БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ МЕН ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ИНСТИТУТЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЛАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАРЫ «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: САПАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕР» ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСЕПТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Слямова Назым Мусатаевна, Басқару колледжі арнаулы білім беретін пәннің жоғары санатты оқытушысы Астана қаласы 2009 ж. Жоспар: I. Кіріспе 1 II. Негізгі бөлім 3-6 1. Негізгі құзыреттілік туралы түсінік. 2. Жалпы кәсіптік құзыреттілік. 3. Арнаулы құзыреттілік. III. Қорытынды. 7 Әдебиеттер 8 Қосымша 9Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән-маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында. Сондықтан ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс – тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім,дағды,іскерлік,ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады.Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен,шапшаң технологиялық өзгертулермен,соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген.Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып,ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды. Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады. Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік,өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді: жүйелі ойлау; экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет; кәсіпкерлік мәдениет; өзін-өзі тану және басқаларға ұсыну; өз қызметін білімді талдау; кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу; жаңа білімді меңгеру; 1 әр іске жауапкершілікпен қарау.Осыған орай, біздің қаржы-экономикалық пәндер мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, есептер жинағы, көрнекілік альбомдар қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықта қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы қажет. Өйткен себебі, соңғы кездерде білім саласында біліктілік моделінен құзыреттілік моделіне ауытқу көп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні көбінесе біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады. Бірақ біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі сипатталады деуге болады. Техникалық ғалымдар докторы Н.А.Селезнева және физико-математикалық ғылымдар кандидаты И.Н.Медведевтің ғылыми басшылығымен Мамандарды салалы даярлау мәселесін зерттеу орталығында Псков мемлекеттік педагогикалық университетімен шығармашылық бірлестікте орындалған іс-тәжірибеге назар аударатын болсақ, мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік және арнаулы құзыреттілігі бөлінген.2 Негізгі құзыреттілік. Негізгі құзыреттілік сала ерекшелігіне қарамастан барлық мамандар бойынан табылу керек деп қарастырылған, себебі құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, оның ішінде: ақпараттық; коммуникативтік (қатысымдық); әлеуметті – құқықтық құзыреттілік көрсетілген.Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі.^ Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.Әлеуметті-құқықтық құзірет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады. Осы жоғарыда аталған үш құзіреттілік барлық азаматтар үшін, олардың мамандығына, білім деңгейіне, тұратын жеріне қарамастан негізгі қажетті қасиеттер болып саналады. Болашақ мамандарының құзіреттілік деңгейінің жетістігін бағалау үшін колледждің соңғы курс оқушылары арасында анкета жүргізу ұйымдастырдым. Бұл анкетада сұрақтарға байланысты «Иә»; «Иәға жуық»; «Жауап беруге қиналамын»; «Жоқ»; «Жоққа жуық»; «Жауап жоқ» деген жауаптар қолдандым. Бұл талдау нәтижесінде пән бойынша ақпараттық оқулықпен оқушылардың 100% ғылыми әдебиетті 44%, анықтамалар, сөздіктерді 94%, интернетті 72% қолдана алатындығы белгілі болды. / Қосымша 2 /.Коммуникативтік құзыреттілікті талдау нәтижесінде оқушылардың 50% үлкен-кішімен тіл табыса алатын, сөйлесудің шекарасын білетін, өз ойын жеткізе алатын,көпшілік арасында өзін ұстай алатын,топпен жұмыс жасай алатын, біреуге көмекке келе алатындықтарын көрсетті.