеге бөлінеді. Әр жасақты аға тәрбиеші (жасақ бастығы) басқарады және тәрбиешілер кеңесі болады, оған жасақ бастығы, тәрбиешілер, сынып жетекшілері, шеберлер кіреді.
Тәрбиелеу колонияларында орнатылған режим бұл мекемелердің жұмыс әрекетінің тәртібін реттеу және оның максаты сотталғандарды оқшаулау, кашуды болдырмау. тәрбиеленушілерді қадағалап жүру және с.с.
Тәрбиелеу колонияларьшың аумағы кәсіпорынынан және тұрғын жай зоналарынан тұрады, олар өзара бөлінеді.
Күн тәртібі ережесін тәрбиелеу колониясының бастығы бекітеді және оны әрбір тәрбиеленуші орындауға міндетті. Бұл жерде, бас бостандығынан айыру орындарындағы режимнің жалпы талабы кәмелетке толмаған жазаны аткарушыларға да таратылатынын айта кеткен орынды. Бірак кылмыстык-аткару кұкығынын нормалары тәрбиелеу колонияларында жазаны аткару кезінде кейбір ерекшеліктерін караған.
Біріншіден, кәмелеткетолмаған сотталғандар тұратын жайда немесе өндірістік зонада еркімен жүре алады, кейбір жағдайларда тәрбиелеу колониясынын сыртына күндіз ешкім еріп жүрмей өз бетімен шығып келе алады.
Екіншіден, кәмелетке толмағандар кашса, оларға ату кұра-лын колдануға болмайды. Режимнін екі түрінде де кәмелетке толмаған сотталғандарға кездесу негізінен демалыс, мейрам күндері беріледі. Кездесу арнайы жабдыкталған бөлмеде етеді, оның ұзақтығы төрт сағаттан аспауы тиіс.
Тәрбиелеушілер бір түсті киім киеді. Одан баска, ТҚ-на (тәртіп капасы) камалғандар (мерзімі он тәулікке дейін) кез-десу кұкынан, сәлемдеме, бандероль, тағам және бірінші керекті заттар сатып алу күкынан айырылады. Оларға күніне серуендеуге екі сағат уақыт беріледі. Тәрбиеленуші, тәртіп капасына денсаулығы туралы медициналық аныктамасы болса ғана камалады. Үйыктағанда олар төсек-орынмен камтамасыз етіледі.
Заң күші бар нормалар бойынша 18 жаска толған сотталғандар жазалау мерзімі біткенше, бірақ 20 жастан асканша тәрби-елеу колониясында калдырылады. 18 жаска толған сотталған-дарды тәрбиелеу колониясында қалдыру мерзімін ұзарту ко-лония бастығының себептері келтірілген каулысы бойынша кәмелетке толмағандар ісі жәніндегі комиссиямен келісілген және прокурор рұксат еткенде істеледі.
Түзеу жолына түспеген тәрбиелеу колониясында отырған сотталғандар түзеу мекемесінің жалпы режиміне ауыстырылуы мүмкін.
Кәмелетке жеткен сотталған адамдарды тәрбиелеу колонияларында қалдыру басқа сотталған көпшілікке жағымды ықпалын тигізеді, бір талап қоюға мүмкіндік береді және тәрбиелеу әсерінің сабақтастығын білдіреді. Мұнымен қатар, ол жасөспірімдер жасындағыларға қылмыскерлік «мәдениетті» және «жалған қылмыскер арманшылдығын» үйренуді азайтады, яғни кәмелетке жетпеген сотталғандарға кері әсерін тигізуін азайтады.
продолжение
--PAGE_BREAK--
2.Тәрбиелену колонияларыңда жаза атқарып жүрген адамдарға заң шығарушы, үлкендерге қолданылатын түзеу әрекетінің шараларын, кейбір ерекшеліктер енгізіп белгілейді. Мысалы, режимнің маңызы — өмірде және тұрмыста қатаң тәртіптелген болатын болса, ал тәрбиелеу колонияларындағы кәмелетке толмағандар үшін жаза жеңілдетілген түрде болады. Тәрбиелеу колонияларында тәрбиеленушілердің мінез-құлкы жасөспірімдердің жеке тілегі мен көңіл-күйіне емес, қайта қатаң белгіленген тәртіпке бағындырылған. Тәжірибе көрсеткендей, тәрбиелеу колонияларына, негізінен тәрбие көрмеген, тәртіпке үйренбеген, жалқау т.б. теріс мінездігі арқасында оқығысы да жұмыс жасағысы де келмейтін кәмелетке толмағандар түседі. Мұндай жастарға режим ең жоғары дәрежедегі тәрбиелеу амалы болып есептеледі. Тәрбиелеу колониясында режимнің «Жеңілдетілген» қасиеті дегеніміз мынада:
а) кездесудің көбірек берілуінде, сәлемдеме, бандероль беру санының көбейтілуінде, ұстау жағдайы жақсы жерге аударудағы мерзімнің қысқартылуында;
ә) тәрбиелеу колониясы сыртына шығуға рұқсат етілгендігінде;
б) жекелеп бөлектенген бөлімшелердің жоқтығында;
в) оқ ататын қарудың қолданылмауында;
г) сотталғанның психикасына зиян келтіретін тәртіптік шараларды қолдануға рұқсат етілмейтіндігінде.
Кәмелетке толмағандарды еңбекке тәрбиелеудің де кейбір ерекшеліктері бар:
а) олардың талабын мамандығына қарай еске ала отырып еңбекке дағдыландыруды үйрету мақсатының маңыздылығы:
ә) бірінші орында өндірістік-оқу әрекеті мен техникалық мамандыққа үйрету қойылады;
б) кәмелетке толмағандарды түнде жұмыс істеуге, зиянды жұмысқа мерзімінен тыс және демалыс күндері жұмысқа пайдалануға рұқсат етілмейді;
в) техника қауіпсіздігі ережесін сақтауға жоғары талап қойылады;
г) еңбек жарысын ұйымдастыруға айрықша маңыз берілуі.
Заң дәрежесінде тәрбие жұмысын құқықтық реттеудің қажеттігі жоқ бірақ заңға негізделген құжаттар дәрежесінде тәрбие жұмысында, ересек сотталғандармен реттеудегіге қарағанда, көптеген өзгешеліктерді табуға болады. Олардың негізгісі — ол заңға негізделген құжаттардың психо-педагогикалық бағытта ашық айтылғандығы, кәмелет жасына жетпеген сотталғандарға жөн сілтеуінде. Мысалы, тәрбие жұмысының негізгі орталығы — жасақ, ал ол тәрбиелеу колониясында 25 адамнан аспайтын бөлімшеге бөлінеді. Бөлімшені тәрбиеші басқарады, ал төрт бөлімшеден тұратын жасақты жасақ бастығы басқарады және ол аға тәрбиеші. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес тәрбие жұмысын тиімді жүргізу мақсатында жасақ бастығы жанынан жасақ Тәрбиешілерінің кеңесі кұрылады, оған тәрбиешілер мен бірге сынып жетекшілері, училище мамандары, өндіріс уәкілдері кіреді. Жасақтың Тәрбиешілер кеңесі жасақ бастығының жанындағы кеңесші орган, оның шешімі міндетті емес, тек кеңес беру ретінде болады, ал ақтық шешімді жасақ бастығы қабылдайды. Жоғарыдағы айтылған органның бұйрығымен тәрбиелеу колониясында колония ұжымынын кеңесі, жасақ ұжымынын кеңестері, бөлімше ұжымының кеңестері құрылады, олардың мүшелерінің тізімін колония бастығы бекітеді.
Тәрбиелеу колониясында жалпы білім беру мынандай болады:
а) үйретуді ең жоғары дәрежеде тәрбиелеу әрекеттері мен байланыстыру;
ә) мектептегі педагогикалык процесті тәрбиелеу колониясындағы барлық тәрбиелік жұмысымен тығыз байланыстыру;
б) педагогика ұжымы мен мекеме әкімшілігінің барлық басты назары жалпы білімді үйретуге аударылуы тиіс.
Техникалык-кәсіптікке үйрету — ол сотталғандарды міндетті түрде мамандыққа үйрету болып есептеледі. Үйрету ұзақтығы жұмыс күні бойында жүргізіледі. Мамандықтың күрделілігіне, оқытудың ұзақтығына және оқушылардың санына байланысты жасөспірімдерді үйрету 25-30 адамнан тұратын топтарда жүзеге асырылады, олар бір маманға немесе жеке үйрету ретінде маманданған жұмысшыға үш адамға дейін бекітіледі. Оқу біткеннен кейін оларға куәлік беріліп және мамандық дәрежесінің атағы беріледі. Сонымен, тәрбиелеу колониясында сотталғандарды тәрбиелеу процесінде кәмелетке толмағандардың жасын, физиологиялық ерекшеліктерін және олардың адамгершілік дәрежесі тәмендеуін еске алатындығымен қорытынды жасауға болады.
10-дәріс. Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі.
1.Бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудің жағдайы мен тәртібі.
2.Түзеу жұмыстарына сотталғандармен жүргізілетін тәрбие жұмысы.
3.Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға қолданылатын мадақтау шаралары.
1.Бас бостандығынан айырмайтын жұмыс орнындағы түзеу жұмыстары Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген.
Бұдан басқа кәмелетке толмағандар жөнінде айтқанда, олардың мінез-құлқын қадағалау мен өндірістік мамандық алуын қамтамасыз ету керектігі есепке алынады.
Қылмыстық заңға сәйкес түзеу жұмыстары жазаның негізгі түрі болып есептеледі және сот оны екі айдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындауы мүмкін.
Түзеу жұмыстарына сотталғанның жалақысынан мемлекет пайдасына сот үкімімен белгіленген мөлшерде ұстап қалынады, бірақ жиырма пайыздан аспауы тиіс.
Түзеу жұмыстары қылмыстық Кодекс баптарында жиірек көрсетілген, бірақ олар қоғамның оқшауланбайтын негізінен жеңіл қылмыс жасаған адамдарға қолданылуы мүмкін. Түзеу жұмыстары — бұл жазалау шарасы сотталғандарды міндетті түрде еңбекке тарту болғандықтан, жұмысқа жарамсыз азаматтарға қолданылмайды.
