Реферат по предмету "Разное"


1 Қарағанды орталық мешітінің сайтына түскен сұрақтарға мешіт имамдарының берген жауаптары

№1 Қарағанды орталық мешітінің сайтына түскен сұрақтарғамешіт имамдарының берген жауаптарыЕскерту. Берілген сұрақтарда граматикалық қателер көп кезедеседі және кейде орысша сұрақтар да қойылған. Яғни, сұрақты қоюшының компьютерді қолдану мүмкіндігіне байланысты кейбір сөздер латын әріптерімен, кейбірі кирилше бірақ қысқартылып, кейбірі сөздердің мағынасы шықса болды деп қате жазылған. Бұның бәрін түзетіп жатуды жөн көрмедік. Орысша сұрақтарға орыс тілінде жауап берілген. Жауаптары еш бір қатесіз кейбір жағдайда арабша түпнұсқаны қоса отырып жазылған. Оқырман бұл кітапша Сіздің кәдеңізге жарап Аллаһтың тура жолына түсуде көмегі тиіп жатса, сұрақтарға жауап беріп өзіндік көмек көрсеткен мұсылман бауырларға Алладан дұға тілеңіз! Оларды және барша мұсылман қауымын Аллаһ тағала өзінің рақымына бөлесін! Қияметте пайғамбарымыз Мухаммед с.а.у.-ның шапағатына бөленуді Алла нәсіп етсін! Әмин! Сұрақ: as saliamu aleikum!juma mubarak bolsyn!wynymdy aitsam namazdy endi bastagaly jatyrmyn,birak basym katuda... bireui mashab ustan deidi kelesisi mashab durys,birak paigambardyn sunnet amaly da bar deidi kelesisi onyn bari fikh maselesi,tauhidti durystap al deidi.endi sol jerge kelsek tagyda kop tusinbeuwilikter paida bolyp jatyr,sonda kaitem kaissy durys kai amal???aruakka senuge bolady deidi kelesisi bolmaidy deidi???ne bilgin kelsede bilim uinen sura degen emespa,osygan bir wewim tauyp berseniz,basym abden katuda,Allah riza bolsyn sizge.amin' Жауап:уалейкум салам мұсылман бауырым! әмин, қасиетті жұма мүбәрәк болсын! баршамызды жоқтан бар еткен, қайта жоғалтып, кейін қайта тірілтетін Аллаға сансыз шүкірліктер болсын! Оның сәлемі адамзатқа ұстаз бола білген, қияметтің шапағатшысы - Мұхаммедке болсын!Саналы адам өміріндегі ең үлкен жетістік - тепсе темір үзетін кезінде, амандық-саулығы кезінде Алласын тауып, Оны тани білуі. Алла жолына түсу деген оңай шаруа емес, адамды адам түзу жолға сала алмайды, хидаят тек қана Алла тағаладан. Сол хидаятты Сізге де нәсіп еткен Аллаға көп шүкірлік етіңіз. Намаз - діннің тірегі, өмірдің шуағы. Бұл қазіргі таңдағы өте күрделі мәселе болып тұр. Біздің кейбір жастар 1-2 қысқа мәтіндегі кітаптарды оқып алып, шейх болып пәтуә беретін болп кетті. Дін деген - еріккеннің ермегі емес. қазақ атамыз: "аңқау елге арамза молда" дейді, бұлда бір қазіргі қоғамның дерті ғой. Алайда сол жастардың бір күнде біздің ғасырлар бойғы дәстүрімізді, ата-бабаларымыздан бері  мұра болып Исламмен ұштасып, сіңісіп кеткен ұлттық құндылықтарымызға балт шауып, қазақтың бәрін, керек десеңіз Хакім Абайды да, Шәкәрімді де, Мағжан мен Дулатты да адастырп қойғылары келеді. Сіз бұл мәселенің толық жауабын асықпай, ұғынықты алғыңыз келсе, мешітке келіңіз немесе "Дін мен діл" деген кітапты оқу арқылы көңіліңізге жағатын толық мәлімет аласыз! "Дін мен діл" кітабы біздің мешітте таратылады. Алла тағала Сізге разы болсын!  Сұрақ: ассалаумагалейкум! мен сизден кенес сурагым келеди, мен 6 жыл болды ауырамын, денеме ак дактар пайда болган медицинада оны витилиго дейди онын еми жок, бармаган жеримиз жок бирак емделе алмадым, аке-шешемнин коз жасын, кыйналганын коргим келмейди, сонгы умитим Алладан деп намазга жыгылдым, Алладан куни туни уйыктамай тилеймин, ар карай калай омир суремин? не истеймин? басым катты, кейде омир сургимде келмейди! менин намазхан досым сиздерден кенес сурауды отинди, медрессеге барып 3 ай билим алып кайт деди, ол жерге калай тусуге болады? менин мумкиндигим бар ма? Жауап:Уа алейкумуссалам! Құрметті Арайлым! Алла Тагала Сізге сабыр берсін, және сабыр еткеніңіз үшін салмақты сауап берсін. Негізі пайғамбарымыздың хадисінде: "Алла Тағала біреуді жақсы көрсе оны сынайды" делінген. Адам басына қандай қиындық түссе де сабыр етіп, жағдайы бұдан да қиын адамдар бар екенін еске алған жөн. Басқа түскен қиындыққа бола өмірден күдер үзуге болмайды. Ал медресеге байланысты нақты ақпарат алу үшін мешітке келіп жолығуыңызға болады. Сұрақ: Ассалаумагалейкум, адам баласы кабир азабынан тартады гой,соны калай женилдетуге болады кандай дуга,сурелер оку керек жане барлык мусылмандар сол азабты тартама....рахмет Жауап:Уа алейкумуссалам! Пайғамбарымыздың бір хадисінде "Құранда 30 аяттан тұратын бір сүре бар. Кім оны оқыса, қабір азабынан сақталады" деп "Мүлік" сүресін айтқан. Мүмкіндік болса, "Мүлік" сүресін оқып жүріңіз. Сондай-ақ, пайғамбарымыздың көптеген дұғаларында "Аллаһым қабір азабынан Өзіңе сыйынамын" деген дұғалар келген. Алла Тағаладан қабір азабынан сақтауды тілеп, қабір азабына душар ететін амалдардан аулақ болған жөн. Ондай амалдардың бір мысалы іш дәрет алмау. Яғни, кіші дәреттен сақтанбау. Сұрақ: Ассалямуагалейкум! Сиздерге Аллах разы болсын.