Реферат по предмету "Разное"


Атырау облыстық білім беру департаменті Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт

Атырау облыстық білім беру департаментіАтырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт«Білім беру жүйесінің жаңа мазмұны: Бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» тақырыбындағы облыс мұғалімдерінің VІІІ облыстық педагогикалық оқуларының баяндамалар жинағы 29-30 наурыз 2007 жылАтырау қаласыҚұрастырған: М.А.Ғалымжанова – Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт директорының орынбасары.«Білім беру жүйесінің жаңа мазмұны: Бәсекеге қабілетті, білімді және құзіретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» тақырыбындағы дәстүрлі VIII педагогикалық оқуларының баяндамалар жинағы. 29-30 наурыз 2007 жыл – Атырау, 2007 - __ бетҚұрал Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты Кеңесінде (хаттама №3 2007ж.) талқыланды.© Атырау облыстық білім беру департаментіАтырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты, 2007^ Бәсекеге қабілетті, білімді және құзыретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту Аманғалиев Серік ҚалешұлыАтырау облыстық білім беру департаментінің директорыҚұрметті ұстаздар! Сіздерді бүгінгі облыстың білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Білім беру жүйесінің жаңа мазмұны: Бәсекеге қабілетті, білімді және құзіретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» тақырыбындағы дәстүрлі VIII педагогикалық оқуларының басталуымен құттықтаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын болуын Елбасымыз қадап айтты. Өркениетке бет бұрған еліміздің жастары – ертеңгі мемлекет тірегі. Қоғамға да ең басты керегі – елдің ертеңіне деген сенім мен үміт. Сол тірек нық та берік, сенімді болуы үшін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үрдісі арнаулы және орта мектептерден бастау алмақ. Сондықтан да оның іргетасын, ондағы мұғалімдердің білім деңгейінің жоғары болуын қадағалау және арттыруымыз аса қажет. Өркениетті елдер арасындағы экономикалық бәсекелестік білім деңгейімен айқындалмақ. Елбасы Жолдауы – бұл бүгінгі уақыт талабына сәйкес қажеттіліктен туындаған өте маңызды құжат. Сосын да ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатыны риясыз шындық. ХХІ ғасыр білімнің жаңа философиясын, жаңа ақпараттық-коммуникациялық және педагогикалық технологияларды талап етеді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесі алдында заманның жоғары технологияларының талаптарына сай келетін біліктілігі жоғары деңгейлі мамандарды даярлаудың міндеттері туралы әсіресе, мектеп жасына дейінгі, білімнің жоғары кәсіби білімге дейінгі білім проблемаларының кең спектрі Білім сапасын тәуелсіз сырттай бағалау, материалдық-техникалық базаға, жоғары оқу орындарына ғылыми-педагогикалық құрамына арналған талаптардың күшеюі қазақстандық жастарға лайықты білім алуға кепілдік береді, білімдік қызмет нарығында арандатушылықты және бұрмалаушылықты болдырмайды деген пікірдеміз. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған былтырғы Жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын, осыған орай білім жүйесін реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі болуға тиіс екенін айырықша атап өтуі көпшіліктің көкейінде жүрген ойды дөп басса, Елбасымыздың биылғы Жолдауында да жаңа дәуір туғызған міндеттерді толық жүзеге асыру мақсатында заман талабына сай білім беру жүйесін жасап, болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін, бәсекелестік қабілеті жоғары, қарымы мол басқарушы кадрлар қорын жасақтау туралы тұжырым Жолдаудың ғылыми және тәжірибелік құндылығын айқындай түседі. Жақсы педагог-оқытушы - қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік. Елбасының былтырғы Жолдауы мен биылғы Жолдауындағы сабақтастық та осы арада тоқайласады. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезең тұсында әркім хал-қадірінше жан бағып, еліміздің білім шаңырақтарындағы білікті педагогикалық буынды шашыратып ала жаздадық. Сол тұстарда мектептерде ұрпақ тәрбиесіне осалдық танытылды. Махмұд Қашқаридың өзі: “Құттылықтың негізі – білік” демеп пе еді? Президентіміз Н.Ә.Назарбаев бәсекеге қабілетті экономика, адам ресурстарын дамытуды, мемлекеттік бәсекелестік қабілетін арттыруды өз Жолдауында өзекті міндеттеріміз деп айқындап бергеніндей, академик Әбдімәлік Нысанбаевтың: “Қазақстанның экономикалық дамуының қуатты қарқыны таяу болашақта еліміздегі адам ресурстарының тапшылығын ең бір өзекті мәселеге айналдыруы мүмкін. Сондықтан біз отандастарымыздың санын да, сапасын да күрт дамыту ісін қолға алуға мәжбүрміз”,- деп атап көрсетті. “Қазіргі әлеуметтану ғылымында “қоғамның әлеуметтік қуаты” деген ұғым бар. Бұған ұлттың, халықтың басым бөлігінің бойындағы рух күші, билік тармақтарына деген сенімі, қоғамдағы әртүрлі әлеуметтік және этностық топтар арасындағы өзара түсіністік пен сенім, т.б. проблемалар кіреді. Бізде қазақ ұлты мен этностық топтар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан. Ал, осындай түсіністік әлеуметтік топтар арсында немесе халық пен билік тармақтары арасында бар ма? Мұның бәрі еліміздегі адам ресурстарының сапалық дамуына әсер ететін жағдайлар”. Ал, біздің елміздің әлеуметтік қуаты қандай? Халқымыздың көпшілігі адал еңбекпен жақсы тұрмысқа қол жеткізуге болатынына сенімді ме? Өз жастарымызды жеңіл жолмен табыс табуға баулап жатқан жоқпыз ба? Осы орайда, академик Ә.Нысанбаев: “Сонымен, қазақ қоғамының сан ғасырлық дамуы елеп-екшеп, бүгінгі күнге дейін жеткізген ұлттық діліміздің өзге отандастарымызды еліктіретін, сөйтіп бірегей халық болып ұйысуға жәрдемдесетін қандай қадір-қасиеттері бар? Мінез-құлқымыздағы қандай жарамсыз әдеттеріміз қайсы?- деп сауал тастайды. Адам қабілеттілігі, оның сапалық деңгейі қандай? Жазушы Ғабиден Мұстафиннің сөзімен айтсақ: “Адам адам дейміз, адамшылығы болмаса адам неге керек?”. Осындай өзекті сауалға халқымыздың көпшілік қауымға өнеге болған асыл қасиеттерін қымсынбай тағылым ете отырып, жауап бере аламыз. Алдымен, қазақ халқы қиналғанға қол ұшын беруге даяр тұратын, ізгілікке жаны құмар халық. Академик Ә. Нысанбаев ағамыз: “Қонақжайлығы да, кеңпейілділігі де, жомарттығы да, тіпті шашпалығы да осы сезімнен туындаған. Бәлкім, аталарымыздың дұрыс байлық жинай алмай кеткендігі де осыдан болар. Алайда, ұлттық діліміздегі бұл қасиетті мансұқ етуге болмайды. Керісінше, жарлы-жақыбайға көмектесуді жаппай дәстүрге айналдырғаннан ұтылмаймыз”,-дейді. Әрине, орынды сөз. Екіншіден, қоғамымыздағы үлкенге де, кішіге де ізеттілік керек. Үлкенді жасы үлкен деп сыйлап, көңіліне қаяу салмай арғы аталарымыздан жалғасып келе жатқан асыл ізетті қасиеттерімізді қастерлей білсек, жасы кішіге қамқор бола білетіндей, оларға “ағалығымызды” көрсетіп, дұрыс ақыл-өсиетіміз бен жанымыздың шуағын төгіп, “айналайынымызды” айта отыруымыз абзал. Иба мен ізетті оған қоса имандылықты өзімізге серік етсек, осы жолмен ғылым мен білімді игерсек, қазақ халқының әр ұрпағы қабілетті болмақ. Адам ресурстары осы жолмен жетілмек, осылайша өркендемек. Осы жолда Отанға, ұлтқа,ағайын-туыс, дос-жаранға адал болсақ, сол адалдықты әлем болып әспеттесек, біз насихаттап отырған адам болмысындағы өміршеңдік қасиет, рухани-адамгершілік құндылықтар, адам ресурстары дами түспек. Білім өзінің шынайы міндетіне лайықты болу үшін жас ұрпақты мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш мектепте білім беруде-ақ, ең маңызды адамдық саналарды – адамгершілікті сүюді, аяущылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, шыншылдықты, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді дамыта отырып оқыту жүктеледі. Данышпан философ Әбу-Насыр әл- Фарабидің мынадай тамаша бір сөзі бар екен: “Адам әуелі балаға тәрбие, сосын білім беруі керек. Егер бұл міндет тәрбиесіз адамның қолына түссе, онда зұлымдықтың, апаттың болғаны деп түсіну керек”,-дейді. Сондықтан да, қазіргі таңда, жас ұрпақты сапалы түрде оқыта отырып, саналы тәрбиелеу талаптарын жүзеге асырудың мынадай жолдарын ұсынып жүрміз. Олар:Рухани-адамгершілік құндылықтарды кез келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу;Сыныптан тыс ұйымдастырылатын тәрбие жұмыстарыныда жас өрендердің асыл қасиеттерді игеруіне аса зор ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру. Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің: “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген өте терең мәнді орынды да әдемі нақылы бар. Ол – еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетіні аян. Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің мағыналы мақсаты. Тәрбиелеу мен тәрбиеленудің, ұстаздық пен шәкірттіктің табиғи арнаға түсіп, ардақты да беделді орнына ие болуы осындай игі істермен сабақтасып жатқанын мойындағанымыз жөн. Баланың бойындағы дарындылыққа бастар қабілеттерді оятуға, талантының гүл жарып өсуіне қалтықсыз еңбек етер тәрбиелеуші ұстаздар болса елдің өсуі де, ұрпақтың өркендеп қарышты қанат самғауы да болмақ. Ол үшін Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткеніндей, ең алдымен Ұстаз мәртебесі, Ұстаз беделі артуы қажет.^ Мұғалімнің кәсіби біліктілігі – нәтижеге бағытталған білім сапасының кепілі Сарсенова Нұрзила СарсенқызыАтырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт директоры, доцентҚұрметті ұстаздар! Сіздердің баршаларыңызды бүгінгі – облыстық білім беру жүйесі қызметкерлерінің «Білім беру жүйесінің жаңа мазмұны: Бәсекеге қабілетті, білімді және құзіретті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту» тақырыбындағы VIII педагогикалық оқуларының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Тіршілік үшін ұрпақтан өзге өзекті нәрсе жоқ. Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе -сол ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі-үлкен көргендіктің белгісі. Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен биылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында таяудағы 10 жылға айқындалып отыр. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын қолдау-барша ұстаздардың міндеті екені де анық. Өзекті мәселе-жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Тобықтай түйінді тарқатып айтқанда халқымыздың тағдыры- жас ұрпақтың қолында. Оларды жігерлендіру, жаңа бағыт, үлкен серпін әкелу-ұстаздар, бұл сіздердің жауапкершіліктеріңіз ұлы ойшыл Жалал-ад-дин Рулш былай деген екен: «Сен бұл өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің». Осы сөз - әрбір ұстазға арнап айтылғандай. Ұстаз-бұл тек тәрбиеші ғана емес, сонымен бірге дос, біздің қоғамымыздағы білікті тұлғаны биікке көтеретін адам. Озық ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек. Адам баласына шын мәнінде білімді болуы үшін үш қасиет: жан-жақты білім, ойлауға дағдыланғандығы және сезім дарқандығы қажет.Әрбір оқушының өн бойына осы қасиеттерді сіңіріп, жаңашыл үрдіспен еңбек ететін болсақ, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруда өз шешімін табады. Ісмер ағаштан бір затты қырнап жасаудан бұрын оны жоңғылап алатыны сияқты, мұғалім де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын оның бойындағы білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет.Ұлтты жаңа интеллектуалды белеске көтеру туралы Ел президенті қабылдаған үндеуге сәйкес жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі деңгей биік болуы үшін мұғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай ойластырып, дайындауы қажет. Қарапайымдылықтан күрделілікке ұмтылатын болсақ, онда жеке тұлғаның талпынысын оятып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға болады. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретіндегі ерекшеліктерін ескеру-баланың өзін-өзі дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді. Орыстың ұлы педогогы В.А.Сухомлинский «Мектептің басты міндеті-әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығырмашылық, еңбек жолына бағдарлау. Әрбір оқушының қайталанбас дарынын дәл басып табу, аша түсу, қастерлеу, бұл-тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғарғы деңгейіне дейін көтеру деген сөз»,-деп атап көрсетеді. Қазіргі таңдағы оқыту мақсаты – оқушының танымдық тәжірибесін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал, көмек көрсету. Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана-адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр. «Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ» деген екен бір ғалым. Сондықтан әр педогог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс.Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын ұстаз ғана бүгінгі қоғамның мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, саналы,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Өйткені жақсы мұғалім жақсы оқушыларды жасайды. Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруде көзделіп отырған мақсаттардың ең негізгісі-әрбір жеке тұлғаға білім алудың өмірлік жолын еркін таңдауына мүмкіндік туғызу. Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады. Бүгінгі күні білім сапасы үлкен мәселе болып тұрғаны шындық. Білім сапасы – мұғалімдер жұмысының көрсеткіші және мұның бәрі пәндік олимпиададан, ғылыми жоба жарыстарынан көрініс табады. Осы жерде ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педогогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.Екінші, керек құралдар, құралсыз іс істелмейді» деген сөзі ойға оралады. Бұл өткен ғасырдың басында айтылғанымен, жүз жыл өтсе де бағыт – бағдар болып тұр. Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағадарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады..» делінген ҚР-сы орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында. Орынды айтылған пікір жеке тұлғаны тәбиелейтін адам – мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн: 1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы; 2.Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру; 3.Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау; 4.Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау; 5.Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау. Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді. Мұғалім болу, сөз жоқ, ұлы қызмет. Жас ұрпақтың үміт-арманын, болашағын көтеруді алдына мақсат етіп қоя білген ұстаз білімді,ізденімпаз және жаны таза болуы қажет. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы» дегендей, әрбір ұстаздың мақсаты – ерік – жігері мықты, адамгершілік деңгейі жоғары, сапалы білім беру арқылы Қазақстанның болашағына сай келетін ұрпақты тәрбиелеу. Яғни бүгінгі өмір талабына сәйкес білім берудің жаңа мазмұнын, оқытудың басым бағыттарын нысанаға ала отырып, барынша дамыған, алдыңғы қатарлы 50 мемлекеттің қатарына қосылуды және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді жүзеге асыру қажет.