Түзеу жұмыстарына сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібін сақтауға, бұл жазаны атқаратын органның шақыруы бойынша баруға міндетті. Бұл талапты себепсіз орындамағаны үшін сотталған жауапқа тартылуы мүмкін.
Түзеу жұмыстарын өтеудегі маңызды нәрсенің бірі — ол сотталғанның еңбек ақысынан сот үкімі белгілеген соманың Казақстан Республикасы ҚК-нің 43-бабына сәйкес ұстап қалынуы.
Түзеу жұмысына сотталғандар жазаны жұмыс жасап жүрген орнында, қандайда болмасын меншіктегі ұйымда өтейді.
Түзеу жұмысына сотталған адамдар сотталғанға дейінгі жүмыс істеген өндірісте, мекемеде, ұйымда, сол лауазымында, қызметінде жұмыс жасап қала береді.
Қазіргі уақытта түзеу жұмыстарын орындау Қазақстан Республикасы ҚАК-мен реттеледі.
Соттың түзеу жұмыстары жөніндегі үкімін жүзеге асыратын орган — ол аудандық ішкі істеріне қарайтын қылмыстық-атқару инспекциясы. Инспекция түзеу жұмыстарына сотталғандардың әр қайсысының бас басына есеп жүргізеді; керекті жағдайда оларға бұрынғы істеген жеріне жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді; сотталғандардың еңбек ақысынан дұрыс ұсталынуын, өндірістер, мекемелер, ұйымдар әкімшілігінің Қазақстан Республикасының зандары белгілеген жазаны өтеу жағдайын сақтауды бақылайды; сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде; оларға қолданылатын мадақтау және жазалау шараларына қатысады; тұрған жері белгісіз сотталғандарды іздеуді заңмен белгіленген тәртіппен ұйымдастырады.
Сот үкімі шыққаннан кейін еңбекке жарамсыздығы белгілі болған сотталғандар жөнінде бұл жаза түрін атқаратын орган сотқа түзеу жұмысын басқа жеңілірек жазаға ауыстыру туралы өтініш білдіреді.
Түзеу жұмыстары туралы үкім қылмыстық-атқару инспекциясына түскеннен кейін он бес күннен кешіктірілмей орындалады. Түзеу жұмыстары инспекциясы сот үкімінің көшірмесін алып, жұмысқа орналастырылғаннан кейін әрбір түзеу жұмыстарына сотталған есепке алынады, оған жеке іс ашылады, одан кейін инспекция сотқа оның шешімі орындалғаны туралы хабарлама қағаз жібереді.
Егер де бас бостандығынан айыру жөніндегі түзеу жұмыстарына өзгертілген болса, онда хабарлама-қағаз сотталғанның жаза өтеген түзеу мекемесіне жіберіледі. Түзеу жұмыстарына сотталғандардың жеке басының есебі — олардың жұмысқа қатысуын, еңбек ақысынан ұстаудың дұрыстығын, заңда көрсетілген негіздерде сотталғанның есептен уақытында шығарылуын бақылап жүру үшін керек.
Түзеу жұмыстарына сотталғандар үшін тәжірибеде жеке есептеудің төрт түрі белгіленген: оперативті, алдын алатын, бақылау, іздеу салынған сотталғандардын есебі.
Түзеу жұмыстарына сотталған адамдардың жұмыс орнына, инспекция сотталғанның құжатын алғаннан кейін кәсіпорнының, мекеменің, ұйымның, әкімшілігіне үкімнің көшірмесін және белгіленген түрде хабарлама қағаз жібереді. Егер де сотталған бұрынғы жұмыс орнынан шығып кетіп және еш жерде жұмыс жасамайтын болса, бұл жазаны орындататын органдар сотталғанға он бес күн мерзім ішінде жұмысқа кіруге талап қояды, керек болса жұмысқа орналасуына көмек көрсетеді.
Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 30-бабы түзеу жұмыстарына сотталғандардың жазаны өтеп жүрген кәсіпорны, мекемелер, ұйымдар әкімшілігінің міндеттерін көрсеткен.
Бұл міндеттері мынандай:
- сотталғандардың өндірістегі мінез-құлқына бақылау жасау және сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуде инспекцияға жәрдемдесу;
— сотталғанның табысынан ұстап қалатын ақыны дұрыс және уақытында жүргізу мен ұсталған сомаларды белгіленген тәртіппен аударып отыру;
— түзеу жұмыстарына көзделген жазаны өтеудің ережелерін сақтау;
— қылмыстық-атқару инспекциясына сотталғанға қолданылған мадақтау және жазалау шаралары, оның жазаны өтеуде жалтарғаны туралы хабарлап отыру, сондай-ақ баскқ қызметке ауыстырылуы мен босатылуы жөнінде алдын ала хабарлау жүктелген.
Инспекция сотталғандар жұмыс істейтін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі мен тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс. Тәжірибеде олардың өзара қарым-қатынастары әр түрлі болуы мүмкін, бірақ солардың ішіндегі тиімдісі — ол инспекция қызметкерлерінің түзеу жұмыстарына сотталғандар еңбек ететін ұйымдарға, мекемелерге, өндіріс орындарына тікелей баруы. Инспекцияның мұндай баруы сотталғандардың қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртіп шараларын уақытында анықтайды, сотталғандармен әкімшіліктің құкықтары мен міндеттерін түсіндіреді және сотталғандардың мінез-құлқын, оның еңбекті қалай істейтінін т.б. анықтайды.
Түзеу жұмыстарын өтеу жағдайлары. Түзеу жұмыстарын өткеріп жүрген сотталғандар үшін Заңмен бұл қылмыстық жазаны өтеу жағдайлары мен тәртібінің шаралары, онымен байланысты құқық шектеулері белгіленген, ал оның мақсаты — сотталғандарға тәрбиелік әсер ету болады.
Түзеу жұмыстары жазасын өткеру кезінде инспекцияның рұқсатынсыз сотталғандарды өз тілегі бойынша жұмыстан шығаруға болмайды.
Жұмыстан шығуға рұқсат етпегенде, онда жоғары тұрған лауазымды адамға шағым етуге болады.
Түзеу жұмыстарын өтеп жүрген адамдарға уақытша жұмысқа жарамсыздығына жәрдемақы еңбекақысы есебінен сот үкімімен тағайындалған ұстап қалуды шегеріп тастағаннан кейін төленеді.
Қылмыстық-атқару заңымен (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 40-бабы) түзеу жұмыстарына сотталғандардың жалақысынан ұстап қалуды жүргізу тәртібі толық реттелген.
Әрбір жұмыс айы үшін жалақы төлегенде орындау парақ құжаттары бойынша ұстап қалу, сотталғанға талаптардың болуына қарамастан жалақының барлық түрінен жүргізіледі.
Ұстап қалулар, әрбір толық жұмыс істеген айға жалақыны айдың екінші жартысында төлегенде, ал жұмыстан шығарылғанда — айдың жұмыс істеген күндерінен жүргізіледі.
Қосымша жұмыс істейтін адамдардан ұстау ай сайынғы жұмысының жалақысынан жүргізіледі. Сотталғандарға еңбек ақы төленген күні ұсталған сомасы белгіленген тәртіппен мемлекет пайдасына аударылады.
Зейнетақыдан, әлеуметтік қамтамасыздандыру және әлеуметтік қауіпсіздендіру орындарынан берілетін жәрдемақыдан, жалақы жүйесінде қаралмаған бір жолғы төлемдерден, қызметпен жүргендегі жалақысының және т.б. шығындар үшін төленетін сомадан, ұсталымдар алынбайды. Егер соттың үкімі бұзылып, іс тоқтатылған кезде сотталғанның еңбек ақысынан ұсталған сомасы, оған түгелдей қайтарылады.
Қазір тәжірибеде пайда болған мәселе, ол әр түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайтын адамдардың жалақысын қалай анықтауға болатындығы, себебі оларда еңбек ақыны төлеу дұрыс жөнге келтірілмеген, ол тек кейбір жұмыстарды орындап, сауда келісімін аяқтап және т.с.с. кіріс түскеннен кейін төленеді.
Жалпы ереже бойынша бұл жағдайда жазаны өтеу уақытында алынған немесе жазаны өтеудің бөлігі кезеңіне келетін барлық табысы есептелуі тиіс.
Басқа да негіздермен артық ұсталған сомасы қайтарылады: мерзімінен бұрын босатылғанда, кешірім жасалғанда және т.с.с.
2.Түзеу жұмыстары жазалау шарасы болып есептеледі. Сотталғандарды түзеу мақсатында Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 7-бабында көрсетілген амалдарды яғни: жазаны атқару мен өтеудің белгіленген тәртібін (режим), тәрбие жұмысын, қоғамдық-пайдалы еңбекті, орта білім алуды, кәсіптік даярлық пен қоғамдық ықпал етуді қолданады.
Бұл амалдарды қолданудың ерекшелігі — ол түзеу жұмыстарына сотталғандар қоғамнан оқшауланбаған, оны жақсы білетін бұрынғы сотталғанға дейінгі жұмыс орнында жұмысшылар мен қызметкерлер ұжымында жұмыс істейді. Сотталғандармен тәрбие жұмысын әкімшілік, еңбек ұжымы, жұмыс орнындағы қоғамдық ұйымдар және қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкерлері жүргізеді.
Тәрбие жұмысының түрлері әр алуан болуы мүмкін, олар: жекелеп, топтап әңгіме жүргізу, жақын туыстарымен қарым-қатынас жасауға, әсіресе сотталған кәмелетке толмаған болса көңіл бөлу. Тәрбие жұмысын жүргізгенде, көбінесе жекелей әңгімелесуге назар аудару керек, онда тек қана жұмыс істеуі жағынан бірге, оның қоғамдық жерлердегі, от басындағы, үйіндегі мінез-құлқына көңіл аударған жөн.