Тек оқушылардың 9 % жауап беруге қиналса, 12 % көпшілік алдына шығуға,бірлесіп жұмыс жасауға, дау жан-жалды шеше алуға қиналатындарын білдірді. /Қосымша № 3 /. Әлеуметтік-құқықтық құзреттілікті талдау барысында ҚР нышанандарын білетіндер 100%,өз құқықтарын жетік білетіндер 83,3%,еңбек,тұрғын үй, тұтынушылар құқығын қорғау заңдылығын білетіндер 33,3% ,азаматтық құқықтарын білетін және қорғай алатындар 44,3%6 басқа ұлттармен және дін 3 иелерімен араласуға дайын оқушылар 88%, топ өміріне белсенді қатысушылар 17%, бөлімнің өміріне белсенді қатысушылар 11% , қоғамдық тапсырмаларды жиі орындаушылар 0% құрады. / Қосымша № 4 /.Жалпы кәсіптік құзыреттілік. Бұл құзіреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман қаржыгерлері, банкирлері, есеп саласының қызметкерлері қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы жағынан қарастыратын болсақ, бұл мамандықтар бойынша болашақ мамандар мәселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеу, кәсіпорын тұтынушыларымен, клиенттерімен тіл табыса алу қасиеттерімен бағаланады. Осыған орай, экономикалық мамандықтарының мақсаты – ой-өрісі жаңашыл,шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын,жан-жақты,қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке түсе алатын мамандар даярлау теория жүзінде алған білімін тәжірибемен байланыстыра алатын маман даярлау санаймын. Құзіретті маман даярлау мақсатында «Білім алушылардың білімділік белсенділігін арттыру технологиясын» пайдаланамын.Бұл оқыту технологиясы бойынша білім беру мақсаты - оқушыларға өндірістік ситуациялар беру арқылы өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру арқылы бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына көмектесу. Осы бағытта өзім сабақ беретін «Бухгалтерлік есеп» пәнінен «Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру», «Есеп саясатын құру», «Өнімнің өзіндік құнын анықтау» және «Аудит» пәнінен «Кассалық операцияларды тексеру», «Еңбекақы аудитін жүргізу», «Тауарлы-материалдық құнылықтарды түгендеу» тақырыптары бойынша берілген өндірістік ситуацияларды шешу барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы, дұрыс шешім қабылдай алу қабілеттері артқанына көз жеткіздім. Сонымен қатар оқушылар барлық шаруашылық операцияларды орындау барысында ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» заңы және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарымен /ҚЕХС/ өз бетінше жұмыс жасап, қазіргі кезде бухгалтерлік есептің басқару жүйесіндегі алатын орнын,типтік шоттар жоспарының талапқа сай қолданылуы қажет екендігіне толығымен түсінгендерін байқадым. Білім алушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі «Проблемалық оқыту».Ерекшелігі: білім алушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттер қою. Проблемалық оқытудың қалыптасу тарихына үңілсек, Сократ өзінің шәкірттерін логикалық ойлауға, зерттеулердлің нәтижелерін табуға 4 бағыттап отырған. Руссо білімді игеру үшін ситуациялар қою арқылы жүзеге асырған. Проблемалық оқытудың ең керекті әрекеті ізденіс болса, соны өз тәжірибесінде кеңіне қолданған ғалымдар қатарында Песталоцци мен Дистервегтің еңбегі зор. Проблемалық оқытудың басқалардан айырмашылығы - білім оқушыларға дайын күйінде хабарланбайды, керісінше олардың алдына өз бетінше шешуге проблема қойылады. Іздену әрекеті барысында білімді оқушылардың өздері табады. / Қосымша 5 / Сол себепті, арнайы пәндерді оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. «Кәсіпорынның экономикалық талдауы» пәнінен «Өнімді өндіру және өткізу үрдісін талдау» тақырыбы бойынша оқушылар берілген тапсырмаларда екі кәсіпорынның өнімді өндіру, оны өткізу жоспарының орындалу немесе орындалмай қалу мәселелерін қарастырды және орындалмай қалу себептерін анықтап, оны шешуге тырысып, екі фирма арасындағы тиімді қызмет жасайтын фирманы анықтап, оның жетістігін дәлелдеді., Сабақ соңында байқалғаны, осы проблемалы тапсырмалар оқушы сезіміне молырақ әсер етіп,олардың қызығушылығын, білімге іштей құмартушылығын арттырды деп ойлаймын.Қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ. Проблемалық тапсырма нәтижесі оқушының өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілеті, іскерлігінің жетілген, ең жоғары дамыған саты деуге болады. Кәсіптік құзіреттілікті жетілдіруде мамандық бойынша жүргізілетін тәрбие жұмысы да ерекше роль атқарады.Сабақтан тыс өткізілетін іс-шараларда оқушылар өз мүмкіндіктерін барынша пайдаланып,болашақ маман ролін жоғары деңгейде орындауға тырысады. Атап айтқанда, әдістемелік комиссиясының апталығында оқушылардың өз мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Бухгалтерлік есеп теориясы» пәні бойынша «Қазіргі заман бухгалтері» сайысы. Бұл сайыста топ оқушылары берілген тапсырмалардың тез шешімін табу, экономикалық сөйлемдер құрау, шоттар байланысын типтік шоттар бойынша корреспонденциялар құру сияқты тапсырмаларды орындап,мұның бәрінің соншалықты маңызды екендігін түсінді. Арнаулы құзыреттілік. Оқу орны түлегі моделі - белгілі бір өндіріс, ғылым, мәдениет саласындағы жұмысшы құзіреттілігін сипаттай алуы. Сондықтан әр оқушының өз мамандығына байланысты арнаулы құзіреттілігін анықтау қажет. Арнаулы құзіреттілік - маманның сала ерекшелігіне байланысты кәсіби мәселелерді шешу, білім және іскерлік деңгейін көтеру сияқты қабілеттермен байланысты. Колледждің қаржы-экономикалық бөлімі түлектері білулері тиіс: 5 ҚР заңдылығын; Шаруашылық ссубъектісінің типтік шоттар жоспарын; ҚЕХС; Бухгалтерлік құжаттардың қалыптасу көздерін; Шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарының қалыптасу көздерін; Қаржылық жоспарлауды; Қаржылық және басқару есебінің принциптерін; Экономикалық талдаудың ақпараттық базасын; Экономикалық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу; Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамын; Кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін.6 Қорытынды Еліміздің саяси,экономикалық, мәдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай білім беру ұйымдарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері,бәсекеге қабілетті, кең ауқымды,жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипатының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін,кәсіби білімі мол мамандарды қажет етеді. Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттілігі туралы пікірлер кәсіби маман даярлау мәселелері жайлы көптеген пікірлер айтылып жүр.Соларға сүйене отырып,мұның өзі болашақ мамандарды қаршаған дүниені,табиғатты,қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану,әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін пайымдау,талдау,маңыздысын ажырата білуге,адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мәдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді. Еліміздің болашақта көркейіп,бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты.ел президенті Н.Назарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты лекциясында: «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға- «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі»,- деген болатын. Олай болса,республика оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған,саяси сауатты,терең теориялық біліммен қаруланған,адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.7Қолданылған әдебиеттер: Н.Назарбаев «Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» - Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқылған лекция. Астана,2006. Егемен Қазақстан. 26.12.2003 ж. №332-333.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Исаева Т.Е.Классификация профессионально-личностных компенсаций вузовского преподавателя //Педагогика. 2006. №9. С 55-60 Нұрмашқызы А.Қатысымдық құзыреттілік мәселесі туралы. // Білім.Образование. 2008 №6 б.32-33 Сейтешев А.П.Профессиональная направленность личности: теория и практика воспитания.Алматы:Наука,1990. Равен Дж.Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002. Шилова О.Н. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать // Информатика и образование. 2004 №3 с.96-1008Басқару колледжіАвтор: Слямова Н.М. Жоғары санатты оқытушы.