Реферат по предмету "Бухгалтерский учет и аудит"


Валюталы ж йе м ні элементтер

Жоспар


Кіріспе


1 Шетел валютасындағы операциялар жөнінде түсінік.


2 Шетел валютасындағы операциялар жөніндегі лицензиялар.


Негізгі бөлім


1 Шетел валютасындағы операцияның экономиялық негіздері


2 КБ-ның Шетел волютасындағы операцияларды реттеу


3 Шетел валютасындағы операциялар түрлері мен есебі


4 Валюталық – айырбастау, операцияның есебі


5 Валюталық шоттарды ашу тәртібі


Қорытынды


Халықаралық банктік есептің формалары


1.1.
Валюталық операциялар жөнінде түсінік.


Валюталық операциялар түсінігініңмазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн.Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:


1) Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.


2) Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.


3) Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру.


Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялартізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегізаңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.


Шетел валютасындаорындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субьектілері арасында ақшалай есеп-айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.


2.2.
Валюталық операциялардың экономикалық негіздері.


Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін толық ашу үшін негізгі терминднрге анықтама беру қажет, соның ішінде ең негізгісі – шетел валютасы .


Шетел валютасы болып саналады:


1) банкноталар, қазыналық билеттер, сәйкес шет мемлекетте заңды түрдегі төлем құралы болатын және айналымдағы тиындар, сонымен қатар айналыммен шығарылатын, бірақ айырбастауға жататын ақша белгілері;


2) шетел мемлекеттерімен халықаралық ақшалай немесе есеп- айырысу бірліктеріндегі счеттарда орналасқан қаржылар.


Ал валюталық құндылықтарға:


1) Шетел валютасы.


2 )Шетел валютасындағы бағалы қағаздар- төлем құжаттары (акция мен облигациялар), және басқа шетел валютасында көрсетілетін қарыз міндеттемелер


3) Бағалы металлдар – алтын, күміс платина мен платиналық топ металлдары барлық түрде және жағдайда, ювелир бұйымдары мен ломнан басқа;


4) Табиғи бағалы металлдар- алмаз, рубин, изумрудтар, жемчуг және т. б.


Қазақстан Республикасының валютасына кіреді:


- айналымдағы, сонымен қатар айналымнан шығарылған, бірақ айырбастауға жататын ҚР Ұлттық банкінің билеттері мен тиындары түріндегі теңгелер;


- Қазақстан Республикасы банктеріндегі мен басқа да несиелік мекемелеіндегі счеттарға орналасқан теңгелей қаржылар.


- ҚР валютасындағы бағалы қағаздар- теңгеде көрсетілген төлем құжаттары мен қарыз міндеттемелер. Ұлттық және Шетел валютасындағы операцияларды жүргізетін субъектілерді анықтауүшін валюталық реттеу жүйесінің «резидент» пен «резидент емес» деген негізгі түсініктеріне анықтама беру қажет.


«Резидент» түсінігінің құрамына келесі категориялы азаматтар мен мекемелер кіреді:


- ҚР территориясында тұратын тұлғалар


( белгілі бір мерзімде ҚР территориясынан тыс тұратын тұлғалар да)


- ҚР заңдарына сәйкес және қР территориясында орналасқан заңды


- тұлғалар;


- Заңды тұлға ретінде саналмайтын, бірақ ҚР-ның заңына сәйкес құрылған мекемелер мен организациялар.


- ҚР –ң территориясынан тыс орналасқан дипломатиялық және басқа да ресми предстовительстволар.


- ҚР территориясынан тыс жерде орналасқан резиденттердің филиалдары


«Резидент емес» тұлғаларға жатады:


- ҚР тыс мемлекеттерінің заңына сәйкес және ҚР да тұрақты мекен жайы жоқ заңды тұлғалар


- Заңды тұлға болып табылмайтын мекемелер мен организациялар.


- ҚР территориясында шетел дипломатиялық және басқа да ресми представительстволары


- ҚР-ның территориясында орналасқан резидент еместердің филиялдары.


Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:


1. Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.


2. Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.


3. Халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді.Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталықоперациялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.