Өзінің түзелгенін ынталы мінез-құлқымен және еңбекке, оқуға, адалдығымен дәлелдеген сотталғандар, заң белгілеген тәртіппен мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға ұсынылуы мүмкін. Егер де сотталған түзеліп және заңмен көрсетілген жаңа мерзімінің бөлігін өтеген болса, онда мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуға мәліметтерді инспекциямен бақылау комиссиясы бірігіп жібереді.
Түзеу жұмыстарына сотталған жаза өтеу жұмысынан қасақана жалтарса, жазаның бұл түрін атқарушы орган сотқа өтелмеген мерзімнің орнына жазаның басқа түрін белгілеуге ұсыныс енгізеді.
Жалтарудың қасақана екені, егер де көрсетілген қимылы жалғастырыла берсе немесе хаттап ескертуден кейін де жалғаса берсе немесе сотталған жазаны өтемеу мақсатымен бой тасалап жүрсе ғана танылады.
11-дәріс. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес сотталғандардың жазаны өтеу жағдайлары мен тәртібі.
1. Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны атқарудың жағдайлары мен тәртібі.
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны атқару.
3. Айыппұл түріндегі жазаны атқару жағдайлары мен тәртібі.
1.Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалардың түріне түзеу жұмыстарынан басқа, кіретіндер: белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жазаны атқару; айыпақы; қоғамдық жұмыстарға тарту; бас бостандығын шектеу. Қосымша жазаларға жататындар: арнаулы, әскери немесе кұрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, сыныптық мамандықтан, мемлекет наградаларынан айыру; мүлікті тәркілеу. Жоғарыда айтылған қылмыстық жазалардың кейбіреулері айыпақы және белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру сияқтылары негізгі, сондай-ақ қосымша да жазалар түрінде қолданылуы мүмкін.
Жазалаудың бұл түрлерінің ерекшелігі — ол, бұл қылмыстардың жазалау шараларының, мысалы, бас бостандығынан айыруға сотталғандармен салыстырғанда қуғын-сүргіні кем емес.
Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды сот Қазақстан Республикасы ҚК-нің 41-бабына сәйкес бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге жазаның негізгі түрі ретінде және алты айдан үш жылға дейін жазаның қосымша түрі ретінде тағайындайды.
Бұл жазаны негізгісі ретінде өтеуді, сонымен бірге негізгіге қосымшасы ретіндегі айыпақы, түзеу жұмыстары және де шартты түрде сотталғанның жаза атқаруын ұйымдастыруды сотталғанның тұрған жеріндегі қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.
Бас бостандығынан шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі негізгі жазаға қосымша ретінде тағайындалған бұл жазаның атқарылуын ұйымдастыруды негізгі жазаны атқарушы орган, ал негізгі жазаны өтеген соң — сотталушының тұрғылықты жері бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 24-бабы).
Сотталғандар әскери қызметке шақырылған немесе олар баламалы арнайы мемлекеттік қызметке кірген жағдайларда қылмыстық-атқару инспекциялары әскери комиссариатқа немесе сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша қызмет өткеру кезінде сол жазаны атқаруға арналған сот үкімінің көшірмесін жібереді.
Қылмыстық-атқару инспекциясының әкімшілігінің ұйымдардың сот үкімін және басқа да органдардың қаулы қарарларын орындау жөніндегі міндеттері Қазақстан Республикасы ҚАК-нін 24, 25, 26-баптарында белгіленген.
Негізгі жаза ретінде немесе айыпақыға, қоғамдық жұмыстарға немесе түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ шартты соттау кезінде қосымша жаза түрі ретінде тағайындалған белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру мерзімі, егер бұл жағдайда қосымша жазаның өтелуі — кейінге қалдырылмаса, сот үкімі занды күшіне енген кезден бастап есептеледі.
Бас бостандығын шектеуге, қамауға, бас бостандығынан немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстауға қосымша жаза ретінде белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметінен айналысу құқынан айыру түріндегі жаза қолдану кезінде ол жазаның аталған негізгі түрлерін өтеудің бүкіл уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі оларды өтеу кезінен бастап есептеледі.
Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру түріндегі жазаға сотталғандар сот үкімінің талаптарын орындауға, қылмыстық-атқару инспекциясының талап етуі бойынша аталған жазаны атқаруға байланысты құжаттарды беруге, жұмыс орны, оның өзгергені және одан босағаны туралы инспекцияға хабарлауға, сондай-ақ шақыру бойынша инспекцияға келуге міндетті. Сотталған келмей қалған жағдайда оған еріксіз келтіру қолданылуы мүмкін. Соттың белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру туралы үкімнің орындалмауына кінәлі өкімет өкілдері, мемлекет қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметкерлері, мемлекет мекемелерінің, коммерциялық немесе өзге де ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ сот үкімінің талаптарын бұзушы сотталғандар Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен жауап береді.
2.Қоғамдық жұмыстардеп сотталғанның негізгі жұмысынан немесе оқуынан бос уақытында қоғамдық пайдалы жұмысты тегін орындауын айтады. Оның түрлерін жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді.
Қоғамдық жұмыстар алпыстан екі жүз қырық сағат мерзімге белгіленеді және күніне төрт сағатқа дейін өтеледі. Егер де қоғамдық жұмыстан қасақана жалтарса, онда ол Қазақстан Республикасы ҚК-нің, 45, 46-баптарында көрсетілген тиісті мерзімге бас бостандығынан шектеумен немесе қамаумен ауыстырылады. Мұнымен бірге, сотталғанның қоғамдық жұмыстарды өтеген мерзімі бір күн бас бостандығынан шектеу немесе қамау уақыты сегіз сағат қоғамдық жұмыстарға есептеледі.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны сотталғанның тұрақты тұратын жерінде қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен жергілікті атқару органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейтін объектілерде қылмыстық-атқару инспекциясы атқартады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза жөніндегі сот үкімі соттың тиісті қарарының (ұйғарымнын, қаулының) көшірмесімен қоса қылмыстық-атқару инспекциясына келіп түскен күннен бастап он күн мерзімнен кешіктірілмей атқарылады.
Қылмыстық-атқару инспекциясы: сотталғандардың есебін жүргізеді; оларға жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерін түсіндіреді; жергілікті атқарушы органдармен немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қоғамдық жұмыстардың объектілерін белгілейді; сотталғандардың мінез-құлқын бақылайды; жазаны өтеуден жалтарған сотталғандарды ұстау туралы шешім қабылдайды; олардың атқарған уақытының жалпы санын жүргізеді және сотталғандардың орындаған жұмыстары үшін қаржының тиісті бюджетке уақытында түсуін бақылайды.
Сотталғандар жазаны өтеудің белгіленген тәртібі мен ережелерін сақтауға, еңбекке адал қарауға; өздеріне бөлінген объектілерде жұмыс істеуге және сот белгілеген қоғамдық жұмыстардың мерзімін атқаруға, тұрған жерінің өзгергені туралы қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлап отыруға міндетті.
Сотталушыға негізгі жұмыс орны бойынша кезекті демалыстың берілуі қоғамдық жұмыстардың орындалуын тоқтатпайды.
Сотталған бірінші немесе екінші топтағы мүгедек деп танылғанда қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа жазасын одан әрі өтеуден босату туралы, ал сотталған әйел аяғы ауыр болған жағдайда оның жазасын өтеуін кейінге қалдыру туралы ұсыныс жасайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаның мерзімі сотталғанның қоғамдық жұмыстарды орындаған сағаттарымен есептеледі.
Қоғамдық жұмыстар уақыты демалыс күндері мен сотталған негізгі жұмыспен немесе оқумен айналыспаған күндері — төрт сағаттан; жұмыс күндері — жұмыс әлде оқу аяқталған соң екі сағаттан, ал сотталғанның келісімімен — төрт сағаттан аспауы керек. Қоғамдық жұмыстар ұзақтығы апта ішінде, әдетте он екі сағаттан кем болмауы керек. Дәлелді себептері болған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы сотталғанға апта ішінде жұмыс сағатын азырақ істеуге рұқсат ете алады.
Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеу орны бойынша ұйымдардың әкімшілігіне сотталғандардың жүктелген жұмыстарды орындауына бақылау жасау, қылмыстық-атқару инспекциясына істелген сағаттар саны туралы немесе сотталғандардың жазаны өтеуден жалтарғаны туралы хабарлау жүктеледі.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталғандардың еңбегін пайдаланушы ұйымдардың әкімшілігі сотталғандардың істеген жұмысы үшін бюджетке ай сайын қаржы аударып отырады. Сотталғандардың жасаған жұмысының құны ұйымда қолданылып жүрген бағалау бойынша айқындалады.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден сотталғанның қасақана жалтарғанына мыналар кіреді: қоғамдық жұмыстарға дәлелді себептерсіз бір айдың ішінде екі реттен астам шықпаса; еңбек тәртібін бір айдың ішінде екі реттен артық бұзса; жазаны өтеуден жалтару мақсатынан жасырынғаны.
Сотталғандардың қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен ережелерін бұзғаны үшінқылмыстық-атқару инспекциясы оған Қазақстан Республикасының қылмыстық зандарына сәйкес жауапты болатынын ескертеді.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнінде қылмыстық-атқару инспекциясы Қазақстан Республикасы қылмыстық Кодексінің 42-бабының екінші тармағына сәйкес сотқа қоғамдық жұмыстарды жазаның басқа түрлерімен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
Қоғамдық жұмыстарға тарту әскери адамдарға, елу бес жастан асқан әйел адамдарға, алпыс жастан асқан ер адамдарға, аяғы ауыр әйелдерге, сегіз жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге, I, II топтағы мүгедектерге белгіленбейді.
продолжение
--PAGE_BREAK--
3.Айыппұл Қазақстан Республикасы ҚК-нің 40-бабында негізгі немесе қосымша жаза түрінде көрсетілген.
Айыппұл деп заң белгілеген жағдайлары мен мөлшерінде соттың шешімімен салынып ақшалай өндіріліп алынуын айтады.
Айыппұл мөлшері жасаған қылмыстың сыр-сипаты мен ауырлығына байланысты және жауапкердің мүлік жағдайын ескеріп белгіленеді.