Сурагым,осы шариф хадис деген кандай хадистер жане олармен амал жасауга болама? Жауап:Уа алейкумуссалам! Шәриф деген сөз құрметті, қасиетті деген мағынанны білдіреді. Әрине ол хадистерге амал жасауға болады. Сұрақ: Ассаляму Уагалейкум уа рахматтуллахи уа баракатух Аруактар га сенген дурыс па Тумар таккан дурыс па Аруак ка коран окыган дурыс па Жауабыныз га Аллах риза болсын Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Аруак дегеніміз өмірден өткен адамдардың жаны. Мұсылман адам өмірден өткен соң құлшылық, жақсы амалдар жасай алмайтындықтан, артында қалғандар оның рухына бағыштап Құран оқуына, оның атынан садақа берулеріне болады. Ал тұмар тағудың өзіндік шарттары бар. Негізі ересек адам өзі Құран оқып үйреніп, намаз оқыса дұрыс болады. Ал өздері оқи алмайтын жас балаларға тұмар беріледі. Сұрақ: в какие дни года оразу держать харам Жауап:Оразу нельзя держать в дни Курбан айта и Ораза айта. Так же женщина не должна поститься во время месячных и послеродовых кровей (хайз и нифас). Замужняя женщина должна спросить разрешение мужа для того чтобы держать нафль ораза (добровольный пост). Так же не желательно держать добровольный пост лишь в пятницу, один день. Сұрақ: Ассалаумагалейкум.менин сурагым Мунафих деген создин магынасына жауап беруинизди сураймын?Алла разы болсын Рахмет! Жауап:Уа алейкумуссалам! Мунафиқ деген екі жүзді деген мағынаны білдіреді. Сұрақ: Ассалямуалейкум, тұрмысқа шыққаннан кейін иманым алсіреді құран оқуға деген ынтам азайды осы маселе мени ойландырады осындай жайттар кездесеме нестесем болады бұл күнә жасағаннан болады ма алде бұл озимнин алсиздигимнен ба жарыма коп конил болгеннен осылай болуы ммүмкін бе Жауап:Уа алейкумуссалам! Жалпы адамның өмірінде әр түрлі кезеңдер мен өзгерістер болғанда оның көңіл-күйі мен ынтасы өзгеруі әр адамда болатын дүние. Дегенмен адам әлсіздікке салынбай, алдына қойған мақсатқа жету жолында талмау керек. Өзіне бір жоспар құрып, Құран оқуға белгілі уақыт бөлген жөн. Жолдасыңызбен бірге отырып бір уақытта Құран оқысаңыздар тіпті жақсы болмақ. Ал жолдасыңызға көп көңіл бөлгеніңіз шариғат бойынша иманыңызды әлсірететін амалдарға жатпайды, керісінше сауапқа, Алланың разылығына кенелудің жолы. Сұрақ: Ассаламугалейкум! Намаз окыганда фатихадан кейн окылатын мына сурелердин рети дурыс па? 1.Асыр 2.Фил 3.Құрайыш 4.Кәусәр 5.Кафирун 6.Насыр 7.Ықылас 8.Фалақ 9. Нас Жауап:Уа алейкумуссалам! Аср мен Фил сүрелерінің арасында Һумәзә сүресі бар, басқа сүрелердің реті дұрыс. Яғни Сіз намазда Аср сүресін бірінші рәкәғатта оқысаңыз, келесі рәкәғатта Фил сүресін емес Қурайыш сүресін оқығаныңыз дұрыс болады. Арасында бір сүре қалдырмай екі сүре қалдырып оқыған боласыз. Сұрақ: Құрметті Наурызбай қажы, сізге қояр сұрағым ыңғайсыздау болса кешірім өтінем, менің тұрмысқа шыққаныма 2 жылдан астам уақыт өтті, баламыз болмай жур, осы нәрестелі болуды АЛЛАХ ТАҒАЛАДАН қалай тілеуге болады, және арнайы дұғалар бар ма? Үлкен рахмет сізге Жауап:Сұрағыңызға рахмет. Құран Кәрімде пайғамбарлардың Робби һәб ли минәс солихин, яғни Раббым маған ізгі ұрпақ нәсіп ет деп дұға тілегендері айтылады. Өзіңіз шын жүректен өз сөзіңізбен тілесеңіз де болады. Алла Тағаланың уақытша сынағына сабыр етіңіз. Ибраһим пайғамбар да көп жылдар бойы сәбисіз болған. Сабыр етіп, дұға жасағандықтан қартайған шағында Алла Тағала Исмаилды берді. Сұрақ: Ассалямугалейкум уа рахматолахи уа баракатуһ курметті имам мырзалар! Намазды уйде оқыған кезде уш адам косылганда жамагат болып есептелеме уш туыс адам бір уйдің адамдары және де парыз намазда бір бойда косылып жане ішіміздегі бір адам имам болу керек пе, әйел адамдардан куралган жамагатпен окыгын кезде имамга уйып ундемей туру керек калай болады бул жөнінде толық тусіндіріп жіберерсіздер ме ? СІздерге Алла разы болсын! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Ханафи мәзхабы бойынша әйел адамдар намазды өздері жамағат болып оқымайды. Үйде ер адам болып, ол намазда имам болса, оған ұйып оқысаңыздар болады. Сұрақ: Ассалаумуалейкум.менің сұрағым музыка тыңдау харам ба?әлде өлеңнің мазмұнына байланыста ма?әр жерде әр түрлі айтылады...рахмет Жауап:уалейкум салам! музыкаға қатысты өткен жолы жауап бергенбіз. дегенмен мына жерде толық жауап бар: http://www.muftyat.kz/647-muzyka-ty1187dau-kharam-ba.html Сұрақ: Әссаләмуғалейкум уа рахматуллахи уа баракатух 1 . Некені закста қыйса мұсылманша неке қыйылмаса дүниеге келген бала зинадан болады ма? 2. Ертенгі күннен не күтерімізді білмеймізғой... дүниеге сәби келгенде ақиқа яғни мал сойылу керек екен, малды тек ер адам яғни әкесі ғана сойу керек па? әйел адам жанғыз болса ше? Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Негізі некенің шарттары бойынша екі жақ мұсылман, араларында келісімі болып, мұсылмандар куә болса, ер адам әйелге мәһр сыйлығын берсе болады. Яғни Кеңес өкіметі тұсында неке қиятын мүмкіндік болмағандықтан, жоғарыдағы шарттар орындалса оны зина деп айтпаймыз. Ақиқаны баланың әкесі ниет етіп өзі сойғаны абзал, болмаса басқа бір мұсылман кісіге сойдыруға болады. Сұрақ: Ассалаумалейкум мені ойландыратын сурактар, намаздан кейінгі тілек дұғалар немесе утір уәжіп намазындағы құныт дұғасын тек қазақша аудармасын оқып орындауға болады мекен? және сапар намазының әр уақытысындағылары неше рәкәғаттан орындалады және тек парыздары ғана орындалады мекен? жазар жауаптарыңызға алдын ала рахмет айтамын! Жауап:Уа алейкумуссалам! Намаздан кейінгі дұға тілектерді қазақ тілінде оқуға болады. Ал үтір уәжіп намазындағы құныт дұғасы намаздың ішінде оқылатындықтан тек арабша оқыған дұрыс. Ал сапар намазында әр намаз өз уақытында оқылады. 4 рәкәғаттық парыздар 2 рәкәғат болып оқылады. Уақытыңыз болса сүннеттерін оқығаныңыз жөн. Сұрақ: Ассаламуагалейкум!Менин сондай сурагим бар: кейде офиста намаз окиганда,мен жалгыз емес, баска да кысылер журеди.Олардын шинде ер адам да бар,намазымды оки бериен ба,немесе калдырып кейин уйде окиынба. Олар намазда емес,уакытка шык десем тусимбейди.Баска окитын жер жок.Алдын ала рахмет, Алла разы болсын! Жауап:Уа алейкумуссалам! Намазды қаза қылмай уақытында оқығаныңыз әрине жақсы. Тек намазды офисыңыздың бір бұрышына қарай, адам көп жүрмейтін жерде оқысаңыз дұрыс болады. Егер алдыңыздан кісілер кесіп өтетін болса, алдыңғы жағыңызға орындық сияқты бір затты қойып қойғаныңыз жөн. Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін! Сұрақ: assalamu aleikum imam aga!!koiaiyn degen suragym osy uiatsyz kinolardy koruge bolama bolmaima??jauabynyzga erterek rahmet!!Alla razy bolsyn!! Жауап:Уа алейкумуссалам! Уятсыздықты, арсыздықты насихаттайтын, соған шақыратын және ер мен әйел арасындағы қатынасты жариялап немесе жанамалап болсын көрсететін киноларды көру дінімізде тыйым салынған. Сұрақ: Ассалямугалейкум Уа рахматуллахи Уа баракатуһу! Намаз окып болғаннан кейін тасбих тарту парыз ба? Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Намаздан кейін таспих тарту парыз емес, сүннет, әрі сауабы мол амал. Сұрақ: Ассалаумагалейкум.у.р.б.менiн сурагым бар едi:мысалы Екiнтi намазымен Шам намазы каза болса Кутпаннан кейiн кайсысы бiрiншi окылады?Алла разы болсын. Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Негізі әр намаз өз уақытында қаза етілмей оқылуы керек. Қаза болған жағдайда алдымен екінді одан соң ақшам намазының қазалары оқылады. Сұрақ: Ассалямуалейкум! менiн сурагым:Айел адам даретты буза ма? Жауап:Уа алейкумуссалам! Әйел адам дәретті бұза ма дегенде нені меңзегеніңіз түсініксіздеу болып тұр. Ал әйел адаммен қол алысу туралы сұрап тұрған болсаңыз ханафи мәзһабы бойынша әйел адамға қол тисе дәрет бұзылмайды. Сұрақ: Ассаляму галейкум уа рахматоллаһи уа баракатуһ! осы сайттағы кітапхана кітаптары неге ашылмайды оларды калай оқуға болады? баска сайтагы кітаптарды оку мумкін ! Мына сайтта ондай мумкіндікті карастырмаған ба? Жауабыңызға алдын ала рахмет! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Сайтымыздағы кітаптар біздің кітапханадағы бар кітаптардың сыртқы бетінің суреті ғана. Ол кітаптардың толық электронды нұсқасын сайтқа қоюға әзірге мүмкінді жоқ. Сондықтан сайттан кітапханада қандай кітаптар бар екенін біліп алып, өзіңізге қажетті кітапты келіп жаздырып алуыңызға болады. Сұрақ: Салеметсіздер ме!Мнің сұрағым мынадай: тұмарды, көзді лақтырып тастауға немесе жағуға бола ма?Рахмет! Жауап:Тұмардың ішінде Құран аяттары жазылған болса оны лақтырып тастауға болмайды. Ескіріп, жарамсыз болып қалған болса жағып, күлін аяқ асты болмайтын жерге көмген дұрыс. Сұрақ: Ассалаумагалейкум! Аллах сотворил джинов и людей чтобы они ему служили. А чем заключается смысл жизни человека кроме богослужения? Жауап:Уагалейкумассалам! Вы правы в том, что Аллах создал  джинов и людей а так же все др. создания, но вы не правы в том, что он создал джинов и людей,  что бы они служили ему. Аллах не нуждается в нас так же и в нашем служений ему. Аллах создал нас и джинов для того что бы мы покланялись ему и что бы даровать нам из своей шедрости не сметные блага...