Реферат по предмету "Разное"


Автореферат 2010 жылы «2» қарашада таратылды

ӘОЖ 902:94 (574/575) Қолжазба құқығында ЕСЖАН ЕРЖАН ӘУЕЛХАНҰЛЫ М.Е. Массонның Орта Азия мен Қазақстан археологиясына қосқан үлесі07.00.06 - Археология Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияныңАВТОРЕФЕРАТЫҚазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының номадизм және урбанизацияны зерттеу бөлімінде орындалды. Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы ^ Байтанаев Б.А. Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы, профессор Жолдасбаев С.Ж. тарих ғылымдарының кандидаты Тәлеев Д.Ә. Жетекші ұйым: ҚР БҒМ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Диссертация 2010 жылы «9» желтоқсанда сағат 14.30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28) танысуға болады.Автореферат 2010 жылы « 2 » қарашада таратылды.Диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, тарих ғылымдарының докторы Қапаева А.Т.^ КіріспеЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендік алған соң рухани жаңару, мәдени мұра, тарихи жады мен құндылықтарға, ұлттық діл мен болмысты қалпына келтіру мәселелері мемлекеттік деңгейде көтерілді. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама қабылданғалы қазақ жеріндегі тарих пен мәдениеттің жер бетіндегі дәрежелі өркениеттермен қатар дамып, оларға ықпал еткені, олармен тығыз байланыста дамығаны ерекше айқындала түсті. Қазақстан аумағындағы ерте және ортағасырлық сәулет ескерткіштеріне, тарихи және археологиялық нысандарға, олардың тарихына, құндылығына деген көпшіліктің көзқарасы өзгерді. Тарихи-мәдени және рухани мұраларымызды түгендеп, есепке алып, зерттеп дәріптеу егемендік алған соң ғана кең көлемде қолға алынып, жаңа дәрежеге көтерілді. Осымен қатар сонау тоталитарлық жүйе кезінде Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихи-мәдени мұрасын бағалай білген, оларды зерттеп танытқан археологтар болды. Атақты Ә.Х. Марғұлан, С.П. Толстов, А.Н. Бернштам сияқты ғұлама ғалымдардан да бұрын Қазақстан мен Орта Азияның археологиялық ескерткіштерінің тарихи құндылығын бағамдай білген, кеңестер кезінде қазба жұмыстарымен алғаш айналысқан, көптеген тарихи және археологиялық жәдігерлерді тапқан, олардың алғашқы сипаттамаларын жасаған Михаил Евгеньевич Массон болды. Ол археология және тарих ғылымдарының докторы, профессор, Түркменстан Ғылым академиясының академигі еді. М.Е. Массонды зиялы қауым Орта Азия археологиясының патриархы деп атады. М.Е. Массон көп салалы энциклопедист ғалым болды. Оның зерттеген салалары - антикалық және ортағасырлық археология, сәулет өнері, мәдениет, археологиялық тәсілдер мен аңыздар, нумизматика, эпиграфика, геология тарихы, байырғы кездегі фауна мен флора. Ғалымның жасаған ірі археологиялық ашылымдары Орта Азия мәдениеті мен өнерінің, тарихының мақтанышына айналды. Түркменстан Ғылым академиясының академигі, профессор ғылыми кадрларды тәрбиелеуге көп үлес қосты. Қазақ археологиясының атақты мамандарының бірі - Х. Алпысбаев М.Е. Массонның шәкірті болды. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан зерттеулер мен қалпына келтіру жұмыстары, тарихи орындарды туристік нысанаға айналдыру мақсаты археологиялық, һәм сәулет өнері ескерткіштерінің байырғы қалпында қалай болғанына ерекше назар аударуды талап етіп отыр. Себебі, зерттеушінің жазбалары Оңтүстік Қазақстан аумағындағы қалашықтарды, сәулет өнері ескерткіштерін әлі де көп өзгеріске ұшырамай тұрғанда өз көзімен көріп, қолымен ұстап жазылғандығымен ерекшеленеді. Ғалым еңбектерінде жазып сипаттаған көптеген тарихи орындар байырғы қалпынан айырылып, түрлі өңдеу-жөндеу жұмыстарын бастан кешірді. Осы тұрғыдан алып қарағанда да М.Е. Массонның еңбектері ерекше құнды, оларды жай ғана тарихи зерттеу шеңберінен шығарып түпдерек қатарына қосуға лайықты. Алайда зерттеушінің Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы жалпы тарихи ескерткіштерді зерттеп тануы әлі де толық зерделенбеген. Ғалымның қызметін, оның зерттеулерін, көзқарастарын, тұжырымдарын саралау Қазақстанның археология мен тарих ғылымы үшін аса маңызды. М.Е. Массонның ғылыми тәсілдерін және оның археология ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтау өзекті тарихнамалық міндет болып табылады.^ Тақырыптың зерттелу деңгейі. М.Е. Массонның көп қырлы ғылыми қызметі негізінен Орта Азия аумағында белгілі болды. Түркмен КСР-ның Ғылым академиясының академигі ретінде 1970 жылы Ашхабадта М.