Айыппұл Қазақстан Республикасы зандарынан белгіленген жиырма бестен жиырма мың айлық көрсеткіш есебімен немесе сотталғанның екі жетіден бір жылға дейінгі басқа кірісінен тағайындалады.
Айыппұл қосымша жаза ретінде заңда көрсетілген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Шартты соттау кезінде негізгі немесе қосымша жаза ретінде айыппұл түріндегі жазаны өтеуді тұрған жеріндегі немесе жұмыс істейтін орнындағы немесе мүлігінің тұрған жеріндегі аудандық (қалалық) халық сотының жанындағы сот орындаушылары жүргізеді. Бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретіндегі айыппұл түріндегі жазаны өтеуді сотталғанның негізгі жазаны атқарып жүрген жеріндегі аудандық (қалалық) халық соттарының жанындағы сот орындаушылары жүргізеді.
Сот үкімін жариялағаннан кейін сотталғанға өз еркімен Мемлекеттік -жинақ банкісіне бір ай мерзімде айыппұл сомасын төлеуді міндеттейді, ал төлемеген жағдайда оған оны төлеуге мәжбүр етілетінін ескертеді.
Егер сотталғанның айыппұлды тез төлеуге жағдайы келмесе, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес айыппұлды төлеу ұзартылады немесе алты ай мерзімге дейін кейін қалдырылады.
Айыппұлды төлеуді ұзарту немесе кейінге қалдыру сотталғанның, оның қорғаушысының, сондай-ақ жақын туысқандарының сұрауы бойынша орын алуы мүмкін. Сот мұндай сұраудың себебін анықтауы тиіс: ауыр материалдық жағдайы, кішкентай балалар барлығы, сұрапыл апатқа ұшырауы т.б. сияқты. Сотталғанның дәлелдерін сот тексеруі тиіс. Сот орындаушысы өз бетімен үкімді орындауды ұзарта немесе кейінге қалдыра алмайды.
Егер айыппұл көрсетілген мерзімде өз бетімен төленбесе, онда айыппұл түріндегі жазаны орындау азаматтық сот жүргізу тәртібімен, сотталғанға берілген орындау парағы негізінде мәжбүр етіледі.
Айыппұл сотталушының жеке мүлігінен немесе жалпы меншіктегі оның үлесінен өндіріліп алынады.
Сот орындаушысы тиісті өндіріп алынатын айыппұл сомасының мөлшерінде мүліктің тізімін жасайды.
Сотталғанның мүлігі жоқ болса, сондай-ақ мүлігі айыппұлына түгелдей өндіріп алуға жатпаса ғана оның еңбек ақысынан немесе басқа табысынан зейнетақысының немесе стипендиясынан ұстап қалынады.
Егер де төлеу мөлшері сотталғанның айлық еңбек ақысының немесе табысының, зейнетақы немесе стипендиясының 20% аспаса, онда мүлігінен ұстап қалынбайды. Айыппұл төлеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны үшін Заңмен жауапкершілік көрсетілген.
Негізгі жаза түрінде белгіленген айыппұлды төлеуден қасақана жалтарған жағдайда ол қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмысына немесе қамауға ауыстырылады. Түрлеріне байланысты ол мынандай есеппен — бір ай түзеу жұмысы, немесе 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту немесе айыппұл сомасының айлық-есептеу мөлшері көрсеткішінің 3 есесіне сәйкес 10 күнге қамау жүргізіледі, бірақ Қазақстан Республикасы ҚК-нің 40-бабының 4-тармағында, 42, 43, 46-баптарда көрсетілген ережелер сақталуы тиіс.
Сотталғанның айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот орындаушысының ескертуіне қарамастан, оны төлемесе, онда айыппұлды төлеуден қасақана жалтару деп қарау керек.
Мысалы, сотталғанның өз мүлігін тізімдегенде жасыруы т.б. Егер сот айыппұлды төлеуден қасақана жалтарғаны үшін түзеу жұмыстарына ауыстырған болса, онда айыппұл төленбейді, ал сотталғанға түзеу жұмыстарына тән барлық құқық шектеулер таратылады. Ал, сотталған түзеу жұмыстарын өтеуден қасақана жалтарса, онда сот түзеу жұмыстарын өтеген мерзімін бостандығынан айыру түріндегі жазамен қамаумен немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстыра алады (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 43-бабы).
Айыппұлды өндіріп алу үкімі орындалғанда, орындау парағы үкім орындалғаны туралы белгі істеліп өкім шығарған сотқа қайтарылады.
12-дәріс. Сотталған әскери қызметкерлерге қатысты жазаны орындау.
1.Әскери қызмет бойынша шектеу түріндегі жазаны өтеу.
2. Сотталған әскери қызметкерлерге қатысты қамауды атқару.
1.Әскери қызмет бойынша шектеу әскери қызметті шартпен жасап жүргендерге және әскери кызметке шақырылуы бойынша істеп жүрген офицерлерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің айрықша бөлімінің баптарына сәйкес көрсетілген әскери қызметке қарсы қылмыс істегені үшін, сондай-ақ түзеу жұмыстарының орнына әскери қызметті шартты түрде істеп жүрген сотталған әскери қызметкерлер тағайындалады.
Соттың үкіміне сәйкес әскери бөлімнің командирі соттан үкімнің көшірмесі мен оны өтеу туралы өкім келіп түскен соң үш күннен кешіктірмей бұйрық шығарады, онда сотталған әскери қызметкер қандай негізде және қандай мерзім ішінде лауазымды өсіруге және әскери атақ беруге ұсынылмайтыны, кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдарына қандай мерзім есептелмейтіні түсіндіріледі. Сонымен бірге сот үкіміне сәйкес сотталған әскери қызметкердің ақшалай үлесінен әскери қызмет бойынша шектеуді өтеу кезеңінде тиісті бюджетке қандай мөлшері ұсталып қалатыны көрсетіледі. Бұйрық әскери бөлімде жарияланады, сотталған әскери қызметкерге мәлім етіледі және атқаруға қабылданады.
Үкімнің келіп түскені, тиісті бұйрықтың шығарылғаны туралы және оның орындалуға қабылданғаны туралы әскери бөлімнің командирі үкімді шығарған сотқа үш күн мерзім ішінде хабарлайды. Бұйрықтың көшірмесі сотқа жіберіледі.
Әскери кызмет бойынша шектеуге сотталған әскери қызметкердің ақшалай үлесінен мемлекеттің кірісіне соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бірақ жиырма бес пайыздан аспайтын ұстау жүргізіледі. Әскери қызметкердің бұл жазаны өтеу кезінде лауазымын, әскери атағын жоғарылатуға болмайды, ал жаза мерзімі келесі әскери атақ беру кезеңіне есептелмейді.
Сотталған әскери қызметкердің ақшалай үлесінен соттың үкімімен белгіленген ұстап қалу — лауазымдық айлық ақысынан, әскери атағы бойынша қосымша төлемнен ай сайынғы және өзге ұстам ақылары мен басқа да қосымша ақшалай төлемдерінен есептеледі.
Егер жасаған қылмысының сипаты мен өзге де мән-жайлары ескеріле отырып, сотталған әскери қызметкерді бағыныштыларға басшылық етуге байланысты қызметте қалдыру мүмкін болмаса, ол тиісті әскери бөлім командирінің шешімі бойынша әскери бөлімнің шегінде де, басқа бөлімге ауыстырылуына байланысты да басқа лауазымға ауыстырылуы туралы үкімді шығарған сотқа хабарланады.
Әскери бөлімнің командирі сотталған әскери қызметкермен оның қылмысының сипатымен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, жеке басын, сондай-ақ мінез-құлқы мен әскери қызметке көзкарасын ескере отырып тәрбие жұмысын жүргізеді.
Соттың үкімімен және әскери бөлім бойынша жарияланған бұйрықпен белгіленген мерзім аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей әскери бөлімнің командирі әскери бөлім бойынша шектеу түріндегі жазаның өтелуін тоқтату туралы, оның тоқтатылатын күні көрсетілген бұйрық шығарады. Бұйрықтың көшірмесі үкімді шығарған сотқа жіберіледі.
Соттың үкімімен белгіленген мерзім аяқталғанға дейін сотталған әскери қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген негіздер бойынша әскери қызметтен босатылуы мүмкін. Бұл жағдайда әскери бөлім командирі сотқа жазаның өтелмей қалған бөлігін жазаның неғұрлым жұмсағырақ түрімен ауыстыру туралы не жазадан босату туралы ұсыныс жасайды.
2.Қамауға сотталған әскери қызметкерлер жазаны абақтыда өтейді. Офицерлер, прапоршиктер, сержанттық старшиналық және қатардағы әскери құрамдардың қызметкерлері бөлек-бөлек және басқа да негіздерде отырғандардан да бөлек ұсталады. Қамауға сотталған әскери қызметкерлер жазаны өтеу үшін үкімді өтеу туралы соттың өкімі алынғаннан кейін әскери жарғыларда белгіленген тәртіппен үш күн мерзімде абақтыға жіберілуі тиіс.
Абақтыда ұсталатын сотталған әскери қызметкерлерге қатысты қамау түріндегі жазаны етеуде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 64-бабында, сондай-ақ әскери жарғыларда белгіленген тәртібі мен жағдайлары қолданылады.
Сотталғандарға үлгілі мінез-құлқы үшін алғыс айту немесе бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алу түріндегі мадақтау шаралары қолданылады.Жазаны етеу тәртібін бұзғаны үшін сотталғанға сегіс жариялау немесе он тәулік мерзімге дейінгі жалғыз адамдық камераға ауыстыру түріндегі жазалар қолданылуы мүмкін. Мадақтау мен жазалау шараларын қолдануға гарнизонның бастығы мен әскери коменданты құқылы. Қамау түріндегі жазаны өтеу уақыты әскери қызмет істеудің саяси мерзіміне және кезекті әскери атақ беру кезеңі жылдарына есептелмейді. Жазаны өтеу уақытында сотталғанға кезекті әскери атақ беруге, жоғарғы лауазымды қызметке тағайындауға, жаңа қызмет орнына ауыстыруға, яғни әскери қызметтен босатуға ұсынуға болмайды, тек денсаулығы бойынша қызметке жарамсыз деп танылған жағдайда ғана болмаса.