Поклонение есть не только мольба, намаз (араб., Салат) и соблюдение всех постулатов ислама, это жить по закону Аллах и быть ему благодарным, покорным всегда и во всем. При этом делать свою работу жить своей жизнью и добиватся свойх жизненных целей.   Сұрақ: Ассаламуалейкум уа рахматулахи уа баракатух менін сұрагым осындай еді егер алыс жолға шыққнда құбыла кайда екенін білмей намазды калай окыган дұрыс??Алдын ала жаубынызға рахмет!!! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Сапарға шыққанда құбыла қай жақта екенін білмесеңіз, шамаңыз келгенше құбыланы табуға әрекет жасайсыз. Ал көлікте кетіп бара жатқан болсаңыз отырған бағытыңызда намаз оқи бересіз. Сұрақ: арақ ішетін адамдармен отыруға болама? Жауап:Арақ қойылған дастарханға отыруға болмайды. Сұрақ: Ассалямугалейкум Уа рахматуллахи Уа баракатуһу . Қаза болған намазымды қай уақытта оқыған абзал ? үлкен рахмет сіздерге! АЛЛАh разы болсын! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Құрметті Жарқын, бұл сұрағыңызға бұдан бұрын жауап берген болатынбыз. Мына жерден қараңыз. http://www.ihsan.kz/index.php?id=121&page=4 Сұрақ: Ассалямугалейкум Уа рахматуллахи Уа баракатуһу! Альхамдулиллаһ Мен Исламды осы жазы Ораза кезінде қабылдадым .Қазіргі таңда бес уақыт намаз оқып журмін ИншАллах Аллаһ ниетімді қабыл етеді деген уміттемін. Мені толғандыратын бір мәселе мен намаз оқимын бірақ Хиджап та, орамал да тақпаймын. Оның себебін былай тусіндіре аламын Қазіргі таңда біздің қоғамда Хиджаб киген қыз балаларды немесе сақал койған ер балаларды теріс қабылдайды. Вахабист деп шыға келеді және де жұмысқа алудан қашады.(Жалпы тусінігім бар Хиджап кию тікелей Аллаһ тың буйырығы екеніне) Бірақ менің Аллаһ қа деген ниетім тузеу .Мені толғандыратын сурақ мен Аллаһ қа деген екі жузділік танытып журмін бе былай дейтін себебім намаз оқырдың алдын да киініп оқып болған соң орамалды шешіп Мунафықтық жасап журмін бе? Менің жасым 25 те Мен Куран тілінде ,әріптерді де танымаймын бірақ Қыздарға арналған медіресе де білім алғым келеді Мен Медіресе де білім алу жасынан кешіктім бе? Жауабыңызға алдын ала рахмет Аллаһ сізге разы болсын! Осы Ихсан сайт мушелеріне Алғысым зор шексіз Сіздердің сайт арқылы көптеген толғандыратын сурақтарға жауап алып тәнтті болып журмін Сіздерге Аллаһтың нуры жаусын! Жазакаллаһу Хайран! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Қоғам теріс қабылдайды деп Алланың парыз еткен амалын атқармай қою бізге ақталу бола алмайды.Бірақ Сіздің амалыңыз екі жүзділікке жатпайды. Екі жүзділік - жүрекпен сенбей, сыртпен мұсылман болып көріну. Алдағы уақытта имандылығыңызды күшейтіп, орамал тағып кетерсіз. Қыздарға арналған медресе 25 жасқа дейін қабылдайды. Дегенмен, Алматы қаласында орналасқан "Нұр-Мүбәрак" университетіне оқуға баруыңызға болады. Сұрақ: Ассаламу алеикум менин сурагым шелпек жаинда) сол туралы толыгырак аитсаныздар)шелпек жаиында неше турли аитып жатады) Allah razi bolsin sizder ge.Raxmet. Жауап:Уа алейкумуссалам! Шелпек ертеден келе жатқан ел дәстүрі. Оның шариғатпен де байланысы жоқ емес. Дінімізде міскіндерді тамақтандыру сауапты іс болып есептеледі. Ерте заманда нан тауып жеудің өзі қиын болғандықтан шелпек аса қадірлі тағамдардың қатарында болған. Және дайындалуына көп уақыт кетпейтіндіктен көшпелі халыққа оны пісіріп аштарды тойдыру әрі ыңғайлы әрі сауапты іс болған. Сондықтан бұл мәселе талас тудыратын, дауласатын мәселе емес. Сұрақ: Ассалямугалейкум Уа рахматоллахи уа баракатух ! Осы Сунна мен оку Дұрыс па? сони билин дегем. Жауабыңызға Аллах Разы болсын. Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Суннамен оқу деп намаз оқу туралы айтып отырсаңыз, 4 мәзһабтың төртеуі де өз дәлелдерін Сүннеттен алады. Сондықтан қазіргі уақытта кейбіреулердің мәзһабпен және Суннамен деп екеуін екі бөліп жүргендері дұрыс емес. Біздің сайтта "Имам Ағзам Абу Ханифа айдары" атты блог ішінде "Құлшылықтар фиқһы" деген кітап берілген. Сол кітапта намаздағы әр қимылдың Сүннеттен алынған дәлелдері келтірілген. Мешітіміздің кітапханасынан "Пайғамбар намазы" деген Әбу Ханифа мәзһабының хадистерге негізделген намаз оқу тәртібін ала аласыз. Әбу Ханифа мәзһабы бойынша намаз оқу мен Сүннет бойынша оқуды екі бөлмеген дұрыс. Сұрақ: ассалямугалеикум Уа рахметоллахи уа баракатух!менин сиге бир сурагым бар еди егерде бес уакыт намазыннын бир намазын окиалмай калса не болады? Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Негізі әр намазды өз уақытында оқу парыз. Белгілі бір себептермен намаз уақытында оқылмай қалса, сол намаздың қазасы оқылады. Қаза оқылғанда сүннеттер оқылмайды, тек парызы оқылады. Сұрақ: Ассалямугалейкум Уа рахметоллахи уа баракатух ! Менің бір сурағым бар ,намаз оқыған кезде Дарет алған уақытта әр намаз уақыты кіргенде қайта-қайта алу шартпа әлде , бірінші намазға алған дәретің бузылмаса сол дәретпен оқи беруге болады ма?Менің естуімше Абуханифа мазхабы бойынша болады Бул жөнінде толығырақ тусіндірсеңіз. жауабыңызға алдын-ала рахмет! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Намаз оқырда алдыңғы намазға алған дәретіңіз бұзылмаған болса, сол дәретпен келесі намаздарды да оқи беруіңізге болады. Әр намаз үшін дәрет алу шарт емес. Бірақ сауап алу үшін дәретіңіз бола тұра дәрет алсаңыз да болады. Бұл өз еркіңізде. Сұрақ: Ассалямугалейкум уа рахметоллахи уа баракатух имам ага!Менің сурағым Ақшам намазын окыған кезде Аллахтан намаз аяқталған уақытта тілек дұға (өз қалағаның) тілеуге боладыма ? менің естуімше болмайды себебі ақшам уақытында кун батып бара жаткандыктан жындардың шығатын уақыты . Бул жөнінде не айтасыз? Сізге Аллах разы болсын!!! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Жалпы ақшам намазынан кейін  басқа намаздардан кейін дұға тілегендей өзіңіздің қалаған дұғаңызды тілеуге ешқандай тыйым жоқ. Күн бататын кезде жындар шығатыны туралы хадис бар. Бірақ оның бұл жердегі дұға жасауға қатысы жоқ. Себебі Сіз дұғаны Алладан тілейсіз. Сұрақ: Ассалаумагалейкум!!!Менің қойар сурагым:намазды бастаганыма 4 ай болды сонгы 4 ші айында уакыттарда намазымды бир окып бир окымай кей кезде бесинді окысам екінтіні акшамды окымайм намазым кабыл болама??? Жауап:Уа алейкумуссалам Есен! Сұрақ қойғаныңыз үшін рахмет! Алла Тағала ниетіңізді қабыл етсін. Намаздарыңызды қаза қылмай уақытында оқуға тырысыңыз. Өйткені намаз уақыт-уақытымен парыз. Ин ша Аллаһ уақытында оқып жүрген намаздарыңыз қабыл болады, басқа намаздарыңызды да уақытынан қалдырмай оқып жүріңіз. Ал уақытында оқуға мүлдем мүмкіндік болмай, не ұйықтап қалған жағдайда ол намаздың қазасын өтейсіз. Алла қабыл етсін! Сұрақ: Ассаламуагалейкум! Намазда Фатиха суресинен кейин билген дуганы оки беруге болады ма? Немесе ар намазда белгили окылатын суре бекитилген бе? Жауап:Уа алейкумуссалам Жанар! Сұрағыңызға рахмет. Намазда Фатиха сүресінен кейін білген сүрелеріңізді Құрандағы реті бойынша оқысаңыз болады. Әр намазға бекітілген сүрелер жоқ. Сұрақ: Саламатсыз ба!Менің мынадай сұрағым бар:Адамның ішіне жын кіру деген рас па?рас болса сіздер ол дертті емдеп шығара аласыздар ма? Рахмет! Жауап:Салеметсіз бе Дильназ! Ия, адамның ішіне жын кіру деген рас. Оны шығару үшін мешітке келіп имамдарға жолығып, анық-қанығын білуіңізге болады. Сұрақ: Ас-салаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Астана қаласындағы қыздарға арналған медресе жайлы толық ақпарат білейін дегенмін... Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты қыздарға арналған медресе Шымкент қаласында орналасқан. Ол туралы толық ақпаратты мына жерден ала аласыз: http://www.muftyat.kz/kmdb/kmdb_bolimderi/oku-agartu/medreseler/ Сұрақ: Ассаламуагалейкум! менің мынадай сұрағым бар: мешітте мүгедектерге көмек көрсететін қызмет бар ма? сұрағым дұрыс болмаса кешірім сұраймын! Алдын ала рахмет! Жауап:Уа алейкумуссалам! Сұрағыңызға рахмет Ерғазы! Мешіт халықтың тарапынан түсіп жатқан хайыр-садақаларды әрдайым жетімдер мен мүгедектер үйлеріне, сондай-ақ жекелеген көмек сұрап келуші азаматтарға мүмкіншілікке қарай беріп отырады. Дегенмен, мешітке мемлекет тарапынан қаражат бөлінбейтінін, мешітке қаражат тек жекелеген азаматтардың берген садақасынан түсетінін де ескерген жөн. Сұрақ: Мына хадисті қалай түсінуге болады: «Нәпсісінен есеп алып (оған ие болып), өлімінен кейінгісі үшін амал еткен – ақылды адам. Ал нәпсінің (шегі көрінбес) арман-тілектерін орындап, әрі Аллаһқа босқа үміт артып, қалауын сұраған – бейшара, әлсіз адам» (Тирмизи, Қиямет, 26). Мысалға, менің бір арманым бартын - өте қатты қалаймын оны - бірақ шықпай жатса, тағдыр екенін мойындаймын, сабыр қыламын.