4. Шетел валютасында орындалатын операциялар заңға сәйкес жүзеге асырылады. Банктер әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасында ақшалай есеп- айырысуды қамтамасыз етумен, валюта айырбастаумен, халықаралық валюталық несие берумен, шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларын жүзеге асыра алады.


Валюталық қатынасты реттеуде негізгі ролді арнайы валюталық заң атқарады. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудің негізгі органы республиканың заңымен сәйкес валюталық реттеудің функцияларын атқаратын Ұлттық Банк болып табылады. Басқарма мен басқа мемлекеттік органдарзаңмен сәйкес болатын өзінің компетенциясы шегінде валюталық реттеуді жүзеге асырады. Валюталық реттеу бойынша негізгі нормативті акт «Валюталық реттеу туралы» заңы толықтырулар мен өзгертулер есебімен 24 желтоқсанда 1998 жылы шықты. Бұл Қазақстан территориясында валюталық операцияларды атқару тәртібі мен қағидаларын, валюталық операция субъектінің құқығы мен міндеттемелерін, валюталық заң бұзылуының жауапкершілігін анықтайды. Валюталық бақылаудың агенттері валюталық операцияларды жүргізу кезіндегі валюталық заңның сақталуын бақылаудың міндеті жатқызылған банктер мен банктік емес қаржылық өнеркәсіптер. Қазіргі кезде ҚР-да келесі негізгі валюталық шектеулер әрекет етеді:


- Резиденттер арасындағы операция бойынша төлемдер тек Қазақстандық валютада жүргізіледі, тек Ұлттық банктің, сонымен қатар салық және кедендік заңмен бекіткен нормативті құқықтық актілерді санамағанда:


- Ерекше банктік операцияларды атқаратын өкілетті банктер мен ұйымдардан, сонымен қатар олардың айырбастау ( пункт) орындарынан тыс шетел валютасын сатуға, сатып алуға және айырбастауға тыйым салынады:


- Резиденттердің тауар мен қызмет көрсету түрінде төлем алатын шетел валютасы, сонымен қатар несие түріндегі өкілетті банктерде шотқа есептелуінің міндетіне жататын, егер Қазақстан Республикасының Ұлттық банк лицензиясында басқалары да қарастырылмаса.


Қазақстан Республикасының президенті халықаралық міндеттеменің атқарылу мақсатында және болжанбаған жағдай кезінде шектеу бойынша шешім қабылдауға немесе кез келген валюталық Қазақстан опнрациялардың тоқтатылуы құқылы.


Республикасының Ұлттық банк ҚР Президенттік «ҚР Ұлттық банк туралы» заңды күші бар жарғысымен сәйкес шетел валютасында валюталық операцияларды атқаруға қажетті шектер қоюға, соның ішінде мұндай операцияның көлемі мен сыйақы мөлшерлеменің деңгейіне шек қоюға құқылы. ҚР. Реттеу туралы заңға сәйкес ҚР Ұлттық банк резиденттердің экспортты операцияның төлем валютасына шек қоюға құқы бар. Қазіргі жағдайда экспортты табыс сатуға шекті уақытша алып тастады.


Валюталық бақылау органдары ( Ұлттық банк пен ҚР-ның үкіметі) және оның агенттері ( өкілетті банктер) валюталық бақылауды жүзеге асырады. Оның мақсаты – валюталық операцияларды орындағанда валюталық заңдарды сақтауға бақылау жасау болып табылады.


Валюталықбақылаудың негізгі жолдары мынадай:


1. Өткізілген валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және қажетті лицензиялар мен келісімдердің бар екендігін анықтау.


2. Мемлекет алдындағы шетел валютасында резиденттердің міндеттемелерін өтегенін, сонымен қатар ҚР ішкі валюталық нарығында шетел валютасын сату бойынша міндеттемелерін тексеру.


3. Шетел валютасындағы төлемдердің негізділігін тексеру.


4. Валюталық операциялар бойынша есеп ақпардың толықтығы мен объективтілігін тексеру.


Валюталық бақылаудың негізгі органы – ҚР Ұлттық банкі болып табылады. Оның міндеттері:


1. Шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздардың Қазақстанда айналу тәртібі мен сферасын анықтайды.