(Баяндамаға қосымша слайдтар) Қосымша № 1^ НЕГІЗГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК Ақпараттық құзырет – мамандардың компьютерлік білімділігі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу (мультимедия, электронды пошта, Интернет) мүмкіндігі. ^ Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасындағы сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, этикет сақтау, дәстүрді білу, дау жан-жалды шеше алу, бұзылған қатынастарды түзету, өз қателігін түсіне білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері. Әлеуметті-құқықтық құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзнің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану Қосымша 2Ақпараттық құзыретілік. № Ақпратты құзреттілік Иә, % Иәға жауық % Жауап беруге қинламыңн жоқ % Жоққа ауықнк Жауап жоқ % 1 Ақпарат көздерімен жұмыс жасай аламын а пән бойынша қулық 15 3 б ғылым әдебиеттер 8 1 4 3 2 в анықтама әдебиеттер 15 2 1 г интернет 8 5 3 2 д массалық ақпарат құралдар 5 3 3 1 1 5 е мамандармен жұмыс 1 1 14 1 1 2 Баяндама рефераттар дайындау: а Ақпарат көздерін табу 6 3 3 3 б Тақырыппен байланысты ақпаратты тандау 7 2 2 7 в өз пікірін құрау үшін ақпараттарды салыстыра білу 5 6 2 1 4 г жоспар құру мазмұнының 1 14 3 д ақпаратты логикалық түрде баяндау 1 10 1 2 3 е қолданылған әдебиеттер тізімін талапқа сай құру 5 3 8 2 3 Компьютермен жұмыс жасай аламын: а тақырыптық редакторлар 16 2 б графикалық редакторлар 16 2 в презентация редакторы 10 8 г электронды пошта 2 6 10 д интернет 5 6 3 3 1 е мультимедиялық технологиялар 2 1 14 1 4 кітапхана каталогімен жұмыс 1 14 4 5 Ақпаратты әртүрлі фолрмада ұсына аламын: а Іскер хат 6 1 8 3 б тезистер 3 4 2 1 7 в аннотациялар 8 2 5 3 г есеп берулер 10 4 1 3 6 ақпарат көздерін нақтылық денгейін анықтай аламын 6 1 8 2 1 Барлығы 110 128 26 91 53 21 26% 30% 6.00% 21.00% 12.00% 5% Диаграмма 1Қосымша 3Коммуникативтік құзыреттілік. № Коммуникативтік құзіреттілік Иә, % Иәға жуық % Жауап беруге қиналамын % жоқ % Жоққа жуық % Жауап жоқ % 1 Диалогпен сөйлесу: а құрдаспен 15 3 б жасы өзінен кішімен 13 5 в жасы өзінен үлкенмен 13 5 2 сөйлесудін шарттары мен мақсатын қоя аламын 16 2 3 Сөйлесудін шекарасын түсінемін және қабылдаймын 11 7 4 өз ойымды білімді жеткіземін 10 5 3 5 әңгімелесушімді тыңдай аламын 15 3 6 әңгмелесу барысында өз эмоциямды білдіре аламын 10 4 4 7 әңгімелесу барысында өз тәртібімді түзете аламын 12 6 8 көпшілікке сөйлеу қорқынышы жоқ 4 7 3 4 9 көпшілікке шығып сөйлеудін жемісті тәжірибесі бар 1 5 7 5 10 тыңдаушылардың көңілін және назарын аудара білемін 2 10 3 3 11 Хат арқылы араласамын: а жеке хаттар жазамын 6 5 3 1 3 б іскер қағаздарын қолданамын 7 10 1 12 Топпен жұмыс жасаймын: а басқалармен бірлесе аламын 7 6 3 1 1 б жеке пікірімді білдіремін 2 5 10 1 в басқаның пікірін қабылдауға дайынмын 8 7 2 1 13 шетел тілінде әнгімелесу мүмкіндігі 1 1 16 14 көмекке келуге дайын а егер менен сұраса 18 б егер менін көмегім қажет екенін көрсем 17 1 15 дау-жанжалды шешуде тәжірибем бар 2 7 2 7 барлығы 181 98 32 44 6 1 50% 27% 9% 12% 2% 0.20% Диаграмма 2Қосымша 4Әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік № Әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік Иә, % Иәға жуық % жоқ % жоққа жуық % жауап беруге қиналамын % жауап жоқ % 1 ҚР рәміздерін білемін 18 2 үкімет ұйымдарының сайлауына қатысамын 18 3 құқықтарын білемін а жас маманның 15 1 1 1 б жатақхана тұрғынының 1 2 15 в өзімнің 15 3 г еңбек заңдылығын 9 3 3 3 д тұрғын үй заңдылығын 4 8 4 1 1 е тұтынушылар құқығын қорғау зандылығын 3 4 2 9 4 өз құқықтарымды қорғай аламын 15 3 5 азаматтық құқықтарымды білемін 7 7 1 6 азаматтық құқықтарымды қорғай аламын 3 9 6 7 басқа ұлттармен, иелерімен араласуға дайынмын 8 6 4 8 Қиын жағдайларды өзіме жауапкершілік арта аламын 5 8 1 2 2 9 Белсенді қатысамын: а топтын өміріне 3 9 2 1 3 б Бөлімнін өміріне 2 7 5 1 3 в қоғамдық үйымдар өміріне 1 1 13 3 10 Қоғамдық тапсырмаларды жие орындаймын 7 8 3 11 өз ата-анама қарауға асырауға дайынмын 18 12 өз істеріме жауап беруге дайынмын 18 13 Қоғамда, топта тәртіп нормасын сақтаймын 17 1 14 Қоғамдық жерлерде тәртіп сақтаймын 12 6 15 жол жүру ережесін сақтаймын 12 6 Барлығы: 159 110 69 21 29 5 40%