Қамауға сотталған әскери қызметкерлерге жазасын өтеу уақытында ақшалай үлесі төленбейді. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау — шақыру бойынша әскердегі әскери қызметкерлерге, әскери қызметте шарт бойынша істеп жүрген қатардағылар мен сержанттар құрамындағы лауазымда істеп жүргендерге, егер де олар соттың үкім шығару кезіне занмен белгіленген шақыру мерзімін бітірмеген болса, тағайындалады. Бүл жаза — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің айрықша бөлім баптарына сәйкес жағдайлардағы әскерде істеген қылмыстары үшін, сондай-ақ сот істің жағдайы мен жауапкер жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын бостандығынан айырудың орнына, сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстауды орынды деп тапса онда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді.
Әскери тәртіптік бөліміне бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтегендер қабылданбайды.Тәртіптік әскери бөлімде ұстаған кезде бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімінде ұстау мерзімі бір күн бас бостандығынан айыру тәртіптік әскери бөлімде бір күн ұстау есебінен белгіленеді. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны ерекше тәртіптік батальондар немесе ерекше тәртіптік роталар атқарады. Тәртіптік әскери бөлімдердің ұйымдық құрылымы мен олардын санын Қазакстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілейді.
Тәртіптік әскери бөлімдерге жалпы басшылықты кұрылымның тиісті бөлімшелері арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі іске асырады.
Сотталғандарды тәртіптік әскери бөлімдерге жіберу мен қабылдау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген тәртіппен іске асырылады.
Тәртіптік әскери бөлімдерде ұсталатын сотталғандарға Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексініңережелеріне сәйкес негізгі түзеу амалдары, сондай-ақ әскери оқу жүргізіледі.
Сотталған әскери қызметкерлер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген режим талаптарын сақтауға міндетті.
Тәртіптік әскери бөлімде жазаны өтеу кезенінде барлық сотталғандар өздерінін әскери атағы мен бұрынғы қызметінің сипатына қарамастан солдаттардың (матростардың) жағдайында болады және бөлімге белгіленген киім түрі мен айыру белгілері бірынғай болады.
Сотталған әскери кызметкерлердің қысқа мерзімді және ұзақ кездесулерге құқы бар.Туған-туысқандарымен және өзге де адамдармен қысқа мерзімді кездесулер тәртіптік әскери бөлім өкілінің бақылауымен тәртіптік әскери бөлім командирі белгіленген күндер мен сағаттарда жұмыс пен сабақтардан бос уақытта арнайы жабдыкталған бөлмеде ұзақтығы төрт сағатқа дейін, айына екі рет беріледі.
Ұзақ кездесулер тәртіптік әскери бөлімнің әдейі жабдықталған үй-жайында не бөлім командирініғ қалауы бойынша одан тыс жерде ұзақтығы үш тәулікке дейін зайыбымен (жұбайымен) жақын туыстарымен ғана бірге тұру үшін бір жыл ішінде төрт рет беріледі.
Ұзак кездесу уақытында сотталғандар жұмыс пен сабақтардан босатылады.
Сотталғанның өтініші бойынша қыска мерзімді немесе ұзақ кездесулер тәртіптік әскери бөлімнің командирі белгіленген тәртіппен телефон арқылы сөйлесумен ауыстырылуы мүмкін.
Сотталғандар заң көмегін алу үшін қорғаушысымен оңаша кездесуге хақы бар. Бұл кездесудің уақытын шектеуге болмайды.
Ерекше жағдайларға — жұбайының (зайыбының), жақын туысының өлуіне немесе науқастың халсіз жатқанында, сотталғанға немесе оның отбасына апаттың салдарынан елеулі материалдық залал келтірілуіне байланысты, оған тәртіптік әскери бөлімнен тыс жерге, бару-қайту жолын есептемегенде ұзақтығы жеті тәулікке дейін қысқа мерзімді уакытқа барып келуге рұқсат берілуі мүмкін. Сотталғанның тәртіптік бөлімінің тыс жерінде болған уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептелмейді.
Сотталғандарға мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерге көзделген демалыстар берілмейді.
Сотталғандар тәртіптік әскери бөлімнің өндірістік кәсіпорындарына (объектілерге) немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі белгілеген басқа объектілерге еңбекке тартылады.
Сотталғандарды әскери кәсіпорындардан жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік болмаған жағдайда, басқа мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға режим талаптары сақталып енбекке тартылуы мүмкін.
Сотталғандардың еңбегі еңбек туралы занда белгіленген еңбекті корғау, кауіпсіздік техникасы мен өндірістік санитария ережелері сақтала отырып, қолданылып жүрген зандарға сөйкес ұйымдастырылады.
Сотталғандар орындайтын жұмыстарға қолданылып жүрген зандарға сөйкес сол кәсіпорнында (үйымда) белгіленген нормалар мен бағалар қолданылады. Сотталғандарға есептелген табыс сомалары теленбейді.
Сотталғандардың еңбегі үшін кәсіпорындардьщ (ұиымдар-дың) есептеген сомасының 55 пайызы тәртіптік әскери бөлімгеоны қаражаттандыру, оның өндірістік базасын құру мен да-мыту, сотталғандарды материалдык көтермелеу және олардың әлеуметтік-тұрмыстық мұктаждарын шешу корын кұру үшін аударылады, ал қалған бөлігі мемлекеттің кірісіне аударылады.
Сотталғандарды өскери үйрету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әзірлеген арнаулы бағдарлама бойынша ұйымдастырылып, жүргізіледі. Сабақтарды өткізу үшін кажетті оқу-материалдық қор кұрылады.
Сотталғандармен тәрбие жұмысын тәртіптік әскери бөлімнін командованиесі ұйымдастырыпжүргізеді. Ол Кдзак-стан Республикасы ҚАК-нін 103, 106-баптарында жазылған принциптерде жүргізіледі.
Сотталғандар келген әскери бөлімдердің командирлері тәртіптік әскери бөлімнін командирімен үнемі байланыс жа-сап тұруға, бүрынғы бағыныштыларының мінез-кұлкына ден коюға және олардың түзелуіне жәрдем көрсетуге міндетті.
Жергілікті аткарушы органдар мен коғамдык бірлестіктер-дің сотталғандармен тәрбиежұмысын жүргізуге тәртіптік әске-ри бөлімнің командованиесіне жәрдем көрсете алады.
Сотталғандарды түзеу жүмысывда тәртіптік әскери бөлімнін командованиесіне жәрдемдесу мақсатында роталарда өзін үлгілі мінез-құлкымен, енбекке және әскери кызметке адал қарауымен көрінген сотталғандардан коғамдыккеңестер кұры-лады.
Қоғамдык кенес сотталғандардын жиналыстарында сайла-нады және оны тәртіптік әскери бөлімнің командирі бекітеді де оның кызметіне бакылау жасауды сол жүзеге асырады.
Коғамдык кенес тәрбие шаралары мен сотталғандардын бос уакытын ұйымдастыруда бөлім командиріне кемек көрсетеді, сотталғандармен жеке түсініктеме жүмысын жүргізеді, түзеліп келе жаткандардың катарына қосуға кандидатуралардьг неме-се жазадан шартты мерзімінен бұрын босатуға ұсынылатын кандидатураларды талкылауға катысады.
Сотталғандарға мынадай мадақтаулар: алғыс жариялау, мак-тау кағазымен, бағалы сыйлықпен немесе акшалай марапаттау; қосымша қысқа мерзімді немесе ұзақ кездесуге не туыстары-мен телефон аркылы сөйлесуге рүксат ету; бүрын колданьшған тәртіптік жазаны алып тастау колданылады.
Өздерінің түзелу жолына түскендігін үлгілі мінез-күлкы-мен және еңбек пен әскери қызметке адал карауымен дәлелдеген сотталғандар жаза мерзімінің кемінде үштен бірін оте-геннен кейін тәртіптік өскери бөлім командирінін бүйрығы-мен түзеліп келе жаткандар катарына косылады.
Түзеліп келе жаткандар катарына қосылғандар арасынан өзінің түзелуін үлгілі мінез-қүлқымен және енбекпен әскери қызметке адал карауымен дәлелдеген сотталғандарды әскери бөлімнің командирі занда белгіленген тәртіппен жазаның шартты — мерзімінен бұрын босатуға үсынуы мүмкін.
Сотталғандарға мынадай жазалар колданылады: сөгіс; катаң сөгіс; түзеліп келе жатқандар катарынан шығарып тастау; отыз тәулікке дейін абақтыда ұстапқамау — тәртіптік ретпен кама-лып сотталғандар жазаны тәртіптік әскери белімнін абақтыла-рындағы жалғыз адамдык, камераларда өтейді.
Комавдирлердің мадакгау мен жазаларды қолдану жөніндегі құқықтарьш, оларды қолдану тәртібін, сондай-ак оларды есепке алуды әскери жарғылардың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі белгілейді.
Сотталғандарға әскери жарғылардың талаптарына сәйкес кажетті тұрғын-үй тұрмыстық жағдайлар жасалады.
Сотталғандар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен нормалар бойынша азык-түлікпен қамтамасыз етіледі
Сотталғандар затгай мүлікпен өздері үшін белгіленген нор-малар бойынша камтамасыз етіледі.
Сотталғандарды медициналық жағынан камтамасыз ету әскери жаргалардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Стационарлық жағдайда емделуге мұқтаж сотталған емде-лу үшін госпитальге күзетпен жіберіледі және овда арнайы жабдықталған палаталарда үсталады. Сотталғандарды госпиталь шегінде күзету ол орналаскан аумак бойынша гарнизон бас-тығынын күштерімен және кұралдарымен жүзеге асырылады.