Е. Массонның еңбектерінің биобиблиографиялық көрсеткіші [1] басылды. 1977 жылы Ташкентте ғалымның кейінгі шыққан зерттеулері көрсетілген қосымша көрсеткіш-кітапша үлгісінде жарияланды [2]. Алайда М.Е. Массонның 1986 ж. дейінгі жаңа ғылыми еңбектері библиографиялық көрсеткіштерге енбей қалды. Ғалымның зерттеулерінің маңызы аса зор болғанына қарамастан ол өз дәрежесінде тарихнамада сипатталмаған. Оның ғылыми мұрасына арналған жарияланымдар негізінен энциклопедиялардағы қысқа анықтамалар, мүшел тойларға арналған газеттік және журналдық мақалалар болып табылады. М.Е. Массонның өмірі мен қызметі жөнінде алғашқы еңбекті - естелік кітапшаны оның әйелі, белгілі ғалым Г.А. Пугаченкова жазды. Бұл кітапшаны ғылыми-өмірбаяндық сипатта жазылған және онда Орта Азияның ірі ғалымы жөнінде ғылыми-көпшілікке әдебиет үлгісінде берілген еңбек деп бағалауға болады. Ташкентте 1995 ж. басылған 30 беттен тұратын кітапшада оның негізгі ғылыми қызметі, басшылық еткен экспедициялары, ата-тегі, оның мінезінің ерекшеліктері қысқаша сипатталған [3]. Сонымен қатар Г.А. Пугаченкова М.Е. Массон жөнінде жарияланған шағын мақалалардың авторы болып табылады. М.Е. Массонның жеке қалашықтар мен сәулет өнері ескерткіштерін зерттегендері кейбір археологиялық шолуларда, ал жеке-дара ескерткіштерді зерттегені шағын мақалаларда аталғаны болмаса арнайы зерттеу нысанасына айналған емес. Қазақстанда зерттеушінің еңбектері, оның жеке-жеке салалардағы қызметі жөнінде небәрі бірнеше ғылыми мақала жарияланған. Оңтүстік Қазақстан облыстық өлкетану музейінің қызметкері Ю.А. Елгин 1990 ж. жарық көрген мақаласында М.Е. Массонның Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы сәулет өнері ескерткіштерін зерттегеніне назар аударады [4]. М.Е. Массонның Орта Азия нумизматикасы жөніндегі еңбектері Шымкент музейіндегі жинақта басылды [5]. Археолог Е.А. Смағұлов ғалымның Түркістан қаласының археологиясы жөніндегі зерттеулерін сипаттап олардың құндылығын баян етеді [6]. М.Е. Массонның Оңтүстік Қазақстан аумағындағы археологиялық және сәулет өнері ескерткіштерін зерттеудегі жұмыстары Т.Н. Сенигова, К.М. Байпақов, С.Е. Әжіғали, М.Е. Елеуов [7], басқа да археологтардың зерттеулерінде аталып, еңбектері көрсетіледі. Ә.Х. Марғұланның тапсырмасымен ғалымның үйінде болып сұхбаттасып қайтқан С. Өтениязов «Қазақ әдебиеті» газетінде 1982 ж. 24 желтоқсанда жарияланған «Өмірі өнеге ғұлама» атты мақала жазды. Бұл М.Е. Массон жөнінде қазақ тілінде жазылған жалғыз мақала. Онда зерттеушінің өмірбаянына қатысты айтылмаған тың мәліметтер берілген. Сонымен археологтар, музейтанушылар, өнертанушылар негізінен М.Е. Массонның жеке салалар бойынша еңбектерін талдап келді. Алайда аталған зерттеулерде ғалымның көп салалы қызметі жан-жақты қарастырылмаған, әсіресе, оның Қазақстанның, қазақтардың тарихи-мәдени мұрасына қатысты жазғандарын қамтыған арнайы зерттеу жазылмаған. Орта Азияның көптеген аймақтарында археологиялық-тарихи зерттеулер жүргізген М.Е. Массонның еңбектерінде қазақ тарихына байланысты жәдігерлер мен мәліметтер кездеседі. ^ Зерттеу жұмысының негізгі нысанасы ретінде - М.Е. Массонның археология, нумизматика, тарихи топография, архитектура тарихы мен басқа да мәселелерді зерттеудегі қызметі таңдап алынды. Зерттеушінің еңбектерінде баян етілген концепциялары, көзқарастары, ойлары, пікірлері Орта Азия және Қазақстанның байырғы және ортағасыр тарихы мен археологиясының өзекті мәселелерін қарап талқылауда маңызды рөл атқарды. ^ Зерттеу жұмысының пәні ретінде ғалымның монографиялары мен ғылыми мақалалары, басқа да жарияланған еңбектері алынып отыр. Бұған қоса мемлекеттік мұрағаттарда сақталған қолжазбалары мен зерттеушінің өмірбаянына қатысты құжаттарды ғылыми айналымға енгізе отырып, ғалымның Қазақстан археологиясында алатын орнын анықтау.^ Зерттеу мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың негізгі мақсаты зерттеушінің ғылыми және педагогикалық қызметіне талдау жасау, оның Қазақстан мен Орта Азия аймақтарындағы археология ғылымын дамытудағы үлесін көрсету. Аталған мақсаттарды негізге ала отырып, келесі міндеттер қойылды: - М.Е. Массонның Қазақстан археологиясына қосқан үлесін бағамдау; - зерттеушінің ірі далалық археологиялық экспедициялар жұмыстарын ұйымдастырудағы, ташкенттік археологиялық мектепті құрудағы ғылыми-зерттеушілік қабілетін көрсету; - М.