Дегенмен, арманымның орындалуын сұраған әлсіздікке жата ма? Жауап:Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен. Сұрағыңызға рахмет, Тәуекел! Бұл хадисте әңгіме нәасінің қалауларына ерік беріп, оны тізгіндеуге күш салмай, одан кейін Алланың кешірімінен үміт ету турасында болып отыр. Ал адамның жақсы нәрсені армандап, алдына мақсат қойып, соған жету жолында әрекет етуіне шариғат шектеу қоймайды. Тек армандаған нәрсесі мен алға қойған мақсаты және оған жету жолдары шариғаттың шеңберінен шықпауы тиіс. Сұрақ: Ассаламуагалейкум! қойатын сұрағым;Бесін намазын кіретін уақытынан байқамай 1 сағат бұрын оқып койған едім. осы намазым қабыл болама? Алдын ала рахмет, Алла разы болсын! Жауап:Уа алейкумуссалам! Намаздың қабыл болуы үшін уақыттың кіруі шарт. Намаздың сыртқы алты парызының бірі - уақыт кіру. Сондықтан намазды қайта оқығаныңыз дұрыс. Сұрақ: Ассаламу алейкум! Менің қояр сауалым мынадай: намаз оқитын бөлме қандай болу тиіс және онда айна,картиналар, мүсиндер т,б болуының дұрыс- бұрысын айтып берсеңіз, Алдын ала рахмет айтамын! Жауап:Уа алейкумуссалам! Сұрағыңызға рахмет. Намаз оқитын бөлмеде картиналар мен мүсіндер болмағаны дұрыс. Ал айна дәл алдыңызда, яғни құбыла тарапында болмаса болады. Намаз оқитын бөлме Сіздің өз үйіңіз емес, басқа адамның үйі, немесе жұмыс орыны болса мүсіндер мен суреттерді уақытша жауып қоюға болады. Сұрақ: Ассалаумагалейкум қажеке. Келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Менің сұрағым несие (кредит) алу дұрыс емес деп естідім. Толығырақ нақты жауап беруіңізді өтінемін. Жауап:Уа алейкумуссалам. Несие алудың тыйым салынуына себеп - өсімқорлық, яғни қарызға ақша алғанда немесе бергенде оның үстінен үстеме пайыз қосу. Бұл Құран Кәрімнің Бақара сүресі, 275-аятында: "Алла Тағала сауданы халал, өсімді харам етті" деген аятымен бекітілген. Өсімқорлықтан қоғамға да, жеке адамға да келетін зиян үлкен. Қазіргі уақытта елімізге Исламдық банк жүйесі келіп жатыр. Ол банктер несие бергенде белгілі пайыздық үстеме қоймайды, бірақ, несие сауда-саттық мақсатымен алынған болса, түскен пайданы банкпен бөліседі. Сұрақ: Здравствуйте! Я хотела узнать можно ли читать намаз на русском языке,просто я училась в русской школе,хорошо понимаю на казахском языке,но не могу учить текста на казахском! Жауап:Здравствуйте Айнур! Спасибо за Ваш вопрос. Вообще, в намазе читаются суры из Корана на арабском языке. Транскипция этих сур приводится как на казахском, так и на русском языках. В библиотеке нашей мечети вы можете приобрести брошюру "Учимся совершать намаз" на русском языке. Пусть Всевышний Аллах примет Ваше намерение! Сұрақ: Сјлеметсіз бе? Мені кґптен бері бір сўраќ мазалап жїр еді. Намаз оќыєанда ќыз балаєа міндетті тїрде орамал тарту керек пе? Жўмыс орнымда орамал таєуєа бастыєым ќарсылыќ білдірген еді. Жауабыѕызды кїтемін. Алдын ала сізге кґптеп алєысымды білдіремін. Жауап:Сәлеметсіз бе Гүлназ. Сұрағыңызға рахмет. Намазда ғаурат, яғни ұятты жерді жабу - бұл намаздың парыздарының бірі. Ал намаз оқығанда орамал тағып, басқа уақытта тақпай жүру бұл екінші мәселе. Жалпы Құран Кәрімнің Нұр сүресі, 31-аяты және Ахзаб сүресі 59-аяты бойынша мұсылман қыз-келіншектерінің ұзын киім киіп, әрі бастарын орамалмен жауып жүруі парыз. Бірақ бұл киімді де қоршаған ортаға лайықтап, эстетикалық үлгіде киінер болсаңыз айналаңыздағылар да түсінуге тиіс. Сұрақ: асаламуъалейкум уа раһматуллаһи уә бәрәуәтуһ! менің көптен бері түсінбей жүрген сұрағым бар еді. намаз оқығанда ер адамдарға тәкбірді құлаққа дейін көтеру керек пе немесе иыққа дейін көтерсе бола ма? осы жайлы сахих хадистерді мысал етіп берсеңіз! ДжәзәкАллаһухәйран! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Намаз оқығанда ер адамдар тәкбірде қолды құлаққа дейін көтереді. Бұл туралыУайіл ибн Хажар, Аллаһ тағала оған разы болсын, былай деді:(قدمت المدينة فقلت لأنظرن إلى صلاة رسول اللّه صلى اللّه عليه وسلم فكبّر ورفع يديه حتى رأيت إبهاميه قريباً من أذنيه)Мәдинаға келгенімде: «Әлбетте, Аллаһтың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) намазына назар аударамын»-дедім. Ол тәкбір айтып, қолдарын көтергенде екі бас бармағын екі құлағына жақын апарғанын көрдім»[1].[1] Мүслім жеткізді Сұрақ: Ассаламу алайкум уа рохматуллаh! Кей бауырларымыз галстук тағу Еуропаның сүннеті дейді!Осы жәйіндә не айта аласыз! Алдын ала алғысымды білдіремін!!! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Құрметті Алдаш Дәуітұлы! Сұрағыңызға рахмет. Негізі киімге қойылатын басты талап - ұятты жерді жауып тұру. Сонымен қатар пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ер адамдарға алтын мен жібектің харам екендігін айтқан. Ал мына киімді киюге болады немесе болмайды деген деректер жоқ. Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол кезде отқа табынушы болған парсы және басқа да шет елдік әміршілер киім сыйлағанда оларды кигендігі, басқа сахабаларға сыйлағандығы туралы деректер бар. Әрине мұсылман адам міндетті түрде галстук тағып жүрсін демейміз. Бірақ жұмыс орнының талабы солай болса, оған шариғатта тыйым жоқ. Тек галстугы таза жібектен болмағаны жөн. Сұрақ: Биз жолдасымыз екеумиз уйде бирге намазды окыган абзал ма айтпесе жеке окыган абзал ма? Жауап:Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен. Сұрағыңызға рахмет, Айжан. Намазды бірге оқығандарыңыз дұрыс. Сұрақ: Асалаумағалейкум уа рахматтулахи уа баракатух! Қаза болған намазды қай уақытта оқыған абзал? қалай оқиды? алдын ала алғысымды білдірем! Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Сұрақ қойғаныңыз үшін рахмет, Жарқын. Біріншіден, намазды қаза қылуға әдеттенбеген жөн. Өйткен әр намаз өз уақытында парыз. Ал намазға ұйықтап қалып, немесе басқа бір себеппен қаза болған жағдайда оны оқуды белгілі бір уақыты жоқ. Бірден мүмкіндік тусымен оқыған дұрыс. Тек намаз оқу мәкруһ (жеккөрінішті) болған үш уақыт: күн шығып келе жатқанда, күн тас төбеде тұрғанда, және күн батып бара жатқанда оқылмайды. Сұрақ: Правильно ли читать намаз вместе или отдельно с мужем? Жауап:Во имя Аллаха Милостивого, Милосердного. Спасибо за Ваш вопрос Айжан. Правильно будет читать намаз вместе с мужем. Сұрақ: Кыздарга хиджап кию парыз ба? Жауап:Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен. Қасиетті Құран Кәрімнің Нұр сүресі, 31 және Ахзаб сүресі 59-аяттарын сәйкес мұсылман кыз-келіншектерге ұзын, кең киім киіп, бастарына орамал тағып жүру парыз. Сұрақ: Ассалаумагалейкум! еркек адамға азан шақыру міндетті? Жауап:Уа алейкумуссалам! Сұрағыңызға рахмет, Жасдәурен. Азан шақыру дінімізде ерлер үшін сүннет болып табылады. Яғни істеген адам сауап тауып, пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шапағатына лайық болады. Ал істемеген адам күнәһар болмағанымен, Қияметте пайғамбар шапағатынан құр қалу қауіпі бар. Сұрақ: Асалам алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Шыбын - шіркейлерді өлтіруге бола ма? Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Сұрағыңызға рахмет Уәли. Шыбын-шіркейлерді басқа да зиянкестерді өлтіруге дінімізде рұқсат етілген. Сұрақ: Ассаляму Алейкум! Сізді Облысымызда Ақиқатты таралуына, әсіресе жаңа мешіттің салуына қосып жүрген үлесіңіз үшін, көп рахмет айтып, Мұхаммед Пайғамбардың (саллаллаху алейхи уа салам) Шапағатына бөленіңіз деп тілеймін. Жаңа мешіттің көлемімен қатар, қала мұсылмандарының белсенділігінің көлемі де артады деп сенеміз. Осыған орай, жастарды болсын, орта жастағы ағаларымыз бен апаларымыз болсын, не ақсақалдарымыз бен өжелерімізді мешітке Жұма сайын ғана емес, КҮНДЕ келуіне себеп болатын үйірмелер мен жиналыстарды ұйымдастыруға одан да көбірек ат салыссаңыздар деген арманым бар. Бұл мәселеде сіздің тарапыңыздан Бас Имам ретінде тек қана алғашқы шығармашылық инициатива болса, иншаАллах бауырларымыз өздері-ақ ары қарай әкете алады деп сенемін. Қорыта айтқанда, жастар үшін қызықты (модно) және қажетті болатын, әсіресе қарындастарымызды қоғамдық белсенділікке тартатын үйірмелер ашылса деген тілек бар. Яғни, жастардың талаптарына сай ескі мен иншаАллах жаңа мешіттеріміздің магниттік қасиеттерінің көбейуіне үлес қосатын белсенділікті арттырсаңыздар деген ой бар. Жастар, өсіресе студенттер(қыз болсын, ұл болсын) бұл проекттерге көбірек ат салса, нұр үстіне нұр төгіліп, Исламның қала жұртының арасында авангардты, өте белсенді, тірі дін деген пікірлерге иншаАллах одан әрі себепкер боламыз деген сенім бар. Ассаляму Алейкум Уа Рахматуллахи Уа Баракатух! Жауап:Уа алейкумуссалам Муслим! Ұсынысыңыз үшін рахмет. Орталық мешіт жанында қазіргі уақытта жастарға арналған "Жас өркен", қыз-келіншектерге арналған "Жібек" және ел ішіндегі беделді ақсақалдардан құрылған "Ұлағат" клубтары жұмыс істейді. Өзіңізді де осы клубтардың жұмысына белсене атсалысуға шақырамыз. Сұрақ: Ассалаумагалейкум!бала емизетин айелдин дарети мен намазы кабыл бола ма? Жауап:Уа алейкумуссалам! Сұрағыңызға рахмет. Бала емізудің дәретке және намазға тигізетін зияны жоқ. Тек үстіңізге баланың зәрі тимесе болғаны. Сұрақ: Ассалаумалейкум мени мазалап журген сурак, жыныстық қатынас нәпсісін қалай тыюға болады???? мен кәмилетке толмағам((( Жауап:Уа алейкумуссалам! Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: "Ей жастар! Сендерден кім шамасы келсе, үйленсін. Шамасы келмегендер ораза ұстасын" деген. Сондықтан үйленуге шамасы келмеген жастар ораза ұстау арқылы нәпсісін тыюға болады. Сондай-ақ, Құран оқып, көбірек уағыздар тыңдап, спортпен айналысып бойдағы күшті дұрыс жұмсаған жөн. Сұрақ: Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатух Нарызбай қажы!!! Сізден зекет туралы толық мәлімет алайын деп едім. Есептелген еңбекақым 150 мың теңге, қолыма тазалай 123 мың аламын, 60 мыңдайын кредит пен коммуналдық төлемдерді төлеуге жұмсаймын. Айтыңызшы зекетті осы 123 мың теңге табысымның 2,5 % көлемінде, яғни 3 мың теңге ай сайын зекет төлеуім