Сотталғандарға акшалай үлес олардын жеке соттарына лауа-зымдык айлық акылардың есебінен немесе шакыру бойынша кызметінің бірінші жылындағы солдаттар мен матростарға ар-налған бірінші тәртіптік тарифтік топ бойынша ай сайын есептеліп отырады. Темекі үлесінің орнына акшалай өтемакы тәртіптік әскери бөлімнен босату кезінде колына беріледі.
Сотталғандар колма-кол есеп айырыспай сатып алуына не-месе посылкалармен, бандерольдерімен және сәлемдемелер-мен рүқсат етілетін бірінші кезектегі кажетті нәрселер мен та-мақ өнімдерінің тізбесін Казақстан Республикасының Корға-ныс министрлігі анықтайды.
Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жазаны өтеуші денсаулык жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссия әскери кызметке жарамсыз немесе бейбіт уакытта жарамсыз деп танылған.адамдарды сот жазадан мерзімінен бұрын боса-туы, не жазасынын өтелмеген бөлігін неғұрлым жұмсағымен ауыстыруы мүмкін.
продолжение
--PAGE_BREAK--
13-дәріс. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау.
1. Қазақстан Республикасындағы және шет елдердің күші бар заңдарындағы өлім жазасы.
2. Өлім жазасы түріндегі жазаны орындау.
1.Соңғы жылдары өлім жазасын колданатын қылмыстар ба-ғыты азая бастады. Одан, валюта ережесін бұзғаны үшін аса көп мөлшердегі ұрлағандар, парақорлык жәие т.б. шығарылып тасталды.
Өлім жазасы қолданылмайтын сотталғандар тізімі кеңейтілді. Егер де бұрын өлім жазасы қылмыс істегенде 18 жаска толма-ған болса, сондай-ақ қылмыс жасағанда, үкім шығарғанда және оны орындау кезінде аяғы ауыр әйелдерге колданылмайтын болса, енді Жаңа заңдар бойынша бүған кәмелетке тоЛіМаған-дармен қатар, әйелдердің бәріне және 65 жастан асқан ерлерге қолданы лмайды.
Халықаралық Конвенция кейбір дәрежедегі сотталғандарға өлім жазасын колданбау туралы нормалар ұсынды. Мұнын 18 жасқа толмағандарға қатысы бар. Ал, оңтүстік Кореяда, Бир-мада, Зимбабведе, Барбадоста, Суданда тағы кейбір елдерде бүл — 16 жас, Индияда, Иракта жас шектелмеген. АКШ-тың 37 елім жазасы сақталған штаттарында 11-інде ен төменгісі — 18 жас. 15 штатында 12-ден 17 жас, ал 11 штатпен федералдық аймакта — ол тіпті белгіленбеген. 1989 жылдың маусымында Кентуки мен Миссури штаттарында кісі өлтіргені үшін 15 пен 17 жастағы жасөспірімдерге өлім жазасына үкім шығарылған. 1986 жылдан бері АКШ-та өлім жазасына барлығы 35 кәме-летке толмағандарға үкім шығарылған.Ал Кубада, Болгарияда және Можарстанда бұл — 20 жас.Гватемала мен Буданда 70 жаска, ал Монғолияда 60 жаска толғандарға өлім жазасы колданылмайды.Барлык елдерде (Ираннан баска) аяғы ауыр әйелдерді азап-тауға болмайды, ал кейбір елдерде босанғаннан кейін жазатарттырады; Румынияда уш жасқа дейінгі баласы бар ананы, ал Монғолия мен Гватемалада барлык әйелдерді өлімге жаза-лауға болмайды.
Кәмелетке толмаған жасында кылмыс істегендерге өлім жазасын қолданбау негізді сиякты. Бұл уақытта жастар өздерінің істеген қылығына түгелдей есеп бере алмайды, өмірдегі тәжірибесі жеткіліксіз. Көптеген жас адамдар өте кызба келеді, олардын психикасы тұраксыз, мінез-кұлкын үстай алатын әлеуметгік механизмдері әлі орнығып болмаған.
Жасы келген адамдарға елім жазасын колданбауы адамгершілік жағынан түсіндіруге болады. Әр түрлі себептер-ге соның ішінде физиологиялыкжағьшан алғанда, олар өлтіруге ете сирек барады. (Ал өлім жазасы тек осындай ғана кылмысқа беріледі).
Мұндайсотгалғандардакайталанба кылмыс көпкездеспейді. Сондыктан, бұл жастағы сотталғавдарға өлім жазасын калды-рудын, негізі жок.
Ал әйелдер ерлерге қарағанда ауыр кылмысты едәуір сирек жасайды. Оларға өлім жазасын колдануға тыйым салынғанша, ондай жаза оқта-текте колданылған. Әрине, мұнда зан. шыға-рушылар жағынан әйелдерге деген адамгершілік көрінеді.
Бірінші рет Қазақстан Республикасы Конституциясынын 15-бабында әркімнің өмір суруге күқы бар екендігі бекітілген және оған коса елім жазасы ерекше ауыр кылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім сұрау туралы арыздау күкығы беріледі делінген. Қазакстан Республикасы КК 96-бабында көрсетілген адам өлтіру кісі өлімі жөнінде ғана емес, сонымен катар оның басқа да объектісі адам өмірі болып есептелетін кылмыстар женінде болмак.
Занда өлім жазасын сактау керек пе, жоқ па бұл жөнінде дүние жүзінде көп айтыс жүріп жатыр. Заңда сактамау керек дейтіндердің айтуынша өмір — құдай немесе жаратылыс сый-лаған ен кымбатты байлық, сбндыктан оны адам баласы зан-мен жоюға тиісті еместігі. Одан баска түзеуге болмайтын жиі көзделетін сот кателіктеріне көп сілтейді.
Әлім жазасын сақтауды жақтайтындар көптеген елдерде тек баска біреудін емірін жойған, аса ауыр кылмыстарға колданы-латынына, сонымен олар ондайқылмыс жасап өз өмірін адам-зат коғамынан шығарып тастайтындығына, адамзат арасында тұру қүқығынан айырылатынына сілтейді. Сонымен бірге өлім жазасын алып тастауға бұқара көпшілігінің өте-мөте карсы екенін де білдіреді.
Кейбір жағдайларда өлім жазасынын заңда болғандығы қылмыс тоқтату рөлін атқарады, әсіресе бас бостандығынан айыру орындарында ұзак мерзімге сотталғандардын кылмыс жасағанында; тапсырмалы елтірілулерде; милиция кызметкер-лері мен әскери кызметкерлерге кару ұрлау максатында шабуыл жасағанда, тағы басқа жағдайларды еске алмауға да болмайды.
Дүние жүзіндегі көптеген елдерде әлім жазасы колданыла-ды. Оны 35 елдерде алып тастаған. Оларға кіретіндердің ішінде: Австрия, Австралия, Германия, Дания, Исландия, Колумбия, Нидерландия, Норвегия, Португалия, Финляндия, Швеция, Франция бар. Тағы 18 ел соғыс уакытында немесе төтенше жағдайларда ғана сактаған. Бұлар — Аргентина, Бразилия, Үлыбритания, Израиль, Испания, Италия, Канада, Мексика, Швейцария.
26 елдер мен аумактар карап отырған жаза шараларын сак-таған, бірақ 10 жылдан астам мерзім ішінде іске асырмаған. Акырында, 100-ден астам елдерде өлім жазасын колданады.
Дүние жүзіндегі барлык елдерде өлім жазасын қолдану қысқарып отырған жок. 1965 жылдан бері 50-ден астам елдер-де өлім жазасы қолданылатын қылмыстар саны кенейтілген. 21 елде еддің кауіпсіздігіне байланысты кылмыстары үшін өлім жазасы енгізілген (тыңшылдык, сатқындық, «төнкеріске кар-сы» немесе төңкерісшілдік әрекеттері үшін).
13 елде өлім жазасы терроризм үшін, соның ішінде ұшак айдап кеткендерге, егер де ол кісі өліміне әкеліп соктырса, аманатқа алғандарды өлтіргені үшін енгізілген.
21 елде өлім жазасын зансыз есірткі айналымын жүргізуге байланысты кылмыстар үшін колданады.
13 елде айтылған жазаны экономикалык кылмыстар үшін енгізген (сыбайлас-жемкорлык, мемлекеттік мүлікті талан-та-ражға салғаны, кеден кызметкерлерінешабуыл жасағаны, қару-мен тонағаны үшін).
Шығыстын кейбір елдерінде өлім жазасы некебұзарлар, зорлағандар, гомосексуалистер, мұсылман еместер мен мұсыл-ман әйелдері арасындағы жыныстык катынасы, спирт ішімдіктерін ішкені (алдымен үш рет сотталғаннан кейін) үшін белгіленген.
Кейбір елдерде бүл жаза адамды ұрлап және онын каза бол-ғаны үшін белгіленген.
1979 жылы Қытайдың қылмыстык Кодексі өлім жазасын 15 ретқылмысжасағандарғаенгізді. 1982-1983 жылдары оған тағы 14 косылды.
Өлім жазасын қолданатын мемлекеттер саны онын занда белгілегендерінен аз.
БҮҐ-ына өлім жазасын колдану туралы мәліметтерді 60-70 мемлекеттер береді. 1969-1973 жылдары мәлімет бергендердің 40%, 1974-1978 жж. — 60%, ал 1979-1983 жж. -71% оны колданған. Сонымен, бұл жазаны қолданушылар, негізінен адамның жеке басына карсы істелген кылмыстар есебінен өсіп келеді.
«Халыкаралык рақымшылық» ұйымының мәліметінше 1980-1987 жж. әр жыл сайын өлім жазасьша 1160-3209 адамға үкім шығарылғанымен, шынында 743-тен 3278 адамға дейін жазаланған.
2.Өлім жазасы — заңға белгілі жазалардың ішіндегі ең қатал шарасы. Сонымен катар мұндай істер женіндегі соттын катесі үкім орындалып болғаннан кейін түзетілуі мүмкін емес. Сон-дықтан, адамнын, дұрыс сотталғандығының ете ұқыпты тексе-ру процедурасы көзделген және елім жазасын баска жазамен сот тәртібімен үкімді өзгерту жолымен, әлде кешірім жасау аркылы ауыстыру мүмкіндіктері көзделген.