Е. Массонның еңбектеріндегі ғылыми мәселелерді қарастыруы және оларды шешу жолдарын айқындау арқылы, оларды жаңғырту жолдарын қарастыру; - ғалымның Орта Азия ескерткіштері мен тарихы жөніндегі еңбектерінде қазақ тарихына байланысты тұстарын анықтау; - академиктің Оңтүстік Қазақстан музейлерін құрудағы еңбегін көрсете отырып, оған баға беру.^ Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Алғаш рет жұмыста М.Е. Массонның өмірбаяны, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен археологиясына қосқан үлесі дербес ғылыми зерттеу нысаны ретінде қарастырылғандықтан мынандай ғылыми жаңалықтар алынған:- М.Е. Массонның аймақтағы археологиялық қазу методикасын жетілдіргені, ол ұйымдастырған археологиялық жұмыстардың кешенді болғаны, Орта Азияда алғаш рет құрылыс барысында археологиялық бақылау ұйымдастырғаны көрсетілді; - Оның алғашқылардың бірі болып осы аймақтағы металлургия тарихы бойынша ғылыми еңбектер жазғаны анықталады; - Орта Азияның ауа-райының өзгеруі сияқты өзекті мәселелер алғаш рет М.Е. Массонның еңбектерінде қаралған; - Ғалым ортаазиялық нумизматика мектебін қалыптастырып, эпиграфика саласында да елеулі еңбектер қалдырды; - Оның аймақтағы фауна мен флорасының дамуына қатысты тарихи-археологиялық мәселелері бойынша ізденіс жүргізген алғашқы ғалымдардың бірі; - Ғалым алғашқылардың бірі болып Орта Азияның антикалық дәуірі археологиясын зерттеді. - М.Е. Массон Қазақстанның археологиясының дамуына нақты үлес қосты.Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар: Орта Азия мен Қазақстан археологиясы тарихы үшін М.Е. Массонның археологиялық қазба тәсілдерін жетілдіру жолындағы енгізген нақты жаңалықтары аса құнды; ғалым Орталық Азия аймағындағы тау-кен мен металлургия, Орта Азия мен Қазақстанның тарихи топография, сәулет өнері, бейнелеу және қолданбалы өнері тарихына, нумизматика, эпиграфика салаларына, байырғы флора мен фауна мәселелерін зерттеуге ерекше үлес қосты; зерттеушінің Сайрам, Түркістанның ескерткіштері жөнінде жариялаған материалдары түп дерек есебінде аса құнды болып табылады. М.Е. Массон Қазақстанның Оңтүстік пен Орталық аймақтарынан табылған теңгелерді зерттеп, отанымызда нумизматиканың іргетасын қалаушылардың бірі болды; ғалымның Орталық Азия аумағындағы ескерткіштерін зерттеуде қазақ халқының тарихына қатысты мәліметтер жинап ғылыми айналымға енгізгені нақтыланды. Оның Төле би жерленген Ташкенттегі Шайхантауыр мазараты жөніндегі жазбалары аса құнды; археологтың Тараз аймағындағы тарихи ескерткіштерді зерттеудегі үлесі айрықша екендігі дәйектелді.^ Зерттеу жұмысының әдістемелік негіздері. Зерттеудің методологиялық негіздерін жалпы әлемдік ғылыми таным принциптері қалады. Зерттеу барысында ғалымдардың тарих пен археология тарихы саласындағы теориялық тұжырымдары, әдіс-тәсілдері қолданылды. Кез-келген мәселені қарастыруда кешенділік қағидасы басшылыққа алынды. Қазақстан археологиясының дамуы жөніндегі К.А. Ақышевтың, К.М. Байпақовтың, М.Е. Елеуовтың, С. Жолдасбаев пен Ә.Т. Төлеубаевтың еңбектері, сондай-ақ өзге де зертеушілердің қазақ археологтары туралы мақалалары үлгі болды.^ Зерттеудің деректік көздері. Таңдап алынған тақырып бойынша М.Е. Массонның жарияланған еңбектері, оның ғылыми, ғылыми ұйымдастырушылық және педагогтық қызметі жөніндегі құжаттар негізгі материал болып табылды. Осымен қатар Ташкенттегі Өзбекстан Республикасының Орталық архив қорындағы материалдар, Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облысының өлкетану музейі қорындағы материалдар және М.Е. Массон жөнінде жазылған мақалалар, кітапшалар, М.Е. Массонның шәкірттері археологтар Н.О. Алдабергеновпен, Л.И. Жуковамен жеке сұхбаттар кезінде алынған мәліметтер пайдаланылды.^ Зерттеудің қолданыстық маңызы. Диссертацияда жүйеленген материалдар мен алынған нәтижелерді Қазақстан мен Орта Азияның археология ғылымының тарихын жазуда, Қазақстанның тарихи-мәдени жәдігерлерін зерттеу мен қалпына келтіру жұмыстары барысында қолдануға болады.^ Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі тұжырымдары халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда Түркістанда, Шымкентте, Астанада, Қарағандыда баяндалды. Зерттеу жұмысының мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған тізімге енген 3 түрлі басылымда 5 мақала жарияланды. ^ Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қысқартулар тізімінен тұрады, қосымшада хронологиялық тәртіпте орналасқан М.