Реферат по предмету "Разное"


АгроЖаршы. – 2011. №10. – 15 марта Көбекбай Ж. Балам, өскенде кім боласың?

АгроЖаршы. – 2011. - № 10. – 15 марта Көбекбай Ж.Балам, өскенде кім боласың? С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай Бұлашев және агрономия факультетінің деканы Нұрлан Серікбаевтың түсіндірме әңгімелеріМенталитет пе, әлде тәрбие ме әйтеуір біз балаларымызды бастық боласын деп өсіреміз. Ол қандай бастық, ненің бастығы бір құдай біледі. Осыны құлағына құйып өскен бала бастық тек қалада бар деп, ауылға бару түсіне де кіріп шықпайды. Дейтұрғанмен жыл сайын ауылшаруашылық мамандықтарына мыңдаған талапкер өтініш беріп, оқуға қабылданып жатады. Бірақ солардың тек 30% ауылшаруашылық өндірісіне жұмысқа орналасады екен. Мұндай төмен көрсеткіштің бірнеше себебі бар. ^ Бірінші диплом «агроном», екінші дипломға «эконом» Расында, бүгінде ауыл шаруашылық мамандықтарының факультеттерінде өз ісімнің маманы боламын деп ынтамен оқып жүрген студенттер аз-ақ. Көбісінің діттеген мақсаты мүлдем басқа. Мен бірыңғай тестілеуден төмен балл жинап қалдым, - деп шындығын айта бастады орман шаруашылығы мамандығының студенті Арман Нұртасов (аты-жөні өзгертілген). – Негізі өзім қалаған мамандық телекоммуникация жағы еді.Оған грантқа түсе алмайтынымды нақты білдім. Содан ата-анама ауыр түспес үшін орман шаруашылығы мамандығын таңдап, мен жинаған 73 баллмен грантқа түстім. Міне биыл оқуымды аяқтаймын.Бірақ мамандығым бойынша жұмысқа тұру ойымда да жоқ. Енді екінші жоғары білімді телекоммуникация саласы бойынша алып, 2 жыл сонда оқимын.^ Сұранысқа ұсыныс бар, бірақ... Не себепті ауылшаруашылық саласындағы жұмысқа студенттер барғысы келмейді? Сонда жұмыстың жоқтығы ма? Бұған сену қиындай. Себебі, Елбасымыз биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы өндірісін 2014 жылғы дейін 2 есе, 2020 жылға дейін 4 есе ұлғайту керек деген талап қойған болатын. Бұл талапты орындау үшін мамандар қажет қой. Оларды қайдан алмақ? Ауылшаруашылық мамандарының қазіргі таңда да сұраныста болуына еш күмәнім жоқ, - деп бастады әңгімесін Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Айтбай бұлашев. – Түлектер саны арту үстінде де, көрісінше жұмыс беруші мекемелер тарапынан сұраныс аз. Бұл жұмыстың жоғынан емес, жұмыс берушілердің құлықсыздық танытуынан, яғни, мамандығы бойынша емес, кездейсоқпен қабылдауларынан деп қарастырған жөн. ^ Барып қайт,балам, барып қайт Елімізде агротехникалық университеттер ауыл зәру мамандарды дайындайды. Топырақтың қырсырын білетін маманнан, орман мен өсімдікті қорғайтын маманға дейін бар. Бірақ білім ордасынан түлеп ұшқан түлектер ауылға емес, бір жұмасқ «креслоға» қонғанды қалайды. Оқуды аяқтаған студенттер ауылға барып, агроном болғаннан гөрі сол Ауыл шаруашылық министрлігінің ведомствалық мекемелеріне немесе ғылыми зерттеу институттарына жұмысқа орналасқанды жөн санайды, - деп бүгінгі жағдайды түсіндіріп берді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехъникалық университеті агрономия факультетінің деканы Нұрлан Серікбаев. – Біздің мына агрономия факультетінде 611 студент оқиды. Соның ішінде 36-сы биылғы түлектер. Енді осы 36-ның 12-сі ауылға барса тәуба дер едік. Бірақ білмеймін...