Өлім жазасына сотталған шығарылған үкімге шағым арыз беруге кұкы бар. Тіпті арыз түспеген жағдайда да соттаудың дүрыстығын бақылау ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен Бас Прокуратурасы тексереді. Олар өлім жазасынын дұрыс колданылғаны туралы ездерінің корытын-дысын береді немесе үкімгекарсылық білдіреді. Сотталғанның және сонымен қатар бакылау тәртібімен арыз берілуі, үкімді орындауды тиісті жоғарғы сатьщан жауап алынғанша токта-тады.
Үкім заңды күшіне енгеннен кейін сотталған Казакстан Республикасы Президентіне кешірім жасау туралы ©тініш жібереді. Егер де ол кешірім сүраудан бас тартса, ол жөнінде тиісті акт жасальш үкімнің көшірмесін, ұйғарымды және баска керекті кұжаттарды қосып сотталғаннын кешірім сұрау мәселесін карау үшін Президент Аппаратына жіберіледі.
Сотгалғанға тиісті кұкыктьщ ішінде (олар яғнитүсіндірілген болуы тиіс) атайтыны, ол занда көзделген тәртіппен кажеттіазаматтык-қүкыктык және неке-отбасылык катынастарды рәсімдеу мүмкіндігі. Заң көмегін алуға және уакыт ұзактығы мен санына шек койылмай адвокатпен оңаша кездесуге кұкылы. Кешірім жасау туралы барлық арыздар мен өтініштер канағаттандырылмай, үкім күшінде калдырылғаны туралы ха-барлама түскеннен соң жаза бір жыл өткеннен кейін ғана орын-далады. Өлім жазасына сотталған адам күшейтілген күзетпен және бір кісілік камерада үсталуы тиіс. Сонымен катар кызметкерлердің де қауіпсіздігі сақталуы тиіс.
Сотталғандар сейілдеуге камера сайын бөлек-бөлек, баска сотталғандардан аулақ, оңаша шығарылады. Камера күн сайын тексеріледі, әлсін-әлсін ұқыптытінтіледі. Сотталғандар-ды камерадан шығарудың туыскандарымен, діни қызметкер-мен кездестірудін арнайы ережесі болады, ол сенімді күзетпен және қызмет істеп жүргендермен, кездесуші адамдардын қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Өлім жазасына сотталғанға керекті тұрмыстық жағдаіі жа-салады, тиісті төсек-орын беріледі. Үш рет тамақтандырылады.
Керек жағдайда медициналық көмек көрсетіледі. Егер де онда көмек көрсетуге мүмкіндік болмаса, жағдайы бар жерге апарылады.
Үкім занды күшіне енгеннен кейін өлім жазасьша сотталған-дарға арнайы үлгідегі киім кигізіледі.
Сотгалғавдарға бас бостаңдығъшан айыру орны кітапханасы-ның газет, кітаптарымен пайдалануға рұқсат етіледі; хат алып және жіберуге шек қойылмайды; тамак. өнімдері мен бірінші кезектегі қажетті нәрселерді сатып алуға катаң режимдегі түзеу колониясында ұсталатын сотталғандарға белгіленген мөлшер-де акдіа жүмсай алады. Өлім жазасына сотталғандар еңбекке тартылмайды.
Сот үкімінің занды күшіне енуі Қазақстан Республикасы Бас прокурорының қадағалау тәртібімен соттың өкіміне кар-сылык біддірудің негізі жоқтығы туралы және істі қадағалау тәртібімен карау үшін негіздердің жоқтығы туралы Казақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының корытындылары, сондай-ак кешірім жасау туралы етініштің канағаттандырыл-мағаны туралы хабарлама немесе сотталғанның кешірім жасау туралы етініш беруден бас тартканы туралы акт — өлім жаза-сын орындау үшін негіз болып есептеледі.
Өлім жазасы жария етілмей ату жолымен орындалады. Бірнеше адамға өлім жазасы орындалатын болса. онда әрбіреуіне жеке-жеке және басқалардың жоғында орындалады.
Өлім жазасын орындау кезінде прокурор, өлім жазасы аткарылатын мекеменің уәкілі және дәрігер болады. Сотталған-ның өлгенін дәрігер куәландырады, ол жөнінде хаттама жаса-лып, оған көрсетілген адамдар кол қояды.
Жазаны аткарған органның әкімшілігі үкім шығарған сотка, сондай-ак сотталғаннын жақын туыстарынын біреуіне өлім жазасының орындалғаны туралы хабарлауға міндетті. Өліктің жгрленген жері туралы туыстарына жерленген кезден екі жыл өткен соң хабарланады.
Азаматтык хал актілерін жгізу органына әкімшілік белгіленген үлгіде хабар жібереді жөне туыстарьша оның өлгені туралы куәлікті алатын жерін хабарлайды.
14-дәріс. Жазаны өтеуден босату. Түзеу мекемелерінен босаған адамдарға көмек көрсету және оларға бақылау жасау.
1. Жазаны өтеуден босатуды құқықтық реттеу, оның түрлері мен негіздері.
2. Сотталғандарды жазаны өтеуден босату тәртібі.
3. Жазадан босатылған адамдарды әлеуметке бейімдеу.
1… Жазаны өтеуден босату — құқық саласының әр түрлі нор-маларымен реттеледі: қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқығы.
Қазакстан Республикасының қылмыстық зандарында жа-задан босату бір мағынада түсіндірілмейді. Ғылыми әдебиетте бір жөнге келтіру және жазадан босатудың мүмкін жағдайларын топтастыру қорытындысында, ол үш топқа біріктірілген болатын:
а) жазаны тағайындағанша басқа шаралармен өзгертіп, сондай-ақ өзгертпей босату; ә) жазаны тағайындағаннан бастап оны өтеуден (түгелдей немесе жарым-жартылай) босату; б) жазаны өтеу кезінде одан (түгелдей немесе жарым-жартылай) босату немесе өтеуді кейінге қалдыру. Қылмыстық-аткару құқығының саласына жазаны өтеуден босатудың тек соңғы тобының түрлері кіреді. Әрине, бүған үкімді орындауды кейінге қалдыруда қолданған жағдайдағы жазаны өтеуден босату қосылмайды.
Жазаны өтеуден босатудың азаматтың құқықтық жағдайын өзгертетін заңнын ақиқаты айтылады. Оньщ пайда болуымен әдетте түзету күқық қатынастары токтатылады да азаматтың құкықтық. мәртебесі орнына келтіріледі.
Жазаны өтеуден оны босату егер де ол басқа жазаны өтеуге байланысты болатын болса, толық болмауы да мүмкін. Жалпылай алғанда көптеген жағдайда жазаны етеудің салдары пайда болады, оны өтеуден босату азаматтың кұкықтық мәртебесін түгелдей орнына келтіре алмайды, сотталған атағының әсері сақталады.
Жоғарыда айтқандай, жазадан босату азаматтың кұқықтық жағын өзгертетін заңның ақиқаты, сондыктан тиісті құқықтық және сонымен қатар заң түрінде реттеуді талап етеді.
Жазаны өтеуден әрі қарай босатудың негізі — ол сотталғанның тиісті дәрежеде өзінің түзелгенін көрсеткені, болмаса Қазақстан Республикасының қылмыстық зандары көрсеткен басқа негіздер, ал босатудың өзі қылмыстық іс жүргізу және түзеу заңдарының нормаларында көрсетілгендерге сәйкес іске асырылуының өзі негіз болады.
Біздің көруімізше, қылмыстық, кылмыстық іс жүргізу мен кылмыстық-атқару кұқықтарының нормалары — өзара тығыз байланыста, әрине, қылмыстық қүқық нормалары бастаушы рөл атқарады, сондықтан қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, кылмыстық-атқару құқықтарының жалпы институттарының бірлігі байқалып тұр. Солардың бірі өтеген, немесе өтеп жатқан жазадан босату институты болып табылады. Бүл институттың негізінде қылмыстық құқықтык, нормалары жатыр. Сонымен бірге күші бар қылмыстық заңдарда жазадан босатудың барлық негіздерін түп-түгел реттеп беретін арнайы нормалары жоқ. Мұндай негіздерді белгілейтін нормалар қылмыстық-аткару зандарында бар (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 168-бабы).
Жазаны өтеуден босатудың негіздері болып мыналар есептеледі:
сот үкімі бойынша тағайындалған жаза мерзімін өтеу;
іс бойынша ақтау үкімі шығарылған немесе іс жүргізудің қысқартылуына байланысты сот үкімі күшінің жойылуы;
жазаны өтеуден шартты — мерзімінен бұрын босату;
жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жүмсақ түрімен ауыстыру;
кешірім жасау немесе рақымшылық ету;
ауыр науқастану немесе мүгедектік;
заңда көзделген өзге де негіздер.
Сонымен, заңмен жазаны өтеуден босатудың әр алуан түрлері көрсетілген. Жазаны өтеуден босатудың ең көп тараған түріне сот үкімімен белгіленген жаза мерзімін өтеу кіреді.Жазадан босатудың. бір түрі — мерзімінен бұрын босату, ол тек заңда тікелей көрсетілген кейбір жағдайда рұқсат етіледі. Бұл жазаның мақсатына жеткенінде, әлде басқалай жаңадан пайда болған жағдайда ғана мүмкін.
Жазадан босатудың негіздеріне заң ақиқатында көрсетілгендігі жатады, оған мемлекеттің жоғарғы басқару актілері, яғни әрі қарай жазаны өтеуден босату туралы соттардың үкімдері мен ұйғарымдары кіреді.
Сотталғандарды жаза өтеуден босатудың. негіздерін үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа — сот үкімімен белгіленген мерзімді өтеп бо-сатылған сотталғандар кіреді.
Одан кейін мерзімінен бүрын босатылғандар тобын атауға болады, оған кіретіндер: шартты — мерзімінен бұрын босату немесе бас бостандығынан айыруды бас бостандығынан айырмауға байланысты емес жазамен ауыстыру, аурулығы мен мүгедектігіне байланысты жаза өтеуден босату, кешірім жасау мен рақымшылық етуге байланысты, үкімнің жойылуы мен істін қысқартылуына байланысты; үкімді өзгертіп жазаны шартты мерзімінен бүрын ауыстыру немесе ең аз шектеуге дейін төмендету себебіне байланысты.