2. Резиденттер мен резиденттер емес тұлғалар үшін нормативті актілер шығарады.


3. Валюталық операциялардың барлық түрін орындайды.


4. Шетел валютасы мен бағалы қағаздармен орындайтын операцияларға резиденттер мен резидент емес тұлғаларға жалпы ережелер анықтайды.


5. Банктерге және басқа да несиелік мекемелерге валюталық операцияларды орындаулицензияларын берудің жалпы ережелерін белгілейді.


6. Есеп беру, ақпар құжаттардың бір нысандылығын белгілейді.


7. Басқа да қызметтерді орындайды.


Валюталық бақылаудың болмауы еліміздің валюталық жағдайының құлдырауына әкеліп соғар еді.


Валюталықлегеталар беруде көптеген шығындарға ұшыратты, сонымен қатар валюталық бақылаудан бартерлік операциялар арқылы жолтару кең көлемде орын алады.


Осы себептен қазірні валюталық бақылаудың көптеген кемшіліктерін табу мақсатында қосымша іс-шаралар қолдануқажет, яғни олар валюталық және кедендік заңдарды бұзған үшін жауапкершілікті күшейту қажет, сонымен қатар көптеген басқа да нормативті материялдар шығару қажет.


Жоғарыда айтылғандай, валюталық реттеу жүйесінің негізі валюталық бақылау болып табылады. Валюталық бақылаудың мақсаты резиденттер мен резидент емес тұлғалар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыру мен заң сақтауды қамтамасыз ету болғандықтан, оның негізгі бағыттары:


- жүргізілетін валюталық операцияның заңға сәйкестілігін анықтау және оны жүзеге асыру үшін қажетті лицензия мен куәліктер:


- шетел валютасындағы төлемдерді және олардың келісім шарт міндеттемелеріне сәйкес келетіндігін тексеру:


- валюталық операция бойынша есеп толықтығын тексеру.


Валюталық лицензиялар.


Валюталық операцияларды жүргізу үшін әрбір банк Ұлттық банктен бұл операцияларды жүргізуге рұқсат құжат ретінде лицензиялар алып отырады. Лицензия алу өтінішін бір жылдан кем емес мерзім бойы жұмыс атқарған, яғни толық қаржылық жылды аяқтап, ресми жылдық ақпарды дайындаған Коммерциялық банктер бере алады. Шетел валютасындағы банктік операцияларды жүргізуге берілетін лицензия Ұлттық банкпен шексіз мерзімге беріледі және атты болып табылады, яғни үшінші тұлғаға берілмейді. Банк тек лицензияда көрсетілген валюталық операцияларды жүзеге асыруға құқық беретін міндеттеменің болуы ғана валюталық операцияларды жүргізуге құқығы бар және осыған сәйкес:


- заңды және жеке тұлғалардың төлеміне және шарттарына шетел валютасындағы қаржыларды қабылдау және орналастыру:


- банктерге және кәсіпорынға шетел валютасында несие және зайымдарды беру және сырттан тарту:


- заңды және жеке тұлғалардан қаржылық құжаттардың шетел валютасында сату мен сатылуын өндіру:


- валютаның сату мен сатып алуын жүзеге асыру:


- шетел мемлекеттерінің бір – бірімен корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру:


- клиенттің шетел валютасында кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру:


- саудалық және саудалық емес операциялардың төлемін шетел валютасында жүзеге асыру:


- халықаралық банктік практикаға сәйкес басқа да операцияларды жүргізу.


Лицензия алу үшін ттөмендегідей құжаттар ұсынылады:


1. Бекітілген банк жарғысының көшірмесі.


2. Шетел валютасында орындалатын операцияларды орындауға банктің толық дайындығы мен экономикалық тиімділігін негіздеу


3. Шетел валютасымен орындалатын операциялармен айналысатын банк бөлімшелерінің сипаттамасы мен берілетін банктің ұйымдастырылу құрылымы.


4. Банктің валюталық операцияларды жүргізуіне жауап беретін басшылары жөнінде анықтамалар.