Өркениетті ел қатарына қосылудың кілті – білімде болса, білімнің көзі – мектепте екенін ұмытпайық. Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Қоғамда халықты қалқан тұтатындар бар, халыққа қалқан болатындарбар. Халыққа қалқан болатындар халықтың аяғына үзенгі болып, ұрпағының еңсесін биіктеткісі келеді. Осы жандар-Сіздерсіз, Ұстаздар, ақыл да, парасат та, даналық та ұстаздан жеткен. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар. Біліктілік пен шеберліктеріңізді ұштастырып, «ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген қағиданы іске асырып, өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру-сіздер мен біздердің міндетіміз, қымбатты ұстаздар: осы жолда Сіздерге қажымас қайрат, үлкен жетістіктер тілеймін.^ Даму мүмкіндігі уақытша тежелген балалармен сабақ және тәрбие шараларын өткізуде жүргізілетін түзету жұмысыР.ЖайықоваҚұрманғазы ауданыГанюшкин мектеп-интернаты1919 жылдың 10 желтоқсанында Халық Комиссарлар Кеңесі дене және ақыл-ой кемістігі бар балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі қаулы қабылдады. Кемістігі бар балалар арнаулы мектептерде оқытылады.Тіл кемістігі бар балаларға сөйлеуді, оқу, жазуды үйрету, жұмыс жүргізуді талап етеді. Кейбір балалар сөздерді анық айта алмай, былдырлайды, сөйлегенде кекештеніп, тұтығы қалады Мысалы: Қойысова Ж,Қазиев Ерболат жеке сөздерді толық айта алмайды. Мұндай жағдайда олардың сөйлеуін қадағалап, жаттықтыру жұмыстарын жүргізу қажет, 2000 жылдың соңында біздің елімізде 42,2 мың мүгедек балалар бар екен.Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалык проблемаларын зерттеп білу, оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйеніп, Отандық төл мамандарын тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Балалар құқығы 1959 жылы қабылданса, биыл «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы қабылданды.Үкіметтің қарауында қамқорлықта болуға құқылы. Ұлы педагог А.С.Макаренко «Баланың өскенде қандай болатыны, оның бес жасқа дейінгі тәрбиеге байланысты»- деген. Баланың жастығына қарамастан ақыл-ой тәрбиесін басты назарда. Ақыл-ой тәрбиесі тек ойдың дамуы ғана емес,оның дамуы ойлау процесінің құрылысымен де сипатталады. Даму баланың сандық, сапалық жағынан жетілуі, психикасының, ой-санасының өсуі. Ақыл ойдың дамуы дегеніміз-оқушының жасына байланысты білім мен тәрбиенің әсерінен, оның ақыл-ой әрекетінде болатын сандық және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Ақыл-ойды дамытудың шарты, іс-әрекеттін тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым-қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түйсінуі, берілетін білім сапасы. Жас ұрпақтын ақыл-ойының дамуы еңбек пен ғылым, білімнің ұштасуына байланысты. Халықтық педагогикада «Тәжірибе негізі-ғылым,даналық негізі-білім», «Ақыл азбайды», «Оқу түбі-тоқу» өмір тәжірибесінен туындаған қағидаларды жас ұрпақтың ақыл – ойын тәрбиелеу үшін пайдаланған. Жас ұрпақтың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру ең алдымен білім негіздерін оқу үрдісі ( тіл, әдебиет, тарих, қоғамдық пәндер, математика т.б.) арқылы іске асса, оның логикалық жалғасы, тәрбие ісінде жалғастыру. Мұғалім ұжымы - асқан сезімтал, күрделі организм. Педагогикалық ұжымды ой, идеялар , шығармашылық жасайды. Ұжым - әрбір мұғалім үшін , творчестволық ізденістің қайнар көзіне айналуы тиіс . Әрбір мұғалімнің теориялық , методикалық шеберлігін , практикалық деңгейін жетілдіре отырып , шығармашылық жағдай туғызу және әріптестердің бір – бірімен қарымқатынасы өте маңызды . «Бір – біріне толықтай бірлік қалыптаспаған мұғалімдер колективінде, бір -біріне көмек бермейтін, өз жолдасына қателігін айта алмайтын, өз жолдасының сынына бағына алмайтын