Е. Массонның жарияланған еңбектерінің тізімі берілген.^ НЕГІЗГІ БӨЛІМКіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп, тақырыптың өзектілігі негізделіп, жұмыстың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, методологиялық негіздері, практикалық маңызы және қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар айтылған. «^ М.Е. Массон – Орта Азия археологиясының патриархы» деп аталатын бірінші тарауда ғалымның археолог ретінде қалыптасуына ықпал еткен орта сипатталып, Орта Азияның жеке аймақтарының зерттеу мақсатындағы ұйымдастыру жұмысының нәтижелері қарастырылады.«Қысқа биографиялық мәліметтер» тақырыбындағы 1.1 тараушада ғалымның қалыптасу ортасына қатысты мәліметтер қарастырылған. Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағатында сақталған іс-қағаздар ішінде М.Е. Массонның кафедра меңгерушісі болып жүргенде жазған өмірбаянында ол өзінің Санкт-Петербург қаласында 1897 жылы дүниеге келгенін жазады [8]. Алайда оның отбасы 1899 ж. Санкт-Петербург қаласынан Самарқанд қаласына көшіп барған деген әдебиеттегі мәлімет негізсіз [9, с. 80]. Себебі, оның ата-анасы Михаил туылмай тұрғанда Самарқанда тұрып жұмыс жасаған. Анасы – Антонина Николаевна Шпаковская аяғы ауыр болған соң дәрігер болып қызмет істейтін ағасына Санкт-Петербург қаласына сапармен барғанда нәрестені дүниеге келтірген. М.Е. Массонның ата тегі түрлі европалық ұлт өкілдерінің ұрпағынан құрал-ған. Оның арғы бабасы шотландтық болыпты, шын есімі Мейссон екен. Мейссон Францияға көшіп келіп, жергілікті ұлт өкілінің қызына үйленіп, жер-гілікті халыққа сіңісіп кеткендіктен фамилиясын французшалап «Массон» болып өзгерткен екен. Оның ұлы Жак Массон ағылшын қызы Сара Уайтқа үйленеді. Олардан туған бала Луи Массон Ресейге көшіп келген [3, с. 4]. Оның балалық шағы мен бозбалалық кезеңі қазіргі Өзбекстан Республикасындағы Самарқанд қаласында өтті. М.Е. Массонның алғашқы ұстазы әуесқой-археолог, Самарқанд іргесінде жатып, үйіндіге айналған Ұлықбек обсерваториясының орнын тапқан В.Л. Вяткин болды. М.Е. Массон естеліктерінде оны өзінің архео-логиядағы «өкіл әкесі» деп санаған. М.Е. Массон балалық шағында Ұлықбек обсерваториясындағы В.Л. Вяткиннің қазба жұмыстарын көріп өсті [10]. Болашақ археолог 1916 ж. Самарқанд гимназиясын алтын медальмен бітіріп, І Петр атындағы Петроградтық политехникалық институттың инженерлік - құрылыс бөліміне оқуға түседі. 1917 ж. басында басқа студенттермен бірге әскерге шақырылады, артиллериялық училищеде қысқартылған курста дайындықтан өтеді. Ол Қазан революциясын қолдаған орыс интеллигенциясы жағында болды. Әскерде сайлау жүргізілгенде оны солдаттар взвод командирі, батарея комитетінің төрағасы, 1917 ж. қараша айында Жұмысшы мен солдат депутаттары Кеңесінің мүшесі етіп сайлады. Дондағы Калединның ақ казактарына қарсы жорығына қатысты, жас артиллеристі солдаттар кеңесінің мүшесі етіп сайлады. Ұрыс барысында жақын араға түскен зеңбірек оғының жарылысы құлағының пердесіне зақым келтіріп, оның есту қабілетін төмендетеді. Құлағы жақсы естімегендіктен ол Самарқанға қайтып оралуға мәжбүр болған [8, л. 195]. Оның тарихқа деген қызығушылығының оянуы балалық шағын өткізген қоршаған ортасы - ескерткіштерге аса бай Самарқанд қаласында өсуі қалыптастырды. М.Е. Массон қаладағы археологияға әуесқой зиялылардың ізбасары және олардың жұмысын жалғастырушысы болды. «М.Е. Массонның археолог ретінде қалыптасуы» атты 1.2 тараушада оның археология маманы болып қалыптасуы қарастырылған. Өзбекстан Республика-сының Орталық мұрағатында сақталған өмірбаянында көрсеткендей ол 1918 ж. мамыр айы мен 1919 ж. наурызы арасында Самарқандағы «Орталық одақ» деген мекемеде техник қызметін («технический десятник и зав. техническим складом») атқара отырып, кешкісін және демалыс күндері Облыстық көпшілік кітапхана қасындағы музейде ақысыз қызмет істейді [8, л. 195]. 1919 ж. Самарқанның өлкетану музейінің меңгерушісі болып тағайындалады. Осы кезде ол Афрасияб қалашығында қазба жүргізіп, өрнекті қабырғаларға тап болады. «Музей ісі, табиғат, өнер туындылары мен көне ескерткіштерді қорғау жөніндегі Түркістан комитеті» ғылыми мекемеге М.Е. Массон мүше болды. Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, басқа жәдігерлерде және оның аймағында археологиялық барлау мен қазба жұмыстарын жүргізді. 1923 ж. қыркүйегінен 1928 ж. желтоқсан айы арасында Орта Азиялық бас музейінде жұмыс істеді. М.