Реферат по предмету "Разное"


Адамның ата-тектерi рамапитек

АДАМНЫҢ АТА-ТЕКТЕРIРамапитек. Ғылымға белгiлi адамның өте ертедегi ата-тегi, Оның қалдықтары Солтүстiк-Батыс Индияда және Шығыс Африкада табылған. Рамапитек (Индия құдайы Рамаға байланысты қойылған) приматтардың жоғарғы приматтар мен адам бұтағы болып бөлiнгендегi жолда, ата-тегiнiң эволюциясында негiзгi орын алады. Рамапитек 16-12 млн. жыл бұрын өмiр сүрген.Австралопитек. Шығыс Африканың екi аймағында Australopithecus (австралопитек) туысының қалдықтары табылған. Адамға жақын бұл жоғарғы приматтардың iздерi Рудольф (Кения) өзенiнiң жағалауындағы бөлiндiлерiнде табылған, ол жерлерде жасы 5,5 млн. ежелгi приматтар өкiлдерi австралопитектердiң қалдықтары да табылған. Австралопитсктер адамға тек сыртқы көрiнiсiмен ғана жақын емес. Олар қарапайым еңбек құрал-саймандарын жасай алған. Австралолитек 6-2 мли. жыл бұрын өмiр сүрген.Хабилис. (Ноmо habilis-шебер адам). Хабилис- адамның ертедегi ата-тегi, ол питекантроппен салыстырғанда көне және қарапайым. Бұл туысқа Коби-Фордан (Кения) жасы 2,6 млн. жыл және Омо (Эфиопия) өзенi маңы даласынан жасы 2 және 4 млн. жыл табылған қадзбаларды жатқызады. Хабилистiң өте көп қазбалары (презинджантроптар, зинджантроптар) Олдовай шатқалынан 1.75-1,85 жасы бар бөлiнiстерден табылған. Хабилистiң бойы 122-140 см және ми көлемi 656см3 (яғни Австралопитектердiкiнен үлкен, ал питекантроптардiкiнен кiшi). Оның анатомиялық құрылысы өте қарапайым, жасаған құрал-саймандары да қарапайым, ал ми көлемi сынақ шектен төмен (750 см3).Архантроп. Хабилстердi алмастыратын архантроптар Европа. Азия және Африканың Ява аралынан табылған питекантроп, синантроп, гейдельберг адамы және баска да формалармен көрсетiлген. Бұл ертедегi адамдар арасында морфологиялык, және хронологиялық өткелдер бар. Сондықтан да бұл формаларды белгiлi антрополог Ле Гро Кларк Ноmо erestus (тiк жүретiн адам) туысына бiрiктiрдi. Ява питекантропынын ашылуы-адамның ата-тегiнiң "жетiспей тұрған" бөлiгiнiң ашылуы болды, бұл ғылымның үлкен жетiстiгi едi. 1891 жылы антрополог Э.Дюбуа Ява аралында адамтәрiздi мақулықтың (питекантроп) қаңқасының бөлiктерiн тапты. Алғашқы явалық питекантроптардың жасы 1,5-1,9 млн. жыл, ал миының көлемi 800 см3 . Явалық питекантроптардың көпшiлiгiнiң жасы 0,5-1 млн. жыл. Миының орташа көлемi — 860 см3. Кейiнгi питекантроптар - синантроптар (Пекиннен 50 шақырым қашық жердең табылған) 200-500 мың жыл бұрын өмiр сүрген және ми көлемi-915-тен 1225 см3 болған. Еркектерiнiң бойының орташа ұындығы 162-163 см, ал әйелдерiнiкi- 152 см болған.Неандертальдықтар. — ежелгi адамдар (Ноmо erectus типiнiң архантроптары) мен Ноmо sapiens тұысының өкiлi-кроманъондықтардың аралық формасы болып табылады. Оның атауы Дюссельдорфқа (ФРГ) жақын жатқан Неандерталъ үнгiрiне байланысты қойылған. Оның бойы 155-165 см, ал ми көлемi-1300-600 см3 болды. Неандертальдықтар таскөмiр ғасырының мустьер мәдениетiн қалыптастырды.   Кроманьондықтар – Ноmо sapiens туысының өкiлi. Неоантроптың қалдықтары алғаш рет 1868 жылы Кроманьон (Франция) үңгiрiнен табылған, сондықтан да сапиенстiң өкiлдерiн осылай атаған. Кроманьондықтардың неандертальдықтардан негiзгi ерекшелiгi олардың еңбек етуiнде. Нелiктен ми және бас қаңқалары ұлғайды. Австралопитектердiн, миы маймылдардың миынан сәл ғана үлкен едi ғой! Әрине, бұл жерде ең негiзгi себеп- тамақ рационының өзегруi және жаңа тiршiлiк ортасына бейiмделу. Қазбалар бойынша, австралопитектердiң ешбiр түрi, олардың орнын басқан Ноmo бұтағының өкiлдерiнен өзгеше, тастарды өз мүмкiншiлiгiне жаратқан