жерде педагогикалық коллектив болуы мүмкін емес» - деп А. С. Макаренко айтқандай, әрбір педагогтың өз ісін сүйетін, шеберлігін шыңдайтын ортасы да - мектеп ұжымы. Адам– ұжым - қоғам өзара қарым - қатынас жүйесі арқасында ұжым қоғамның белсенді қайраткерін, азаматтық, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүдесімен, ел тілегімен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты тәрбиелейтін күшке айналады . Ұжымдық - өз мүшесін толықтай бағалай білуі, тұлғалық қасиеттерін саралап, көрсете білетін орта болуға тиіс . Жас маман - қиыншылықты білуге тәрбиеленуі, аға буын тәжірибесін байытуға, өзінің алдындағы мақсатына жете білуге дағдылануы тиіс. «Мектептің қай – қайсысы да өз шәкірттерінің санымен емес, дағқымен мықты» - Н. И. Пирогин. Жас ұрпақты тірбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруг, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады - ( «2030 – стратегиясын жүзеге асыру – жастардың міндеті » атты жолдауында ) делінген болатын. Осы мақсатта даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дамып жетілуіне жан- жақты ат салысуда , Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 – 2 «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау » туралы заңын іске асыру бағытында басшылыққа алынып жүзеге асырылуда Елбасымыз Н . Ә . Назарбаевтың дәстүрлі жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиесіне ерекше мән беріліп , мұғалімдер мен тәрбиешілердің іс – тәжірибелерін саралай келіп , коррекциялық тәрбие жүйесін құрдық . Бұл тәрбиенің негізгі мақсаты - еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу , өмірге икемді жеке тұлға қалыптастыру. Ең алдымен тәрбие ісіне терең сезім қажет . Тәрбиеге нағыз сенім бар жерде ғана , нағыз талапшылдық , еңбек тәртібі бар . « Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп , не істейтіні маңызды – ақ , бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп , не істейтіні одан да маңыздырақ . Мұғалімдер , міне осынысымен бағаланады » . ( Цицерон ) Даму мүмкіндіктері уақытша шектелген балалармен жүргізілетін қандай жұмыс болмасын оқушыларды қоршаған өмірге биімдеуге , олардың сөйлеу тілін ой - өрісін дамытуға негізделуге тиіс . Арнайы мектеп интернатта оқып тәрбиеленетін 62 оқушы , оларға өз көмегін көрсетіп жатқан 16 мұғалім , 8 тәрбиеші , 2 логопед , 1 психолог бар . Барлығыда білімдерін көтеріп , оқушыларға көмегін көрсетуге әзір . Оқыту дегеніміз - өнер . Өнер болғанда күрделі , нәзік , көп қырлы және өзіндік ерекшеліктері бар өнер , өйткені бұған екі адам - мұғалім мен оқушы қатысады . Оқыту нәтижелері оқушының білім сапасынан , даму дәрежесінен көрінеді . Оқыту әдістері дегеніміз – мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері , бұлардың көмегімен оқушылардың білімдік , шеберлік пен дағдыларын игеруіне қолы жетеді , олардың дүниеге көз қалыптасады және олардың қабілеті дамиды . Әдістің мұндай анықтамасы оқыту және тәрбиелеу процесінің негізінен туады . Мұғалім , тәрбиеші балаларға қажетті тәрбие мен білімдерді қамтамассыз етіп , олардың ойлау белсенділігін арттырып , білім алуға деген ынтасын оята алатын жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады . Ол тәсілдер үш топқа бөлінеді :Әңгіме айту , түсіндіру , әңгімелесу , оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу .Көрнекі әдістері : қызықты тақырыпқа сай көрнекі құралдар болу керек .