Е. Массон шешесімен және жас әйелі Ксения Ивановнамен бірге Ташкент қаласына көшіп барады. Мұрағаттағы іс қағаздарда оның алдымен археология мен нумизматикалық бөлімдерін басқарғаны, кейін «адам» атты сектордың барлық бөлімдерінің меңгерушісі болғаны жазылады [8, лл. 118, 119, 120]. 1924 ж. М.Е. Массон Ташкенттегі Шығыс институтына оқуға түсіп, бір жылдық курсын оқиды. Алайда оның үстінен «бай үйдің иесі, яғни, таптық тұрғыдан кеңес өкіметіне жат» деген анықтамалары бар арыз шағымның түсуіне орай ол аталған институттағы оқуын тоқтатқан. М.Е. Массонның шын мәнінде ресми тамамдаған жоғары оқу орны болмады. Осыған қарамастан ол латын, байырғы грек, француз, неміс, ағылшын, араб, парсы, тәжік, түркмен, өзбек тілдерін жетік білді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар ол Орта Азиялық аумақта музей істері жөнінде инспектор қызметін атқарды. Ол Қазақстан мен Қырғызстандағы жергілікті музейлерге кеңес беруге, тіпті оларды ұйымдастыру мәселелерімен іссапарларға шығып отырды. Ол 1928 ж. желтоқсан айында Геологиялық комитеттің ортаазиялық бөліміне (кейін Орта азиялық геологиялық трест болып қайта құрылған) тау-кен ісі тарихы бойынша ғылыми қызметкер және ғылыми кітапхана меңгерушісі болып жұмысқа тұрды. М.Е. Массон 1929-1936 жж. Орта Азияның тау-кен тарихымен айналысты. 1935 ж. ғалымның Орта Азияның археологиялық жәдігерлерін танудағы еңбегін бағалап, академик И.А. Орбелин оған КСРО Ғылым Академиясына арнайы диссертация қорғамай-ақ археология ғылымы докторы деген ғылыми дәреже беруді ұсынады. Академиктер И.Ю. Крачковский мен И.А. Орбели, тарих ғылымдарының докторы А.Ю. Якубовскийдің М.Е. Массонның ғылыми еңбектер жөніндегі жазбаша пікірінде оның сол кезге дейін Орта Азияның заттық мәдениет тарихы бойынша 53 басылым еңбегі бары айтылады. Өзбекстан архивіндегі М.Е. Массонның жеке қорында сақтаулы тұрған бес беттік пікірде оның археологиялық экспедициялар басқарғаны, көптеген құнды жаңалықтар ашқаны айтылып, оны қорғамай-ақ археология ғылымының докторы деген ғылыми дәреже алуға лайықты екені жазылған [8, л. 17]. 1936 ж. жазбаша жасалған ұсыныс қабыл алынып, КСРО ҒА М.Е. Массонға қорғамай-ақ археология ғылымының докторы деген ғылыми дәреже береді. 1949 ж. өмірбаянында «за выдающиеся археологические открытия, исследования памятников в Средней Азии и работы по использованию производительных сил, в 1936 г. мне была присуждена ученая степень доктора наук» делінеді [8, л. 196]. 1938-39 жж. ол Ортаазиялық (кейін Ташкенттік) мемлекеттік университетінің тарих факультетіне археология курстарын оқуға тартылады. 1939-1940 жж. ол профессор, кафедра меңгерушісі етіп бекітіледі. Оған 1949 ж. тарих ғылымдарының докторы деген ғылыми дәрежесі көрсетілген диплом беріледі. Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағатында сақталған 1949 ж. өмірбаянында мынадай жолдар бар: «никаких взысканий по службе не имел, равно как не был под судом ни под следствием. Ни в какой партии не состоял и ни войсковых, ни в учреждениях белых правительств не служил» [8, л. 196]. Осы тұста мына бір жағдайға баса назар аударып, ерекше тоқталып кетуді ұйғардық. Ғылыми еңбектері Ленинградта, ғылыми ортада бағаланып жатқан М.Е. Массон Өзбекстанның Ғылым Академиясының мүшесіне қабылданбаған. 1943 ж. Ташкентте Ғылым академиясының өзбекстандық филиалы негізінде Өзбек КСР-ның Ғылым Академиясы құрылады. Оның құрамына сайлануы тиіс беделді ғалымдар тізімінің басында Орта Азияның жетекші археологы - М.Е. Массонның фамилиясы да тұрды. Алайда, Г.А. Пугаченкованың пікірінше, М.Е. Массон мінезінің тіктігіне байланысты Өзбек КСР-ның Ғылым Академиясының мүшелігіне өтпейді. Бұған Өзбек КСР-ның Ғылым Академиясының президенті болып сайланған тарихшы Т.Н. Қарыниязовпен өзара қатынастары да үлкен әсер еткен. Мәселе М.Е. Массонның Т.Н. Қарыниязовтың басшылығымен жүргізілген 1941 ж. Гур Әмір кесенесіндегі Темір мен темірліктердің мәйіттерін ашу жұмыстарына сыни тұрғыдан қарауында және бұл әрекетке қарсы болуында жатыр деп айтсақ еш қателеспейміз. Ғалымның Қазақстандағы бір шәкірті, белгілі археолог Н. Алдабергеновтың айтуынша, М.Е. Массон Әмір Темір қабірін ашуға қарсы болған. Сондай-ақ бұған ғалымның және Т.Н. Қарыниязовтың Самарқандағы Ұлықбек обсерваториясының аспаптары жөнінде пікірлеріндегі қарама-қайшылықтар да әсерін тигізді. Айтылған жағдайлар, яғни жұбайы Г.А. Пугаченкованың пікірінше, М.