^ Дипломмен ауылға кім барады? Ауылдан қала ағылған ұлы көшті тоқтату үшін мемелекеттік «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарлама аясында дипломмен ауылға келген жас маманға жақсы жалақы, арзан үй, бір сөзбен айтқанда бар жағдай жасалады. Аталмыш бағдарламаға агротехникалық универитетінің ректоры Айбай Бұлашевтің де өз пікірі бар. Ауылға жас мамандарды барғызу жолдары жоқ емес. Біріншіден, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасында жас маманжарға деген жеңілдіктер бекітілген. Өкінішке орай, ол жеңілдіктер ішінде ауыл шаруашылығы мамандықтарына қатысы жоқ. Екіншіден, ірі аграрлық кәсіпорындар өз мамандарын өз қаражатына дайындау кезеңі әбден туындады. Үшіншіден, үкімет тапсырмасымен, яғни гранта оқитын жастарды заңды түрде жұмысқа орналастыру керек деген талап заңға енгізілсе, артық болмас еді. Бұл мәселе бойынша мамандарды жұмыс беруші есебінен мақсатты түрде даярлау қажет деп ойлаймыз. Қазіргі таңда университетте түрлі тапсырыс берушілердің есебінен 75 студент білім алуда. Ауылдық жерлерге кадрларға даярлаудағы мұндай әлеуметтік серіктестікті біз әрі қарай да дамытпақпыз.^ Болашаққа сенемін Мұндай қордаланған мәселемен ертеңгі ауыл шаруашылық мамандықтарының болашағы бұлыңғыр дегенге, университет ректоры Айбай Бұлашев былай деп жауап берді. - Осыдан он жыл бұрын не болмаса бес жыл бұрын «агроном бол» деп айту қиын еді. Қазір жағдай өзгерді. Еліміздің сарқылмас байлығы жер қойнауында емес, жер бетінде «мен мұндалап» жатқанын халық түсінді. Өйткені мұнайымыз бен газымыз, алтынымыз бен металымыз шектеулі, уақыт талабына еншіленген байлық. Жер бетінде халық, ел барда тіршілік бар. Ал тіршілік көзі ас-суымыздан бастап, күнделікті тірліктің тұтынымы осы ауыл шаруашылық өнімдері деке, оны игерудегі кәсіп те ешқашан тоқтамайды. Біздің кең байтақ дала төсінде егіске де, мал шаруашылығына да жер жеткілікті. Тіпті жеріміздің құнары да осы кәсіпке негізделген. Президентіміз елімізді дамыған елу елдің қатарына қосумен қатар, дүниежүзілік ауылшаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаратын ең үздік елдер сапынан көрінуімізді жоспарға қойды. Демек, ауылшаруашылық мамандарына деген сұраныс әлі көбейетіні сөзсіз және ауылшаруашылығы мамандығының иелері де жақын күндері мәртебелі маман қатарынан көріненді дегенге кәміл сенемін.


Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.

Сейчас смотрят :

Реферат Операции на рынке ценных бумаг 2
Реферат Операционный и финансовый леверидж 2
Реферат Образ Максима Максимыча в романе М. Ю. Лермонтова «Герой нашего времени»
Реферат Определение цены на товар
Реферат Обоснование инвестиционного проекта цеха по выпуску видеокамер
Реферат Оптимизация внешних финансовых потоков ВИК вертикально интегрированного комплекса
Реферат Оптимизация расходной части местных бюджетов
Реферат Влияние загрязнения окружающей среды на человека
Реферат Суб єктивізм та об єктивізм в творчості Клода Сімона на матеріалі ро
Реферат Оптимизация финансовых потоков в здравоохранении
Реферат Источники образования хозяйственных средств организации
Реферат Методические рекомендации по проведению урока внеклассного чтения: Неотвратимость выбора (по роману Чингиза Айтматова «Плаха»)
Реферат Оптимизация состава и структуры активов компании на примере АО Казахмыс
Реферат Stereo Types Essay Research Paper Stereotypes What
Реферат Оптимизация финансового состояния