парыз ба, әлде 85 грамм алтынға пара пар табысқа ие болу дегенді ай сайынғы табысым ретінде, әлде жылдық табысым ретінде қарастыруым керек пе. 1 грамм алтынның құны бүгінгі күнге неше теңгеге тең болып отыр. Зекетті жақындарыма беремін бе, әлде мешітке тапсыруым керек пе? Алдын ала берген жауабыңызға рахметімді айтамын. Жауап:Уа алейкумуссалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу! Құрметті Амангелді! Сұрағыңызға рахмет. Зекет күнделікті ішіп-жеуден және негізгі қажеттіліктен артылған 85 грамм мөлшеріндегі байлыққа 1 жыл ие болған адамға парыз болады. Ал сіздің айлығыңызды қажеттіліктеріңізге жұмсағаннан кейін ақша артылып, оны жинасаңыз, немесе сауда ға салып, ол 85 грамм алтын мөлшеріне жетсе, 1 жыл уақыт өткеннен  кейін сол соманың 2,5 пайызын зекет ретінде жақындарыңыздың, таныстарыңыздың ішінде мұқтаждар болса сол кісілерге берсеңіз болады. Ал ондай адам таппасаңыз мешітке әкеліп беруіңізге болады. Сұрақ: Ассаламуагалейкум! мен көптеген бері дурыс накты жауап ала алмай жүрген сұрағым Некелесу үшін не керек? толык білгім келеді!! Алдын ала рахмет! Жауап:уалейкум салам Дариға! шариғатта некенің 4 шарты бар. Олар: неке қиятын екі жас мұсылман болулары керек. Куәләрдың болуы (мұсылман болу, балиғат жасқа толған болу). Екі жақты келісім. Маһр-мусамм (қалыңдыққа берілетін некелік сыйлық). Бұларға қоса екі жақтың ата-аналарының келісімі де керек.Осы шарттар толық болса кез-келген жергілікті мешіттерде некелеріңізді қидырсаңыздар болады. Некелеріңіз баянды болсын! Сұрақ: ассаламу алейкум Ихсан сайты!!! Дұға қабыл болу үшін қандай шарттар орындалу керек, осы турасында түсіндіріп берсеңіздер екен? Жауап:уалейкум салам Берік!Негізі дұғаның шарттары бар.Олар:1. Дұғаның қабыл болуы үшін мына дүниенің өзіндік заңдары мен себептерін ешбір ақаусыз атқаруымыз қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тек қана дұға етіп қана отырмай, ол үшін қажетті шарттардың бәрін орындаған. Мәселен, Бәдір шайқасында Алланың елшісі бүкіл дайындықтарын жасағаннан кейін барып, қол жайып Жаратқаннан медет тілеген болатын. Сондықтан ғалымдарымыз дұғаны екіге бөліп қарастырған. Біріншісі «фиғли дұға», яғни, ісіміз арқылы Ұлы жаратушыдан тілеу. Мысалы, жер жыртып, дән сеуіп, оны жаз бойы суарып, өсіп-жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару. Мұндай дұға Алла тағаланың орнатқан заңдары мен себептерін орындау арқылы жүзеге асатындықтан көбіне қабыл болады. Ал, екінші дұға «қаули дұға», яғни, сөзбен, не жүрекпен тіленетін дұға. Қаули дұғадан бұрын фиғли дұға жасалуы керек. Іс істемей жатып, жасаған барлық дұғаларды Алла тағала қабыл ала беретін болса, елдің бәрі жатып-ішер жалқауға айналар еді. Ал, Алла тағала құлдарының жалқау болуын, әлбетте, қаламайды. Әр сұраға


Не сдавайте скачаную работу преподавателю!
Данный реферат Вы можете использовать для подготовки курсовых проектов.

Поделись с друзьями, за репост + 100 мильонов к студенческой карме :

Пишем реферат самостоятельно:
! Как писать рефераты
Практические рекомендации по написанию студенческих рефератов.
! План реферата Краткий список разделов, отражающий структура и порядок работы над будующим рефератом.
! Введение реферата Вводная часть работы, в которой отражается цель и обозначается список задач.
! Заключение реферата В заключении подводятся итоги, описывается была ли достигнута поставленная цель, каковы результаты.
! Оформление рефератов Методические рекомендации по грамотному оформлению работы по ГОСТ.

Читайте также:
Виды рефератов Какими бывают рефераты по своему назначению и структуре.

Сейчас смотрят :

Реферат 1. После смерти князя Владимира
Реферат Крупные сделки хозяйственных обществ
Реферат Чацкий и фамусовское общество в комедии А. С. Грибоедова Горе от ума
Реферат Посуда для ресторана. Творчество выбора
Реферат Голодомор 1932 1933 рр на Полтавщині
Реферат Этические аспекты в деятельности служб и подразделений органов внутренних дел
Реферат Роль и место Омской области в Сибирском федеральном округе
Реферат Государственное регулирование профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Анализ правовых
Реферат А. Я. Гуревич Гуревич Арон Яковлевич
Реферат Международный экономический правопорядок и международная экономическая безопасность
Реферат Гражданское право в системе права соотношение частного и публичного
Реферат Нарушения налогового права и ответственность за их нарушение
Реферат Классификация стратегий организации
Реферат Невозвращение валюты: признаки совершения преступления и их оценка
Реферат Розробка бази данних діяльності магазину Автозапчастин