Е. Массонның Өзбек КСР-ның Ғылым Академиясына сайлануына нақты кедергі болды [3, с.14]. Дегенмен, 1951 ж. М.Е. Массонға Оңтүстік Түркменстан аймағындағы археологиялық зерттеулері үшін Түркмен КСР Ғылым академиясының толық мүшесі, яғни академигі, сондай-ақ Орта Азияның тау кен тарихын зерттеген еңбегі үшін 1967 ж. Өзбекстанның Ангрен қаласының құрметті азаматы деген атақ берілді [1, с. 8]. Тарих және археология ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін және жетпіс жасқа толуына байланысты 1967 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарғысы бойынша М.Е. Массон Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталады. 1967 ж. зерттеуші 70 жасқа толып, зейнеткерлікке шығады. Алайда ғалым дүниеден өткенше (1986 ж. 6 қарашасына дейін) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқанын тоқтатпады, көптеген монографиялар мен мақалалар, кітапшалар жазды [3, с. 29]. «^ М.Е. Массонның ұйымдастырушылық жұмысының негізгі нәтижелері» тақырыбындағы 1.1 тараушада ғалымның жүргізген далалық зерттеу экспедициялардың жұмысы сипатталады. Қиындықтарға қарамастан зерттеуші кеңестік дәуірде Орта Азия археологиясының пионері болды. Ол жаңа социалистік дәуірде Орта Азияда алғашқы қазба жұмыстарын жүргізді, археологиялық мұраны жаңаша танудың жолдарын іздеп, кешенді жаңалықтар ұсынды. Сол зерттеулердің негізінде Ортаазиялық археологиялық қазу методикасын жетілдірді. Ол алғашқылардың бірі болып шурф кесінділерінің сызбаларын жасады. Әрбір тереңдіктен алынған зат шифрленіп белгіленіп отыратын болды, бұрынғы траншеялық қазу тәсілі тиімсіз екенін түсініп, қазба жұмыстарын кең көлемде жүргізу қажеттілігін ұсынды. Сондай-ақ алғашқылардың бірі болып зерттеу жұмыстарын кешенді жүргізді. М.Е. Массон 80-ге жуық экспедицияға қатысты әрі өзі тікелей басшылық жасады. ТАКЭ-ның жұмысы барысында М.Е. Массон аталмыш экспедицияны жаңаша ұйымдастырды. Ол оның кешенді болуын қамтамасыз етті [11]. М.Е. Массон түрлі сала мамандары нағыз ғылыми зерттеуші ретінде жұмысқа тартылуы керектігін көрсетті, көне құрылысты қазу барысында сәулетшілер, байырғы дән-дақылдар табылған кезде ботаниктер, тарихи жазба жәдігерлері табылғанда көне тілдерді меңгерген тіл мамандары экспедиция құрамында болуы тиістігін, реставраторлар тек ескерткіштерді бекітумен ғана емес, оның салыну технологиясын зерттеу үшін де қажет деп санады. Осымен қатар ТАКЭ-ның жұмысы барысында М.Е. Массон зерттеудің жаңа тәсілдерін қолданды, ол ескерткіш қазылмай жатып көміліп қалған құрылыс қалдықтарын бетінде өсіп тұрған шөптер арқылы тануға әрекет етті. М.Е. Массон Үлкен Ферғана каналын зерттеу барысында кең түрде археологиялық бақылау ұйымдастыру барысында өзінің көп жылдардағы алдына қойған мақсатты ойын іске асырды [12, с. 52-54]. Байқаулар көп жаңа материалдар берді. Олардың бір тобы сақ-скиф дәуірінен бастап кейінгі ортағасырға дейінгі уақытты қамтыды. 1939 ж. М.Е. Массон Самарқанның археологиялық тұрғыдан зерттелуін қолға алды. 1941 ж. М.Е. Массон темірліктер дәуіріндегі Самарқанның тарихи-мәдени ескерткіштерін кеңінен зерттеу мақсатында Самарқанд археологиялық экспедициясын ұйымдастырады. Экспедиция жоғарыда көрсетілген мамыр айында Ұлықбек обсерваториясында, Ұлықбектің бау-бақшасындағы сарай қалдықтарында және Бибі ханым кесенесінің ішінде қазба жұмыстарын бастады. Зерттеу барысында Ұлықбектің Чиннихана сарайының қалдықтары табылды. Ұлықбек обсерваториясындағы жазуды қайта оқу ондағы негізгі астрономиялық аспаптың квадрант емес секстант екенін М.Е. Массонға негіздеуге мүмкіншілік берді. Алайда 1941 ж. 21 маусымында КСРО-ға фашистік Германияның шабуылынан басталған соғыс барлық археологиялық жұмыстарды тоқтатты. М.Е. Массон Самарқандағы зерттеулерінің Ұлы Отан соғысының басталуына байланысты тоқтап қалғанына қарамастан, оның нәтижесі бойынша 1958 ж. «Ишратхана деген атпен белгілі болған Самарқандағы кесене жөнінде» атты ғылыми жинақ болып шықты [13, с. 9-48]. Онда аса көрікті сәулет ғимаратының зерттелу тарихы, ауданның байырғы тарихи топографиялық өткені, Ишратхананың салыну тарихы, құрылыстың салынып болғаннан кейінгі ескерткіш тағдыры қарастырылды. Ұлықбек обсерваториясы мен сарайлар қалдығы жөнінде мәліметтер жинақталды, бертін келе олар ғылыми айналымға енді. М.