5. Корреспондентті келісімге келісетіндігі жөнінде өкіметті банктен алынатын хат көшірмесі.


6. Банк балансы мен соңғы күнгі теңгедегі операциялардың нормативтері сәйкес орындалғаны жөніндегі анықтама.


7. Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру жөніндегі анықтама.


8. Соңғы күнгі пайда мен шығындар жөніндегі ақпар.


9. Қаржылық жылдың соңына жазылған жылдық ақпар.


10. Аудиторлық қорытынды.


11. Басты лицензия алатын банктерге – корреспонденттік келісімдер жөнінде анықтама.


Валюталық лицензиялар алу үшін Ұлттық банктерге төмендегідей квалификациялық және техникалық талаптар қояды:


1. Клиенттерге ағымдағы валюталық шоттарды ашу және жүргізу теңгеде жүргізілетін шоттардан айырмашылығы шамалы. Олардың бір ерекшелігі өз клиенттерінің операцияларына валюталық бақылау жасайтын агентінің қызметін орындау міндеттемесі болып табылады.


2. Саудалы емес операцияларды шетел валютасында жүргізуге Ұлттық банк талаптар қояды:


- ҚР территориясында заңды және нормативті актілердің реттелу тәртібін білу қажет.


- Инстукцияларды білу.


- Нақты шетел валютасымен операцияларды орындайтын жұмысшылардың болуы.


- Шетел валютасындағы корреспонденттік топтың болуы тиіс.


- Оргтехника мен жаңа технологиямен жабдықталған болуы тиіс.


- Лицензия алу үшін қажетті шарттардың бірі шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату.


- Тауарлар мен қызметтерді экспорттау мен байланысты халықаралық есеп – айырысулар бойынша операцияларды жүргізу үшін лицензия алу керек.


- Ішкі валюталық нарықта шетел валютасын сату және сатып алу операцияларын жүргізуге лицензия алу қажет, оған мынадай талаптар қойылады:


а ) валюталық заңдарды білу керек.


б ) валюталық нарықтардың конъюктурасын білу керек.


в ) пайда болған қауіптерді бағалай алуы керек және т. б.


- Ең аса бір күрделі шетел валютасымен орындалатын операциялардың бірі – шетел валютасындағы несиелеу операциялары. Бұл жағдайда банктердің валюталық қаржыларды орналастыру жұмысы ішкі немесе халықаралық нарықта жүзеге асырылады.


- Арнайы лицензияны қажет ететін тағы бір халықаралық банк операциясы халықаралық капитал нарықтарындағы депозиттік және конверсиондық операциялар.


Ұлттық банктің беретін лицензиялар түрі төмендегідей:


1. Реттік – шетел валютасында қандай да бір операцияны жүргіуге құқық береді.


2. Ішкі лицензия – біздің банк мекемелеріне шектеу қоймай-ақ шетел валютасындағы операцияларды орындауға құқық береді.


3. Кеңейтілген лицензия – банкке шектеулі шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнатуға мүмкіндік береді.


4. Басты лицензия – банкке шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнатып, шетел валютасында барлық операцияларды атқаруға мүмкіндік береді.



Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.

Сейчас смотрят :

Реферат Технические параметры выполнения произвольных программ высококвалифицированными батутистами
Реферат Каланхое перистое
Реферат Анализ зарубежного и отечественного опыта использования метода проектов: исторический аспект
Реферат Смех - единственное честное лицо в комедии Гоголя "Ревизор"
Реферат Бухгалтерский учёт нематериальных активов
Реферат Каланхоэ перистое бриофиллум
Реферат Проблемы структуры системы права, динамика ее основных и факультативных элементов
Реферат Начало Великой Отечественной войны: лето-зима 1941 года
Реферат Жизнь и деятельность В.Я. Буняковского
Реферат Аботает по такому убеждению: если есть желание заниматься творчеством, то всегда найдутся те струны, которые только затронь, и человек обязательно самовыразится
Реферат Капнометрия
Реферат Какие бывают презервативы и чем они отличаются
Реферат “Се человек”
Реферат Кислотно щелочное равновесие
Реферат Осетинская литература