Үшінші топқа заңда қаралған басқа да негіздермен жазадан босатулар кіргізіледі.
Көрсетілген жазадан босату негіздерінің әрбіреуінің өзіндік әлеуметтік-құкықтық және зандық табиғаты бар. Жаза мерзімін өтеуден босатудың өзі адамның жазаны өтеуін тоқтатқаны болып есептеледі. Тіпті, сотталғанды түзей алмағанның өзінде де ол, бакылау түрімен өзгертілген занды күшіне енген тұрақты үкім бойынша зандылыққа сүйене отырып босатылуы тиіс. Жаза мерзімін өтеген соң босату — табиғи, қолданылған жазаны өтегеннен кейінгі қисынды түсінікті жағдай.
Жалпы ережеден бір ерекшелігі — ол жазаны өтеу мерзімінен бұрын босату. Ол әр түрлі негіздерде қолданылады.
Мерзімінен бұрын босатудың ерекше екенін атай отырып, сотталғанның заң белгілеген жаза мерзімі біткенше түзелгенін көрсететінін, ал ол жазалау әсерінің тиімділігінің дәлелі дегіміз келеді. Бұл мағынада, жазаны өтеудің мерзімі бітуден бұрын босатудың негізгі түрлері — жазаны даралап өтеудің сатысындағы процесті аяктайтын — мерзімінен бұрын шартты босату, жазаның өтелмеген бөлігін оның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру.
Мұндай институттар болғандығы жазаны аткарушы органдардың сотталғандарға, олардың адал ниетпен еңбек істеуіне, ұқыпты оқуына және мінез-құлқының үлгілігіне белсенді әсерін тигізеді. Жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату заңының жағдайларын дұрыс пайдалану және оның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру сотталғандардың құқыктық. танымына үлкен тәрбиелік әсерін тигізеді. Сондықтан жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан бас тарту, сондай-ақ жазадан негізсіз босату сияқты кез келген қателіктерге қатысы бар жағдайларға шыдауға болмайды.
Жазаны өтеуден босатудың түрлері мен негіздерін белгілейтін құқықтық іс тәртібін реттеу, жалпы алғанда жазаны өтеуді дараландыруға жұмыс істейді және оның мақсатына жетуіне мүмкіндік береді.
2.Күші бар қылмыстық-аткару заңдарында, ведомстволық нормативтік актілерде түзеу мекемелерінен босатудың тиісті тәртібі көрсетілген.
Сотталғандарды жазаны өтеуден босату үшін оларды алдын ала дайындайды. Сотталғандарды босатуға дайындау — кұқық бұзушыларды түзету жөніндегі түзеу мекемелерінің іс әрекетіндегі ең бір маңызды кезеңі. Оған оларды алдын ала жұмысқа орналастыру, бостандықтағы өмір жағдайына тез үйрену мәселелері кіреді. Босатуға дайындық мерзімі аяқталудан үш ай бұрын басталады. Әрбір сотталғанмен жеке әңгіме жүргізіледі, онда босағаннан кейін шамамен оның тұратын жері белгіленеді; жергілікті үкімет органдарының көмек көрсету тәртібі түсіндіріледі.
Түзеу мекемелері әкімшілігінің жасақ бастығы мен боса-тылғандарды еңбек пен тұрмыстық жағдайын орналастыру жөніндегі аға инспекторы керекті жағдайда олардың тұрмыстық және жұмысқа орналастыру мүмкіндігін біледі және алдын ала көмек көрсетуге шара қолданады. Қазір нарықтық жағдайға көшу кезінде мұндай көмек көрсету мүмкіндігі төмендеп кетті.
Түзеу мекемесінен босайтын адамдарды еңбек пен тұрмыстық жағдайын түзеудің, маңыздылығын ескере отырып, тәрбиелеу шаралары жиынтығын аяқтау кезеңі және кұқық бұзушыны түзеудің қорытындысын бекіту түрінде, қазіргі күші бар
Қазақстан Республикасы Еңбек заңдары — ол міндетті жергілікті аткару органдарына жүктейді. Нарықтық экономика қалыптасу кезінде жүмыссыздық, пен өңдіріс амалсыз кұлдырайды. Осының қорытындысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды жұмысқа орналастыру қиындады. Жалпы жаза мерзімін өтегендердің 7 пайызы ғана уақытша жұмысқа орналаса алады, қалғандары жұмыссыздар қатарына қосылуға мәжбүр болады, сондықтан бұл дәрежедегі адамдар қайта құқық бұзу жолына түсуі мүмкін. Қылмыстық жағдайда Республикада бас бостандығынан айы-ру орындарынан босатылған сотталғандарды ақтау орталығының жоқтығы қиындата түседі. Кейбір дәрежедегі сотталғандарды босатуға дайындаудың өзгешеліктері бар — оларға I, II — топтағы мүгедектер, қартайғандар, кәмелетке жетпегендер, аяғы ауыр әйелдер мен жас балалары бар аналар жатады. Мысалы, босағаннан кейін тұратын орны жоқ I, II топтағы мүгедектер мен қартайған адамдар (олардың сұрауы бойынша) мүгедектер, қартайғандар үйіне орналастырылады. Осыған байланысты түзеу мекемесі әкімшілігі тиісті әлеуметтік қамсыздандыру органдарына, ал кәмелетке толмағандарға кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға керекті құжаттарды жібереді.
Жазадан босату кезінде сотталғанға кету парағы беріліп, соның негізінде онымен түгелдей есептеседі.
Бірқатар түзеу мекемесінде қызықты тәжірибе бар. Оларда сотталғандарды босату рәсімі жүргізіледі, ол үлкен психологиялық әсер етуі мүмкін. Оның салтанатты жағдайда жүргізілуі көңілді көтереді, сотталғанның. колонияда ақырғы рет болып, енді өмірдің жаңа шебіне, бостандық өмірге ауысуы ретінде дұрыс қабылданылады.
Кешірім жасау, рақымшылық ету негіздерінде, шартты түрде, мерзімінен бұрын шартты немесе бас бостандығынан айырудың өтелмеген мерзімін едөуір жеңілдетілген жазамен ауыстырғанда да рәсім салтанатты болуы тиіс.
Осы мақсатта сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға арналған жиналыс өткізілуі мүмкін.
Сотталғандарды еркіндік өмірге дайындаудың аса жауаптылығын түсіне отырып Заң Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 173-бабында бас бостандығынан айыру орындарынан босату тәртібін арнайы реттеген. Ол бойынша бас бостандығынан айыруға, қамауға, бостандығын шектеуге сотталғандар жаз мерзімінін соңғы күнінің бірінші жартысында босатылады.
Егер құжаттар жұмыс күні біткеннен кейін түссе, онда ертеңгі күні танертең босатылады. Ал, жаза мерзімі демалыс немесе мереке күні бітетін болса, сотталған жазаны өтеуден демалыс немесе мереке алдындағы күні босатылады. Жазаның мерзімі айлармен есептелген жағдайда ол соңғы айдың тиісті күнінде, ал егер бұл айда тиісті күні болмағанда сол айдың соңғы күнімен бітеді.
Сотталған босатылған кезде оған тиесілі заттары мен құнды-лықтары, онын. жеке шотындағы сақтаулы тұрған ақшасы мен жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегені туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат беріледі. Босатылушынын, сұрауы бойынша оған әкімшілік мінездеме беріледі.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға түзеу зандарымен келесі материалдық көмек түрлерін көрсету белгіленген: босатылған адамдар түратын жерлеріне немесе жұмысына дейін тегін жалақымен, тиісті тәртіппен жалда жүргенде азық-түлікпен немесе ақшамен, мемлекеттік қаражат есебінен сырт киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Оларға белгіленген мөлшерде түзеу мекемесі бір жылғы ақшалай жәрдемақы беруі мүмкін (Қазақстан Республикасы ҚАК-нің 176, 177-баптары).
I және II топтағы мүгедектерді, аяғы ауыр әйелдер мен жас баласы бар әйелдерді, яғни көмелетке толмағандарды жазадан босату кезінде жазаны атқарушы мекеменің әкімшілігі олардың туыстарын не қамқоршы өзге адамдарды алдын ала хабардар етеді.
Түзеу мекемелерінен босатылатын, денсаулығы бойынша ұдайы күтімге мұқтаж адамдар, сондай-ақ 16 жасқа толмаған-дар тұратын жеріне алып кетуге келген адамдарға немесе түзеу мекемесінің қызметкеріне ертіп жіберіледі.
Ата-аналары жоқ кәмелетке толмағандар кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялар шешімімен мектеп-интернат-тарға немесе басқа да балалар мекемесіне жіберіледі, сондай-ақ белгіленген заң бойынша қамқор тәрбиешіге беріледі. Оларға бір жолғы берілетін акша орнына керекті киім-кешек тағы басқа заттар алып берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы соттарымен сотталған ТМД-нің басқа республикаларының азаматтары Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерінде жазаны етегеннен кейін өз республикасына кеткенде жол билеті Қазақстан Республикасының шекарасына дейін қамтамасыз етіледі.
3.Соңғы жылдары заң әдебиеттерінде, сонымен қатар бұқаралық акпараттар құралдарындағы жариялымдарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мәселесін заңмен реттеу жөнінде ұсыныстар табандылықпен жиі айтылып жүр.
Сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу проблемасын қайталанба қылмыстармен күресу бағытының. бірі ретінде қарау тиіс. Шынында, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және әлеуметтік көмек ала алмаған адамдардың жыл сайынғы тасқыны, алдымен қаңғыбастықтың, үйсіздердің себебі бола тұра, сонымен бірге олар бостандық өмірге бейімделе алмай қайтадан құкық бұзу мен қылмыс жолына түсіп қылмыстық жағдайды өршіте түсуде.
продолжение
--PAGE_BREAK--