Е. Массон 1945 ж. аяғынан бастап Мәскеуде 1-ші Бүкілодақтық кеңесте қабылданған КСРО-дағы археологиялық жұмыстардың бес жылдық жоспарына сәйкес Заттық мәдениет тарихы институтының ұсынысымен КСРО Ғылым Академиясының Түркмен филиалы Оңтүстік Түркменстандық археологиялық кешенді экспедициясын - ОТАКЭ-ны басқару үшін шақырылды. ОТАКЭ-ның атқарған жұмыстары аса ауқымды болды. Біз тек М.Е. Массонның негізгі үлесін атап өтер болсақ - ол ең алдымен ұйымдастыру жұмыстарына байланысты болды. Әртүрлі бағытта жұмыс істейтін жеке-дара топтар құрылды. Оларды белгілі мамандар және өзін көрсете білген жас ғалымдар басқарды. Тас дәуірі энеолиттен ерте темір дәуіріне дейін, антикалық дәуір мен ортағасырдың ең ірі екі қаласы – Ниса мен Мервті зерттейтін, тарихи сәулеткерлік, этнографиялық, көне сауда жолдарын зерттейтін топтар құрылды. Олардың жұмыстары тұрақты және бағдарлы түрде жүргізілді [14, с. 16-115]. Тарихи археологиялық зерттеулер жергілікті мәдениеттің әртүрлі дәуірдегі өзара байланыстылығын және түркмен халқының парно-парфияндық тайпалармен мәдени және этногенетикалық байланысы барын көрсетті. Қазба жұмыстары нәтижесінде жалпы Парфия мемлекетінің тарихы реконструкция-ланды, Түркменстанның көп ғасырлық тарихына жаңаша қарауға жол ашылды. ОТАКЭ-ның жұмыстары барысында Орта Азияның елеулі бөлігінің тарихы қайта жазылды десе болады [15, с. 5-70]. КАТЭ-ның кешенді жұмыстары барысында Қашқадария аңғары және оған тиесілі таулы аймақтардың тарихи топографиясы, ең көне отырықшы елді мекендер, байырғы сауда жолдары, ортағасырлық қолөнер өндірісі мен сәулет өнері ескерткіштері (барлығы 600-ден аса түрлі кезеңдерге жататын жәдігерлер) зерттелді және аймақтың ерте темір дәуірі кезеңінен кейінгі ортағысырға дейінгі археологиясы мен тарихының көптеген мәселелері қайта жаңғыртылды. Негізгі қазба жұмыстары Китаб қалашығында жүргізілді. Аталған ескерткіште салынған стратиграфиялық шурфтар 200 жыл бұрын негізі қаланған жас қала астында б.з.б. ІІ-І ғғ. жататын көне қабаттар барын, казіргі қаланың ескі құландылар үстінде тұрғанын көрсетті. Алынған археологиялық мәліметтерге қарап нақ осы жерде жазба деректерде Кеш деп аталған ірі қаланың болғаны нақтыланды. Далалық барлау жұмыстары барысында араб географтары атап өткен Субах, Искифағн, Наукад-Курейш атты қалалар мен елді мекендердің орны жобаланды. Бүкіл аудан аймағын зерттеуден алынған нақты археологиялық материалдар негізінде тіршілік мезгілі белгілі болған бір топ елді мекендер табылды. Осы аймақты зерттеу барысында антикалық дәуірде Қашқадария аңғарының жоғарғы бөлігінде халық пен елді мекендердің тығыз орналасқаны, б.з. І мың жылдықтың ортасында «халықтардың ұлы көші» кезінде тіршілік аймағының тарылғаны, жаңа жаңғыру кезеңі VІ-VІІ ғғ. сай келгені, тіршілік аймағының қайта тарылу кезеңі араб шапқыншылығына сай келетіні анықталды. ХІ-ХІІ ғғ. қалалар мен ірі елді мекендердің белсенді дамуын монғол шапқыншылығы тоқтатты. Әмір Темір мен Ұлықбек кезінде біршама өсу байқалады, тіршілік ХVІ ғ. тоқтаған жоқ, бірақ ертеде игерілген көптеген жерлер бос қалды. Экспедицияның Қашқадария аңғарындағы зерттеулері барысында Оңтүстік Соғдының астаналық орталықтары - Кеш (Китаб, Шахрисабз) және Нахшеб – Несеф (Қарши) зерттелді [16]. КАТЭ-ның кешенді жұмыстары барысында Қашқадария аңғары және оған тиесілі таулы аймақтардың тарихи топографиясы, ең көне отырықшы елді мекендер, байырғы сауда жолдары, ортағасырлық қолөнер өндірісі мен сәулет өнері ескерткіштері (барлығы 600-ден аса түрлі кезеңдерге жататын жәдігерлер) зерттелді және аймақтың ерте темір дәуірі кезеңінен кейінгі ортағысырға дейінгі археологиясы мен тарихының көптеген мәселелері қайта жаңғыртылды.«М.Е. Массон – Ортазиялық археологиялық мектептің негізін қалаушы» атты екінші тарауда ғалымның ғылыми мұрасы, зерттеу барысында қамтыған тарихи-археологиялық бағыттар, Орта Азия археологиясы кафедрасы, археологиялық мектеп және студенттік археологиялық үйірме құрудағы еңбегі қарастырылады. М.Е. Массон Орта Азия археологиясының дамуына қатты көңіл бөлді. 1956 ж. жария еткен мақаласында ол Орта Азияның археологиялық тұрғыдан зерттелу тарихын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастырады.«М.