жоқ. Осыған орай, тамақ рационының ауысуы және қоректi табудың жаңа әдiстерi -аншылық бiздiн ата-тегiмiздiң миының ұлғаюына және мамандануына әсер еттi, Мидың дамуына тiк жүруге бейiмделу де әсер еттi деп айтуға да болады. Бас қаңқасы формасының қалыптасуына приматтар кезiнiң тiке қарауы әсер еттi: бас қаңқасы дөңгелендi, ал нәтижесiнде жүйке жүйесi жоғары сатыдағы қурылысты болды. Бас қаңқасының тiк орналасуы мида 'жаңа сатылардың" пайда болуына әкеп соқтырды. Гоминидтердiң жүйелiк үрiм-бұтағына жаңа Ноmо habilis -"iскер адам” түрi енгiзгенде зерттеуiiшiердiң қолында тек 4 толық емес бас қаңқа қалдықтары болған. Көптеген ғалымдар habilis түрiн әзiлмен қабылдады. Бiрақ 1470 объектiсi күмәндi жойды, бұл австралопитек емес, Ноmо sapiens түрiне жақын болды, ол түрдең қазiргi Ноmо sapiens пайда болды. Erektus шамамен жарты миллион жыл бұрын пайда болган; оның ми көлемi 700 см3-ден 1100 см3-ге дейiн өстi, одан кейiн Erektus 200-100 мың жыл бұрын сахнадан кеттi, мұмкiн түрi өзгерген шығар. Мидың көлемi туралы сөз қозғалғанда "сырғу шкаласы" деген ұғым сұранып тұрады, әрi екi жаққа сырғиды. Сондықтан Erektus ми көлемi 1000 см'-ден көп болса, бiзге жақындайды. ал Ноmо sapiens ми көлемi 1000-2000 см3. Ноmо habilis миы 800 см3-ге жеттi, ол өз кезегiнде Erektus миына жақын. Мүмкiн бiздiң қазiргi кездегi түрдi (sapiens) келешекте үлкен потенциалы бар дамушы форма деп қарастыруға болады, оның бастамасы сонау мидың үлғаюы жүретiн миллиондаған эволюциялардан басталады. Erektus-ты құрайтын материалдардаң екi негiзгi бағыттар бөлiнiп шықты, олар Неандертальдық және осы еңбектiң авторы мен оқушысы жататын тип. Неандертальдықтың миы-1400 см3. қазiргi заманда адамның миының орташа көлемi 1360 см3 (кей кездерде 2000см3-ге жетедi). Неандертальдықтың миы қазргi адамдардың миынам тек көлемi жағынан ғана ерекшеленбейдi, Ол адамның миымен салыстырғанда сопақша, қысыңқы және басқаша ұйымдасқан. Маңдай бөлiмi нашар дамыған, ал шүйде бөлiмi және мишық жақсы дамыған едi. Жүз отыз бес мың жыл бұрын неандертальдықтар тек Европада ғана емес, сонымен қатар Азия және Солтүстiк Африкада да кең таралған. Таңқаларлық жәй, бұл түр кейiнiрек толығымен жойылды. Бұл құбылысты ешкiм түсiндiре алмады. Соңғы жылдары неандертальдыққа жаңа ғылыми атау- Ноmо sapiens neanderthalensis берiлдi, aл бiз өзiмiз - Ноmо sapien sapiens болып қалды. Олар бiр-бiрiмен шағылысты ма? Неандертальдық гоминидтiң генетикалық формуласы қандай?


Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.

Сейчас смотрят :

Реферат Динамика материальной точки
Реферат Сущность типового договора социального найма жилого помещения и его прекращения в соответствии с Жилищным кодексом Российской Федерации
Реферат Содержание глутаминовой кислоты в камерной влаге
Реферат Kennedy Assassination Essay Research Paper President Kennedy
Реферат Інструктивно-методичний лист про викладання математики у 2011/2012 навчальному році
Реферат Стратегический и оперативный маркетинг
Реферат Зміст та завдання естетичного виховання школярів
Реферат Развитие торговли и предпринимательства в Красноярскои крае в период НЭП.
Реферат Особенности отражения операций с ценными бумагами в учете кредитных организаций
Реферат § 19. Накануне отмены крепостного права задание 1
Реферат Особенности правоотношений юриспруденции
Реферат Дієслівна синонімія у творах Ольги Кобилянської
Реферат Бизнес-план "Создание фирмы по производству узлов для ЭВМ"
Реферат Agony And Extacy Essay Research Paper THEMES
Реферат Информатика. Устройства ввода и вывода. Периферийные устройства