Осы өтетін тақырып практикалық әдістер болу керек . Оқушылардың ерекшеліктеріне қарай сабақта оқушылар үшін ойынды Басшылыққа алудың ролі зор . Ауылшаруашылық өндірісінде немесе өнеркәсіптік жағдайдағы жұмысшылардың ортақ ұжымдарында дербес қмірге және еңбекке тәрбиеленушілерді дайындау - арнайы ( коррекциялық ) мектептің негізгі міндеті болып табылады . Осы аталған талаптарды бұзбаудың арқасында көпшілік балалардың әлеуметтік оңалту түпнұсқаының іске асу мүмкіндігі туады . Бұл мәселеден арнайы (коррекциялық ) мектептің заңдылығына сай , даму деңгейі бұзылған балаларды еңбекке баулу мазмұнын таңдау қағидасының бірі - әлеуметтік маңыздылық болып табылады . Біздің қоғамымызға қажетті балаларды еңбекке даярлау арнайы мамандықтар бойынша жүргізілуі тиіс . Сонымен қатар , біздің мектептің түлектері белсенді түрде еңбек өндірісіне қатысу мүмкіндігінің болуы шарт . Тұрғындардың тіршілік деңгейінің әрдайым төмендеуі мен экономикалық және саясаттық тұрақсыздықтың салдарынан балалардың әлеуметтік және экономикалық жағдайға бейімделу үрдісі күрделене түсуде . Осыған байланысты арнайы ( корекциялық ) мектептерде еңбекке оқыту бағдарламасының мазмұнын қайта өзгерту қажеттілігі туындап отыр . Жаңа негіздік оқу жоспарына сай Қазақстанның көмекші мектептеріндегі еңбекке оқыту жүйелі түрде іске асуда . Әлеуметтік-тұрғын бағдарына (ӘТБ) бағытталған арнайы (коррекциялық ) сабақтар , даму деңгейі бұзылған балалардың білім мен іскерлігін қалыптастырып , орта даму деңгейін жоғарлату негізінде әлеуметтік бейімделу ісін іске асырды . Әлеуметтік-тұрғын бағдар (ӘТБ) бойынша жүргізілетін арнайы (коррекциялық) сабақтар тәжірибелік бағытты ұстанады . «Түзеу сыныптарында өнер сабақтарын өткізу ерекшеліктері» тренингМақсаты: Түзеу сыныптарында өнер сабақтарын өткізу тәжіребелерімен алмасу, мұғалімдермен пікірлесе отырып,ортақ шешімге келу.Көрнекілігі: DVD,караоке,маркер,ақ плакат,магнитафон,диск.Түрі: тренинг.I.Амандасу –танысу бөлімі«Менің атым кім?» жаттығуы.Топқа бөлу.келісім шарт жасау-ілу.ІІ. Негізгі бөлім«Мүсінші » жаттығуы.«Мен және менің оқушыларым».жануарлар бейнесінде;«Жаңбыр астындағы адам»;«сынып өмірінен алып тастар едім...»-әр топ ең ұтымды жұмысын қорғайды.Топқа қайтадан бөлу-қалаған түстеріне қарай, үстелге отырады.«Теңіз толқындарының биі»-жаттығуы.«Мини сұхбат»-берілген сұрақтарға жауап беру.«Сиқырлы әуен».ІІІ. Қорытынды бөлім«Жүрек» символын тапсыру.Ортақ пікір, шешім қабылдау.Бастауыш сынып апталығы. р/с Тақырыбы күні Орындаушы 1 7 санын қосу , азайту математика. 2-сынып 4/ХІІ 955-1040 М. Темірешова 2 Нағыз адам Ана тілі 3а сынып 5/ХІІ 955-1040 Э.Нұрышева 3 Ойнайық та ойлайық! 3бсынып 7/ХІІ 955-1040 С. Галиева 4 Көңілді старт 3б сынып 4/ХІІ С.Галиева 5 Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 3а сынып 5/ХІІ 400-430 Э. Нұрышева 6 Ұлттық ойындар 2 сынып 6/ХІІ 400-430 М.Темірешова ^ Жоғары 5-9 сыныптар апталығы. р/с Тақырыбы Күні Орындаушы 1 «Күз мереке, күз береке» сынып сағаты. 5а-сынып 16/Х сағ 330 А.Қараменова 2 Шешендік сөздер әдебиет сабағы 5 асынып 17/Х 955-1040 А.Қараменова 3 Оқушының жанұя құрамы (СБО) 6-сынып 18/Х 1105-1140 А.Өтегенова 4 Алматы-әсем Астанам ана тілі сабағы 5б сынып 19/Х 1105-1140 Г.Дүйсенғалиева 5 «Көшеде жүру ережесі» 5б сынып 19/Х 330-430 Г.Дүйсенғалиева 6 Әдептілік-әдемілік жарыс 6сынып 6/ХІІ 400-430 А.Өтегенова 7 Игра-терапия Орыс тілі сабағы 6 сынып 19/Х 1040 Р.Жайықова 8 Ағылшын өлеңдерінен байқау ағылшын тілі сабағы 5,6,7,9 18/Х Г.Абсатырова 9 Әсемпаз болма әр неге әдебие сабағы 7 сынып 19/Х Р.Сапиоллаева 10 Майонез қосылған көкөніс салаты 7 сынып 17/Х А.Кенжеева 11 Дін мұраты-ынтымақ пен имандылық танымдық сайыс 9-сынып 17/Х 330-400 А.Сидеғалиева аудан кітапханашысы 12 Қағазбен жұмыс еңбек сабағы 7сынып 18/Х Е.Нұрғалиев ^ Тіл дамыту сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары.Ғаббасова Гүлнар Қабижанқызы^ Атырау қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп Ұзақ жылдар бойы жалпы білім беретін мектептің негізгі мақсаты-оқушыға білім,іскерлік дағдыны қалыптастыру деп қарастырылып келді.