Е. Массонның ғылыми зерттеулерінің тақырыптық салалары» тақырыбындағы 2.1 тараушада археологтың ізденістерінің жан жақты болғаны баян етіледі. Ғалым зерттеулерінің негізгі бағыты Орта Азия тарихы мен археологиясы, нумизматикасы, сәулет өнері, Орта Азия қалаларының тарихи топографиясы болды. Алайда профессордың ғылыми қызығушылық туғызатын мәселелері сан-алуан болатын. Сондықтан оның баспадан шыққан жарияланымдары арасында тау-кен мен металлургия тарихы, гидрология мен метеорология, ирригация тарихы бойынша еңбектерінің болуы таңғалдырмауы керек. Археологияның қолданбалы мақсаттарына профессор ерекше назар аударатын. Аталған мәселелермен қатар ғалым Орта Азия қалаларының тарихи топографиясы, бейнелеу және қолданбалы өнері, эпиграфика, жануар мен өсімдіктер әлемінің және басқа да тарихи-археологиялық мәселелер қарастырылған. Ол кез-келген ғылыми нысананы зерттемей тұрып ең алдымен оның зерттелу тарихына назар аударатын. Ол Орта Азия археологиясының алғашқы зерттелу тарихын жасап ұсынды. Ғалым Орта Азия тау-кен ісі мен металлургиясының тарихымен шұғылданды, ол геологиялық барлауға қызметші деп атауға болатын археологияның жаңа бағытының көшбасшысы және пионері болды. Орта Азия тау-кен өндірісінің тарихын зерттеуді М.Е. Массон шығыс түпдеректерінен, араб және парсы тілді географтар мен тарихшылардың мәліметтерін игеруден бастады. Осы жұмыстардың қабатында жоғарыда аталған жазбагерлер көрсеткен кен орындарын және қазіргі геологтардың белгілеген байырғы кен өндіру орындарын көріп салыстыру мақсатында аймақтарға жолсапарларға шықты. Бұл жерде нақты тау-кен орындарымен қоса олардың қоршаған аймағы зерттеліп отырды. Осының арқасында байырғы кеншілер тұрған елді мекен орындары анықталып, олардың үстінде жатқан археологиялық материал арқылы байырғы кен орындарының қызмет еткен ғасырлары анықталып отырды. М.Е. Массонның «Тәжікстанның тау-кен өндірісінің тарихы. Қазба байлықтарын бұрынғы өңдеуі» атты еңбегі - 1934 ж., «Алмалықтың өткенімен байланыста Орта Азияның мыс өндіру тарихы» - 1936 ж., «Өзбекстанның қара металлургиясының тарихына орай» атты кітап 1947 ж. жарық көрді. Ангрен аңғарын - ортағасырлық Илак облысын зерттеу нәтижелері «Ахангаран. Археологиялық-топографиялық очерк» деген тақырыппен 1958 ж. басылды. Бұл еңбектердің құндылығы археолог Орта Азия тау-кен ісі мен металлургиясының тарихын алғашқылардың бірі болып тарихи-археологиялық тәсілдермен зерттеуі болып табылады. М.Е. Массонның бірнеше еңбегі шөлді-шөлейтті аймақтарды шаруашылық тұрғыдан игеру мен пайдалану мәселелеріне арналады. Сардоб әуіттерін зерттеу мәселесіне арналған еңбек осындай жұмыстар қатарына жатады. Сардоб деп суды сақтау мақсатына арналған әуіттерді атаған. Бұл әуіттердің үсті қышпен өріліп күмбезбен жабылған. Сардобтар Орта Азияның шөлді аймақтарында тараған. Сардоб - тұрақты, тіпті арықпен әкелетін суы жоқ жерде жасалатын су қоймалары. Орта Азия ауа-райының өзгеруі және соған байланысты судың жалпы гидрометеорологиялық жүйесінің өзгеріске ұшырауы сияқты өзекті мәселелер зерттеушінің еңбектерінде қаралады. 1948 ж. өзінде М.Е. Массон «Орта Азия климатының өзгеріске ұшырауының салдарынан тарихи кезеңде су жүйесінің өзгеру мәселесі» атты зерттеу жазды. Осы еңбектерде зерттеушілердің басым бөлігіне әлі де белгісіз кейбір мәліметтер таныстырылды және осы мәселелер бойынша қолдануға болатын тарихи және археологиялық мәліметтердің сипаты туралы түсініктер берілген. Арх^ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ Овезов Д.М. Академик АН Туркменской ССР Михаил Евгеньевич Массон. Биобиблиографический указатель. - Ашхабад: Ылым, 1970. - 60 с. К 80-летию археолога-историка Михаила Евгеньевича Массона. Дополнения к библиографии его работ за 1970-1977 гг. - Ташкент, 1977. - 24 с. Пугаченкова Г. Михаил Евгеньевич Массон - основатель среднеазиатской археологической школы. - Ташкент: Университет, 1995. - 30 с. Елагин Ю.А. Михаил Евгеньевич Массон и архитектурное наследие Чимкентской области // Тезисы докладов научно-практической конференции, посвященной 70-летию организации Чимкентского областного историко-краеведческого музея. - Алма-Ата,1990. – С. 7-10. Пугаченкова Г.А. Среднеазиатская нумизматика в работах М.Е. Массона // Ата-Мұра. Сборник статей, посвященный 75-летию Южно-Казахстанского областного историко-краеведческого музея. - Шымкент, 1995. - С.144-149. Смагулов Е.А. Михаил Евгеньевич Массон и археология Туркестана // Археология жаңалықтары - Новости археологии, 1997. - № 1. - С.93-96.Елеуов М.Е. Түркістан оазисіндегі археологиялық ескерткіштердің ашылу тарихы. - Түркістан: Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тұран баспаханасы, 2007. - 36 б. Өзбекстан Республикасының Орталық мұрағаты.


Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.