Ал қазіргі мектеп,ұстаз алдында жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты тұр. Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны қолдану негізгі міндеттерінің бірі ретінде қаралған.”ХХІ ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері сөзсіз.Демек, біз қадам басқан ХХІ ғасыр жақсы , білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақты талап етуі оңды құбылыс.Білім саласындағы бет-бұрыстың негізгі мақсаты-оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі өміршеңдету, жаңашылдандыру. Қазіргі таңда білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты-ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.Бастауыш мектеп оқушыны жеке тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Әр сабағымда дамыта оқыту технологиясын, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау дамыту технологиясын қолданамын.Бұл технологиялардың оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.Оқушылардың ойы шыңдалып,белгілі бір жетістіктерге жетеді,танымдық белсенділігі,сабаққа қызығушылығы,шығармашылық қабілеттері дамиды. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу. Бұл үшеуі - дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин – В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және ғылым қызыметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлау білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті. Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан-жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалып-тастыратын, дамуға апару. Ғылыми әдебиеттерде әр саладағы ғалымдар-өркениетті деңгейге жету үшін, гуманизациялаусыз әлеуметтік прогресс туралы сөз қозғауға болмайды деген салмақты пікір айтады. Баланың қабілеттерін дамыту мәселесі өзінің тамыры адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушылары-ның дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған – дейді. Адамның ақыл – ойын, қабілеттерін дамыту арқылы осы бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше күрделі еңбектерін тікелей арнаған шығыстың әйгілі ойшылы - Әл Фараби болады. Бүкіл бір халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің қара сөздерінде ( 43-сөзі). Бала өмірге келгендегі қабілеттері әрі қарай дамытуды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал назардан тыс қалаған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан екен. «Қабілеттер - адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері » -деген де анықтама бар. «Мүмкіндік білім де, дағды да емес. Ол адамның белгілі бір істі орындауға даярлығы »– деп қарастырады Ә.Алдамұратов. Психологтер қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді. Репрадуктивті (өнімсіз) - іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Ал «шығармашылық» сөзінің мәні неде? десек, «Шығармашылық» сөзінің төркіні (этимологиясы) «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. «Шығармашылық» мәселесін терең зерттеген Я.Н.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интелектуалдық тұрғыдағы баланы жаңа психикалық сапаға көтереді. И.Левитовтың пікірінше, оқушыларды, шығармашылық қабілеттері деп біз іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және олардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің көрінуі болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілеті, олардың белгілі бір іс-әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сондықтан да әрбір педагог балалық кезде ерекше көзге түсетін бейім-діліктердің, келешекте олардың қабілеттеріні


Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.

Сейчас смотрят :